
- •Металлургиялық өндірісінің технологиясы-1 пәні бойынша тәжірибелік сабақтар
- •Темір кендері.
- •Домналық балқытудың отындары.
- •Домналық балқытудың флюстері.
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Домнада балқыту отыны.
- •Өздігінінен шешуге арналған есептер
- •3.Домнада балқытудың флюстері.
- •Өздігінінен шешуге арналған есептер
- •Өздігінінен шешуге арналған есептер
- •4. Агломерация
- •Негізділік балансы
- •Өздігінінен шешуге арналған есептер
- •Мартен процесі.
- •Конвертерлік процесс.
- •1. Мартен процесі.
- •Өздігінінен шешуге арналған есептер
- •Өздігінінен шешуге арналған есептер
- •Конвертерлік процесс.
- •Өздігінінен шешуге арналған есептер
- •Оттекті-конвертерлік балқытудың үрлеу режимі
- •Өздігінінен шешуге арналған есептер
- •Конвертерлік балқытудың материалдық балансын есептеу
- •Өздігінінен шешуге арналған есептер
- •Өздігінінен шешуге арналған есептер
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1-тапсырма. Кенде 3970 т гематит болады. Осы кен мөлшерінде қанша пайыз темір болады?
2- тапсырма. Кеннің бір үлгісін талдауда кеннен 2,8 г темір табылды. Ол темір тотығының қандай мөлшеріне (III) сәйкес келеді?
3-тапсырма. Магнитогор темір кен үлгісінде магнетит минералы түрінде 62% темір бар. Берілген кенде магнетит мөлшері қанша (пайызда)?
4-тапсырма. 5 кг магнетитте темір мөлшері қанша?
5-тапсырма. Темір кенінде 80% Fe2O3 және 10% SiO2, қалғаны – қоспалар. Осы кенде темір мен кремний қанша (пайызда)?
6-тапсырма. Магнитті, қоңыр және шпаттық теміртаста темір мөлшері сәйкесінше 63%, 50% және 41% құрайды. Әрбіреуіндегі бос жыныстың мөлшерін анықтаңыз.
7- тапсырма. 1 кг Fe2O3 және 1 кг Fe3O4 темір мөлшері бірдей бола ма?
8-тапсырма. 4640 т магнитті теміртастан тұратын Fe3O4 зауытқа кен жеткізілді. Осы мөлшердегі кенде қанша темір болады?
9-тапсырма. Құрамы келесідей [C] = 4%; [Si] = 1%; [Mn] = 0,6%; [S] = 0,03%; [P] = 0,1%; 94,27% Fe 1т шойынға кен шығынын анықтаңыз.
Әртүрлі темір кендерінің және концентраттарының химиялық құрамдары 1.1.1-кестеде көрсетілген.
10-тапсырма. 1.1.1-кестеде темір кендерінің және оларды байытатын концентраттардың құрамы келтірілген. Кендегі немесе сіздің нұсқаңызға сәйкес концентраттағы темірден тұратын минералдардың пайыздық мөлшерін анықтаңыз.
11-тапсырма. 1.1.1-кестедегі мәліметтерге сәйкес кен түрін және бос жыныс мөлшерін анықтаңыз.
Домнада балқыту отыны.
Домнада балқыту үшін пайдаланылатын жағармай (отын) тек шихтаны қыздыру мен балқытуға ғана емес, сонымен бірге пештегі тотықсыздандыратын процестерде және темірді көміртектендіруге негізгі химиялық реагентті атқарады.
Домналық балқытуда отынның негізгі түрі кокс. Металлургиялық кокстың сапасын бағалау үшін оның химиялық құрамын, физика-химиялық және физика-механикалық қасиеттерін білу керек.
Кокстың химиялық құрамын оның органикалық массасымен сипатталады. Кокстың органикалық затты әдетте келесілерден тұрады 96,5 – 97,5% С; 0,5 – 0,8% Н2; 0,3 – 0,4% О2 және S және N2 кейбір мөлшерінен.
Органикалық массаның талдауын кейде элементарлы талдау деп те атайды. Осы талдаудың негізгі көрсеткіші ұшардан және ұшпайтын көміртектен құралатын көміртек мөлшері табылады. Тәжірибелік есептерді жүргізу үшін Сұшпайтын мөлшерін білу керек. Осы көміртектің мөлшерін техникалық талдаудан анықтауға болады.
Техникалық талдауда күлдің (А), ылғалдың (W), ұшқыш заттардың (L) және күкірттің (S) мөлшері, яғни кокстың жұмыс массасы анықталады. Сұшпайтын мөлшері төмендегі теңдеу бойынша кокстың құрғақ массасынан анықталады:
=
100 – (АС
+ LC
+ SC).
