Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Politics.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
817.15 Кб
Скачать

18. Армия және полиция -------------------------------------------------------------463

Армия және саясат -------------------------------------------------------------------------------------464

Армияның рөлі -------------------------------------------------------------------------------------------466

Армияның үстінен қадағалау---------------------------------------------------------------------------473

Әскерилер билікті қай кезде басып алады? --------------------------------------------------------476

Полиция және саясат ----------------------------------------------------------------------------------478

Полицияның рөлі -----------------------------------------------------------------------------------------479

Саяси қадағалау және есептілік ---------------------------------------------------------------------483

Тұжырымдар ---------------------------------------------------------------------------------------------485

Талқылауға арналған сұрақтар- -------------------------------------------------------------------486

V Бөлім. Саясат және саяси жүйелердің қызмет етуі-----------------------487

19. Саяси үрдіс және саяси жүйелердің қызмет етуі-------------------------488

Саяси үрдіс ----------------------------------------------------------------------------------------------489

Шешім қабылдау туралы теориялар -----------------------------------------------------------------489

Саяси үрдістің кезеңдері -------------------------------------------------------------------------------494

Саяси жүйенің қызмет етуі ------------------------------------------------------------------------502

Тұрақтылық өлшемдері ---------------------------------------------------------------------------------502

ХI мазмұны

Экономикалық дамудың өлшемдері -----------------------------------------------------------------504

Адам құқығының өлшемдері -------------------------------------------------------------------------506

Демократиялықтың өлшемдері ------------------------------------------------------------------------507

Тұжырымдар ---------------------------------------------------------------------------------------------508

Талқылауға арналған сұрақтар ---------------------------------------------------------------509

Саяси терминдер сөздігі --------------------------------------------------------------510

Профессор

Хейвудтың

« Патшалар ғылымы»

(алғы сөз орнына)

Көне заманның кемеңгер ғұламаларының бірі әзіл-шыны аралас «Таңдай қақтырар таңғажайып деп нені айтар едіңіз?» дегенде: «Күресіп өткен қайраткердің , қартайып қаза табуы» деген екен.

Көне тарихтың қойнауынан бізге жеткен осынау қанатты сөздің қуаттылығын қария тарих қашанда дәлелдеуден жалыққан емес. Халқының қамын жеген қайраткердің қай бірін алсаң да, мына жалған дүниедегі қысқа ғұмырын тұрақтылық пен тыныштықта, үйлесімділік пен сүйіспеншіліктің құшағында ұл-қыздары мен немере-шөберелерінің ортасында , бақыт құшағында аяқтаған емес. Әрине әңгіме бұл арада ортанқол саяси шенеуніктер, ұсақ және ірі клерктер, өзгенің әмірін құрақ ұшып орындайтын, кеңселік «кемеңгерлер» немесе иненің көзінен өтер жылпостар мен түн ортасында оятып кімді қолдайсың десең , Талейранның тәсілі бойынша: «Билік кімнің қолында болса соны қолдаймын!» дейтін қәдімгі қарапайым мансапқорлар туралы емес. Әңгіме саясаттың сарабдал сардарлары туралы. Александр Македонский, Авраам Линкольн, Жорж Дантон, Максимилиан Робеспьер, Наполеон, Джон мен Роберт Кеннеди, Индира және Раджив Ганди, Әнуар Саадат, Патрис Лумумба, Сальвадор Альенде, Уолф Пальме … Олардың есебі жоқ. Бұл олар туралы, олардың қасіретті тағдырлары туралы сыр шертетін қанатты сөз. Бұдан біздің отандастарымыз да - тыс қалмайды. Біз бұл арада Батыс пен Шығыстың қай- қайсысымен де тепе–теңбіз. «Күллі Рустің» қай әміршісін алсаңда, өзге әлемге өз еркімен өзінің «адал бұқараларының» «көмегінсіз» аттанған емес. Айрықша таң қалдыратын мысалдар: Павел І, Александр ІІ, Николай ІІ… Және де «лениннің гвардиясының» барлық «маршалдары», әйгілі ХХ ғасырдағы «тағдырларды тағайындайтындар» - Троцкий, Бухарин, Зиновьев, Каменов, Рыков, Томский, сондай-ақ олардың «ұлылары» - Ульянов пен Джугашвилидің - өздері де қылмыс қамтыған ортада қасіретті жағдайда өмірден озды.

Саясат – албасты арбаған кәсіп. Бұл түсінікті де. Үйткені оның басты қызметінің бірі – қоғамдағы мүдделерді үйлестіру болып табылады. Бұл мүдделер бетпе-бет тұрып көбіне бір-бірін теріске шығарады. Сен оларды бітістіріп көр, әлеуметтік үйлесімділікті, қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін «тепе-теңдікті» тауып көруге талпын. Мұнда қандай шешім қабылдасаң да бәрі бір – көптің көңілінен шығу қиын-ақ. Мұнай магнаттарына билеушінің өздерін қолдап, бәсекелестері металл балқытушылар әулетін тұқыртып қоюы өмірдің заңындай болып көрінеді – ал металл балқытушылар әулеті өз кезегінде өздерін қолдауды талап етеді. Сонан соң екі жақ та сан миллиардтық таразы тасын өз жақтарына аудару үшін жалдамалы жендетке жүгінеді (өз кезегінде киллердің де тағдыры саудаға түсері сөзсіз) – ал біз көгілдір экраннан жаңа ғана көз алдымызда қол бұлғап, күлімдеп тұрған Джон Кеннедидің ашық автомобилдің орындығының арқасында ақырын құлап бара жатқанын, сондай-ақ, әсем ару Жаклиннің есі шыға (ессіз, дегенмен адами әрекет!) көлік капотынан күйеуінін шашылып кеткен бас сүйегін жинауға әрекеттеніп жатқанын көреміз...

ХІІI

Ия , бұл саясат дегенің, шынында да албасты арбаған кәсіп.

Әй дегенмен, дегенмен… Адамдар оған бара береді, бара береді. Жап жас, талантты, үміт пен жігерге толы. Бара жатыр, үйткені бұл сонымен бірге өз еліңнің, өз халқыңның Тарихын жасау сияқты жаныңды жаулап алатын қызықты да, құрметті және шабытты іс. Мұның негізінде қол аяғыңды тұсайтын «жағдайлар» емес, қайта сенің «жағдайларды» қалыптастырушы болуға деген талпынысың мен өмірдің ағымына үнсіз мойынсұнуың емес, өміріңді өзің сомдауға деген ұмтылысың жатады.

