
- •Isbn 0-333-97131-0 (ағылшын.)
- •Isbn 5-238-00814-7 (орыс.)
- •1. Саясат дегеніміз не? ----------------------------------------------------------------- 2
- •2. Үкіметтер, жүйелер және режимдер ---------------------------------------------28
- •3. Саяси идеологиялар -----------------------------------------------------------------50
- •VI мазмұны
- •4. Демократия ---------------------------------------------------------------------------- 82
- •5. Мемлекет ------------------------------------------------------------------------------106
- •VII мазмұны
- •6. Ұлттар және ұлтшылдық ---------------------------------------------------------130
- •7. Әлемдік саясат -----------------------------------------------------------------------156
- •8. Ішкі саясат ---------------------------------------------------------------------------197
- •VIII мазмұны
- •9. Экономика және қоғам ------------------------------------------------------------222
- •10. Саяси мәдениет, коммуникациялар және легитимділік ---------------250
- •11. Өкілдік, сайлаулар және дауыс беру --------------------------- ------------278
- •12. Партиялар және партиялық жүйелер ---------------------------------------307
- •IX мазмұны
- •13. Қоғамдық топтар, мүдделі топтар және әлеуметтік қозғалыстар----333
- •IV Бөлім. Мемлекеттік басқару механизмдері -------------------------------357
- •14. Конституциялар, құқық және сот жүйелері--------------------------------358
- •15. Заң шығарушы мәжіліс ----------------------------------------------------------384
- •16. Атқарушы билік -------------------------------------------------------------------410
- •17. Мемлекеттік қызмет -------------------------------------------------------------438
- •18. Армия және полиция -------------------------------------------------------------463
- •V Бөлім. Саясат және саяси жүйелердің қызмет етуі-----------------------487
- •19. Саяси үрдіс және саяси жүйелердің қызмет етуі-------------------------488
- •1. Саясат дегеніміз не? 3
- •4 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 5
- •6 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 7
- •8 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 9
- •10 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 11
- •Саясат ымрашылдық және келісім ретінде (компромисс және консенсус)
- •12 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 13
- •14 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 15
- •16 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 17
- •18 І. Саяси теориялар
- •Қылмыскер в
- •1.Саясат дегеніміз не? 19
- •20 І. Саяси теориялар
- •Саясатты зерттеудің ғылыми болуы мүмкін бе?
- •1.Саясат дегеніміз не? 21
- •22 І. Саяси теориялар
- •1.Саясат дегеніміз не? 21
1.Саясат дегеніміз не? 15
___________________________________________________________
Платон (б.з.д. 427 – 347 жж.)
Ежелгі грек философы. Ақсүйек әулеттен шыққан. Жас кезінде Платон Сократтың шәкірті болады, кейіннен Сократ оның этика және философия туралы диалогтарындағы негізгі кейіпкерге айналады. Сократ қайтыс болғаннан соң б.з.д. 399 жылы Платон Афинаның болашақ билеушілерін тәрбиелейтін өзінің академиясының негзін қалайды. Платон материалдық әлем бар болғаны абстракты және мәңгілік «идеялар» әлемінің кемеліне келмеген бейнесі ғана, -деп үйретті. Оның саяси философиясының негізгі мәні «Республика» және «Заңдар» атты еңбектерінде көрініс тапқан, онда ол әділеттілік доктринасы тұрғысынан қарағанда кемелденген мемлекетті сипаттауға талпынған. Платонның еңбектері христианшылдық пен жалпы европалық мәдениетке елеулі ықпал етті.
саясат туралы ғылым, бастапқыда философияның , тарихтың немесе құқықтың құрамдас бір бөлігі болды. Оның басты міндеті адамзат қоғамы құрылысының мейлінше жалпы принциптерін қалыптастыру болатын. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап осынау таза философиялық ұстаным бірте бірте саяси ғылымды дербес саяси пәнге айналдыруға бағытталған әрекетпен алмасты. Бұл қозғалыс өзінің шарықтау шегіне 1950 – 1960 – шы жылдары жетті, міне осы тұста саяси ойдың классикалық мұрасы мағынасыз метафизика ретінде қарастырыла басталды да, оларды ұмытқан жөн, деп саналды. Бүгінде, алайда, саясатты қатаң ғылыми тұрғыда зерттеуге болады деген шабыттылық (энтузиазм) біршама саябырсыған – негізгі саяси принциптер мен ережелік концепциялардың бұлжымас құндылықтарын түсінудің кезегі қайта оралған.
Егер жалпыны да және жалқыны да қанағаттандыратын әмбебап құндылықтарды «дәстүрлі» іздестіру бүгінде қажетсіз саналатын болса, сонымен бірге ақиқатты тану тек қана ғылымның қолынан келетін іс деген идея да өзінің күшін жойған. Нәтижеде біз бүгінгі күні мейлінше жемісті және мейлінше қызық, үйткені көптеген теориялық ұстанымдар мен талдау мектептерін қамтитын пәнге ие болдық.
Философиялық дәстүр
Ереже
-
«бар нәрсеге» балама ретінде «ненің
болуы қажеттілігін» айқындайтын;
белгілі бір құндылықтар мен мінез –
құлықтық міндет-темелердің жүктемесі.