Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Politics.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
817.15 Кб
Скачать

1.Саясат дегеніміз не? 17

қоғамдық ғылымдарға таралды. 1870 – ші жылдарда «саяси ғылымның» курстары Оксфордтың, Париждің және Колумбия университеттерінде енгізілді, ал 1906 жылдан бастап American Political Science Review басылымы жарық көре бастады. Саяси ғылымдарға деген құлшыныс өзінің шарықтау шегіне 1950-1980 –ші жылдарда жетті, осы кезде баршы жерде, әсіресе АҚШ –та бихевиоризмнен бастау алатын саяси сараптау тәсілі қалыптасты. Осылайша саясаттану алғаш рет сенімді ғылыми мәртебеге қол жеткізді, үйткені ол бұған дейін саясаттануда болмағанды, - объективтілік пен сандық тексерілетін деректерді яғни кез келген гипотезаны тексерудің тәсілін берді. Давид Истон сияқты саясаттанушылар саяси ғылым ендігі жерде жаратылыстану ғылымдарының әдістемелерін қолдана алады деп жариялады, ал бұл ғылыми зерттеулердің, әсіресе сандық сараптау қағидаларына жауап беретін сайлау кездеріндегі көңіл-күй, заң шығару саласындағы көңіл-күй, муниципальдық саясаткерлер мен лобистердің көңіл-күйін анықтау сияқты зерттелуердің өркендеуіне жол ашты.

Алайда 1960 жылдардан бастап бихевиоризм күн өткен сайын күшейе түскен қарсылыққа кезіге бастады. Бихевиоризм талдауға тікелей бақылаудың аясынан шығуына мүмкіндік бермей, саяси сараптаулардың шеңберін барынша шектеп жіберді деген мәлімдеулер естіле бастады. Дегенмен, саясаттанудағы бихевиоризм электоральдық көңіл-күй сияқты салаларда құнды нәтижелер бергенімен және беріп келе жатқандығына қарамай, сандық тәсілдерге деген шектен тыс тәуелділігі саясаттануға осы мәселерді ғана талдаумен шектеліп қалу қаупін төндіреді. Ең өкініштісі бихевиоризм саясаттанушылардың тұтас бір буынының дәстүрлі ережелік саяси ойдан бастартуына әкеліп соқты. «Еркіндік», «теңдік», «әділеттілік», «адам құқығы» сияқты концепциялардан эмпирикалық тексеруге келмейтін қажетсіз нәрсе ретінде бас тартыла бастады. Бихевиоризмнен көңілі қалғандар 1970 жылдардан бастап ережелік мәселелерге көңіл аударды, бұл көзқарастар Джон Роулс (John Rauls (қар. 71 б.) пен Роберт Нозик (Robert Nozick (қар. 120 б.) сияқты теоретиктердің еңбектерінде көрініс берді.

Бихевиоризм - психологиядағы бағыт: бұл бағыттың ұстанымы бойынша социологиялық теориялар бақыланылатын және сандық өлшемге деректер беруге қабілетті көңіл – күйді зерттеуге негізделуі тиіс.

Эмпирикалық – бақылаулар мен тәжірибелерге негізделетін білім; эмпирикалық білімнің қайнар көзі ретінде сезіну мен тәжірибе қызмет етеді.

ұнан әрі бихевиоризмнің ғылыми негізінің өзіне күмән туды. Мұның негізінде бихевиоризм объективті және сенімді, үйткені ол ешқандай да «құндылықтарға тәуелді емес», яғни ешқандай да этикалық немесе ережелік сенімдер және түсініктермен өзгертілмейді деп жариялау жатыр. Алайда барлық мәселе бақыланатын көңіл күйді сараптаудың өзегінде не жататындығында, үйткені қалыптасқан саяси қатынастар мен мекемелердің саяси мәртебесін (статус-квосын) іштей қабылдағаныңнан соң, оларды сипаттаудан басқа шараны іске асыру мүмкін емес. Осынау консервативтік үрдістің салдарынан «демократия» түсінігі бақыланатын көңіл – күй терминолгиясында басқаша тұрғыда түсінілетін болып қалды. Осылайша демократия «халықтың өзін-өзі басқаруы» деген мағынаны білдірудің орнына, элиталардың сайлау механизмдері арқылы билікті жеңіп алу үшін күресі деп түсініледі. Басқаша айтқанда, Батыстың дамыған елдеріндегі демократиялық саяси жүйе деп аталатын жүйеде болатын құбылыстар демократия деп түсінілетін болды.

Қазіргі заманғы үрдістер

Саясатқа туралы қазіргі заманғы теориялық ұстанымдардың ішінен – «саяси –

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]