
- •Астана, 2011
- •Мазмұны
- •2.Пән туралы мәлімет
- •Оқу уақытын бөлу
- •3.Пререквизиттер
- •4.Постреквизиттер
- •5. Курстың қысқаша мазмұны
- •6. Курстың мазмұны
- •6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
- •6.2. Практикалық – зертханалық сабақтарының тізбесі
- •8.Әдебиеттер тізімі:
- •8.1.Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •8.2.Қосымша әдебиеттер тізімі:
- •9.Курстың саясаты
- •10. Білімді бағалау жөніндегі ақпарат
- •11. Бағалау саясаты Пән бойынша білімін бағалау сызбасы
- •Емтиханда білімін бағалау сызба нұсқасы
- •Философияның негізгі бағыттары
- •Философияның негізгі функциялары:
- •Философия және дүниеге көзқарас
- •Көне Үнді философиясының категориялық жүйесі
- •Ортодоксалды мектептер (астика)
- •Ортодоксалды емес мектептер (настикалық)
- •Қытай философиясының кезеңдері. Қытай философиясының тарихы үш кезеңге бөлінген:
- •XviiIғ. Батыс Еуропадағы ағартушылық философия
- •13 Тақырып. Болмыс пен таным философиясы
- •14 Тақырып. Адам және қоғам философиясы
- •Семинар сабақтарының тапсырмалары
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Соөж тапсырмалары
- •Тема 13-тақырып. Болмыс және таным философиясы
- •Философия пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий)
- •Студенттің білімін бақылауға арналған тест тапсырмалары
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ортодоксалды емес мектептер (настикалық)
Настика - Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын) философиялық мектептер.
Жайнизм (б.д.д.V ғ.). Негізін қалаған: Махавира. Діни ағым ретінде қалыптасады. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады.
Жайнизм мектебіне реализм мен плюрализм тән. Бұл философтар тірі және өлі табиғатқа (материяға) айрықша сүйіспеншілікпен қарайды. Олардың теориясына сәйкес сананы тану жанның мәні болып табылады. Жан жоғары білімге ие. Әр заттың өз субстанциясы бар. Субстанцияға екі белгі тән - гун (өзгермейтін белгілер) және парья (өзгермелі, кездейсоқ). Осылайша сыртқы дүниенің өзгерісі және өзгермеуі жайлы тұжырым жасалынады.
Буддизм (б.з.д.VIғ.). Негізін қалаған: Сиддхартха Гаутама Будда.
«Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Буддизмнің түрлі бағыттары мен ағымдары бар. Олар хинаяна және махаяна деген қос бағытқа сүйенеді. Хинаяна Үндістанда құлиеленушілік дәуірде өріс жайса, махаяна феодализм тұсында ықпал етті. Хинаяна буддизмнің ерте кезіне сәйкес, ал махаянада Будда бейнесі будданың пантеоны болып дәріптеледі. "Нирвана" ұғымы "жұмақ" ұғымымен алмастырылады, архат бейнесі қасиетті боддхисатва бейнесімен алмастырылады. Хинаянаға қарағанда махаянаның зор әлеуметтік базасы бар, ол тек монахтардың діні ғана емес. Миряндардың да (қарапайым адамдардың да) діні болып қалыптасты. Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген.
1.Азаптану.
2.Азаптанудың себебі.
3.Азаптанудан босану.
4.Азаптанудан босануға апаратын жол. Азаптан құтқаратын бірден-бір жол - "игілікті орташа сегіз жол" болып табылады. Ол жөнінде төртінші ақиқатта баян етіледі.
«Сегіздіктегі құтқару жолы» кезеңдері
1.Дұрыс көріпкелдік
2.Дұрыс ойлау
3.Дұрыс сөйлеу
4.Дұрыс іс-қимыл
5.Дұрыс өмір сүру салты
6.Дұрыс икемділік
7.Дұрыс ықылас
8.Ойын дұрыстап бір жерге шоғарландыру
Чарвака-локаята (б.з.д.VII – VI ғ.ғ.). Негізін қалаған: Брихаспати (Чарвак). Еңбегі сақталмаған. «Чарвака» терминін «материалист» деген терминнің синонимі ретінде айтуға болады.
Чарвака-локаята – Ежелгі Үндістанның философиялық ілімі. Чарвака-локаята туралы ең ертедегі мәліметтер буддалардың канондық текстерінде, Ведтерде және ежелгі үнді эпосонда баяндалады. Дәстүр бойынша чарвака-локаятаның пайда болуы аңызда айтылған данагөй Брихаспатимен байланыстырылады. Чарвака-локаятаның болмысы туралы ілімнің төркіні ғаламның барлық заттарының төрт элементтен: топырақтан, оттан, судан, және ауадан тұратыны туралы түсінікте жатыр. Элементтер мәңгі өмір сүреді және өзгермейтін элементтер болып табылады. Заттардың барлық қасиеттері олардың қандай элементтердің қосылысы болып табылатынына және осы элементтер қосылатын пропорцияларға байланысты. Сана, ақыл-парасат және сезім органдары да элементтердің қосылысы нәтижесінде пайда болады; жанды тіршілік иесі қайтыс болғаннан кейін бұл қосылыс ыдырайды, оның элементтері жансыз табиғаттың тиісті алуан түрлеріне ыдырап кетеді.
