Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус по кормопроизводству-2009 -(каз).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
270.85 Кб
Скачать

3. Курстың пререквизиттары

«Мал азығын өндіру» пәнінің негізгі сұрақтарын ойдағыдай оқып үйрену үшін студент бұрын оқып кеткен келесі: ботаника, топырақтану, өсімдік физиологиясы , агрометеорология, энтомология, фитопатология, өсімдік қорғау, егіншілік, агрохимия, а/ш дақылдардың өнімін бағдарламалау, өсімдік шаруашылығы, тұқымтану , тұқым шаруашылығы, мелиорация, жерге орналастыру, а/ш машиналарын механизациясы пәндерінің сұрақтарын білу керек.

4. Курстың постреквизиттері

Студенттің алған білімдері өндіріс жағдайда мал азықтық екпе дақылдардың жоғары өнімін өсіруге және ауылшаруашылық мал азықтық жерлерді тиімді пайдалануға ; жем-шөпті консервілеудің және мал азықтық шөптердің прогрессивті технологияларын қолдануды және мал азықтық шөптердің тұқым шаруашылығын ұйымдастыруды шешуге көмектеседі.

5. Курстың кыскаша мазмұны

«Мал азығын өндіру» курсының жалпы және негізгі мақсаты – болашақ маманды мал шаруашылығының максималды жоғары өнімін және мал шаруашылығынан алынатын өз құны төмен және жоғары сапалы азық-түлік өндірісін алу үшін нақты топырақ –климат жағдайда жем- шөппен толық қамтамасыз етуге оқып үйрету.

«Егістікте мал азығын өндіру» курсында сүрлем дақылдар, көпжылдық бұршақ және астық тұқымдас шөптер, біржылдық шөптер, тамыржемістілер, аз тараған (дәстүрлі емес) мал азықтық өсімдіктер қарастырылады, мал азығын өндіруде интродукцияның маңызы; мал азықтық өсімдіктердің осы топтарын оқып үйренгенде маңызы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, жем-шөпке және тұқымға өсіру технологиясы қарастырылады; сонымен қатар ерекше түрде дақылдар мен сорттардың қоршаған орта факторларына қоятын талаптарына көніл аудару және олармен нақты топырақ-климат жағдайларында дақылдарды мүмкіншілігінше қамтамасыз ету.

Мал азығын өндіру курсын оқығанда студент білу керек:

- ауыл шаруашылығы перспективті даму жөніндегі Президент жолдамаларын және баяндамаларын, ауыл шаруашылығы бойынша өкімет Қаулылары мен шешімдерін, оның ішінде мал шаруашылығы мен мал азығын өндіру дамуы бойынша;

- мал азықтық өсімдіктердің маңызын, морфологиясы мен биологиясын;

- жоғары өнімді өсіру технологиясын;

- жем шөпті прогрессивті дайындау технологиясын, мал азығының сапасын жоғарлату әдістері мен жолдарын, жем шөпті дайындауда және қоймаларда сақтағанда шігінің азайту жолдарын;

- табиғи мал азықтық жерлерді тиімді пайдалану және жақсарту әдістерін;

- мал азықтық дақылдардың кондициялы тұқымын өсіру тәсілдерін;

- шаруашылықта алынатын жем-шөптің өзіндік құнын азайту жолдарын.

Студент істей білуі керек:

- мал азығын өндіруде өндірістік процестерді жоспарлау және ұйымдастыру;

- нақты топырақ климат жағдайында реттелетін және реттелмейтін сыртқы орта факторларын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін мал азықтық дақылдарды эффективті өсіру технологиясын қолдануды, а/ш техникансын, тыңайтқыштарды, өсімдікті қорғайтын химиялық және агротехникалық тәсілдерді қолдануды, өндірісте ресурс сақтайтын және топырақ құнарлығын арттыратын технологиялады қолдануды.