
- •Isbn 0-333-97131-0 (ағылшын.)
- •Isbn 5-238-00814-7 (орыс.)
- •1. Саясат дегеніміз не? ----------------------------------------------------------------- 2
- •2. Үкіметтер, жүйелер және режимдер ---------------------------------------------28
- •3. Саяси идеологиялар -----------------------------------------------------------------50
- •VI мазмұны
- •4. Демократия ---------------------------------------------------------------------------- 82
- •5. Мемлекет ------------------------------------------------------------------------------106
- •VII мазмұны
- •6. Ұлттар және ұлтшылдық ---------------------------------------------------------130
- •7. Әлемдік саясат -----------------------------------------------------------------------156
- •8. Ішкі саясат ---------------------------------------------------------------------------197
- •VIII мазмұны
- •9. Экономика және қоғам ------------------------------------------------------------222
- •10. Саяси мәдениет, коммуникациялар және легитимділік ---------------250
- •11. Өкілдік, сайлаулар және дауыс беру --------------------------- ------------278
- •12. Партиялар және партиялық жүйелер ---------------------------------------307
- •IX мазмұны
- •13. Қоғамдық топтар, мүдделі топтар және әлеуметтік қозғалыстар----333
- •IV Бөлім. Мемлекеттік басқару механизмдері -------------------------------357
- •14. Конституциялар, құқық және сот жүйелері--------------------------------358
- •15. Заң шығарушы мәжіліс ----------------------------------------------------------384
- •16. Атқарушы билік -------------------------------------------------------------------410
- •17. Мемлекеттік қызмет -------------------------------------------------------------438
- •18. Армия және полиция -------------------------------------------------------------463
- •V Бөлім. Саясат және саяси жүйелердің қызмет етуі-----------------------487
- •19. Саяси үрдіс және саяси жүйелердің қызмет етуі-------------------------488
- •1. Саясат дегеніміз не? 3
- •4 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 5
- •6 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 7
- •8 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 9
- •10 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 11
- •Саясат ымрашылдық және келісім ретінде (компромисс және консенсус)
- •12 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 13
- •14 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 15
- •16 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 17
- •18 І. Саяси теориялар
- •Қылмыскер в
- •1.Саясат дегеніміз не? 19
- •20 І. Саяси теориялар
- •Саясатты зерттеудің ғылыми болуы мүмкін бе?
- •1.Саясат дегеніміз не? 21
- •22 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 21
1.Саясат дегеніміз не? 13
Назар аударайық .....
Биліктің «бедерлері»
А
белгілі бір жағдайда Б – ны белгілі
бір істерді істеуге мәжбүрлейтін болса
билік пайда болады. Б оны қандай
жағдайда да істегісі келмесе, сондай-ақ
А-ның Б-ға әр түрлі тәсілдермен ықпал
ету мүмкіндігі болатын болса, онда
биліктің «бедерлері» туралы әңгіме
айта аламыз:
Билік шешім қабылдау ретінде. Биліктің бұл «бедері» шешімдердің қабылдануын айқындайтын мақсатты әрекеттердің мәнімен анықталады. Бұл тәсілдің классикалық анықтамасын Роберт Дальдың «Американың қаласында кім басқарады? Демократия немесе билік» (1961) атты еңбегінен табамыз, онда автор биліктің кімнің қолында екендігін анықтау үшін түрлі әлеуметтік топтардың шешімдері мен ұнатымдарына (предпочтение) талдау жасайды. Алайда адамдардың шешім қабылдауларына түрлі тәсілдермен ықпал етуге болады. «Биліктің үш бедері» (1989) атты кітапта Кит Боулдинг осыған орай күш және үрейді («қамшыгерлік») қолдану, өзара тиімді түрлі қарым-қатынастар («келісім») және қатынас, өзара міндеткерліктерге негізделген қатынас, жеке ұнатым және сол сияқтылар («май -шелпек») секілді тәсілдерді көрсетеді.
Билік күннің саяси тәртібін анықтаушы ретінде. Биліктің екінші «бедері» Бахрах пен Барацтың түсінуінше (1962) шешімді қабылдатпауға қандай да бір саяси күштің қабілетті болуы. Бұл жерде сөз кімнің күннің саяси тәртібін қадағалап отыратындығы, - кімнің қандай мәселенің талқыланып, қандай мәселенің талқыланбайтындығын әуел бастан анықтайтындығы туралы болуда. Осыған байланысты айталық, әлде бір жеке корпорация өзінің билігін, тұтынушылардың құқығын қорғайтын заңды өріскел бұза отырып атқарады («биліктің бірінші бедері»), сонымен бірге ол партиялар мен саясаткерлердің мәселені талқылауға шығаруына барынша жол бермеуге тырысады («биліктің екінші бедері»).
Билік сананы қадағалаушы ретінде. Биліктің үшінші «бедері» - бұл оның өзге адамдарға, олардың қалауы мен сұранымдарына, ақыл – ойына әсер ету арқылы ықпал ету қабілеттілігі. (Лукс, 1974). Бұл билік психологиялық қадағалаудан немесе «сананы идеологиялық шаю» дегеннен көрінеді. Бұл арада мысал ретінде, корпорациялардың істеген істерін алға тарта отырып, тұтынушылардың құқығын қорғайтын жаңа заңды қабылдаудың қажеті жоқ, деп қоғамды иландыруға бағытталған жарнама индустриясын келтіруге болады. Саяси өмірде биліктің бұл тәсілі үгіт-насихат жүргізуде немесе жалпы идеологиялық әсер ету тәсілдерінен көрінеді.
дігін және тіпті олардың ұдайы дау-жанжалда болатындығын, бірақ ең маңыздысы – ресурстардың тапшылығына себеп болатын адамдардың қалаулары мен сұранымдарының шексіздігін, ал оларды қанағаттандырудың қашанда шектеулі екендігін алға тартады. Сондықтан да саясат мұнда шектеулі ресурстар үшін бәсекелестік, ал билік – осынау бәскелестіктегі басты құрал ретінде қаратырылады. Бұл ұстанымның жақтастарының қатарында феминистер мен марксшілдер бар. Қазіргі заманғы феминизм «саясилық» идеясына саясат өзінің дәстүрлігі түсінігінің аясында әйелдерге отбасы мен отбасылық міндеткерліктердің төңірегінде топтасатын «жеке» өмір саласын қалдырып, оларды саясаттың сахнасынан тыс көреді , - ал еркектер болса саясатта да, сондай-ақ «жария» өмірдің басқа салаларында да үстемдік етуде деуден бастау алатын аса маңызды мән береді. Әсіре феминизмнің теоретиктері сол себепті де қоғамдық өмірдің жеке және жария өмірге жіктелуіне қарсы шығып, оған балама ретінде «жекеліктің өзі саясилық» деген ұран көтереді, бұл – отбасылық, тұрмыстық және жеке өмірде болып жатқанның бәрі де дәстүрлі саяси қатынастырдың көрінісі, тіпті саясаттың өзі осының бәрімен басталады және аяқталады дейтін әсіре феминистер философиясының мәнін толық ашатын түйінді сөз. Әрине, бұл философиядан саясат туралы күнделікті түсініктен әлдеқайда әсіре – радикальды түсінік туындайды. Осылайша, Кэйт Миллет «Жыныстар саясаты» атты кітапта (Kate Millett, Sexual Politics, 1969) саясатқа «өзгелерді өзінің