Маяковский айтқандай:

Ұйқысыз төсектер әдірем қалып

Коперникке қызығып, ұмтыл алға.

Қайтесің Мария Ивановнаның мұжығын,

Болар ма қарсылас ол саған, бұл жолда!

Коперниктер шебінде қызмет ету, - міне жас жүректер мен албырт жандарды жаулап алатын ұлы сезім ... Әрине уақыт өте келе, өмірдің өзек талдырар бұралаңдары талайларды Коперниктей кемеңгер болу мұратынан бас тартып, өзінің қарапайым да көркем «Мария Ивановнасын» іздеуіне және «әлемдік деңгейдегі» кәсіпке құлаш сермемей-ақ тыныш та, бейғам ғұмыр кешуге мәжбүр етеді (Құдайға шүкір!). Алайда арманы асқақ талайлар, толайым тағдырдың тауқыметіне бас тігіп Коперниктердің «үлкен әлемінде» қалып қояды.

Осынау асау жүректі албырт жастардың Үлкен Саясаттағы коперниктер әлеміне деген ғажайып та, мөлдір сенімін көркем сөздің керемет құдіретімен тамаша сипаттаған тарихи бір тұлға өзінің мектеп қабырғасында жазған «Кәсіп таңдау барысындағы бозбаланың толғанысы» атты шығармасында былай дейді (есімін еске салудың қажеті шамалы!): «Кәсіп таңдау барысындағы біздің басшылыққа алатын басты бағдарымыз, адамзаттың игілігі және өзіміздің тұлғалық толысуымыз болмақ... Адамзат өзінің жаратылысында өзгенің мұңын мұңдап, замандастарын жетілдіре отырып, олардың игілігі үшін жетілмек болар. Егер біз таңдаған кәсібіміздің аясында адамзаттың игілігі үшін бәрінен де көп қызмет ететін болсақ, онда толайым тағдыр тауқыметі біздің белімізді бүге алмас, үйткені біз – баршаның игілігі үшін басты бәйгеге тіктік; сонда біз жеке бастың жалқы, шектеулі және күйкі қуанышын сезіне алмаспыз, бірақ біздің бақытымыз миллиондардың бақыты болмақ!».

«Баршаның бақыты үшін басты бәйгеге тігу» - міне саясат дегеніміз осы (немесе осылай болуы керек). «Біздің бақытымыз миллиондардың бақыты болмақ!» - міне сен таңдаған саясаттың мүмкін болған жемісі.

Мен мүмкін болған жемісі деп кездейсоқ айтқан жоқпын. Себебі саясаттың нәтижесі жоғарыдағыдай жасампаз рухта болмауы да мүмкін ғой. Ия, әрине, нағыз саясат осынау ғажайып сезіммен – «миллиондардың бақыты үшін» басталуы мүмкін (солай болуы қажет). Алайда «ғажайып ниеттер» керемет білім және біліктілікпен қуат-талмаған болса – Қасірет қақпасы ашылмақ. Бұл қасірет сенің жеке басыңа ғана қатер төндірмейді (бәле сонымен кетсе кәні), ол сондай-ақ бүкіл қоғамға, сен бақытты етпек болған отандастарыңа да апат әкелмек.

Михаил Сергеевич Горбачев ешқандай да «сатқын» болған емес (кейбір жалған «солшылдардың» солай деп айтып жүргендеріне қарамай) және ешқашан да «мұхиттың ар жағында даярланған дәстүр бойынша» іс жүргізген емес. Ол шын жүректен өзінің отандастарына және өзінің еліне жақсылық жасағысы келді. Оның шынында да ниеті жақсы болатын. Алайда ол елге қажетті кең көлемді Реформаларды жүзеге асыруды басқаруға дайын болмай шықты (мұны оның өзі де білмеген болса керек). Үйткені оның өмір жолы әкімшіл-әміршіл жүйенің аясында өтті, онда биліктің баспалдақтарымен жоғары көтерілу шығармашылық еркіндікке емес, жоғарының нұсқауларын (ұсақ және үлкен айлакерлік элементтерін қолдана отырып) мүлтіксіз орындауға негізделген болатын.

ХІV

Мұнда саяси қайраткердің өсуінің басты шарты әлеуметтік қайшылықтардан туындаған нақты мәселерді шеше алу қабілеттілігі емес, керісінше «басты бағыттан» ауытқымау болатын. Түптеп келгенде бұл өзіңнен жоғары тұрған бастықтың көлеңкесін сағалауға келіп тірелетін. Бұл Н.К. Михайловскийдің әйгілі: «егер шенеуніктер баспалдағына төменнен жоғары қарасаң көтерліп бара жатқан мырзалардың мысын сезесің, ал егер де жоғарыдан төмен қарасаң, төмен түсіп бара жатқан күтушілердің күңкілін көресің» деген қанатты сөзінде көрініс беретін шенеуніктік-иерархиялық тіктеме (вертикаль) болатын. Мұндай баспалдақта Реформатордың пайда болмасы анық. Мұндай жүйеде қоғамның алдында туындайтын мәселелерді шешуге қабілетті интеллектуалдық және ұйымдастырушылдық күштердің де пайда болуы неғайбыл болатын. Саясаттану тілімен айтқанда қоғамды трансформациялаушы Субъектінің пайда болуы мүмкін емес еді. Міне сондықтан да саяси қайраткерге тарихтың тың, беймағлұм сүрлеуімен сүрінбей өту үшін көктемедегі мұз үстімен, миналар алаңымен жүргендей аса сақтықпен («бүлдірме!»), әр қадамыңды теңестіріп, әріптестеріңмен бірге жолды жүре үйреніп, іс-әрекет жасау қажет болатын. Бірақ, өкінішке орай, тағдыр тәлкегімен бюрократиялық баспалдақтың ұшар шыңына шығып қалған адамның шектеулі дүниетанымы оған өзінің мүмкіншіліктерінің шектеулі (айтарлықтай шектеулі) екендігін және өзінің біліктілік деңгейінің (айтарлықтай жоғары еместігін) түсінуіне мүмкіндік бермейді. Сонымен бірге номенклатура өсіріп шығарған «көсемнің» шектеулігі, әдетте оның менмендігі мен өзіне деген сенімі: қалайша бұл мен ғой, мен қараптан қарап ең жоғары қызметке келген жоқпын – мен бәрінен алысты болжаймын, бәрін түсінем, бәрі қолымнан келеді деген сияқты өзін өзі бағамдауының шектен тыс жоғарылығымен толысып отырады...

