Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Politics.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
817.15 Кб
Скачать

12 І. Саяси теориялар

белгілі бір дәрежеде күш пен билікке ие болғанда ғана іске асатындығын, әйтпеген күнде, күштінің әлсізді таптап кететіндігін айтады. Осыған байланысты саясат ең алдымен «мәселені шешу барысында, тәсіл таңдаудағы басымдық зорлық пен мәжбүрлеуге қарағанда келісім мен татуласуға берілетін» құбылыс ретінде анықталады. Бұл арада біз, либералдық – рационалдық принципке деген қолдаушылық пен қоғамдық пікір-таластардың күші мен қоғамның дау-жанжалға қарағанда ынтымақтастық пен келісімге бейімділігіне деген сенімді көреміз. Егер де қоғамда әлде бір дау-жанжал туа қалатындай болса, оларды зорлық немесе күш қолдану қатерінсіз-ақ, шешуге болады екен. Дегенмен Б. Крикті сынға алатындар да табылды, олар оны батыстың баламалы демокртиясының тәжірибесімен әуестеніп кетіп, шын мәнінде саясатты элекртольдық үрдіс пен партиялық бәсекелікке телиді, деп әділетті түрде сынға алды: оның ұстанымдарының бірпартиялық мемлекеттерде немесе айталық, әскери диктатура жағдайында оның ұстанымы ақиқатты айқындай алмайтыны анық.

Ымрашылдық пен келісімді басты қағида ретінде қарастырған бұл концепция, байқалып тұрғандай, саясатты тартымды тұсынан түсіндіреді. Жоқ, ол әлде бір барлық мәселелерге жауап беретін «утопиялық» құбылыс ретінде қарастырылмайды (өйткені, компромистің өзі , барша тараптың тізгін тартуына негізделетіндіктен, олардың әр бірінің әлде неден бас тартуына әкеліп соқпай-ма?), алайда қандай болған күнде де, оның зорлық пен қан төгіске әкеліп соғу мүмкін өзге кез келген баламадан абзал екені даусыз. Саясат мұнда өркениетті және өркениетке бастаушы, азаматтарды саяси қатыстылыққа бастайтын және олар тарапынан тартымды қарым-қатынасты қалыптастыратын күш ретінде көрінеді. Бірақ Б.Крик мұндай саясатта да өзіне тән күрес жүріп жататындығын көрсетеді, ондағы басты қатер – мейлі ол демократияға деген соқыр сенімде болсын, саяси идеологиялардың тартымды, сонымен бірге жалған айқындығында болсын, жалаң ұлтшылдықта болсын, ақыр аяғында ғылымның ақиқаттың соңғы нүктесі болуға деген талпынысында болсын, әйтеуәр «қайткен күнде де мәселенің басын ашып алуға деген талпыныста», -жатса керек.

Саясат билік ретінде

Төртінші концепция мейлінше кең таралған сонымен бір мезгілде мейлінше әсіре радикальды да. Саясат мұнда мейлі үкімет болсын, мемлекет немесе «жария» өмір болсын ешқандай да кеңістікке белініп қарастырылмайды - ол өмірдің барлық саласын, тіпті «оның әрбір бұрышын» баурап алған делінеді. Адриан Лефтвич (Adrian Leftwich) «Саясат дегеніміз не? Саяси қызмет және оны зерттеу» (What is Politics? The Activity and Its Study, 1984), атты еңбегінде, «саясат ресми немесе бейресми болсын, «жария» әлде жеке өмірің болсын, әйтеуір – қоғамдық қызметіңнің ортасын болады, ол әлеуметтік топтарды, институттар мен қоғамдардың барлығында қамтиды»; мейлі ол, отбасылық қатынас, шағын топ, достардың жиыны немесе екінші жағынан мемлекет әлде жаһандық қауымдастық болсын, біз қоғамдық қатынастардың барлығында, саясатты көреміз. Осы арада адамның саяси қызметін оның өзге қызметтерінен ажыратып тұратын нәрсе не, оның ерекшелігінің мәні неде ? - деген заңды сұрақ туындайды. Бұл сұрақты қарастырып отырған ұстаным былайша қарастырады. Саясат ретінде мұнда қоғамның өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін қажетті өндіріс, өнімді үлестіру және ресурстарды пайдаланумен байланыстының барлығы танылады, ал сөз ең алдымен билік туралы – «өзіңе тиесіліні ала білу», жалпы қашан, қалай және қандай тәсілмен болса да ала білу туралы айтылуда. Бұл идеяны көркем сөзбен керемет бедерлеген Гарольд Лассуэл болатын. Оның еңбегі «Саясат: Кім нені, қашан және қалай алады?» (Harold Lasswell, Politics: Who Gets What, When, How? 1936). Қоғамдық өмірде бұл дәстүр ең әуелі мүдделердің сәйкес келмейтін-

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]