Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диалектология лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
95.76 Кб
Скачать

Морфологиялық ерекшеліктер

Септік жалғау, шылау түрлеріне байланысты ерекшеліктер мен әдеби тілдегі жұрнақтардың диалектілік сөз тудыруға катысуынан басқа қазақ сөйленістеріндегі морфологиялык ерекшеліктердің басым көпшілігі етістік тұлғаларымен байланысты. Негізгі тұлғалық ерекшеліктер мынадай:

-мынан, -бынан, -пынан, -бан, -пан, -ман. Көмектес септік жалғаудың бұл вариантгары оңтүстік аймақтарының кейбір аудандарында кездеседі. Мысалы: Арбамынан келдім - арбамен келдім. Ол бұрын балдақпан жүретін (Шымк., Сарыағ.). Ілгеріде, қолтіс жасап, қос атпан, түйеман жер жыртатынбыз (Жамб., Шу).

Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында -ғалы -гелі, -қалы, -келі, жұрнақтары орнына -ғайы, -гейі, -кейі тұлғалары қолданылады. Мысалы: Барғайы отырмын отырмын), айтқайы отырмын (айтқалы отырмын), т.б. Бұл Таулы-Алтай автономиялы облысындағы Қошағаш ауданын деген қазактардың тілінде бар.

Монғол қазақтарының тілінде көсемшенің -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жүрнақтары -ғайы, -гейі, -қайы, -кейі түлғасында айтылады: барғайы жатыр, қайтқайы жатыр, келгейі отыр, кеткейі жатыр.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

1. Грамматикалық ерекшеліктер дегеніміз не?

2. Морфологиялық ерекшеліктер дегеніміз не?

3. Шығыс сөйленістеріне тән морфлогоиялық ерекшеліктерге мысал келтір.

Әдебиет:

  1. Ә. Нұрмағамбетов. Қазақ говорларының грамматикасы. Алматы, 1986.

  2. Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы: Ғылым, 1990.

  3. С. Аманжолов. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алматы, 1997.

  4. Ә.Нұрмағамбетов. Қазақ тілі говорларының батыс тобы. Алматы, 1978.

  5. О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1994.

  6. Б. Базылхан. Монғолиядағы қазақтардың тілі. Уланбатыр-Өлгий, 1991.

  7. Б. Бекетов. Қарақалпақ қазақтарының тілі. Алматы: Рауан, 1992.

  8. С. Омарбеков. Халықтық тіліміздегі тектес тілдермен ортақ құбылыстар. Алматы: Ғылым, 1978.

  9. О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1982.

  10. О. Нақысбеков. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. Алматы: Ғылым, 1972.

  11. Б.Базылхан. Монғол-қазақ тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы. Баян-Өлгий, 1973.

11-тақырып. ДИАЛЕКТІЛІК СӨЗЖАСАМ

Дәріс мақсаты: Қазақ сөйленістеріндегі сөзжасам саласындағы ерекшеліктермен таныстыру.

Сұрақтар:

1. Диалектілік сөзжасам

2. Диалектілік қос сөздер

3. Диалектілік біріккен сөздер

Қазақ сөйленістеріндегі ерекшеліктердің бірқатары диалектілік туынды сөздермен байланысты. Сөзжасам саласындағы зерттеу еңбектерде айтылып жүрген ғылыми-теориялық тұжырымдар, талдаулар негізінен алғанда түркі халықтарының әдеби тілдері мен жалпыхалықтық сипаты бар тіл фактілеріне негізделген. Мәселен, қазақ тіліндегі сөзжасам туралы ғылыми зерттеулерде жергілікті халық сөйленістерінің кейбір жеке мысалдары ғана сөз болады.

Қазақ тілі сөйленістеріндегі диалектизм сипатындағы кірме сөздерден басқа диалектілік сөздер мен сөз тіркестерінің қай-қайсысы болсын сөзжасамның синтетикалық, аналитикалық, лексика-семантикалык тәсілдері арқылы пайда болған.

Қазақ сөйленістеріндегі сөзжасам жүрнақтарының қызметі әртүрлі. Олардың қызметі әдеби тілде қалыптасқан үлгінің аясында бола бермейді. Әдеби тіл жүйесінде сөзжасам қызметі нормаланған көптеген жүрнақтардың бірқатары сөйленістерде басқаша қырынан көрінеді. Жұрнақтардың көмегімен жасалған диалектілік туындылар мынадай үлгілерден түрады.

а)        Әдеби негіз + әдеби косымша-диалектілік туынды. Мысалы, Маңғыстау сөйленісіндегі шақырық "шақыру", қоймек "қой асығы", отырмақ "сауық кеш", сұргаю "сұрлану", айырмақ "айырмашылық", үреген "үргіш", желгір "желгіш";

ә) Диалектілік негіз + әдеби қосымша-диалектілік туынды.

Мысалы, -сыз жүрнағы арқылы туған татасыз "қайғысыз", ниқаятсыз "өлшеусіз, есепсіз", -ты жұрнағы арқылы туған пісентті "жинақы", шақатты "әлді, қуатты".

б)        Әдеби негіз + диалектілік қосымша-диалектілік туынды. Мұндай туындылардың қатарына -жал арқылы туған сұрамжал "сұраншақ" (Маңғ.,Қарақ.); -қос/ қас арқылы туған сырқос, сырқас "сырқат" (Тем., Жүр.); мейманқос "меймандос" (Ұзын.) т.б.

в) Диалектілік негіз + диалектілік қосымша-диалектілік туынды. Мысалы, кейку "айла, қулық" (Маң.); керку: 1) "бос сез" (Сыр., Маң.), 2) "ақыл, кеңес" (Ад., Бөр.); түбірі кей//кер. Кейқуат ("Алпамыс" жырындағы кейіпкер); Сенен келген керді көріп аламын"