Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Politics.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
25.02.2020
Размер:
815.62 Кб
Скачать

20 І. Саяси теориялар

әлеуметтік – сыншыл теориясы (қар. 115 б.) З.Фрейдтен бастап М.Веберге дейінгі алуан түрлі ойшылдардың жетістіктеріне сүйене отырып әлеуметтік тәжірибенің барлық түрлерін қатаң сынға алды. Жалпы мен жалқының мүддесіне бір мезгілде жауап беретін абсолюттік ақиқатқа жетуге күмән келтірген постмодернизмнің аясында дискурс теориясы пайда болды. Осының бәрінің жалпы және мәнді нәтижесі, саяси философия мен саяси ғылымның ендігі жерде алуан түрлі, сонымен бірге өзара бәскелес пәндер ретінде қабылданбайтындығы: бүгінгі таңда олар саяси болмысты танудың бір-біріне өте жақын тәсілдері болып табылады.

Саясатты зерттеудің ғылыми болуы мүмкін бе?

Әрине бүгінгі күнде ешкім де саяси құбылыстарды зерттеу толық мағынасында ғылыми сипатта болу қажеттігін жоққа шығармайды, яғни ол сараптамалық сипатта болып, өзінің тұжырымдарында қатаң және тұрақты болуы керек. Білімнің бұл саласынан, біздің жоғарыда көргеніміздей, қанашама рет ғылымның тар мағынадағы түсінігіне сай болуды талап етті, яғни қатаң, жаратылыстанулық – ғылыми әдістемені қолдануды талап еткен. Бір кездері мұндай талапты марксизм мен философияның позитивтік қанаты қойған болатын, «бихевиористік революцияның» да басты ұраны сол болған, ол 1950 жылдардағы саяси сараптамаларды қамтыған еді. Идея, сөз жоқ, өте тартымды. Мұндай саясаттанудың көмегімен біздер тез арада ақиқатты жалғаннан, фактіні (эмпирикалық деректерді) – құндылықтардан (ережелік және этикалық түсініктерден), объективтілікті субъективтіліктен, білімді – көзқарастан ажырататын сенімді құралдарға қол жеткізетін едік те, саясаттың күллі әлемі біздің ашсақ алақанымызда, жұмсақ жұдырығымызда қалатын еді !

Барлық мәселе мұнда бірнеше қиындыққа келіп тіреледі. Бірінші мәселе ақпарат мәселесіне қатысты. Өкінішке орай, немесе бақытымызға қарай, адамдар – бақа емес, оларды лабораторияға әкеліп, микроскоп арқылы ұзақ уақыт бойы бақылай алмайсың. Бізге адамның ішкі дүниесіне «көз жүгіртуге» немесе оның көңіл күйіне қатысты сан рет қайталанатын тәжірибелер жасауға мүмкіндік берілмеген, - бұл арада біздің қолымыздағы бар болғаны «көзге көрініп тұрғандар ғана». Біздің гипотезаларды ақпараттың жоқтығына байланысты «тестілеу» мүмкін емес. Бұл мәселені айналып өтудің бір ғана жолы – ойлай білетін субъектінінің күрделілігі мен әректінің беймағлұмдығын детерминизм доктринасының рухындағыдай елемеу. Осындай ұстанымның мысалы ретінде Джон В. Ватсон (1878 - 1958) мен Б.Ф. Скиннердің атымен байланысты болған, -адамның көңіл күйі қашанда тіптің түбінде шартты тітіркенулер немесе рефлекстермен5 детерминделеді деп түсіндіретін психологиялық мектеп - бихевиорализмді (бихевиоризммен шатастырмаңдар) айтамыз. (детерминизмнің кейбір элементтері, ал бұл екінші мысал, диалектикалық материализмнің КСРО мемлекетінде қабылданған түрінде көрініс береді).

Детерминизм - адамдардың іс-әрекеті, олардың таңдауы сыртқы факторлармен анықталып қойылған деп түсіндіретін ілім; еріктің еркіндігін жоққа шығарады.

Келесі қиындық «құпия құндылықтар» мәселесінен туындайды. Кез келген теория мен концепцияны қаншама рет құндылықтардан таза деп жарияласаң да, - оларды жақыннан таныған сайын, олардың мұндай еместігіне көз жеткізесің.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]