
- •Isbn 0-333-97131-0 (ағылшын.)
- •Isbn 5-238-00814-7 (орыс.)
- •1. Саясат дегеніміз не? ----------------------------------------------------------------- 2
- •2. Үкіметтер, жүйелер және режимдер ---------------------------------------------28
- •3. Саяси идеологиялар -----------------------------------------------------------------50
- •VI мазмұны
- •4. Демократия ---------------------------------------------------------------------------- 82
- •5. Мемлекет ------------------------------------------------------------------------------106
- •VII мазмұны
- •6. Ұлттар және ұлтшылдық ---------------------------------------------------------130
- •7. Әлемдік саясат -----------------------------------------------------------------------156
- •8. Ішкі саясат ---------------------------------------------------------------------------197
- •VIII мазмұны
- •9. Экономика және қоғам ------------------------------------------------------------222
- •10. Саяси мәдениет, коммуникациялар және легитимділік ---------------250
- •11. Өкілдік, сайлаулар және дауыс беру --------------------------- ------------278
- •12. Партиялар және партиялық жүйелер ---------------------------------------307
- •IX мазмұны
- •13. Қоғамдық топтар, мүдделі топтар және әлеуметтік қозғалыстар----333
- •IV Бөлім. Мемлекеттік басқару механизмдері -------------------------------357
- •14. Конституциялар, құқық және сот жүйелері--------------------------------358
- •15. Заң шығарушы мәжіліс ----------------------------------------------------------384
- •16. Атқарушы билік -------------------------------------------------------------------410
- •17. Мемлекеттік қызмет -------------------------------------------------------------438
- •18. Армия және полиция -------------------------------------------------------------463
- •V Бөлім. Саясат және саяси жүйелердің қызмет етуі-----------------------487
- •19. Саяси үрдіс және саяси жүйелердің қызмет етуі-------------------------488
- •1. Саясат дегеніміз не? 3
- •4 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 5
- •6 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 7
- •8 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 9
- •10 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 11
- •Саясат ымрашылдық және келісім ретінде (компромисс және консенсус)
- •12 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 13
- •14 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 15
- •16 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 17
- •18 І. Саяси теориялар
- •Қылмыскер в
- •1.Саясат дегеніміз не? 19
- •20 І. Саяси теориялар
- •Саясатты зерттеудің ғылыми болуы мүмкін бе?
- •1.Саясат дегеніміз не? 21
- •22 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 21
10 І. Саяси теориялар
_____________________________________________________________
Ханна Арендт (1906 - 1975)
Неміс саяси теоретигі және философы. Орташа дәулетті еврей отбасында өсті. 1933 жылы Германиядағы ұлтшыл режимнен бас сауғалап қашып шықты және ең соңында АҚШ –қа барып қоныстанды. Өзінің негізгі еңбектерін АҚШ-та жазды. Оның сан салалы, өзіндік жазу ерекшелігіне Хайдаггер (1889-1969) мен Ясперстің (1883-1969) экзистенциализмі ықпал етті; бұл туралы оның өзі «ойдың кедергісіз көсілуі» деп айтатын. Оның басты еңбектері – «Тоталитаризмнің бастаулары» (1959), «Адамзат ғұмыры туралы» (1958), «Революция туралы» (1963) және «Иерусалимдегі Эйхман» (1963): соңғысының тақырыбын ол «зұлымдықтың аңғалдығы» деп атады. ___________________________________________________________________
тәжірибемізден білетініміздей, саясат белгілі бір формада – мейлі ол біздің жұмысымызда несе жұмыс орнымызда болсын, кез келген отрада көрініс береді. Біз қарастырып отырған ұстаным жеке кәсіпорындар, қауымдастықтар, алуан түрлі ассоциациялар мен кәсіподақтар сияқты институттарды әділетті түрде «жария» институттар ретінде қарастырғандығына қарамай, ол да саясаттың шектелген концепциясы болып қала береді. Мұның мәнісі: бұл концепцияның саясаттың «жеке» істер мен қатынастарды қамтуына түбегейлі қарсылығында жатыр. Бірақ, міне феминизм пайда болды, және оның теоретиктері саясаттың «баспананың табалдырығында» тоқтап қалмайтындығын айдай әлемге дәлелдеп берді; ол отбасын да, тұрмысты да, және жеке қатынастарды да қамтиды екен. Немесе аталған ұстанымға тағы бір қосымша – кейбір саясаткерлердің кәсіби ортадағы ұстанымынан өзінің жекелік және тұрмыстық қатынастарын бөле-жара қарастыруы: бұдан көршіні алдауға немесе ұл-қыздарыңмен дөрекі сөйлесуіңе болады деген сөз сұранып тұрған жоқ па? және мұның бәрі де саясаткердің беделіне нұқсан келтірмей «жеке шаруаның» шегінде қалып қоймақ па?
Саясатты қоғамдық қызмет ретінде қарастыру концепциясының, әрине, әрдайым өз жақтастары мен қарсыластары болған. Аристотельден бастау алатын дәстүр бойынша саяси қызмет қашанда ізгілікті және мәртебелі қызмет саналған болса, оның олай бағалануының басты себебі оның «жария» сипаты болатын. Арадан ұзақ уақыт өткенде бұл дәстүр өзінің жалғасын Ханна Арендтің еңбектерінде тапты, ол өзінің «Адамзат ғұмыры туралы» ( The Human Condition, 1958) еңбегінде, саясат адамзат қызметінің ең бір ізгілікті саласы деп жазады. Себебі біз мұнда еркін және тең азаматтар арасындағы қатынастардың куәсі боламыз – ол әрбір адамның қайталанбас қасиетін ашып, олардың әрбірінің өмірін мазмұнды етеді. Осы секілді пікірлерді Жан-Жак Руссо (қар. 92 б.) мен Джон Стюарт Милль (қар. 55 б.) сияқты ойшылдар да айтады, олардың пікірі бойынша саяси өмірге қатысудың өзі , шындап келгенде адам үшін мәртебе және игілік болып табылады. Руссо барлық азаматтардың тұтастай және ұдайы түрде саяси өмірге араласуының арқасында ғана мемлекет баршаның игілігіне немесе ол айтқандай «жалпының еркіне» қызмет етеді, деп санады. Миллдің көзқарасы бойынша жария істерге қатысу, белгілі бір дәрежеде адамның ізігілікті және саналы дамуына ықпал ететін тәрбиелеу болып табылады.
Бұған қарама қарсы тұратын көзқарас бойынша, жария саясат адамның жеке өміріне рұхсатсыз қол сұғатын зұлымдықтан өзга ештеңе де емес. Әңгіме бұл арада, атап айтатын болсақ әсіре либерализмнің теоретиктері туралы болуда, олар өздерінің еңбектерінде азаматтық қоғамды мемлекеттен қашан да жоғары қойып, «жеке» өмір әркімнің жеке таңдауына, жеке еркіндігі мен жеке жауапкершілігіне қатысты сала, деп санаған. Бүгінде бұл бағыт «саясилық» саласын шектеуге және жеке қызмет түрлерін: айталық бизнес, спорт немесе отбасылық өмірден «саясатты аулақ әкетуге» шақырған