Михаил Сергеевичтің реформаторлық қызметінің нәтижесі белгілі. Жалпы, Черномырдин айтқандай: «Жақсы болсын дедік, бірақ бәрі де әдеттегідей болды».

Және бір рет: Ниеттер Біліммен қуатталуы қажет. Өзің басқармақшы (немесе басқаруға қатыспақшы) болып отырған әлеуметтік-саяси машинна туралы – біліммен; Көне қоғамның сан – алуан саяси институттары сан-алуан елдерде және сан-алуан жағдайларда қалай басқарылғандығы туралы - біліммен; Өткен күндердегі сан – алуан саяси қайраткерлердің сәттіліктері мен сәтсіздіктері туралы, жеңістерінің шаттығы мен жеңілістерінің ащы өкініштері туралы – біліммен қуатталуы қажет. Егер де сен «қайта құруды» бастаған екенсің, ең болмағанда: Нені «қайта құрмақсың» және Немене «құрмақсың» соны өзің білуің қажет.

Саясат - ең әуелі Ғылым, сондықтан, ол өзіне ғылыми ұстанымды талап етеді. Саяси көшбасы – ең әуелі , әлеуметтік-саяси болмыстың даму заңдылықтарын білетін Ғалым және осы заңдылықтар бойынша творчесволық сипатта әрекет етеді.

Сіздерге Саясат әлеміне, Саяси Ғылымдар әлеміне алғашқы қадам жасауға, сіздерге ұсынылып отырған әлемдегі ең үздік саясаттану оқулықтарының бірінің авторы профессор Эндрю Хейвуд көмектеседі.

Сіздерге қазіргі заманғы саясат әлемінің лабиринттерінде осынау тәжірибелі «жол бастаушымен» серуендеу естен кетпес әсер қалдырады. Профессор Хейвуд саяси өмірдің, саяси болмыстың күрделі мәселелерін қарапайым тілмен баяндауға айрықша машықтанған. Ол секілді ешкім де өзі баяндап отырған мәселенің тартымдылығын ғылыми дәлдікпен ұштастыра алмаса керек. Ол жалған «түсінушілік» үшін теорияны қарабайрландырып, ауылдың алты ауызына айналдырмайды. Ол өзінің соңынан оқырманды қарапайымнан күрделіге қарай, әр қадам сайын күнделікті, күйбең, өмірлік көзқарастардан күрделі теориялық құрылымдарға қарай еліктіріп жетелеп кете алады.

Оның оқырманмен арадағы қарым-қатынасы өзіне еркісіз баурап алады.. Ол профессор кафедрасының биігінен «насихат» айтпайды, оқырманның түсінігіне ауыр тиетін ғылыми тұжырымдарды да (қажетсіз тұста) қолданбайды, ұзын – сонар

ХV

ұлылардың есімін тілге тиек етіп, қаралып отырған мәселе туарлы алуан түрлі пікірлер келтіріп өзінің «білгіштігін» де көрсетпейді. Яғни бүгінгі оқырманға түсінікті болуды емес, өзінің білімділігін көрсетіп қалғысы келетін, бейшара оқырманды есінен тандырғысы келетін жас (және менмен) саясаттанушыларға тән қасиеттердің еш бірін көрсетпейді. Профессор Хейвуд оқырманмен ақырын және түсінікті де тұщымды тілде - дос, жасы үлкен, көргені көп жолдас ретінде сұхбат жүргізеді. Міне қараңыздар оның кітабы қалай басталады: «Саясат өте қызық іс, үйткені біз бәріміз алуан түрліміз. Біздің арамызда қалай өмір сүру керек, қоғамнан кім және не алуы керек, кім билікке лайық, жалпы қоғамдық игіліктер қалай үлестірілуі керек, ең соңында қоғамдық өмірдің негізінде не жатыр – келісім бе жоқ әлде дау-жанжал ма деген сұрақтарға ортақ келісім жоқ. Адамдар көбіне осынау мәселердің қалай шешілуі керектігіне де келісе бермейді... Аристотельдің пікірі бойынша осының бәрі саясатты «патшалар ғылымы» етеді – оның көмегімен өмірді жақсартып , кемелденген қоғам құруға болады. Осылайша саясат, - ең әуелі және ең бастысы әлеуметтік қызмет болып табылады. Бұл қашанда диалог – және ешқашанда монолог болмақ емес. Мейлі Робинзон Крузо сияқты жеке тұлғалар - өзінің жеке шаруашылығын құру, өнер туындысын жасау және т.б. көптеген істерге қабілетті бола қойсын, бірақ олардың бір де бірі саясатпен айналыса алмайды. Үйткені саясат бейнелеп айтқанда, Жұмабай пайда болғанда ғана басталмақ». Міне осылайша профессор Хейвуд «патшалар ғылымы» туралы сүйкімді сөз бастайды, сөз сарыны бізге профессордың көпті көрген «Робинзон Крузо» екендігін, ал оқырманның оның адал да ыждағатты шәкірті «Жұмабай» екендігін көрсетеді. Осынау әзілмен әспеттелген, әлде бір даналық дәрісіндегідей өзара сенімділік сезімі кітаптың соңғы сөйлеміне дейін сізді баурап алады.

Оқулықтың мәтіні қысқа, алайда қысқа болса да түйіні толық. Автор саяси теорияның бірде бір мәнді мәселесін назардан тыс қалдырмайды. Ол бәрін де айтып үлгереді.

Ол сіздерге әуелі мәселенің мәнін баяндайды, ал сонан соң сұрақтар қояды. Қойған сұрақтары кәуділігі сұрақтардан өзгеше, жауап іздеп талпынған жан мәселеге терең үңіліп, тың тұжырымдар табары даусыз. Сұрақтар тек қана қайталау мен жаттауға арналмаған, ол оқырманды ұстаз көтерген идеялар төңірегінде өздігінен ізденіп, ойлануға жетелейді. Міне ол, саясат дегеннің не екендігін баяндады. Ал сонан соң мына сұрақтарға жауап табуды өтінеді: «Егер саясат өзінің мәнінде әлеуметтік болатын болса, онда неге барлық қоғамдық қызмет саяси болмайды? Неге саясат туралы түсініктер көбіне ойға жағымсыз салыстыруларды салған және салып келуде? Саясатты сындарлы да ізгілікті іс ретінде қорғап не айтуға болады? Саясаттың «соңы» болуы мүмкін бе? Неліктен саясатты ғылыми тұрғыдан зерттеу ұстанымы қашан да көпшілікті қызықтырып келеді? Саясатты шынайылықпен, ешқандай үстірт көзқарассыз зерттеу мүмкін бе?». Бас қатыруға тұралық, керемет сұрақтар емес пе?!

