
- •І тарау Қазақ тілінің диалектілік тіл жүйесі
- •2. Сәйкесті, сәйкессіз, дәстүрлі, дәстүрсіз диалектілер.
- •Лексикалық диалектизмдер және олардың түрлері.
- •Диалектілік ерекшеліктердің түрлі лексикалық топтарға қатысы
- •Антонимдер мен омоантонимдер
- •Синонимдер
- •Көп мағыналы сөздер
- •Табу және эвфемизмдер
- •Диалектілік неологизмдер мен архаизмдер
- •Тұрақты сөз тіркестері
- •Семантикалық ерекшеліктер
- •Зат, құбылыс атауларын білдіретін сөздер
- •Заттың түр-түсін сын-сипатын білдіретін сөздер
- •Қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөздер
- •Қазақ сөйленістеріндегі кірме сөздер
- •Орыс тілі арқылы енген сөздер
- •Араб, иран тілдерінен енген сөздер
- •Монғол тілдерінен енген сөздер
- •Түркі тілдерінен енген сөздер
- •Іі тарау қазақ тіліндегі сөйленістік топтарға тән ерекшеліктер
- •Балық кәсібіне,теңізге байланысты сөздер
- •Ирригацияға байланысты сөздер
- •Кейбір диалектілердің шығу төркіні
- •Шығыс сөйленістер тобы
- •Батыс сөйленістер тобы
- •Оңтүстік сөйленістер тобы
- •Орталық-солтүстік сөйленістер тобы
- •Морфологиялық ерекшеліктер
- •Қос сөздер
- •Біріккен сөздер
- •Сөз тіркестері
- •Қазан революциясына дейінгі зерттелуі
- •Кеңес дәуірінде зерттелуі
- •С. Аманжоловтың ғылыми мұрасы
- •С.Аманжоловтың диалектология саласындағы еңбектері
- •Фонетикалық транскрипция
Орталық-солтүстік сөйленістер тобы
Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерін жинап зерттеу жұмысының басталғанына жарта ғасырдан артық уақыт өтсе де, орталық-солтүстік сөйленістер тобын жасайтын Арқа (Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды облыстары және Қостанай мен Семей облыстарының кейбір аудандары орналасқан өңір) қазақтарының тілі осы күнге дейін толық зерттелмей келеді. Оған, біріншіден, алғашқы кезде зерттеуші кадрлардың жеткіліксіздігі, екіншіден, солтүстік-шығыс диалектісі әдеби тілдің негізі деп есепету себеп болды.
Профессор С.Аманжолов қазақ тілі диалектілерін топтастырғанда, орталық-солт облыстарды Шығыс Қазақстан Семеймен қосып, солтүстік-шығыс диалектісі деп атаған болатын. Бірақ кейінгі зерттеу материалдарына қарағанда орталық облыстардан республиканың шығыс жағындағы тұрғындар тілінің едәуір айырмашылығы бар екені анықталды. 1960 жылдардан бергі зерттеу экспедицицясының материалдары (Ж.Досқараев, О.Нақысбеков, А.Байжолов, С.Қызылбаевтар жинаған) Арқа қазақтары тілінің басқа аймақтардың тіліне қарағанда әдеби тілге жақын екендігін байқатады. Сонымен бірге зерттеу материалдары бұл аймақта әдеби тіл нормасына жатпайтын тар көлемді сипаты бар ерекшеліктер бар екендігін де көрсетеді. Профессор С.Аманжолов солтүстік-шығыс облыстардағы халық тілін тірек диалекті деп санағанымен, бұл өңірде ерекшеліктер бар екендігіне өз кезінде назар аударған болатын. Байқалған ерекшеліктер, негізінен, лексикалық құбылыстарға қатысты екені, ал фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктер өте аз, тапшы екені айқындалады.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Шығыс сөйленістерін ата.
2. Батыс сөйленістерін ата.
3. Оңтүстік сөйленістерін ата.
Әдебиет:
Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы: Ғылым, 1990.
С. Аманжолов. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алматы, 1997.
Ә.Нұрмағамбетов. Қазақ тілі говорларының батыс тобы. Алматы, 1978.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1994.
Б. Базылхан. Монғолиядағы қазақтардың тілі. Уланбатыр-Өлгий, 1991.
Б. Бекетов. Қарақалпақ қазақтарының тілі. Алматы: Рауан, 1992.
С. Омарбеков. Халықтық тіліміздегі тектес тілдермен ортақ құбылыстар. Алматы: Ғылым, 1978.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1982.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. Алматы: Ғылым, 1972.
Б.Базылхан. Монғол-қазақ тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы. Баян-Өлгий, 1973.
10-тақырып. ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Дәріс мақсаты: Диалектологиядағы грамматикалық ерекшеліктермен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Қазақ сөйленістеріндегі грамматикалық ерекшеліктердің жалпы сипаты.
2. Сөйленістердегі морфологиялық ерекшеліктер
Қазақ тілі сөйленістерінде грамматикалық ерекшеліктер сан жағынан көп емес. Сөйленістердің морфологиялық қүрылысы мен әдеби тілдін морфологиялық құрылысы негізінде бір. Олар бір-біріне өте жақын. Сөйленістерде әдеби тілден бөлек, өз алдына дербес көптік, жіктік, тәуелдік не септік категориялар жоқ. Әдеби тілден оқшауланып түрған етіс, кесемше, есімше, т.б. категориялар да жоқ. Демек, әдеби тілдегі грамматикалық категориялар сөйленістерде де бар. Сөйленістердегі морфологиялық ерекшеліктер тек грамматикалық категориялардың ішіндегі кейбір тұлғалардың түрленуі жағынан ғана ерекшеленеді.
Қазақ сөйленістерінің синтаксистік құрылысы олардың морфологиялық құрылысына қарағанда, әдеби тілге әлдеқайда жақын. Синтаксис жағынан әдеби тілден ерекшеленетін құбылыстарды сөз еткенде кейбір септік жалғаулардың сөйлемдегі қызметімен және сөз тіркестерімен байланысты құбылыстарды атауға болады.