Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Politics.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
817.15 Кб
Скачать

1.Саясат дегеніміз не? 21

Қарама - қарсы жақтар пікір таластырады, жауласады, тіпті кейде соғысады, сондай-ақ екі жақта өздерін «еркіндікті қорғаушы», «демократияны қолдаушы», «әділетті жақтаушы» - деп, жариялап жатады. Мәселенің мәнісі мынада: «еркіндік», «демократия», «әділет» түсінігін әркім өзінше түсінеді. Біз «шынайы еркіндік», «шынайы демократия», «шынайы әділет» дегеніміздің қандай болатындығын қалай анықтай аламыз? Әрине, бұл мүмкін емес. Жоғарыда біз сан мағыналы саясат түсінігіне анықтама беруге талпыныс жасадық, - әділін айту керек, саясаттың өзге де көптеген түсініктері осы секілді сан мағыналы және ішкі қайшылықққа толы болып келеді. Бұл секілді түсініктерді ең абзалы «пікір талас тудыратын түсініктер» -деп, жіктеген жөн: оларға қатысты пікір таластардың тереңдеп кететіні сонша, оларды қандай да бір бейтарап немесе жалпы қабылданған ұстанымдар аясында анықтау тіптен мүмкін емес. Нақты бір терминнің артында кейде бір – біріне қарама – қайшы бірнеше түсініктің тығылып жатуы мүмкін – және сол түсініктердің бірде – бірі сол терминнің шынайы мәнін аша алмайды! Осы орайда, саясат дегенімізде «мемлекетке қатыстының бәрі», ресми өмірді басқару, билік пен ресурстарды үлестіру деп түсінетіндігімізді еске алсақ жеткілікті.(

1 Самуэль Лжонсон (1709 - 1784) – ағылшын ақыны, ықпалды сыншы, әдебиет тарихшысы және лексикограф. (ауд. ескертпесі)

2 Ағылшын тілінде биліктің аталған екі типін сипаттауда екі түрлі сөз – authority және power сөздері қолданылады. Біздің тілімізде мұндай дифференциалану қолданылмайды: олардың екеуі де «билік» деп аударылады. Біз қарастырып отырған жағдайда әңгіме, ағылшын тіліндегі authority сөзі сипаттайтын билік туралы болып отыр. (ауд. ескер.)

3 Түпнұсқада ағылшын тілінде қолданылатын екі түсініктің: “government” (мемлекет, үкімет) және “governance” (қоғамның әмбебап рәмізі ретінде басқарудың, жалпы басқарудың), айырмашылығы түсндіріледі. Кесіндінің басты мәнісі мынада – бүгінгі таңда қоғамды басқарудың дәстүрлі формасы “government” - әлдебір жаңа басқару қатынастарына орын беруде.

4 Виргиндік мектеп - 1963 жылы Шарлоттсвил (Виржиния штаты) қалашығында өздерінің сараптау объектісі ретінде саяси шешімдер мен мемлекеттік шешімдерді алған экономистердің алғашқы конференциясы өткен. 1969 жылдан 1982 жылға дейін Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы Виржиния политехникалық институтында орналасқан. (Ауд. түс.)

5 Бихевиорализм (ағылшынның behavior – деген сөзінен алынған) – саясаттанудағы саяси құбылыстарды нақты индивидтердің көңіл күйлері арқылы тануға тырысатын ұстаным. Психология және философия ғылымдарында «бихевиоризм» термині қолданылатындығына қарамай, бірқатар батыстық саясат-танушылар осы терминді қолдануды жөн санайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]