
- •Isbn 0-333-97131-0 (ағылшын.)
- •Isbn 5-238-00814-7 (орыс.)
- •1. Саясат дегеніміз не? ----------------------------------------------------------------- 2
- •2. Үкіметтер, жүйелер және режимдер ---------------------------------------------28
- •3. Саяси идеологиялар -----------------------------------------------------------------50
- •VI мазмұны
- •4. Демократия ---------------------------------------------------------------------------- 82
- •5. Мемлекет ------------------------------------------------------------------------------106
- •VII мазмұны
- •6. Ұлттар және ұлтшылдық ---------------------------------------------------------130
- •7. Әлемдік саясат -----------------------------------------------------------------------156
- •8. Ішкі саясат ---------------------------------------------------------------------------197
- •VIII мазмұны
- •9. Экономика және қоғам ------------------------------------------------------------222
- •10. Саяси мәдениет, коммуникациялар және легитимділік ---------------250
- •11. Өкілдік, сайлаулар және дауыс беру --------------------------- ------------278
- •12. Партиялар және партиялық жүйелер ---------------------------------------307
- •IX мазмұны
- •13. Қоғамдық топтар, мүдделі топтар және әлеуметтік қозғалыстар----333
- •IV Бөлім. Мемлекеттік басқару механизмдері -------------------------------357
- •14. Конституциялар, құқық және сот жүйелері--------------------------------358
- •15. Заң шығарушы мәжіліс ----------------------------------------------------------384
- •16. Атқарушы билік -------------------------------------------------------------------410
- •17. Мемлекеттік қызмет -------------------------------------------------------------438
- •18. Армия және полиция -------------------------------------------------------------463
- •V Бөлім. Саясат және саяси жүйелердің қызмет етуі-----------------------487
- •19. Саяси үрдіс және саяси жүйелердің қызмет етуі-------------------------488
- •1. Саясат дегеніміз не? 3
- •4 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 5
- •6 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 7
- •8 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 9
- •10 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 11
- •Саясат ымрашылдық және келісім ретінде (компромисс және консенсус)
- •12 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 13
- •14 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 15
- •16 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 17
- •18 І. Саяси теориялар
- •Қылмыскер в
- •1.Саясат дегеніміз не? 19
- •20 І. Саяси теориялар
- •Саясатты зерттеудің ғылыми болуы мүмкін бе?
- •1.Саясат дегеніміз не? 21
- •22 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 21
4 І. Саяси теориялар
Түсініктемелік
түйін
Билік (бедел) Биліктің екі түрін ажырата білуіміз қажет – беделдіден туындайтын билік, және күштен туындайтын билік2. «Беделді - билікті» ең дұрысы «мойындалған билік» деп қарастырған жөн. Егер «күштің - билігі» өзгелердің мінез-құлқын анықтауға бейімділікті көрсетсе, «беделдің билігі» бұған құқықтылықты білдіреді. Сол себепті де «беделді - билік» баршаның белгілі бір талаптарды алдау-арбаусыз және мәжбүр-леусіз өз еркімен орындауға қабылдау-ларына негізделеді. Осы тұрғыдан келгенде «беделді - билік» әділеттікті жамылған күшті білдіреді.
Вебер мұндай биліктің үш түрін атап көрсеткен: тарихтың тереңінен бастау алатын дәстүрлі билік, билеушінің жеке қасиеттеріне негізделген харизматикалық билік және заңдастырылған ережелерге негізделген рацинальдық-құқықтық билік (Билігтің легитимділігі бөлімін қар.).
Ең сорақысы көпшілік саясатпен шұғылдануды «күмәнді» іс, тіпті әй-шәйсіз «лас», әу бастан күдікті сипат-тағы істермен, зорлық-зомбылықпен, алдау-арбаулармен, екіжүзділікпен, жал-пы өтіріктің өзімен байланысты іс санайды. Мұндайда не дерсің, тек қана мұндай ассоциациялардың еш жаңалығы жоқ екендігін алдыға тартасың. Мысалы сонау 1775 жылы Самуэль Джонсон1 саясат дегеніміз – бұл «бар болғаны мына жалғанда жақсы мансапқа қол жеткізудің жолы ғана» деген болатын, ал ХІХ ғасырда американдық тарихшы Генри Адамс оны «жек көрушіліктің жүйесі» деп бағалаған. Сол себепті де саясатты анықтауға бағытталған кез келген әрекет, ең әуелі мәселені осындай ассоциа-циялардан тазалып алуы керек. Бастапқыда саясаттың сондай-ақ қоғам-ның назарында қажетті, маңызды тіпті құрметті іс ретінде өзіндік мәртебесінің
де болғандығын атап өткен жеткілікті. Екіншіден мұнан да күрделі мәселе бүгінгі күнге дейін ең беделділердің өздері де саяси ғылым нені зерттейтіндігі туралы мәселеде ортақ пікірге келе алмай отыр. Саясатты – билікті орындау тәсілі , ұжымдық шешімдер қабылдау тәсілі, жетіспейтін ресурстарды үлестіру тәсілі, алдап-арбаудың жүйесі және т.б. түрлі тәсілдермен анықтап жатады. Бірлесіп өмір сүрудің неғұрлым жалпы заңдылықтарын қалыптастыру, сақтау және байыту тәсілі – деп біздің еңбегімізде ұсынылып отырған саясаттың анықтамасының артықшылығы, біздің пікір бойынша оның жоғарыда аталған талдауларың көпшілігін қамтитындығында. Бірақ барлық мәселелерді қаншалықты кең құлаш сермесеңде шеше алмасың белігілі, үйткені біз берген анықтамаға үңіліп қарай қалсаң, немесе оның кейбір қырларын тереңірек түсіндіргің келсе, жаңадан туындайтын сұрақтарға тап боласың. Айталық, саясат өмір сүрудің қандай да бір нақты заңдылығын қалыптастыруға, сақтауға және байытуға қатысты ма (мысалы, бұл іс бейбіт жолмен – саяси пікір сайыстар немесе қоғамдық пікір алмасулар арқылы жүзеге асады ма?) немесе осыған қатысты барлық тәсілдерге қатысты ма; саясаттың жүзеге асу кеңістігіне қоғам тұтастай қажет пе, жоқ әлде оның қызметіне бірқатар салалар ғана қажет пе (үкіметтік басқару жүйесіне немесе кеңірек айтатын болсақ, жария саясаттың саласына)?
Сол себепті де саясат түсінігі мейлінше көпмағыналы (21 б. қар.), ол сан-алуан мәнді де заңды мағыналарды қамтыған. Сонымен бірге, осынау алуан түрлі анықтамалар, соның ішінде жоғарыда берілген анықтамалар да, шын мәнінде бір құбылыстың (мүмкін әлі толық анық емес) алуан қырларын білдіретін мағына ғана екенін естен шығаруға болмайды. 1,2