Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық жұмыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
630.78 Кб
Скачать

Тапсырманы қорғауға арналған сұрақтар

  1. Байланыс қызметі дегеніміз не?

  2. Байланыс қызметі қандай белгілері бойынша жіктеледі?

  3. Байланыс қызмет көрсету көлемінің қандай өлшеуіштер бар және қолданылу аймағы қандай?

  4. Байланыс саласында ақырғы өнім не болып табылды және оның ерекшеліктері қандай?

  5. Айырбас формасында қызметті анықтау әдістемесі неден құралған?

  6. Күтілетін жоспардың орындалуы қалай анықталады?

  7. Айырбас формасында қызмет көрсету мөлшеріне қандай факторлар әсер етеді?

  8. Қол жетерлік, сапа коэффициенттері нені білдіреді?

  9. Техникалық құрылғыларды ұсыну формасында қызмет қалай жоспарланады?

  10. Жүктеме және айырбас дегеніміз не?

  11. Арна-сағатпен көрсетілген қызмет көрсету көлемі қалай жоспарланады?

  12. Ақшалай түрде қызмет көрсету көлемін қалай анықтауға болады?

  13. Байланыс қызметінің базары” деген термин нені білдіреді?

  14. Байланыс қызметінің нарығын зерттеудің мақсаты және негізгі бағыттары қандай?

Тапсырма мазмұны

  1. Титулды бет

  2. Әр тапсырма бойынша есептеу нәтижелерін кесте түрінде жасау

  3. Тапсырма бойынша алынған нәтижелердің талдау және қорытынды

  4. Алынған нәтижелердің графикалық көркемделуі

  5. Нарықтық экономика жағдайында қызмет көрсету көлемін жоғарлату бойынша кепілдеме

2 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Телекоммуникациялық компанияның жабдықтаушыларын таңдау критерилерін қалыптастыру.

Жұмыс уақыты: 2 сағ.

Мақсаты:

- шығындалған материалдардың әрбір жабдықтаушысына барлық талданған бағаны есептеу және жабдықтаудың тиімді нұсқасын таңдау.

- критерийлерді қалыптастыру деңгейінің барлық критерийлердің әртүрлі «ауқымды категорияларын» есептеу арқылы таңдау мазмұнын түсіну (ұғыну).

Инструктаж:

Әртүрлі альтернативаларды сараптау кезінде қолданылатын критерилер кез-келген мазмұн мен қалыпта болады.

Олар жақсы құрылған (программаланған), (мұнда мөлшерлік сараптау әдістерін қолдану мен мәліметтерді электронды түрде өңдеу мүмкін болатын) шешімдерде толық жасалған. Экономико-математикалық әдістерін басқару мәселелерін шешу үшін мақсатты функцияны (әдетте оны максимизациялау немесе минимизациялау керек) таңдау критериі ретінде қолдануға мүмкіндік береді, сондықтан мұндай таңдауды орташа (оптимизациялық) деп атайды. Орташа критерийлердің мысалдары ретінде мыналар қызмет ете алады: кірістер, өнімділік, тиімділік максимизациясы; шығындар, құрастырулар мен қателер (брак) жоғалтуларының және т.б. минимизациясы. Ортақ шешім мөлшерлік мәндердің мақсатты функциясын барлық мүмкін болатын нұсқаулар бойынша салыстыру негізінде таңдалады; ең жақсы шешім ретінде ең тиімді (мүмкін болатын) мақсатты критеридің мәні болып табылады. Экономико-математикалық әдістерді ұйымдар мен кәсіпорындарда қолдануға арналған әдебиетте олардың жоғарғы класты есептерді шешудің мүмкіндіктері толық берілген (мысалы, құрал-жабдықтарды, қоймалық складских запасов, материалдар раскроя материалов қондыру (орнату) оптимизациясын және т.б.).

Жай құрылған шешімдерді бағалау үшін ауқымды критерилер жүйесі қолданылады, олар кейбір шарттарда жақсы нәтиже көрсетеді. Тиімді нұсқа таңдаудың бұл мүмкіншілігін мысалдан көруге болады.

Телекоммуникациялық компания алдында шығындалатын материалдарды жабдықтаушы фирманы таңдау мәселесі туындап отыр. Мұндай фирмалар бірнеше және олардың барлығы алдын-ала жүргізілген келісімдер кезінде бұл ұйыммен жұмыс жасасуға келісімін берді. Бірақ олар жабдықтамалар, бағалар, жеңілдіктер және т.б. келгенде әртүрлі шарттар мен талаптарды ұсынды. Яғни, талаптарға сәйкес келетін жабдықтаушыны анықтау керек. Ол үшін берілген нұсқаулар ішіндегі ұйым-тұтынушы критерилеріне ең қажетті сараптама жүргізіледі.