Ал сонымен оқулықтағы мағлұматтарға сүйене отырып, сіз осынау сұрақтар туралы толғанғаныңызда, автор – оқығаныңызға қосымша ретінде – кітаптың жиегінде тақырыптың тұздығын: түсініктің маңызды анықтамасын, олардың өзара байланыстарын кескінін сызып, диаграммалары мен кестелерін бедерлі белгімен белгілеп береді.

Сұхбаттың салихалы да сенімділігіне профессордың саясаттың заңдар мен қисындар және кескіндер ғана емес – ол тірі, нақты жандардың тіршілігі, қызметі екендігін, саяси теориялар – оларды жасаушы жандардың өнегелі өмірі мен толайым тағдыры екендігін тұщымды тілмен баяндауы өз септігін тигізеді. Сіз сонда ғана Сократтың моральдық–саяси теориясы – оның тек қана көзқарастары ғана емес, - ол оның өмір жолы, ондағы басқан әрбір қадамы, қабылдаған әрбір шешімі екендігін ұғасыз. Сіз Платон мен Аристотель саяси режимдердің қандай классификациясын

ХVІ

ұсынғандығын ұғып қана қоймай, оқулықта берілген олардың суреттердегі келбетіне көз саласыз , олардың өмірі жайлы сенімді деректерден келтірілген үздік-үздік сырлармен де

таныса аласыз. Осылайша саясаттың қатаң қисындары қарапайым кісілік келбеттке бет бұрады.

Ең маңыздысы, көненің кемеңгерлері Хейвудтың баяндауында баяғыда өтіп кеткен, оқырманды тарихи, архаикалық қызығушылық тұрғысынан қызықтыратын тұлғалар ретінде емес, қайта сізбен бізге замандас мына өмірдің бір тұлғасындай кейіпке енеді. Үйткені, автордың бізге дәлелдеп көрсеткеніндей, көненің кеменгерлері, бүгінгі саяси теорияларды толғандырып жүрген мәселелердің көпшілігін тұжырымдаған және оларды шешудің «шешімдерін» де ұсынған екен. Платон, Аристотель, Гоббс, Локктар – саяси теориялардың кешегі күні ғана емес, ол сондай-ақ оның бүгінгі күні де, кей жағдайда тіпті оның болашағы да екен. Талғамы терең бір фәлсәфашы бірде: «Батыстың философиясының барлығы бар болғаны – Плотанның тұжырымдарын талдау -ғой », деген екен. Әрине, кез-келген қанатты сөз сияқты, бұл сөздің де асыра айтылғандығы даусыз. Алайда, асыра айтылса да ақиқаттың ауылынан алыс қонбағандығы дау тудырмайды. Міне осыны өзінің кітабында Эндрю Хейвуд шынайы шеберлікпен аша білген.

Сонымен бірге оқулықта саяси ойдың даму тарихы басымдық сипатқа ие емес. Мұндағы мұрат тарих емес. Тарих мұнда қазіргі заманға кіріспе ретінде қызмет еткен. Автордың басты назары – саяси теориялардың қазіргі заманғы ахуалына аударылған. Ең заманауи ахуалға. Біздің қолымыздағы кітап – бұл асыра айтқандық емес, шын мәніндегі ХХІ – ғасырдың оқулығы. Сонымен бірге ол бүкіл болмыс бітімімен болашаққа ұмтылған кітап. Кітап қарастырылатын түсініктердің көбінің «пост» сөзімен: постмодернизм, постматериализм, постфордизм, постсоциализм, постиндустриализм және т.б. басталатындығы тектен-тек емес. Осынау «бір ауыз сөз» ХХ жүзжылдықтан соңғы («пост») басталып жатқан жаңа дәуірдің рәмізі іспетті. Осынау «бір ауыз сөз» өткен өмір өзінің бар болмыс бітімімен кетіп бара жатқандығының, ал жаңаның әлі қалыптаспағандығының, әлі өзінің айқын кескін келбетін анықтамағандығына байланысты өзіндік болмысты бейнелейтін теңеу мен атауға ие болмағандығының дәлелі. Профессор Хейвуд болашақтың барлаушысындай өзі post-world («постәлем») деп атаған әлеуметтік-саяси болмыстың жаңа әлемінің есігін ашады. Танылып -талқыланған құбылыстар мен тұжырымдалған түсініктер әлемінен ол оқырманды әлі белесі мен бедері белгісіз, түпкілікті танылып, түбегейлі шешілмеген түйіндер әлеміне жетелейді. Ол осылайша оқырманды ғылыми білімнің алғы шебіне шығарады, алда алынбаған асқарлар мен танылмаған тұңғұйықтар кеңістігі ғана болмақ. Ол осы арқылы оқырманды онан әрі ізденіске, өзіндік толғанысқа итермелейді. Шығармашылыққа баулиды.

Ұсынылып отырған оқулықтың құндылығы да осында. Автор әрқашан да саясаттың – тек қана Ғылым еместігін, оның сонымен бірге Өнер екендігін және шығармашылық шыңдалу екендігін ескертіп отырады. Сол себепті де оның жазған оқулығы – шығармашылық еңбектің беташары ғана болмақ. Оқулық тек заңдылықтардың жалпы баяндалуын, әлеуметтік және саяси институттардың байланыстары мен өзара қарым-қатынастарының жалпы сипаттамасын ғана береді. Ол саясаттың «арифметикасымен» таныстырады (егер нақтырақ айтсақ «жоғары математикасымен»). Ал енді, осынау «математикалық» қисындарды адам қызметінің нақты жағдайларында пайдалану – Шығармашылық үрдіс болып табылады. Оны нақты кескіндерге, кестелерге, матрицалар мен сызбаларға сыйғыза алмайсың. Шығармашылық та шынығып, шыңдалуды қажет етеді, алайда ол оқулықпен іске асар іс емес. Әрине оқулық қажет, алайда, мүлдем жеткіліксіз. Профессор Хейвуд мұны да ескертеді. Шығармашылыққа «шыңдалу» дегеніміз - саяси әрекеттердің субъектілері нақты саясаткерлердің іс тәжірибесін, олардың мақсаттарын, ниеттері мен қол жеткізген нәтижелерін салыстыра

ХVІІ

отырып үйрену және өзің үшін қажетті ғибратты алу болмақ. Шығармашылыққа шыңдалу – демек, саяси ойдың классиктерінің адамзаттың әлеуметтік қызмет жолын неғұрлым терең тұжырымдаған еңбектерін оқып, үйрену деген сөз. Профессор Хейвуд осындай еңбектерге сілтеме жасайды. Бұл оның шын мәнінде саяси теорияның мәніне, саяси Өнердің тереңіне дендеп енудің жолын ұсынып отырған бағдарламасы болып табылады.