Чарвака-локаята үнді дәстүріндегі ерекше мектеп болды. Ол тек ақиқат өмір, материалды әлемді таныды. Құдай да, құдайлар да, карма, дхарма, босану да жоқ. Адам – Құдай емес, барлығы секілді су, ауа және оттан тұрады. «Ведаларда» жазылғандар, абыздар және уағыздаушылар үгіттеушілердің барлығы тез сенетін адамдарға айтылатын өтірік, адамдарды алдау оңай. Бұрынғы өткен жоқ, өлгендер қайтып келмейді, жан тәнмен бірге жойылады. Мен, «жан» - тән қабілеті, элементтер жиынтығы. Танымның жалғыз көзі – сезімдік бақылау, тәжірибе. Көрінбейтін әлем үшін көретін әлемнен бас тарту – ақымақтық. Өмірдің жалғыз мәні – ешкімге зиян келтірмейтін рахатта және оны зерделі таңдау керек. Жердегі ләззаттан басқа жұмақ жоқ. Қайғы – қасіреттен басқа тозақ жоқ. Тәннің жойылуынан басқа босану жоқ. Заттардың өз жолынан басқа тағдыр жоқ. Брахмандар – өтірікшілер және залымдар. Дін абыздар және билеушілерге тиімді нәрселерді жасату үшін дүниеге келген.
3-тақырып. Көне Қытай философиясы
Қытай – көне тарихтың, мәдениеттің, философияның елі мен жері. Мамандар Қытай өркениетінің басталуын ся дәуіріне, яғни б.д.д. III – II мыңжылдықтың саясына жатқызады. Б.д.д. XVII-XIIғ.ғ. Шан-Инь мемлекетінде қола мәдениеті дамиды, шаруашылықтың құлдық қоғамдық түрі жетілді. Шан-Инь дәуірінде Қытайда алғаш жазу пайда болған. Ежелгі Қытай тілінің грамматикасы қалыптаса бастаған. Шан-Инь қоғамының саяси билігі ван топтары арқылы жүргізілді. Ван шаруашылық мәселесіне де, әскери, діни билікте де ең жоғарғы басшы болды. Ванның билігін шандықтар дәріптеп, оны тәңірге теңеген. «Шан-ди» деген титулға ие болған ван өзін «Мен-адамдардың арасындағы ерекше жаратылыспын. Жалғызбын» деп жариялады. Шан — жер кіндігінің Ұлы қаласы, Қытай — жердің Ұлы орталығы деген уағыздар таралды.
Өте көне дәуірде, аспан мен жер де болмаған заманда, әлем түрсіз хаосқа ұқсаған. Сол түрсіз тұңғиықта, делінген мифте, екі рух (немесе екі құдай) – инь және ян пайда болды да, дүниені реттейді. Кейіннен ян рухы аспанды, инь рухы жерді басқаратын болды.
Ян – еркек бастамасы, күн нұрындай жарық, ашық бекем және күшті. Ян жалпы жағымды нәрсенің бастамасы.
Инь - әйел бастамасы, аймен байланысты, сондықтан көлеңкелі, күңгірт және әлсіз.
Екі бастама өзара байланыста болған, сол үйлесімділіктің нәтижесінен күллі мәнді нәрселер туындайды. Дүниеге деген осы қосжақты көзқарас кейінгі чжоу дәуіріндегі философиялық тексте усин бағдарламасымен толықтырылды. Усин бағдарламасы бес алғашқы элементтердің немесе бес субстанцияның – оттың – судың – жердің – металдың - ағаштың өзара байланысымен өзара алмасуына негізделеді, соған сүйенеді.
Ежелгі Қытай мәдениеті тірі және өлі табиғатта, Жерде өмірдің пайда болуының философиялық-мифологиялық түсінігін береді. Ұлы Хаос, форма жағынан үлкен жұмыртқаны елестетеді. Жұмыртқа – Хаоста 18 000 жыл бойы тіршіліктің Алғытегі – алып Пань-Гудың пайда болуы. Алып Пань-Гудың жұмыртқадан шығуы, ол жұмыртқа тәріздес Хаостың өліміне әкеледі. Барлық жеңілдік пен құрғақтықтың жоғарыда (Аспанда) және ауырлық, ылғалдықтың төменде (Жерде) араласуының, шоғырлануының нәтижесінде Хаостан Аспан мен Жер құрылды.
Аспан мен Жердің арасында алып Пань-Гудың 18 000 жыл тұруы нәтижесінде Аспан мен Жер өзінің орнын сақтап қалды.
Пань-Гудың өлімі, оның денесінен барлық мәнділіктердің жасалуы: көзден – Күн мен Ай, дауыстан – найзағай, демінен – жел, қанынан - өзен т.б.
Қытайдың көне текстері – философиялық толғаныстың шежіресіндей. Көне текстерде «И цзинде» (Өзгерістер кітабы), «Ши цзинде»(Өлеңдер кітабы), «Шу цзинде»( Тарих кітабы) және т.б. ертедегі мифтер материалы жиі кездеседі