Әдетте металлургиялық коксттарда күлдің мөлшері 8…13% шектерде түрленіп тұрады. Кокс күлінің құрамы маңызды, себебі қож домна пешінде қож түзілу процесіне әсер етеді. Күлдің негізгі компоненттері SiO2, Al2O3, Fe2O3. Бұдан өзге, күлде СаО, MgO, SO3, P2O5, Mn3O4 компоненттер және т.б. кездеседі. Күлдегі SiO2 және Al2O3 мөлшері әдетте 50…70%, ал СаО және MgO барлығы 4…6%. Бұл бос жынысты қождауға жетпейді. Кокстағы ылғал мөлшері көп емес – 1…3% жуық. Ұшар заттардың мөлшері де аз– 0,8 – 1,2% және кокстау технологиясына байланысты, яғни кокстау температурасы неғұрлым жоғары және кокстау кезеңінің ұзақтығы үлкен болса, соғұрлым кокста ұшқыш заттар аздау болады. Ұшар заттар 300 – 3500С жоғары қыздырғанда бөліне бастайды, бұл домна пешінің шахта үстіне сәйкес келеді және домна процесіне қатыспайды.
1-мысалы.
Кокстың техникалық құрамы берілген, %:
күл – 9,5; күкірт – 1,7; ұшар заттар – 1,0; ылғал – 3,0. Кокстың органикалық массасында Н2, N2 және О2 мөлшері 1,0%.
Күлдің талдауы %:
SiO2 – 43,00; Al2O3 – 23,00; Fe2O3 – 22,50; CaO – 6,10; MgO – 1,36; P2O5 – 0,39; SO3 – 3,32; Mn3O4 – 0,33.
Кокстағы ұшар заттардың құрамы, %:
СО2 – 29,0; СО – 34,0; СН4 – 1,0; Н2 – 4,0; N2 – 32.
Кокстың элементарлық құрамын және ондағы ұшпайтын көміртек мөлшерін анықтау.
ШЕШУІ:
Кокстың элементарлық құрамын анықтау үшін төмендегі теңдеу бойынша кокстағы қож компоненттерін (КА) және (КК) кокс құрамындағы (KL) ұшар заттарды есептеу керек:
КК = КА 0,01А; КК = KL 0,01L.
1. Кокс қожында SO3 түрінде болатын күкірт мөлшерін анықтаймыз:
9,5
0,0332
= 0,126%,
мұндағы: 32 – молярлық салмағы S;
80 – SO3 молярлық салмағы.
2. SO3 өзге, басқа қосылыстарда байланысқан күкірт мөлшерін анықтаймыз
1,7 – 0,126 = 1,574%.
3. Кокстың күл компоненттерін және ұшар заттарын кокс құрамына есептейміз, %.
Күл: SO3 – 9,5 0,0332 = 0,3150 ұшар заттар: СО – 1,00 0,34 = 0,34
Al2O3 – 9,5 0,2300 = 2,1850 CO2 – 1,00 0,29 = 0,29
CaO – 9,5 0,610 = 0,5795 N2 – 1,00 0,32 = 0,32
Mn3O4 – 9,5 0,0033 = 0,0313 CH4 – 1,00 0,01 = 0,01
SiO2 – 9,5 0,4300 = 4,0850 H2 – 1,00 0,04 = 0,04
Fe2O3 – 9,5 0,2250 = 2,1375
MgO – 9,5 0,0136 = 0,1292
P2O5 – 9,5 0,0039 = 0,0390
Кокстың органикалық массасында 1,0% Н2, N2 және О2 болады.
Ұшпайтын көміртек мөлшерін анықтаймыз:
Сұшпайтын = 100 – (1,574 + 9,5 + 1,0 + 1,0) = 86,926%.
Кокстың элементарлық құрамын анықтаймыз,%:
Сұшпайтын – 86,926; S – 1,574; SO3 – 0,315; SiO2 – 4, 085; Al2O3 – 2,185; Fe2O3 – 2,1375; CaO – 0,5795; MgO – 0,1292; Mn3O4 – 0,0313; P2O5 – 0,039; CO2 – 0,29; CO – 0,34; CH4 – 0,01. Ұшатын заттарға кіретін компоненттерді біріктіріп (СО2, СО СН4, Н2 және N2), есептеуде пайдаланылатын кокстың әдеттегі химиялық құрамын аламыз. Бұл кезде барлық компоненттер қосындысы 100% құрайды.