
- •Астана, 2011
- •Мазмұны
- •2.Пән туралы мәлімет
- •Оқу уақытын бөлу
- •3.Пререквизиттер
- •4.Постреквизиттер
- •5. Курстың қысқаша мазмұны
- •6. Курстың мазмұны
- •6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
- •6.2. Практикалық – зертханалық сабақтарының тізбесі
- •8.Әдебиеттер тізімі:
- •8.1.Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •8.2.Қосымша әдебиеттер тізімі:
- •9.Курстың саясаты
- •10. Білімді бағалау жөніндегі ақпарат
- •11. Бағалау саясаты Пән бойынша білімін бағалау сызбасы
- •Емтиханда білімін бағалау сызба нұсқасы
- •Философияның негізгі бағыттары
- •Философияның негізгі функциялары:
- •Философия және дүниеге көзқарас
- •Көне Үнді философиясының категориялық жүйесі
- •Ортодоксалды мектептер (астика)
- •Ортодоксалды емес мектептер (настикалық)
- •Қытай философиясының кезеңдері. Қытай философиясының тарихы үш кезеңге бөлінген:
- •XviiIғ. Батыс Еуропадағы ағартушылық философия
- •13 Тақырып. Болмыс пен таным философиясы
- •14 Тақырып. Адам және қоғам философиясы
- •Семинар сабақтарының тапсырмалары
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Соөж тапсырмалары
- •Тема 13-тақырып. Болмыс және таным философиясы
- •Философия пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий)
- •Студенттің білімін бақылауға арналған тест тапсырмалары
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Философия және дүниеге көзқарас
Дүниеге көзқарас - объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар. Философияның басқа ғылымдардан басты айырмашылығы — ол философия адамдармен жалпы игерілген білімнің теоретикалық дүниетанымы болып табылады.
Сөйтіп, философия дүниеге көзқарастың жоғарғы деңгейі мен түрі, оған рационалдық, жүйелілік, логикалық пен теориялық зерделеу тән.
Дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы бар.
• Мифология
• Дін.
• Философия.
Мифология (грекше мифос - аңыз, шежіре; логос - сөз, ілім) алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қиял-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы. Әдетте, миф мына негізгі мәселелерге көңіл аударады:
• Әлем, жер және адамның пайда болуы;
• Табиғи құбылыстарды ұғыну;
Дін - жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы.
Дін мына мәселелерді қарастырады:
Құдайдың бар екеніне шек келтірмеу;
Табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну;
Әлемнің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда болуы, жаратылуы.
2- тақырып. Көне Үнді философиясы
Үнді философиясы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді.
Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды.
«Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бір-ақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі және адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсінігі берілген.
Қазіргі кезде Веданың төрт түрі белгілі: Ригведа, Самаведа, Яджурведа, Атхарваведа.
Упанишада (ұстаздың қасында отырып дәріс тыңдау) - философиялық мәтін.
"Упанишаданың" өзегі - мәнді дүниені жаратушы негізді іздеп табу. Нағыз шындық - болмыс, яғни, брахман, бірақ оның бет-бейнесі белгісіз, мәлімсіз. Ол - жалпы рух, жеке дара тіршілік иесімен, әр адамның атманымен (жанымен) байланысы бар. Тәннің өлімінен соң атман өмірдің иіріміне - сансараға қайтып оралады. Басқаша айтқанда, шексіз қайта туылу, бір тіршілік түрінен екіншісіне ауысу.
Көне Үнді философиясының категориялық жүйесі
Брахман – (санскрит) - жоғарғы объективті шындық, одан әлем пайда болатын абсолютті рухани бастау.
Атман – (санскрит) - дем, жан, бар нәрсені қамтитын субъективті рухани бастау, «Мен»-жан.
Пракрити – материалдық түпнегіз.
Пуруша – таза сана, барлық тіршілікті жандандыратын күш.
Майя – ақиқатсыз қияли сана, елес.
Карма – (санскрит) - әрекет, ic, жеребе, тipi жанның жаңадан дүниеге келуінің сипатын анықтаушы, оның жасаған қарекеттерінің және олардың салдарының жалпы сомасы.
Сансара – жанның бір денеден екінші денеге көшуі.
Мокша – Атман мен Брахманның қосылуы, қайта туылу дөңгелегінен арылу, мокшаға жеткен жан шексіз өмір тосқауылынан азат болып махатма – Ұлылық дәрежесіне өтеді.
Дхарма – (санскрит) - заң, тәртіп, борыш, әділеттілік, жағымды сипаттағы бeлгiлі бip белгілену, оған норма ретінде ұстану қажетті үлгі.