Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПРАКТИЧЕСКИЕ ЗАНЯТИЯ перевод.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
580.61 Кб
Скачать

Өздігінінен шешуге арналған есептер

1 - тапсырма. Құрамы 1.3.1-кестеде келтірілген әктастардың флюстеуші қабілетін анықтау. Қождың негізділігі В = 1,0; 2,0; 2,5; 3,0.

2- тапсырма. 1 кг кокс күлін қождауға кететін әктасты анықтау. Әктастардың химиялық құрамы 1.3.1-кестеде көрсетілген. Қождың негізділігі 1,2.

Нұсқа №

Кокстағы күл мөлшері

Күлдегі мөлшері

SiO2

CaO

1

12,70

43,0

6,0

2

13,23

39,50

3,65

3

13,50

36,07

4,95

4

13,84

39,28

3,87

5

12,72

40,57

3,74

6

12,86

39,41

3,65

7

12,90

40,22

3,25

8

13,41

49,40

5,53

9

14,20

50,0

4,50

10

13,20

47,59

8,75

3 - тапсырма. 1.3.1-кестеде келтірілген флюстің бос жынысты қождауға кететін шығынын анықтау (1.1.1-кесте), егер домна пешінде негізділігі В = 1,2 қожды алу керек болса.

2-тақырып. КЕНДІ БАЙЫТУ

Жер қойнауынан өндіретін кендер, көбінесе ірілігі бойынша ғана емес, сонымен бірге, ең алдымен негізгі металдың және зиянды қоспалардың мөлшері бойынша металлургиялық өндіріс талаптарына сай болмайды, сондықтанда байыту қажет.

Кенді байыту деп пайдалы қазбаларды өңдеу процесін айтады, оның мақсаты пайдалы компонент мөлшерін жоғарылату және кен минералын бос жыныстан бөліп алу жолымен зиянды қоспалар мөлшерін төмендету.

Байытудың барлық тәсілдері кен минералдарының және бос жыныстардың әртүрлі физикалық қасиеттеріне негізделген:

Минералдарға бөлетін кен қасиеттері

Байыту әдісі

Түсі, жылтырлығы, пішіні

Кенге сұрыптау

Сумен бұзылуы

Жуу

Тығыздығы

қиыршықтау

Дым тартқыштығы және беттің дымқылданбауы

Флотация

Магнитті қабылдағыштығы

Магнитті сепарация

Байыту нәтижесінде дайын өнім алады – концентрат, алғашқы кенмен салыстырғанда белгілі металл мөлшері бойынша бай, қалдық өнім – байыту қалдығы, алғашқы кенмен және аралық өніммен салыстырғанда металл мөлшері аз.

Байытудың технологиялық процесі бірқатар көрсеткіштермен сипатталады. Байыту процесін сандық бағалау үшін– өнім шығысы көрсеткіші пайдаланылады.

Байыту өнімдерінің шығысы–өңделетін материал көлемінен пайыздарда алынған салмақты бірліктердегі өнім мөлшері.

Байыту процесі үшін

к + пп + хв = 100, % (2.1)

мұндағы к, пп, хв – концентрат шығысы, аралық өнім, байыту қалдығы, %

(2.1) формуласын басқаша жазуға болады

к   + пп   i + хв   = 100  , (2.2)

мұндағы алынатын компонент мөлшері:  - алғашқы кенде, %;  - концентраттағы, %;  I – аралық өнімдегі, %;  - байыту қалдығында, %.

Аралық өнім болмағанда (2.2) формуласы мынадай болады

к   + хв   = 100  . (2.3)

хв = 100 - к білсек және (2.3) қойып

к   + (100 - к)   = 100  ,

аламыз

к = 100  ( - )/( - ) және хв = 100  ( - )/( - ), % (2.4)

Байыту процесін сапалы бағалау үшін – алыну көрсеткіші пайдаланылады.

Байыту өнімінде пайдалы компонентті алуды өнімдегі компонент мөлшерінің алғашқы материалдағы мөлшеріне қатынасын айтады

к + пп + хв = 100, %, (2.5)

мұндағы к, пп, хв –концентратта, аралық өнімде, байыту қалдығында пайдалы компонентті алу, %.

Аралық өнім болмағанда

к + хв = 100, %, (2.6)

немесе

к = к  /, пп = пп   i/, хв = хв  /, % (2.7)

Байыту коэффициенті алғашқы кенмен салыстырғанда пайдалы компонент мөлшері неше есеге жоғарылағанын немесе төмендегенін көрсетеді

k0 = /. (2.8)

Қысқарту коэффициенті алғашқы кенмен салыстырғанда концентрат мөлшері неше есеге төмендегенін көрсетеді

k С = 100/к. (2.9)

1-мысал.

35% темірден тұратын темір кенін байытқанда 62% Fe тұратын концентратты алдық. Аралық өнімдегі темір мөлшері 37%. Байыту қалдығының шығысын және ондағы темір мөлшерін табу, егер концентрат шығысы 40% және байыту қалдығы 10%.

ШЕШУІ:

Байыту қалдығының шығысын (2.1) формуладан табамыз

хв = 100 - к - пп = 100 – 40 – 10 = 50%.

(2.2) формуладан байыту қалдығындағы темір мөлшерін анықтаймыз

 = (100   - к   - пп   i)/ хв = (100  35 – 40  62 – 10  37)/50 = 13%.

2-мысал. Темір кенін магнитті-тартумен байытудың арқасында 65% Fe концентрат және байыту қалдығы – 15% Fe алынды. Концентрат пен байыту қалдығының шығысын анықтау, егер алғашқы кенде 37% Fe болса.

ШЕШУІ:

Байыту өнімдерінің шығысын (2.4) формуладан табамыз

к = 100  (37 – 15)/(65 – 15) = 44%,

хв = 100  (65 – 37)/(65 – 15) = 56%.

3-мысал.

32% Fe тұратын кенді күйдіріп-магнитті байыту нәтижесінде, 64,6% Fe концентрат алынды. Байыту өніміндегі компонентті бөліп алуды анықтаңыз.

ШЕШУІ:

Темірді концентратқа бөлуді (2.7) формуламен анықтаймыз

к = 45  64,6/32 = 90,8%.

(2.6) формуладан

хв = 100 - к = 100 – 90,8 = 9,2%.

4-мысал.

Байыту мен қысқарту коэффициенттерін анықтау, егер магнитті сепарация нәтижесінде 51% концентрат шығысында 63,5% Fe мөлшерімен концентрат алынса. Темір мөлшері алғашқы кенде 31%.

ШЕШУІ:

(2.8) және (2.9) формулаларынан байыту мен қысқарту коэффициенттерін табамыз.

k0 = 63,5/31 = 2,05,

kС = 100/51 = 1,96.