Бұл Эндрю Хейвудтың педагогикалық шеберлігінің және бір қыры. Біз жоғарыда атап өткендей, саясат, саяси теориялар дегеніміз - мүдделер қақтығысы мен идеялар күресін қамтыған кеңістік болып табылады. Осынау күрестің бар болмысын, тартысқа түскен тараптардың бір де бірінің ашық қорғаушысы болмай, ғылыми объективтілікті сақтай отырып баяндай алу – Ұлы өнер. Жалпы айтқанда – идеологиялық тұрғыда айшықталған трактат емес, болмысты толық және объективті түрде суреттеу. Өзің жазып жатқан құбылыстар, оқиғалар мен теориялар туралы жазбаларыңа жеке басыңның сүйіспеншігі мен жек көрушілігі ықпал етпеуі қажет.

Осындай өнерді профессор Хейвуд толық меңгерген. Бұл әсіресе, «Қазіргі заманғы саяси идеологиялар» сияқты аса күрделі тақырыптарды жазу мен талдау барысында өзінің сүйіспеншілігі мен жек көрушілігін көрсетпей жаза алуынан анық байқалады. Бұндай жағдайда өзіңнің сүйіспеншілігің мен жек көрушілігіңді жасыра алу қиын іс. Бұл Эндрю Хейвудтің қолынан келген. Осының айқын дәлелі ретінде – оның ХХ ғасырдың өн бойында өзара күресіп өткен «либериализм» және «социализм» идеологияларының арақатынасын талдауы бола алады. Профессор Хенйвуд Маркстың социалистік теориясының фундаменталдық ережелерін аса зор құрметпен баяндай отырып, Джон Локк пен оның ізбасарлары қалыптастырған либерализмнің базистік идеяларын да айрықша құрметпен сөз етеді. Ол өзара бәсекелес идеологиялардың артықшылықтары мен әлсіз тұстарын ашып көрсетеді. Ол тарихи және теориялық даму барысында осынау идеологиялардың өздерінің шектеуліктерін қалай жеңе алғандығын, қиырлардағы кертартпалықтардан қалай бас тартқандықтарын, олардан тым қарабайыр және осыған байланысты әсіре ұраншыл ұрда-жық ағымдар мен концепциялардың қалай бөлініп қалып отырғандығын жіті бақылайды. Ол бұл идеологиялардың неғұрлым терең және неғұрлым сындарлы формаларының бір-біріне түсіністікпен қарайтындығын, бір-бірінен пайдалы идеялар мен ізгілікті құндылықтарды алып отырғандығын алға тартады. Соның нәтижесінде либералдық және социалистік идеялардың құндылықтарының өзара ықпалдасуының барысында пайда болған «үшінші жолдың» идеялары мейлінше жүйеленіп, кристалдана түседі. Осылайша қазіргі заманғы өзінің теориялық негізінің өзегі ретінде (социалистік теориялардың өзегі болған) «теңдік» қағидасын ұстанған (Джон Роулстың, Исай Берлиннің) либералистік концепциялары либерализмінің айрықша типі – социалистік либерализмге айналады. Міне осы либерализмнің қазіргі заманғы түрі қазіргі заманғы социализмнің либералдық «еркіндікті» өзінің идеялық өзегіне айналдырған түрімен ете қабысып кетеді. Міне шын мәніндегі жемісті тұжырым дегенің осы!

Әрине ұсынылып отырған оқулық – біздің ғылыми-педагогикалық әдебиеттегі бірден-бір оқулық емес. Бүгін кітап дүкендерінің қай біріне бас сұқпаңыз, саясат туралы отандастарымыз жазған сан-алуан оқулықтарды табарыңыз даусыз. Олар қатарында (менің пікір бойынша, үздіктері) – В.П.Пугачев пен А.И. Соловьевтердің «Введение в политологию» (М., 2001), әсіресе 2004 жылы МГИМО (У) саясаттану факультеті ұжымының проф. А.Ю. Мельвилдің басшылығымен шығарған – «Политология» оқулықтарын атаған болар едім. Проф. Хейвудтың оқулығы қаншалықты жақсы болғанымен, ол отандық оқулықтарды алмастыра алмайтындығы белгілі. Үйткені онда оқулықтардан ойып орын алатын ресейліктердің саяси білімінің маңызды құрамдас

ХVІІІ

бөлігі – Ресейдің тарихына саяси көзқарас, қазіргі күндегі ресейдің әлеуметтік-саяси дамуының мәселелерін талдау, бүгінгі күнде сіздер мен біздер ғұмыр кешіп жатқан әлеуметтік және рухани кеңістік қамтылмаған. Эндрю Хейвудтың кітабы – біздің оқулықтарға қосылған жақсы толықтырушы. Ол бізге қазіргі заманғы батыстың саяси ойының тынысы мен жүрек қағысын жеткізеді. Соған қарамай батыстық автордың талантты туындысымен таныса отырып, жадымызда бір кездері А.С.Пушкин тұжырымдаған ұран: «Европаға ене отырып, Ресей болып қалуды» қайта жаңғыртамыз.

ГРИГОРИЙ ВОДОЛАЗОВ

Философия ғылымдарының докторы, профессор,

Саяси ғылымдар Академиясының вице-президенті

Автордың

ағылшын тіліндегі

басылымына

алғы сөзі

Бұл кітаптың мақсаты – оқырманды қазіргі заманғы саясат пен саясаттану мәселелері туралы мейлінше толық кіріспемен қамтамасыз ету. Әуел баста ол саяси ғылымдардың белгілі бір тарауларын оқып жүрген студенттерге көмекші құрал ретінде жазылды. Алайда автор, оқулыққа жалпы мәселелер бойынша өзінің назарын аударар оқырмандарды ешқашан ойдан шығарған жоқ.

