Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Politics.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
815.62 Кб
Скачать

1.Саясат дегеніміз не? 5

Қалай болғанда да «саясат дегеніміздің не» екенін қарастырғанымыз жөн, үйткені біз осынау мәселені қарастыру барысында шын мәнінде осы мәселені зерттеуге қатысқандардың және зерттеп жүргендердің шынайы интеллектуалдық және идеологиялық қарама-қайшылықтарымен танысамыз.

Мұнан әрі біз саясатқа қатысты төмендегідей көзқарастарды қарастырамыз:

  • Саясат мемлекеттік басқару өнері ретінде;

  • Саясат жария үрдіс ретінде;

  • Саясат ымырашылдық және келісім ретінде;

  • Саясат билік және ресурстарды үлестіруші ретінде.

Саясат мемлекеттік басқару өнері ретінде

Аңызды ақиқат деп қабылдайтын болсақ, Германияның канцлері Бисмарк, бір кездері – «Саясат ғылым емес – ол өнер», - деген екен. Көне замандағы гректердің саясат туралы дәстүрлі түсінігі тұрғысынан алғанда, Бисмарк ойда тұтқан өнер, - ұжымдық шешімдерді қабылдау және орындау нәтижесінде қоғамның үстінен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару өнері болатын.

«Саясат» термині тура мағынасында «қала - мемлекет» түсінігін беретін полис «polis» сөзінен туындаған. Ежелгі Грекия, тарихтан білетініміздей, өз алдына жеке басқару мекмелері бар көптеген қала-мемлекеттерге бөлінген болатын. Бұл полистердің ішіндегі ең үлкені және ықпалдысы, демократияның тарихи бесігі деп аталуға құқылы Афина болатын. Тарихи тұрғыдан қарағанда, саясат дегеніміз – полиске қатысы бар істер, сөзбе-сөз айтқанда – «полиске қатыстының» барлығы саясат болмақ. Бұл анықтаманың қазіргі заманғы формасы – «мемлекетке қатыстының барлығы саясат» (қар. 108 б.). Осынау анықтама күнделікті өмірімізде бәрінен көбірек айтылады: мысалы біз, мемлекеттік немесе белгілі бір беделді қызметтке орналасқан адам туралы, «ол саясатқа кетті» - деп айтамыз. Саяси философия да терминді осылайша түсінуден бастау алған.

Бүгінде саясатты «мемлекетке қатыстының барлығы», деп түсіну, академиялық ғылымның өзінің бар назарын билік мекемелерінде кімнің және қалай қызмет етіп жатқандығына аударуын сипаттайтын пән туралы біршама ескірген көзқарас болса керек. Мұндай ұстаным бойынша саясатты зерттеу дегеніміз шын мәнінде үкіметті немесе кеңірек айтатын болсақ – билікті жүзеге асыруды зерттеу болып шықпақ. Бұл дәстүр, атап айтатын болсақ, саясатқа «билік құрылымдарының құндылықтарды үлестіруі», деп анықтама берген американың беделді саясатанушысы Дэвид Истонның (David Easton, 1979,1981), еңбектерінде көрінеді. Бұл арада саясат тек қана белгілі бір үрдістерді ғана, яғни қоғамның ықпал етуінің нәтижесінде үкіметтің құндылықтар мен игіліктерді үлестіруін немесе кері әрекеттерге баруын бейнелеп отыр, ал игіліктер ретінде, қоғам тарапынан қабылданған және міндетті деп саналатын игіліктер айтылуда. Саясат мұнда ағылшын тіліндегі «policy» түсінігіне, яғни билік мекемелерінің қоғамға белгілі бір бағдарламаны немесе қызмет бағытын ұсынуға негіз болатын ресми шешімдердің жиынтығына сәйкес келеді. Мұндай ұстанымның көзге көрініп тұрған кемшілігі – оның шеңберінің шектеулігі. Саясат дегеніміз сонда бар болғаны политияның (polity) –

қоғамның ұйымдасуының билік аппаратының төңірегіне топтасқан жүйесінің ішінде жүріп жатқан істерді ғана қамтиды ма?

Полис – қала мемлекет; классикалық дәстүрде – қоғамның ұйымдасуының неғұрлым тиімді формасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]