- •Астана, 2011
- •Мазмұны
- •2.Пән туралы мәлімет
- •Оқу уақытын бөлу
- •3.Пререквизиттер
- •4.Постреквизиттер
- •5. Курстың қысқаша мазмұны
- •6. Курстың мазмұны
- •6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
- •6.2. Практикалық – зертханалық сабақтарының тізбесі
- •8.Әдебиеттер тізімі:
- •8.1.Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •8.2.Қосымша әдебиеттер тізімі:
- •9.Курстың саясаты
- •10. Білімді бағалау жөніндегі ақпарат
- •11. Бағалау саясаты Пән бойынша білімін бағалау сызбасы
- •Емтиханда білімін бағалау сызба нұсқасы
- •Философияның негізгі бағыттары
- •Философияның негізгі функциялары:
- •Философия және дүниеге көзқарас
- •Көне Үнді философиясының категориялық жүйесі
- •Ортодоксалды мектептер (астика)
- •Ортодоксалды емес мектептер (настикалық)
- •Қытай философиясының кезеңдері. Қытай философиясының тарихы үш кезеңге бөлінген:
- •XviiIғ. Батыс Еуропадағы ағартушылық философия
- •13 Тақырып. Болмыс пен таным философиясы
- •14 Тақырып. Адам және қоғам философиясы
- •Семинар сабақтарының тапсырмалары
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Соөж тапсырмалары
- •Тема 13-тақырып. Болмыс және таным философиясы
- •Философия пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий)
- •Студенттің білімін бақылауға арналған тест тапсырмалары
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ортодоксалды мектептер (астика)
Веданта (шамамен б.з.д. VI ғ.п.б.). Негізін қалаған: Бадараян. Негізгі еңбегі: «Веданта-сутра».
«Веданта» «ведалардың аяқталуы» деген мағынаны білдіреді. Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түпнегізбен бара-бар.
Веданта – философиясы Упанишадтан тамырланды да ондағы барлық ой-пікірдің жиынтығы іспеттес. Ведантаның Үндістандағы өмір салтына тигізген әсері зор, әлі күнге дейін Үндістанның түкпір-түкпірінде ұстанушылар бар. Бұл ілімде ғалам бірден-бір шындық өмір ретінде қарастырылады. Ол шындықты, Құдай біздің қиялымызға орасан күш майя - иллюзия арқылы береді. Мысалы, ала жіп біздің көзімізге жылан сияқты көрінеді. Ғаламдық нысандарды біздің қабылдауымыз да осылайша түсіндіріледі.
Біртұтас брахмандағы көптеген нысандарды өзіміздің білместігіміздің нәтижесінде қабылдаймыз, ол шындық Брахманды жасырып, басқаша көріну мүмкін. Осы өмірді тани білгендерге ғана Құдайдан өзге ақиқаттың жоқтығы аян. Ғарыш - иллюзия. Бұл ілімді анық көрсетілген монизм деп айта алмаймыз. Алайда, бұл дегеніміз монизмнің көптеген бөліктерінің бірін ғана бөліп көрсетеді. Құдай – жанның танымы мен біздің миымызда бар танымның, әлем құрылысы мен ол жайлы танымның иесі екені – бір ғана шындық болып табылады.
Миманса (б.з.д.VI ғ.) Негізін қалаған: Джаймини. Негізгі еңбегі:«Миманса-сутра». «Миманса» – термині «ойлану», «зерттеу», яғни кейбір мәселелерді ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау.
Миманса Ведаларды мәңгілік және дербес деп қарастырады. Олардың таным теориясы барлық танымның растығын дәлелдейді. Веданы оқығанда олардың іліміне сенім ұялайды. Миманса мектебі дене мен жан әлемін мойындайды. Карманы ғаламды басқаратын моральдық заң ретінде түсіндіреді.
Сонымен қатар, Миманса философиясында таным теориясы, метафизика, этика теологиямен қатар қарастырылады.
Ньяя (б.з.д.IIғ .) Негізін қалаған:Готама. Негізгі еңбегі:«Ньяя-сутра». «Ньяя» термині «ереже», «саралау», «аналиткалық зерттеу», «логика» деген мағыналарды білдіреді.
Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Готама дұрыс танымның жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған. Десекте, ньяя философиясының басты, түп мақсаты - бұл мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі азап-қайғыдан құтқару жолы. Осы тұрғыдан алғанда ньяя философиясының-шындықты тануға, логикасының – дұрыс танымның тәсілімен жағдайларын анықтауға тигізер ықпалы мол.
Ньяя логика заңдарына негізделген философия еді. Ақиқат танымның дербес төрт көзін мойындайды: қабылдау, қорытынды немесе тұжырым, салыстыру немесе куәлендіру, дәлелдеу. Ньяяның тұжырымы бойынша, адам күйзелістен, азаптан бүтіндей құтылғанда ғана өзін-өзі және әлемді ақиқат деп тани алады.
Вайшешика (б.з.д.IVғ.). Негізін қалаған:Канада. Негізгі еңбегі:«Вайшешика-сутра». Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның, оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Осындай тұжырымы үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды. Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда болуы мен жойылу тәртібін, олардың мәңгі еместігін түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың байланысын сезінуге болмайды, логикалық тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты. Дүние – физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының жүйесі. Дүниедегі тәртіпті мораль, адамгершілік тәртібі дерлік. Өйткені өмір мен әрбір индивидтің тағдыры кеңістік пен уақыттың физикалық заңдарына ғана тәуелді емес, олар карманың жалпылама моральдық заңына да бағынышты.
Ньяяға ұқсас, оның да түпкі мақсаты жеке "Меннің" бостандығы. Танымның 7 түрлі нысандарын белгілейді: субстанция, сапа, әрекет, жалпылық, ерекшелік, бар болуы және болмыс емес. Субстанция сапа мен әрекетінің субстраты. Субстанцияның 7 түрі бар деп көрсетеді: жер, су, от, ауа, эфир, уақыт, кеңістік, жан, зерде.
Санкхья (VII в. до н.э.) Негізін қалаған:Капила. Негізгі еңбегі: «Санкхья-сутра». Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану.
Бұл жүйе бір-бірінен тәуелсіз пуруша (зерде, мен) және пракрити (алғашқы материя) бар деп мойындайды. Әлемнің эволюциясы пуруша мен пракритидің қосуылуынан басталады, "Менді тану, немесе "Мен" және "Мен еместің" ара жігін ажыратуға мүмкіндік береді, "Мен" және "Мен емес" тану адамды қайғырудан құтқарады.
Йога (б.з.д.II ғ.). Негізін қалаған: Патанджали. Негізгі еңбегі: «Йога-сутра». Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды.
Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету.
Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру.
Йога санкхьяның таным теориясын және метафизикасын және Құдайдың бар екенін мойындайды. Бұл жүйе таным теориясына баса назар аударады, оның мәні - арылу, азат болу.
Йога философиясы Құдайды ойлаудың жинақтау мен өзін-өзі тануға бағытталған жоғары нысаны деп есептейді. Құдай - мінсіз, кәміл, мәңгілік, бәрін сезіп білуші, ешбір кемшіліксіз жоғарыдан басқарушы, реттеуші, жекелеген адамдардың парасат қасиеттеріне сай пуруша мен пракрити қатынастарын реттейді.