Саясат қай уақытта да бір орнында тұрған емес: мүмкін саясаттанудың сырлылығы да сонда шығар. «Зулаған» замананың сарынын сезіну, заман ақырға таянғанда туындайтын көңіл-күйдің орын алуына себепші болған жоқ: көптеген көрсеткіштер бойынша тарих толқыны шындығында да жылдамдығын арттыра түсуде. ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында әлем: коммунизмнің күйреуіне, «қырғи қабақ соғыстың» аяқталуына, жаһандық экономиканың қалыптасуына, коммуникациялар мен өндірістегі технологиялық революцияларға куә болды. Біз күтпеген кезімізде әлде бір постәлемге тап болдық: постмодернизм, постматериализм, постфордизм, постсоциализм және постиндустриализм концепциялары құбылмалы калейдоскоптағы секілді бірінен соң бірі келетін жаңа үйлесімділікті қалыптастыруда, олардың болмыс бітіміне қаншалықты үңілсең де өзіңе бала күннен белгілі белгілердің бір де бірінің қалмағанын көресің. Сонымен бірге бізді қоршаған ортадағының бәрінің де аяғы аспаннан келді деп те айта алмайсың. Ия, өзгерістердің екпіні екілене түсті, алайда біздің қоғамдық өмірімізде, біздің саяси кеңістігімізде, таңданбауға лажың жоқ, ештеңе де өзгермеген секілді. Міне сондықтан да осынау кітап, жаңа құбылыстарға – жаһандануға, феминистер мен «жасылдар» қозғалыстарына, этносоционализмнің қанат жаюына, бірқатар жаңа қоғамдық қозғалыстардың пайда болуына баса назар аудара отырып, пәнге деген саяси ойдың Платон немесе Аристотель, Маркс немесе Милль сияқты классиктер қалыптастырған дәстүрлі ұстанымдарды да қамтуға талпынды.

Бұл кітаптың екінші басылымы: бірқатар мәселелер онда толық ашылған, жаңа кесінділер мен кескіндер қосылды. Жаһандану, бұқаралық ақпарат құралдары, саяси коммуникациялардың жаңа түрлері, «үшінші жолдың» идеологиясы, аймақталу, демократияландыру және мемлекеттік басқару қағидасынан қоғамды макробасқаруға деген жалпы бетбұрыс сияқты тақырыптар неғұрлым кеңірек қамтылды. Сонымен бірге автор пәнді оқып үйрену барысында неғұрлым ауыр соғатын мәселелерді назардан тыс қалдырмауға тырыса отырып, саяси талдаудың барлық аспектілерін қарастыруға әрекет етті. Саяси философия мен саясаттанудың арасындағы дәстүрлі алшақтықты мейлінше жақындастыру ниетімен кітапта нормативтік концепциялар мен саясаттанудың эмприкасының арасындағы байланыстар барынша толық қарастырылды, көптеген мәселелер «елден елге», «жүйеден жүйеге» өту қағидасы бойынша емес, халықаралық болашақтың мәселелері ретінде берілді.

ХХ

Кітап бөлімдер ретінде берілген негізгі бес тақырыптан тұрады. «Саясат дегеніміз не?» деп аталатын бірінші бөлімде – саясаттанудың концептуальдық және әдістемелік мәселелері қарастырылып, кітаптың қарастыратын бүкіл болмысына өзіндік бір кіріспенің рөлін атқарады. «Ұлттар және жаһандану» атты екінші бөлімде мемлекеттер мен ұлттардың әсіресе, жаһандық саясаттың қалыптасу кезеңі мен үрдістердің интернационалдануы тұрғысынан қарағандағы рөлі мен маңызы қарастырылады. «Саяси әрекеттесу» атты үшінші бөлімде қоғамдағы саяси және саяси емес факторлардың өзара байланыстары, «билік жүргізушілер» мен «билікке бойұсынушылардың» арасындағы коммуникациялар арналары талданады. «Мемлекеттік басқарудың механизмдері» атты төртінші бөлімде мемлекеттік басқаруға ықпал ететін институционалдық және саяси үрдістер қарастырылады. Ең соңында, «Саясат және саяси жүйелердің қызмет етуі» атты бесінші бөлімде – «саясаттың қалай жасалатыны» және саяси жүйелердің қызметі қандай өлшемдермен бағаланатыны баяндалады, ал бұл өз кезегінде оқырманды оқулықтың бірінші бөлімінде қарастырған теориялық және идеологиялық мәселелерге қайта оралтады.

Әрбір тарау өзінің негізгі сұрақтары мен тақырыптарына қатысты жалпы көзқарасты баяндаумен ашылады. Тараудың соңында түйінделген тұжырымдар мен талқылауға арналған сұрақтар тізімі беріледі. Тараудың мәтінінің жиегінде қарастырылып отырған терминдердің анықтамасы түрінде қосымша материалдар, сондай-ақ кесінділер келтіріледі және саяси ойшылдар мен саясаткерлердің қысқаша өмірбаяны беріледі. «Түсініктемелер түйіні» кесіндісі қарастырылып отырған термин немесе концепцияны айрықша бөліп баяндайды. «Назар аударыңыз» кесіндісі осынау теориялар мен ұстанымдарға, сондай-ақ пікір сайыстар мен көзқарастарға тереңірек үңілуге шақырады. Екінші басылымдағы жағымды жаңалықтың бірі, оқулықтың өзінің www.palgrave.com/faundations/heywood - вебсайтының ашылғандығы. Сайт қажетті мекен-жайларды, тарауларға қажетті материалдарды, сұрақтарды (жауаптарымен) және қосымша материалдарды қамтыған.

Осынау жұмыстың алғашқы нұсқасын қарап шыққан пікір білдірушілерге, әсіресе Джон Гринэвэйге (John Greenaway), Уин Грантқа (Wyn Grant), Крис Браунға (Chris Brown) және Джерри Стокерге (Gerry Stoker) айрықша алғыс айтқым келеді. Олардың кеңестері мен сын-ескертпелері шын мәнінде конструктивті сипатта болып, кітаптың сапасының артуына елеулі еңбек етті. Кітаптың көптеген идеялары әріптестірім және достарыммен, олардың ішінде Карон және Дага Вудвордтарды (Karon and Doug Wooward) айрықша атағым келеді, арада өткен пікір сайыстар барысында талдаудан өтті. Сабырлық пен төзімділік рухымен суарылған менің қолдаушыларым ретінде шабытымның ұдайы қайнар көзі бола білген баспагерлерім Фрэнсис Арнольд (Frances Arnold), Стивен Кеннеди (Steven kennedy) және Сюзанна Беривудтерге (Susannah Burywood) айтар алғысым мол. Алайда алғысымның ең шұрайлысын - әрине жұбайым Джинге айтқым келеді. Ол қолжазбаны баспаға даярлаудың барлық қиыншылықтарын бастап кешіріп қана қоймай, сонымен бірге мәтіннің стилі мен мазмұны туралы қашанда қажетті кеңесін беруден бас тартқан емес, бұл әсіресе жұмыстың қисынды қиюласулары енді-енді үзіліп, бәрі де босқа кетуге айналғанда айрықша мәнге ие болатын.

