Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Politics.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
815.62 Кб
Скачать

22 І. Саяси теориялар

Қ

Түсініктемелік түйін

Идеалдық тип (әдебиетте кейде «таза тип» деп те беріледі) – әлемнің шексіз-шетсіз құбылыстарынан ең жоғарғы деңгейдегі мән – мағынаны ажыратып алуға , оның ең маңызды жалпы қисындық түйінін айқындауға мүмкіндік беретін танымдық кон-струкия. Алғаш рет экономикалық сараптауларға, айталық – кәміл бәсекелестік дегеніміз не екендігін сипаттауға қолданылған. Бұл әдістемені қоғамдық ғылымдарда кеңінен қолдануды М.Вебер ұсынды. Оның түсінігінде - идеалдық тип дегеніміз болмыстың бейнеленуі емес, ол болмысты түсіндірудің құралы; идеалдық типтер «болмысты толық қамтымайды» және қандай да бір ізгілікті идеалды ұсынбайды. Вебердің идеалдық типтері билік пен бюрократияның типтерін қамтиды.

арапайым бақылау бізге қоршаған әлем туралы толық мәлімет бере алмайды. Бізді қоршаған әлемнен қандай да бір мән – мағына шығарып алуымыз үшін, бізге ең әуелі, былайша айтқанда, «оған қандай да бір мазмұн беруіміз қажет болады», ал бұл дегенің түсініктің көмегімен жүзеге асады. Басқаша баяндап көрелік: мысалы мысықты нақ сол мысық деп қабылдауымыз үшін, біз ең алдымен сол мысық туралы қандай да бір түсінікті білуіміз қажет. Сонымен бірге, түсінік бізге объектілердің алуан түрлі ұқсастықтары мен қасиеттерін қарастыра отырып оларды тануға қызмет етеді: мәселен мысықты біз, «мысық тектілер» түрінің өкілі ретінде танып білеміз. Сондықтан түснік дегеніміз ойдың маңызды бір «түйіні» болмақ: онда түрлі объектілер немесе белгілі бір сипаттамаларға жауап беретін болса бір объекті бейнеленуі мүмкін. Мұның бәрі де саясат әлеміне тікелей қатысты болып табылады: мұнда да біз түсінікті қалыптастыра және дамыта отырып құбылыстардың шексіз – шетсіз әлемінен бізге қажетті мән – мағына алуға мүмкіндік беретін білімге қол жеткіземіз. Түсініктер мен концепциялар, сол себепті де, адамзат білімінің өзіндік кірпіштері болып табылады.

Алайда, дегенмен, біздің түсініктеріміздің бізге кесірі тиіп кетуі де ғажап емес екендігін естен шығармағанымыз жөн. Бәріміз танып білуге талпыныс жасайтын бүгінгі саяси болмыстан бастайық, ол үнемі өзгерісте және ұдайы күрделеніп бара жатыр. Бұл арада айтайын дегеніміз «демократия», «адам құқығы» және «капитализм» сынды түсініктер бізге онсыз да айқын емес болмыс туралы шектен тыс құбылмалы айқындықты ұсынады. Бұл қиындықты кезінде еңсеруге М.Вебер «идеалдық типтер» секілді түсініктерді жіктеу арқылы әрекет еткен болатын, себебі бұл секілді түсініктерде қандай да бір құбылыстардың ең маңызды , фундаментальдық қасиеттері айқындалып, олардың барлық өзге сипаттары екінші орынға шегіріледі. Осыған байланысты айтарымыз, мысалы «революция» түсінігі идеалдық типке жатады, себебі онда мәжбүрлі түрде жүзеге асырылатын фундаментальдық саяси өзгерістерге басымдық берілген: оны қолдана отырып біз 1789 жылғы Француз революциясы мен 1989 – 1991 жылдардағы шығысевропалық революцияларды біріктіретін жалпы құбылыстарды түсінеміз. Бірақ та бұл жағдайда да бізге сақтық шараларын естен шығармағанымыз жөн, өйткені «революция» түсінігінде құбылыстар аралығындағы маңызды айырмашылықтар, мысалы, революциялардың идеологиялық және әлеуметтік мазмұндарына қатысты мәселелер назардан тыс қалуы әбден мүмкін. Сондықтан да түсініктер мен идеалдық типтер туралы «шынайы» , немесе «жалған» түсініктер деп емес, ең абзалы оларды белгілі бір деңгейдегі «пайдалы» түсініктер деп қарастырған жөн.

Ендігі бір мәселе саяси түсініктердің қашанда қызу идеологиялық таластарға арқау болатындығы. Саясат дегеніміздің өзі де белгілі бір дәрежеде кімнің саяси сөздер, түсініктерді дұрыс түснетіндігіне қатысты бәсекелестік болып табылмайды ма?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]