Бұл жағдайда бұндай критерилер ретінде келесілер таңдалған деп болжайық: 1) әкелінген шығындалған материалдардың бірлігі үшін баға; 2) жабдықтаудың минималды өлшемі; 3) жеңілдіктер мен льготаларды көрсету шарттары; 4) материалдың сапасы; 5) жабдықтаушы фирманың географиялық орналасуы; 6) соңғысының дәрежесі.

Өзінің мағынасы бойынша ұйымдастырушылыққа олар бірдей емес, сондықтан оларды басты критериге қатысты «өлшеу» керек. Бұл әкелінетін материал бағасы болып табылсын, онда оған максималды сандық баға беріледі, мысалы, 10. Қалғандары ең үлкен бағамен салыстыру арқылы бағаланады ( 1-кесте) , нәтижесінде оларға кестеде көрсетілген салмақтар иелендіріледі. Ұйым жабдықтаушы фирманың географиялық орналасуына әкелінетін материалдың бағасына сияқты мән беретініне назар аудару керек. Бұл жүк тасымалдауға қойылған жоғары көліктік тарифтармен шартталады. 1-кестеден, сөз болып отырған ұйым жабдықтамалардың минималды өлшемдері жағдайына онша қам жемейтінін көруге болады (бұл критеридің салмағы төртке тең) және жабдықтаушының дәрежесіне үлкен мән бермейді, дегенмен таңдау кезінде оны назарына алады.

Кесте 1 – Критерилерді өлшеу.

Таңдау критерилері

Салмақ

1

Материалдың бағасы

10

2

Минималды жабдықтамалардың өлшемі

4

3

Жеңілдіктер мен льготалар

8

4

Материалдың сапасы

7

5

Ара қашықтық

10

6

Фирманың дәрежесі

2

Таңдалған және өлшенген критерилер бойынша шығарылулардың барлық мүмкін нұсқалары бағаланады. Берілген жағдайда, шартты түрде А, Б, В және Г деп белгіленген жабдықтаушы фирма қарастырыладык. Шындығында олар көп болуы мүмкін, бірақ олар не белгісіз немесе қарастырылмайды (бір немесе басқа жағдайлар бойынша). Бұл кезеңде әрбір критерий бойынша әрбір фирма салыстырмалы бағаланады (кесте 2); максималды баға 10-ға тең. Студенттер 2-кестеге берілгендерді толтырады. Бұдан кейін барлық критерий бойынша фирмалармен алынған барлық бағаларды нәтижелеу керек. Бірақ қорытынды шешімді қабылдау әлі ерте. Әрбір критеридің әр түрлі «салмақ кате­гориясын» есепке алу керек және осыдан кейін ғана таңдалған фирманы анықтай аламыз. Бұл кезеңнің нәтижелері 3-кестеде көрсетілген, және бұлардан қорытынды жасау керек: №1 және №2 кестелердің берілгендерін пайдалана отырып, әрбір жабдықтаушы бойынша өлшенген бағаның қосындысын есептеу керек, оларды ранжир бойынша орналастыру және олардың әрбіреуімен қарым-қатынастарын сипаттау керек.

Кесте № 2 – Таңдау критерилері бойынша нұсқаларды өлшеу.

Фирмалар

А

Б

В

Г

Таңдау критерилері

1

Материалдың бағасы

2

Минималды жабдықтамалардың өлшемі

3

Льготалар мен жеңілдіктер

4

Материал сапасы

5

Ара қашықтық

6

Фирманың дәрежесі

Қосындысы

Кесте № 3 – Таңдау критерилері бойынша нұсқаларды өлшеудің қосындысы.

Фирмалар

А

Б

В

Г

Таңдау критерилері

1

Материалдың бағасы

2

Минималды жабдықтамалардың өлшемі

3

Льготалар мен жеңілдіктер

4

Материал сапасы

5

Ара қашықтық

6

Фирманың дәрежесі

Өлшенген бағаның қосындысы

Қолайлы шешімді таңдау үшін осындай әдісті пайдалану рационалды концепциясында және болжамында құрылған, осыған сүйене отырып шешім қабылдаушы субъект логикалық және объективті ойлайды, нақты мақсаты бар және басқару барысында осы мақсатқа жету үшін іс-әрекеттер жасайды. Тағы мұнда барлық критерилерді және шешімдердің нұсқаларын, приоритеттер белгілі және олардың, оларға берілген салмақты мәндері сияқты, тұрақты сипаттамасы барын анықтау мүмкіндігі бар. Мұндай шарттар кезінде максималды бағасы бар нұсқа таңдалады.

3 Лабораториялық жұмыс.

Телекоммуникация кәсіпорнының еңбек ресурстары және еңбек ақыны анықтау.

Жұмыс мақсаты: Кәсіпорынды кадрлармен қамтамасыз етуді, кадрлар құрылымын, кадрлар қозғалысы көрсеткішін, өндірістің еңбектік ресурстарын қолданудың тиімділігінің көрсеткіштерін зерттеу.