Кітап менің ұлдарым – Марк пен Робинге арналады.

Эндрю Хейвуд, 2002

Автордың

орыс тіліндегі басылымына

алғы сөзі

Бүінде Ресей бүкіл әлемнің назарын өзіне аударып отыр, міне осы маған кітаптың кейбір мәселелер бойынша ресейлік оқырмандарға өзінің септігін тигізеді-ау деген үмітті ұялатады. Коммунизмнің күйреуі сан-алуан экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық салдарларға әкеліп соқты, бүгінгі таңда осынау салдарлар әлі күнге өзінің күшін жойып біткен жоқ. «Жаңа демократия» ретінде Ресей өтпелі кезеңді бастан кешіріп жатқан саяси жүйенің айрықша қызықты бір үлгісі болып отыр. Мұнда елдегі белсенді саяси азаматтық қоғамның даму үрдісін мейлінше аша түсетін ресейлік федерализм жағдайындағы призеденттік жүйенің қалыптасуы; Федералдық Мәжілістің эволюциясы; көппартиялық жүйенің пайда болуы ерекше назар аударатын құбылыстар мен үрдістер болып отыр және мұның бәрі де экономикадағы нарықтық қатынастардың интенсивті түрде дамуы барысында плюрализм, азаматтық еркіндік, заңның билігін қамтыған жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуы жағдайында өтуде.

КСРО-ның күйреуі елде және бір күрделі мәселені туындатты – бұл мәселе елдің ұлттық тепе-теңдестік (идентичность) мәселесі, бұл бүгінде жаңа «орыс идеясын» іздеумен ұласып отыр. Осыған байланысты бірқатар сұрақтар туындайды – федеративтік мемлекеттің тұтастығын қалай сақтап қалуға болады, мұнда ұлттық қатынастар қалайша дамуы қажет (әсіресе исламдық фактор маңызды және күрделі түйін сияқты), жас мемлекет замананың зауалдарына қалай жауап қатуы тиіс, ұлттық сеператизм мәселесі дегеніміз не және т.б. Бірақ бар мәселе бұл ғана емес: Ресейге өзінің Батыс пен Шығыстың арасындағы орнын анықтауы керек – ол өзін Европаның құрамдас бөлігі санайды ма, соны анықтауы қажет. Белгілі бір мағынада , Ресейдің саясатының енді ғана туындап немесе қайта өрлеп келе жатқандығы туралы айтуға да болады. Менің осы кітапта айтқанымдай, саясат адамдар арасындағы келіспеушіліктің болғандығы үшін ғана туындамақ, сол себепті де арадағы келіспеушіліктердің шешімін тауып, реттеу үшін де саясат қажет. Ия, саясат, біз білетіндей, әрқашанда да ақ қолғаптармен жүзеге асырыла бермейді, оның ішінде алуан-түрлі мәселелер жасырынып жатыр, бірақ оларды шешудің мұнан асқан тиімді жолын өкінішке орай адамзаттың әлі күнге таба алмағанына бәріміз келісеміз.

