Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус Жер Агр құқық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
63.89 Кб
Скачать

Семинар сабақтарының жоспары.

1 Тақырып Жер құқығының түсінігі, пәні және жүйесі. Қр-ның жер заңнамасының мақсаттары, міндеттері және қағидалары. Жер құқығының қайнар көздері.

Жер құқығының түсінігі, пәні және жүйесі.

Жер құқық қатынастарының түсінігі. Жер құқығының азаматтық су, орман, тау, экология, аграрлық және басқада құқық салаларымен ара қатынасы.

Жер заңдарының мiндеттерi. Жер заңдарының мақсаттары. Жер заңдарының қағидалары. Жер құқығының жүйесі.

Жер құқығының қайнар көздерiнiң жалпы сипаттамасы және түрлері. Құқық қайнар көзі ретінде нормативтік актілердің белгілері. Жер құқығы қайнар көздерінің жіктелуі. Қазақстан Республикасының 20 маусым 2003 жылы қабылданған Жер Кодексі Жер құқығының негізгі қайнар көзі ретінде. Жер қатынастарын реттеудегі сот тәжiрибесiнiң орны. Қазақстан Республикасының жер заңдарының даму перспективалары.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай қоғамдық қатынастар жер құқығы пәні болып табылады?

  2. Жер құқығының қағидалары.

  3. Жер қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі әдістері қандай?

  4. Жер құқығы жалпы бөлімінің нормалары мен институттары оның ерекше бөлімінің нормалары мен институттарынан немен ерекшеленеді?

  5. Жер құқығының қайнар көздері деп нені айтамыз?

  6. Жер қатынастарын реттеудегі сот тәжiрибесiнiң орны қандай?

2 Тақырып қр-сындағы жер қатынастарын құқықтық реттеу тарихы.

Қазақстанның Ресей құрамына енгенге дейiнгi жер қатынастары. Қазақстанның Ресейдiң құрамында болған кездегi жер қатынастары. Кеңестiк кезеңдегi жер қатынастары. Егемендi Қазақстандағы жер қатынастары. Егеменді Қазақстанның жер қатынастары.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстандағы жер қатынастарыньң даму кезендері. Жер катынастарының алғашқы кезеңі - Монғол хандығы кезеңіндегі жер қатынастары жәнс қазақ хандығының қалыптасуы. Інджу-шартты түрде берілілетін жер үлесі.

  2. Қазақстанның Рсссей құрамына енгенге дейінгі жер қатынастары.

  3. Столыпин аграрлык реформасы кезеңіндегі жер қатынастары. (1868— 1871)

  4. Ресейдің құрамында болған кездегі жер қатынастары.

  5. Кеңестік кезеңдегі жер қатынастары. «Жер туралы» декрет. «Жерді социализаиялау туралы» заңы.

  6. Егеменді Қазақстандаңы жер қатынастары. Қазақстан Республикасының жер қатынастарының нарық талаптарына сай дамуы.

  7. Егеменді Қазақстанда қабылданған алғаш Жер кодексінің жер қатынастарын реттеудегі алатын орны.

  8. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Жер кодексінің қабылдану себептері.

3 Тақырып. Жер-құқық қатынастары.

Жер-құқық қатынастарының түсінігі мен түрлері. Жер-құқық қатынастарының субъектілері, объектілері және мазмуны. Жер-құқық қатынастарының басталу, өзгерту және жойылу негіздері.

Бақылау сұрақтары:

1. Жер құқығы қатынастарының түсінігі неде?

2. Құқықтық қатынас және жер құқығы қатынастары терминдерінің түсінігі.

3. ҚР біртұтас жер қорының санаттарына қарай субъектілердің түрлері.

4. Жер құқығы қатынастарының субьектілері мен обьектілерін талдап беріңіз.

4 Тақырып қр-сындағы жерге меншік құқығы мен басқа да құқықтар.

Жерге меншiк құқығының және басқа да заттық құқықтардың түсінігі және ерекшелiктерi. Жер учаскесі меншік құқығы мен басқа да құқықтардың объектісі ретінде. Жерге меншік құқығының түрлері: мемлекеттік және жеке меншік құқығы. Жерге меншік құқығының субъектілері. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша шетел тұлғаларының жерге құқықтары. Жер үлесін анықтау тәртібі. Қазақстан Республикасы жер қорының құрамы. Жер учаскесiне меншiк құқығын жүзеге асыру механизмi. Жер учаскесiне меншiк құқығының мазмұны. Жерге меншiк құқығының пайда болу, өзгеру және жойылу негiздерi.

Бақылау сұрақтары:

1. Жерге мемлекеттік меншіктің түсінігі.

2. Жерге жеке меншіктің түсінігі.

3. Жерге мемлекеттік меншіктің тоқтатылу негіздері.

4. Жерге жеке меншік құқығының тоқтатылу негіздері.