Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Politics.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
817.15 Кб
Скачать

14 І. Саяси теориялар

бақылауында ұстап тұруға мүмкіндік беретін, биліктік қатынастарға негізделген» қатынас деп анықтама береді. Сол себепті де феминизм өзіне өзіндік саяси кеңістік ретінде - «күнделікті саясатты» таңдап алды. Мұнда отбасыдағы қатынастар, күйеулер мен әйелдер арасындағы қарым-қатынастар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастар, жұмыс берушілер мен жұмысшылыр немесе үкімет пен азаматтар арасындағы қатынастар сияқты абсолютті түрде «саяси қатынас» ретінде қарастырылады.

Марксизм саясатты қоғамның екі деңгейі – қондырма мен базиске қатысты қарастырады. Маркстің өзі (қар. 66 б.) бастапқыда саясатты мемлекеттік аппаратқа теліп классикалық тұрғыда түсінген: мысалы «Коммунистік манифесте» (Communist Manifesto, 1848) ол саяси билікті «бір таптың екінші тапты езуі үшін ұйымдасқан билігі» ретінде жазады. Кейіннен өзінің теориясын дамыта келе, ол саяси қатынастарды, құқықтық және мәдени қатынастармен бірге қоғамның ең басты негізі болып табылатын - экономикалық «базистің» үстіне құрылатын «қондырмаға» жатқызады. Маркстің айтуы бойынша, экономикалық «базис» пен «қондырма» өзара байланысты: «қондырма» «базистен» өсіп шығалы және оның көрінісі болып табылады.

Саяси биліктің қоғамның таптык жүйесімен, шын мәнінде оның «базисімен» терең байланыста болатындығын тұжырымдай келе келесі қадамды Ленин жасады (қар. 93 б.): ол , «саясат экономиканың жинақталған көрінісі», - деп жазды. Марксизм түсінігі бойынша , «экономика дегеніміз – бұл саясат», ал саяси күрестің аренасы ретінде тұтастай таптық қарама-қайшылықтардан тұратын азаматтық қоғам көрінеді – бұл саяси факторды мемлекетке немесе өмірдің шекетеулі жеке саласымен байланыстырып қарастыратын басқа барлық ұстанымдардан өзгеше ұстаным.

Жоғарыда қарастырылған барлық ұстанымдар бойынша саясат қашанда бір адамдарды екіншілердің езуі мен бағыныштылықта ұстауына қатысты жүзеге асатын - адамға жаулық ниеттегі әлде бір күш ретінде көрінеді. Радикальдық феминизм үшін бұл әйелдерге еркектердің табанының астында қалуды маңдайына жазып қойған «саяси патриархат» орнатып жатқаннның бәрі; марксизм үшін – капиталистік қоғамда буржуазияға пролетариатты езуге мүмкіндік беретіннің бәрі. Осынау теорияларда саясатқа тек қана кертарпалық таңылмайды, сонымен бірге – қоғамдық теңсіздікті жеңуге жол беретін позитивтік сипат та беріледі. Маркс мысалы, пролетарлық революция таптардың теңсіздігін мәңгілікке жоюы қажет десе, феминистер жыныстар арасындағы қарым-қатынастарды түбегейлі қайта қарастыруға шақырады. Қалай болғанда да бұл ағымдарда саясат қоғамдық болмыстың қажетті бір бөлігі болып қала бермейді. Феминистер «сексизм саясатын» жойып, адамдарды жынысына қарап емес, олардың жеке қасиеттері бойынша бағалайтын қоғам құруға шақырады. Марксшілдер тапсыз коммунистік қоғам құрылған соң «таптық саясат» тарихтың игіліге айналады, ал бұл өз кезегінде «мемлекеттің жойылуына» әкеледі де саясат өзінің классикалық түсінігінде өмір сүруін тоқтатады.

С аясатты зерттеу

Саясатты зерттеудегі ұстанымдыр

Саясатың мәні туралы осыншалықты алуан түрлі көзқарастар болғанда, саясаттанудың табиғаты мен мәртебесі туралы да сал – алуан көзқарастардың болуы табиғи жағдай. Интеллектуальдық қызметтің көнеден келе жатқан бір саласы ретінде

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]