Эндрю Хейвуд, 2004

Кесінділер

тізімі

Түсініктемелер түйіні

Lfissez-faire 230

Абсолютизм 32

Авторитаризм 47

Конвенция 361

Консенсус 11

Конституционализм 365

Антисемитизм 47

Әкімшілік 446

Құқықтар туралы билль 368

Бюрократия 441

Мекемешілдік 449

Билік (бедел) 4

Заң билігі 377

Соғыс 465

Гегемондық 253

Гендер 246

Жаһандану 174

Мемлекет 109

Мемлекеттік басқару 30

Азаматтық еркіндік 470

Азаматтық бойсұнбау 350

Азаматтық қоғам 9

Азаматтық 504

Мүдделі топтар 337

Деволюция 211

Демократияландыру 100

Диктатура 468

Батыс 41

Идеалдық тип 22

Идеология 52

Империализм 163

Интернационализм 159

Атқарушы билік 411

Таптық сана 272

Коалиция 329

Ұжымдық қауіпсіздік 194

Отаршылдық 146

Коммунизм 42

Коммунитаризм 218

Конституция 360

Конфуцияшылдық 44

Корпоративизм 341

Коррупция 448

Космополитизм 140

Жеке басқа табыну 432

Мәдени ұлтшылдық 134

Легитимділік 265

Көшбасылық 429

Лобби 349

Мандат 284

Макробасқару 6

Масс – медиа 255

Мемлекетаралық 186

Халықаралық құқық 195

Милитаризм 467

Министрлік жауапкершілік 458

Ғылым, сциентизм 19

Ұлттар 132

Ұлт-мемлекет 152

Нейтралдық 378

Неомарксизм 115

Неоплюрализм 112

Жаңа қоғамдық басқару 450

«Жаңа солшылдар» 352

Қоғамдық қозғалыс 351

Қоғамдық мүдде 299

Қоағмдық тап 239

Қауым, коммуна 217

Омбудсмен 459

Жауапкершілік 393

Апарадигма 25

Парламенттік демократия 95

Мемлекетті басқарудың парламенттік жүйесі 387

Парламенттік егеменділік 372

Партиялық демократия 319

Партия және фракция 310

Партиялық үкімет 325

Партиархия 118

Патриотизм 142

Бастапқы сайлаулар 316

Заңдарды қайта қарау 379

Жоспарлау 233

Плебисцитарлық демократия 88

Плюрализм 98

Плюралистік демократия 97

Полиархия 38

Саясимәдениетшілдік 149

Саяси мәдениет 252

Саяси партия 309

Саяси қауымдастық 495

Саяси теңдік 85

Популизм 435

Постматериализм 264

Постмодернизм 79

Адам құқығы 375

Өкілдік 280

ХХІІІ

Мемлекетті басқарудың президенттік жүйесі 416

Тепе-теңдік өкілдік 289

Теңдік 503

Биліктің тармақталуы 388

Нәсіл 244

Нәсілдік теория, расизм 145

Революция 271

Релятивизм 500

Нарық 224

Еркіндік 370

Еркін сауда 188

Әлеуметтік капитал 261

Әлеуметтік нарық 228

Статус 240

Субсидиарлық 192

Егемендік 161

Теократия 45

Қоғамдық келісім теориясы 342

Ланкестік 33

Тоталитаризм 33

Дәстүр 265

«Үшінші жол» 72

Утилитаризм 490

Утопия 31

Федерализм 202

Фордизм, постфордизм 241

Харизма 266

«Қырғи қабақ соғыс» 165

Экология, экологизм 77

Элита, элитизм 99

«Тап - партия» қатынасының эрозиялануы 303

Партиялардың эрозиялануы 301

Этатизм 123

Этникалық 212

Этноорташылдық 493

Атқарушы биліктің өзегі 427

Назар аударайық

Мемлекет басшысы 412

Экономиканы жаһандық басқару 193

Мүдделі топтар: қолдаушылар мен қарсылар 343

Гуманитарлық басқыншылық 169

Екі палаталық жүйе: қолдаушылар мен қарсылар 343

Екі палаталық жүйе: күшті және әлсіз тұстары 397

Тұтқындар дилеммасы 18

Европалық интеграция: қолдаушылар мен қарсылар 190

Олигархияның темір тәртібі 318

Сайлау жүйелері: қарапайым көпшіліктің жүйесі 291

Сайлау жүйелері: екінші кезең жүйесі 292

Сайлау жүйелері: балама дауыс беру жүйесі 293

Сайлау жүйелері: партиялық тізімдер жүйесі 298

Сайлау жүйелері: өтпелі дауыстар жүйесі 295

Сайлау жүйелері: аралас жүйе 294

Премьер-министр институты 423

Саяси тұлғалар

Ханна Аренд 10

Аристотель 7

Иеремия Бентам 89

Эдмонт Берк 57

Исая Берлин 150

Эдурад Бернштейн 70

Макс Вебер 267

Мэри Воллстоункрафт 76

Александр Гамильтон 203

Маркус Гарви 214

Георг Вильгельм Фридрих Гегель 108

Иоганн Готфрид Гердер 133

Адольф Гитлер 74

Томас Гоббс 374

Антонио Грамши 256

Джон Кеннет Гэлбрейт 242

Роберт Даль 340

Томас Джефферсон 330

Иммануил Кант 158

Джон Мэйнард Кейнс 231

Наоми Кляйн 353

Владимир Ильич Ленин 93

Джон Локк 55

Джузеппе Мадзини 139

Никколо Макиавелли 8

Мао Цзедун 273

Министрлер кабинеті: күшті және әлсіз тұстары 426

Кванго: артықшылығы және кемшілігі 452

Кодифициралдық конституция: күшті және әлсіз тұстары 362

Комитеттер: артықшылығы және кемшілігі 399

Европалық Одақтың жұмыс істеу механизмі 187

Орталық-шет аймақтар модельі 215

Қоғамдық келісім 110

Ашық үкімет: қолдаушылар мен қарсылар 498

Саяси кеңістік 313

әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесі 501

«Солтүстік пен оңтүстіктің қарама-қарсылығы» 176

Тікелей жемократия және өкілетті демократия 86

Аймақтық эконмикалық блоктар 181

Референдумдар: қолдаушылар және қарсылар 283

Монархия туралы тартыс 423

Карл Маркс 66

Герберт Маркузе 69

Джон Стюарт Милль 56

Жан Моне 183

Шарль-Луи Монтескье 386

Джеймс Мэдисон 396

Фридрих Ницше 430

Роберт Нозик 120

Майкл Оукшотт 263

Томас Пейн 282

Платон 15

Пьер-Жозеф Прудон 201

Роберт Путнам 262

Джон Роулс 71

Жан-Жак Руссо 92

Адам Смит 225

Иосиф Сталин 68

Алексис де Токвиль 274

Лев Троцкий 443

Бетти Фриден 354

Милтон Фридман 232

Френсис Фукуяма 37

Юрген Хабермас 269

Фридрих фон Хайек 61

Самюэл Хантингтон 182

Наум Хомски 168

Э.Ф. Шумахер 237

Иосиф Шумпетер 286

Саясат дегеніміз не ?

Адамзат өзінің жаратылысында

саяси мақлұқ

Аристотель. Саясат , 1

Саясат өте қызық іс, үйткені біз бәріміз алуан түрліміз. Біздің арамызда қалай өмір сүру керек, қоғамнан кім және не алуы керек, кім билікке лайық, жалпы қоғамдық игіліктер қалай үлестірілуі қажет, ең соңында қоғамдық өмірдің негізінде не жатыр – келісім бе жоқ әлде дау-жанжал ма деген сұрақтарға ортақ келісім жоқ. Адамдар көбіне осынау мәселердің қалай шешілуі керектігіне де келісе бермейді... Аристотельдің пікірі бойынша осының бәрі саясатты «патшалар ғылымы» етеді – оның көмегімен өмірді жақсартып , кемелденген қоғам құруға болады. Осылайша саясат, - ең әуелі және ең бастысы әлеуметтік қызмет болып табылады. Бұл қашанда диалог – және ешқашанда монолог болмақ емес. Мейлі Робинзон Крузо сияқты жеке тұлғалар - өзінің жеке шаруашылығын құру, өнер туындысын жасау және т.б. көптеген істерге қабілетті бола қойсын, бірақ олардың бір де бірі саясатпен айналыса алмайды. Үйткені саясат бейнелеп айтқанда, Жұмабай пайда болғанда ғана басталмақ. Саясаттың негізінде жатқан пікір қайшылықтары, әрине оны шешудің жолдарын қарастыру барысында да туындайды. Бұл арада біз тағы да қандай да болмасын әлеуметтік мәселені «саяси мәселеге» айналдыратын не, саяси қызметті қалай талдау қажет, оны қалайша түсінікті түрде түсіндіру керек деген сұрақтарға тап боламыз.

Мазмұны

Саясаттың анықтамасы 3

Саясат мемлекетті басқару

өнері ретінде 5

Саясат жария жария үрдіс ретінде 8

Саясат ымрашылдық және келісім

ретінде 11

Саясат билік ретінде 12

Саясатты зерттеу 14

Саясатты зерттеудегі ұстанымдар 14

Саясатты зерттеу ғылыми болуы

мүмкін бе ? 20

Түсініктер, моделдер және теориялар 21

Тұжырымдар 26

Талқылауға арналған сұрақтар 27

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]