Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Politics.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
815.62 Кб
Скачать

1.Саясат дегеніміз не? 11

Түсініктемелік түйін

«Консенсус» ымырашылдық немесе келісім дегенді білдіреді, алайда әдетте белгілі бір келісімді орындауға қатысты қолданылады. Сөз, біріншіден қоғамда орын алған адамдар мен адамдар топтары арасындағы жалпы келісім туралы өрбуде. Екіншіден, термин айталық нақты тұжырымдар бойынша емес, белгілі бір қағидалық принциптер бойынша келісімге келу туралы: мұндай жағдайда консенсус пікірлер мен көзқарастардағы алшақтықтарды немесе кейбір детальдар бойынша келіспеуді жоққа шығармайды. «Консенсустық немесе ымырашылдық саясат» түсінігі екі түрлі мағынада қолданылады. «Іс-әрекеттік ымырашылдық» («Процедуралық консенсус») әңгіме саяси партиялар туралы ма, жоқ әлде мемлекеттің белгілі бір мүдделі топтармен ара қатынасы туралы ма, әйтеуір екі жақтың келіссөздер және ұстанымдарды салыстыру арқылы ортақ шешімге келуге дайындығын білдіреді. «Мәнді ымырашылдық» («Сущностный консенсус») екі немесе одан да көп жақтардың (партиялардың) саяси даму барысындағы басты мұратттары бойынша ұстанымдарының өзара сәйкес келуі. Осы орайда, мысалы Екінші дүниежүзілік соғыстан соңғы Ұлыбританиядағы социал-демократиялық ымырашылдық немесе Германиядағы әлеуметтік-нарықтық ымырашылдық туралы айтылады.

_____________________________________________________________________________________

үндеулерде көрініс береді. Саясаттың компаниялардың бизнесті қалай жүргізетіндігіне, спроттық көңіл көтерулерді біз кіммен және қалай жүзеге асырамыз немесе балаларымызды қалай тәрбиелейтіндігімізге араласуы өмірдің заңдылығына айналғандықтан, әсіре либерализмнің жақтастары үшін, олардың саясатты «игілікті» іс деп қабылауы, тіптен мүмкін емес.

Саясат ымрашылдық және келісім ретінде (компромисс және консенсус)

Саясат туралы үшінші концепция оның қай салада жүзе асырылып жатқандығына қатысты емес, оның барысында шешімдердің қалай қабылданатындығына қатысты. Саясат дау-жанжалдарды күш пен жалаң билікті қолданбастан - ымырашылдық, келіссөздер, келісімге жеткізетін кез-келген шаралар арқылы шешу тәсілі ретінде қарастырылады. «Саясат дегеніміз – мүмкіншіліктерді қолдана білу өнері», дегенде міне, нақ осы ұстаным туралы айтылады. Мұндай түсінік күнделікті сөз саптауымызда да бар. Айталық мәселенің «саяси тұрғыда» шешілгендігі айтылғанда, баршаның ойына істің бейбіт жолмен, келісімдер арқылы, «күшті» немесе «әскери» тәсілді қолданбай шешілгендігі оралады. Өзге көптеген тәсілдер сияқты бұл тәсіл де өзінің бастауын Аристтотельден – оның басқарудың идеалдық жүйесі болып, өзінде аристократиялық және демократиялық элементтерді қамтыған аралас жүйе - «полития» табылады, деген тұжырымынан алады. Бұл дәстүрдің қазіргі заманғы жетекші жақтастарының бірі - Бернард Крик (Bernard Crick). Ол, мысалы, өзінің классикалық «Саясатты қорғау» (In Defence of Politics) атты еңбегінде былай деп жазады:

Саясат дегеніміз - мүдделер қақтығысын реттеуге арналған ережелер жүйесі бойынша,

дау-жанжалдағы екі жақтың әр-біріне бүкіл қауымдастықтың игілігі мен амандығын

сақтаудағы әлеуеттіліктеріне сай келетін билік пен ресурстарды беру арқылы,

даулы мәселеде келісімді қамтамасыз ететін қызмет болып табылады.

Бұл арада саясаттың басты элементі ретінде биліктің (күштің ) мейлінше ыдырат-ылуы көрінеді, - ол қаншалықты кеңге ыдыраса, соншалықты жақсы болмақ. Мүдделер қақтығысы бітпейтін дау-жанжал болғандықтан, Б.Крик, келістіру үрдісінің екі жақтың

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]