Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус по кормопроизводству-2009 -(каз).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
270.85 Кб
Скачать

8.3. Әдістемелік нұсқаулар мен оқу құралдары (ән)

  1. Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Г.Ж. «Мал азығын өндіру» курсы бойынша зертханалық-практикалық сабақтарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2009.

  2. Вавилов П.П., Балышев Л.Н. Полевые сельскохозяйственные культуры СССР. М., Колос, 1989.

  3. Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Г.Ж. Мал азығын өндіру курсы бойынша реферат дайындау және семинарлық сабақтарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2009.

  4. Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Г.Ж. Мал азығын өндіру пәні бойынша терминдер атаулары. Астана, 2007.

  5. Гербарийлар және өсімдіктердің тұқымдары, жемістері.

9. Курстың саясаты

1. Бәсекелестікке бейімделген малшаруашылық өнімдерін өндірісі бойынша Мемлекеттік бағдарламаны шешуі үшін және ҚР азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында студенттерді мал азығын өндірудің орны мен рөлін түсінуіне оқып үйрету.

2. Студенттерді мал азығын өндіру пәні бойынша негізгі және қосымша әдебиеттермен жұмыс істеп және өзіндік білім алуға үйрету.

3. Студенттерді логикалық агрономиялық ойлауға, малазықтық дақылдарды коршаған орта факторларына қоятын талап заңдылықтарына және оларды реттелетін факторлармен қамтамасыз ету тәсілдерге оқып үйрету.

4. Студенттерді ғылыми әдебиеттер бойынша реферат дайындап баяндама жасауға оқып үйрету.

5. Студенттерді белсенді өмір суру позициясына және кәсіптік мәселелер бойынша өз көзқарасын қорғауға үйрету.

6. Ішкі тәртіп ережелерін қатал сақтау: сабаққа кешікпей және себепсіз босатпай, сабақта берілген барлық тапсырмаларды орындап.

7. Зертханалық жабдықтарға, гербарийларға ұқыпты қарау, зертханада тазалықты сақтау, қағаз, сағыз және т.б. коқым –соқым тастамай, ұялы телефондарын өшіріп тастауға дағдыландыру.

8. Оқу үрдісіне сәйкес күнделікті дәріс және зертханалық сабақтарға дайындалу, барлық тапсырмаларды уақытында тапсыру, рефераттарды дайындау, рубежді бақылау және т.б. орындау. Сабақ үстінде курс бағдарламасын меңгеруге белсенді қатысу.

9. Әріптестеріне, оқытушыларға, лаборанттарға және қызметкерлерге құрмет сезімен қарау.

10.Зертханалық сабақтарда кауіпсіздік техникасын қатал сақтау.

9.Білімді бағалау жөніндегі ақпарат

Пән бойынша білімді жинақтау динамикасы және студенттердің сабаққа дайындығы 3 негізгі бақылау түрі бойынша жүргізіледі: ағымды, рубежді (аралық) және қорытынды, әр біріне тиісті баға койылады. Ағымды бақылау – СӨЖ үрдісіне сәйкес күнделікті сабаққа қатысуын тексеруіне және семестр бойы алған біліміне, алдағы өтетін дәріс және зертханалық сабактарға студенттерден сұрастыру арқылы дайындалу деңгейін, әр тақырып бойынша тапсырмалар қабылдауына, әр тапсырма бойынша жазбаша жұмыс тапсыруына, жоспарланған тақырыптар бойынша реферат дайындап баяндама жасауына, компьютерде тапсырмаларды тапсыруға негізделген.

Рубежді (аралық ) бақылау - оқытушылармен екі рет жүргізіледі: 8 және 15 аптада пәннің СӨЖ үрдісіне сәйкес тарау бойынша жазбаша түрде жүргізіледі.

Қорытынды бақылау – барлық курстың мазмұнына сәйкес жазбаша түрде жүргізіледі.