
- •Зертханалық жұмыс №1
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Теориялық мағлұматпен танысу
- •Электрбайланыс қызметтерінің классификациясы:
- •Байланыс қызметтеріне деген сұранысты болжап және оқып үйрену.
- •3 Тапсырма. Техникалық құралдарды жеткізу формасындағы қызыметтер көлемінің жобасн есептеу.
- •4 Тапсырма.
- •Тапсырманы қорғауға арналған сұрақтар
- •Тапсырма мазмұны
- •1 Тапсырма.
- •Тапсырма.
Зертханалық жұмыс №1
Жұмыстың тақырыбы: Телекоммуникация кәсіпорнының қызмет көрсету көлемін жоспарлау.
Жұмыстың мақсаты: Қызмет көрсетудің айырбастау және техникалық құрылғыларды беру формаларының жоспарлау әдістемелерімен танысу.
Жұмыстың орындалу реті
Орындалатын жұмыстың сипаттамасын оқып түсіну
Теориялық мағлұматпен танысу
Жеке файл құру және оны сақтау
Өз вариантың бойынша берілген мәліметтерді табу
Берілген мәліметтерді №1 тапсырмаға қойып, есептеу және қорытынды шығарып, графигін тұрғызу
Берілген мәліметтерді №2 тапсырмаға қойып, есептеу және қорытынды шығарып, графигін тұрғызу
Берілген мәліметтерді №3 тапсырмаға қойып, есептеу және қорытынды шығарып, графигін тұрғызу
Берілген мәліметтерді №4 тапсырмаға қойып, есептеу және қорытынды шығарып, графигін тұрғызу
Зертханалық жұмыс бойынша есеп беру жұмысын дайындау
Зертханалық жұмысты қорғау
Техникалық мәлімет
Байланыс саласының басты көрсеткіші болып көрсетілетін қызметтер көлемі болып табылады. Осы көрсетілетін қызметтер көлемі ғана байланыс саласындағы операторлардың жұмысының соңғы нәтижесін көрсетеді және өндірістік, жалпы және жеке сұраныстардың ақпаратты берудегі қанағаттану дәрежесін спаттайды.
Байланыс қызметі – бұл өндіріс саласының әртүрлі хабарламаларды: пошталық, телеграфтық, телефондық радио және телевидение бағдарламалары және басқа, қабылдау, өңдеу, жіберу және жеткізудегі соңғы өнімі.
Тұтынушының байланыс қызметін пайдаланғандағы сипаттамасына қарай екі түрде болады:
- хабарламаларды жіберу түріне, мысалы, телеграмма, телефондық сөйлесу, хат және с.с. немесе айырбас түрінде деп айтуға болады;
- тұтынушыларға байланыс құрылғыларын ұзақ уақытқа пайдалануға беру түрінде (абоненттік жол, таксофондарды, радионүктелерді, абоненттік телеграфтарды және басқа) немесе техникалық құрылғыларды мәліметтерді жіберу және қабылдау үшін жалға беру.
Қызметтер көлемін өлшеу жіне жоспарлау үшін өлшем жүйесі қолданылады.
Қызмет көлемін натуралды өлшеу, айырбастаушы ретінде хабарлама тасымалдағыш болып табылады, мысалы, телеграммалар саны, қалааралық телефонды сөйлесу.
Қызмет көлемінің натуралды өлшегіштер болып техникалық құрылғылар канал, канал- сағат, қызмет көрсететін телефонды аппараттар саны, тарататын радионүктелер және т.б. саналады.
Бағалаушы өлшегіш келесі қасиеттерге ие: әртүрлі байланыс қызметтерінің жиынтығын өлшеу қасиетіне және негізгі қызметтен түсетін табысты көрсететін қасиетке ие. Негізгі қызметтен түсетін табысты көрсеткіш ақылы қызметтердің және орташа табысты такстардың натуралды көрсеткішінің негізінде анықталады. Бағалаушы өлшегіштің орнына байланыстың жалпы қызмет көрсету көлемін аламыз.
Шартты-натуралды түрдегі қызмет көлемін бір ғана нақты қызмет түрін келтіру коэффициенті арқылы табамыз.Бұл коэффициенттерді қызметтердің (біртекті) барлық түрін нақты біо жұмыс істеуге кеткен еңбек шығынын өлшей отырып есептейміз.
Айырбас формасындағы қызмет көлемін қалааралық телефонды станциялар, телеграфтар және пошталар жоспарлайды.
Жоспарланатын жылдың айырбас формасындағы ақылы қызметтердің көрсеткіштерін анықтаудың негізі болып, олардың жеткен шамалары мен жоспарланған өзгеру темпі болып табылады.