
- •Металлургиялық өндірісінің технологиясы-1 пәні бойынша тәжірибелік сабақтар
- •Темір кендері.
- •Домналық балқытудың отындары.
- •Домналық балқытудың флюстері.
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Домнада балқыту отыны.
- •Өздігінінен шешуге арналған есептер
- •3.Домнада балқытудың флюстері.
- •Өздігінінен шешуге арналған есептер
- •Өздігінінен шешуге арналған есептер
- •4. Агломерация
- •Негізділік балансы
- •Өздігінінен шешуге арналған есептер
- •Мартен процесі.
- •Конвертерлік процесс.
- •1. Мартен процесі.
- •Өздігінінен шешуге арналған есептер
- •Өздігінінен шешуге арналған есептер
- •Конвертерлік процесс.
- •Өздігінінен шешуге арналған есептер
- •Оттекті-конвертерлік балқытудың үрлеу режимі
- •Өздігінінен шешуге арналған есептер
- •Конвертерлік балқытудың материалдық балансын есептеу
- •Өздігінінен шешуге арналған есептер
- •Өздігінінен шешуге арналған есептер
3.Домнада балқытудың флюстері.
Флюстерді домна пешіне темірден тұратын шихтаның бос жыныстарын және кокс күлін белгілі физикалық қасиеттерге ие болатын қажетті химиялық құрамдағы қожға айналдыру үшін қосады.
Кокста шойынды қорыту үшін флюс ретінде кальций карбонатынан СаСО3, доломиттен СаСО3 MgCO3 немесе СаСО3 және MgCO3 қоспаларын білдіретін доломитті әктастан тұратын әктасты пайдаланады.
Флюс сапасы, шихталық материалдардың бос жыныстарын қождау үшін пайдаланылатын бос негізгі тотықтарды болуын білдіретін оның флюстеуші қабілеті Ф бойынша бағаланады.
Әктастың флюстеуші қабілеті төмендегі теңдеу бойынша анықталады:
Ф = СаОф – В SiO2ф,
мұндағы: СаОф және SiO2ф – әктастағы СаО және SiO2 мөлшері, %;
В – қождың негізділігі СаО / SiO2 бірл.үлестерде,
немесе Ф = (СаО + MgO)ф – В(SiO2 + Al2O3)ф, %.
Домна шихтасының бос жыныстарын қождауға әктас немесе доломиттелген әктас шығыны
И = [(SiO2 + Al2O3)B – (CaO + MgO)]/Ф, т/т,
мұндағы СаО, MgO, SiO2, Al2O3 –шихта материалындағы сәйкес тотықтар мөлшері, %; Ф = әктастың флюстеу қабілеті, %; В – қождың негізділігі.
Әктастардың химиялық негізділігі 1.3.1-кестеде келтірілген
1.3.1-кесте
Әктастардың химиялық құрамы
№ |
Әктас аты |
Мөлшері, % |
|||||||
СаО |
MgO |
SiO2 |
Al2O3 |
Fe2O3 |
P2O5 |
SO3 |
CO2 |
||
1 |
Агапов |
52,0 |
3,50 |
1,50 |
0,50 |
1,15 |
0,03 |
0,12 |
42,70 |
2 |
Пикалев |
53,0 |
1,0 |
1,40 |
0,20 |
0,50 |
0,02 |
0,05 |
43,73 |
3 |
Студенов |
53,0 |
1,50 |
1,50 |
0,50 |
0,30 |
- |
0,03 |
43,17 |
4 |
Дондаков |
53,70 |
0,32 |
2,28 |
1,12 |
0,53 |
0,11 |
0,15 |
41,79 |
5 |
Барсуков |
54,50 |
0,78 |
0,79 |
0,12 |
0,55 |
- |
0,113 |
43,13 |
6 |
Каракуб |
54,0 |
0,70 |
1,30 |
0,50 |
0,30 |
0,01 |
0,30 |
42,39 |
7 |
Гурьев |
54,0 |
0,60 |
1,50 |
0,25 |
0,15 |
0,10 |
0,66 |
43,24 |
8 |
Южно-Топар |
54,0 |
0,55 |
1,0 |
0,35 |
0,55 |
0,03 |
0,05 |
43,42 |
9 |
Аккерманов |
54,0 |
0,70 |
1,70 |
0,50 |
0,50 |
0,03 |
0,04 |
42,58 |
10 |
Тургоян |
54,77 |
0,30 |
0,54 |
0,44 |
0,74 |
0,03 |
0,01 |
43,17 |
11 |
Еленов доломиттелген |
40,0 |
14,0 |
1,60 |
0,80 |
0,70 |
0,03 |
0,50 |
42,37 |
12 |
Еленов әдеттегі |
53,5 |
0,70 |
1,60 |
0,80 |
0,70 |
0,03 |
0,30 |
42,37 |
13 |
Садахлин |
54,0 |
0,35 |
2,0 |
0,50 |
0,35 |
0,01 |
0,13 |
42,66 |
14 |
Лондоков |
53,70 |
0,32 |
2,28 |
1,12 |
0,53 |
0,11 |
0,15 |
41,79 |
15 |
Балаклав |
54,0 |
0,50 |
2,0 |
0,60 |
0,40 |
0,055 |
0,045 |
42,40 |
1-мысалы.
Әктаста болады 1% SiO2 және 55% СаО. Қождың негізділігі В = 2. Әктастың флюстеуші қабілетін анықтау.
ШЕШУІ:
Ф = 55 – 2 1 = 53%.
Демек 53% - бұл темір кенді материалдың бос жыныстарын қождауға жұмсалатын бос СаО мөлшері.
2-мысал.
1 кг кокс күлін қождауға кететін әктасты анықтау. Әктас құрамы: СаО = 52%; SiO2 = 1,5%. Кокстағы күл мөлшері – 13,23%. Күлде болады: 39,5% SiO2; 3,65% CaO. Қождың негізділігі 1,2.
ШЕШУІ:
Алдымен әктастың флюстеуші қабілетін анықтаймыз:
Ф = 52 – 1,2 1,5 = 50,2%
Әктастың шығынын төмендегі теңдеу бойынша есептейміз:
И =
.
И =
= 0,115 кг.
3-мысал.
Әктас мыналардан тұрады, %: 54,0 СаО; 0,56 MgO; 1,36 (SiO2 + Al2O3). Әктастың флюстеуші қабілетін және % 14,8 (SiO2 + Al2O3) және 4,6 (СаО + MgO) тұратын кеннің бос жынысын қождауға кететін әктасты анықтау, егер домна пешінде негізділігі В = 1,05 қожды алу қажет болсак.
ШЕШУІ:
Алдымен әктастың флюстеуші қабілетін анықтаймыз:
Ф = 54 + 0,56 – 1,05 1,36 = 53,13%
Кеннің бос жынысын қождауға кететін әктас:
И = (14,8 1,05 – 4,6)/53,13 = 0,21 т/т кен.