Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК_философия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Емтиханда білімін бағалау сызба нұсқасы

Емтихан бағасы

балл бойынша бағасы (%)

1.

Ағымдық бақылау

Аралық бақылау

30 - 60

2.

Қорытынды бақылау

20 - 40

3.

Барлығы:

50 - 100

Студенттердің білімін бағалау шкаласы

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдардың сандық эквиваленті

Балдардың пайыздық өлшемі

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

1-тақырып. Философия пәні: ұғымы мен ерекшелігі

«Философия» термині грек тілінен аударғанда «филео - махаббат, құштарлық; софия – даналық» деген мағынаны білдіреді. Терминді б.д.д. VIIғ.грек ойшылы Пифагор енгізді. Бірақ Осыдан кейін «ғылымдардың ғылымы» ретінде саналатын философиядан тарихи түрде әртүрлі білім салалары бөлініп шығады: астрономия, математика, механика, физика, медицина және т.б.

Философия - қоғамдық сананың бір түріне, дүниеге көзқарас типтерінің қатарына жатады. Дүниеге көзқарас адам мен дүние әлемінің арақатынасындағы мәселелерді қарастырады.

Ерте замандардан бастап дүниені тануға, оның әртүрлі құбылыстарын толығымен қамтуға, дүниені бір тұтас ретінде түсінуге тырысуды байқаймыз. Мәселен, "Табиғат туралы" шығармасының бір тұсында Гераклит: "Дүниеде барлық нәрсе біртұтас, бірақ оны ешбір құдай, еш адам жаратқан жоқ. Өздігінен бар болады, белгілі заңдылықпен лапылдап жанып-сөніп, мәңгі жалғаса береді", - деп жазады.

Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды:

• Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды білімді зерттей алмайды.

• Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды.

• Ол дүниені тану әдістерін меңгереді.

Философия дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді, маңызды мәселелердің жиынтығын қоса қарастырады. Философия адамзат қоғамының басты құндылықтарының жағымды және жағымсыз қатынастарын анықтайды. Философиялық білімнің негізгі мәнісі оның екі жақтылығында:

1. Оның ғылыми біліммен ұқсастықтары өте көп, мысалы - пәні, әдістері, логикалық - түсініктік ойлау аппараты.

2. Бір жағынан философия таза күйдегі ғылыми білім емес.

Тарихи үрдістер барысында әртүрлі жүйелерде философиялық білімнің нақты бөлімдері қалыптасты.

Философия тарихы - ерте заманнан қазіргі кезеңге дейінгі философиялық типтерді зерттейді. Онтология - болмыс туралы ілім, гносеология - таным туралы ілім, логика - ойлаудың формалары мен заңдары туралы ілім, әлеуметтік философия - қоғам дамуының заңдылығын зерттейтін ғылым және мынадай мәселелерді қарастырады: қоғам болмысы, қоғамның рухани өмірі, тұлға және қоғам, мәдениет және өркениет және басқа мәселелер. Аксиология - құндылық туралы ілім, философиялық антропология - адам мәселесін және оның мәні мен өмір сүру қалпын зерттейтін философиялық бағыт.