Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
patofiziologia_3_k_test.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
276 Кб
Скачать

«Сыртқы тыныс алу жүйесі»

        1. Өкпенің желдетілуі (вентиляциясы) бұзылған кездегі сыртқы тыныс жеткіліксіздігі қабаттасады

  1. артериялық қанда оттегінің (рО2) және көмір қышқыл газының (рСО2) үлестік қысымының жоғарылауымен

  2. артериялық қанда рО2 және рСО2 төмендеуімен

  3. веналық қанда рО2 төмендеуі және рСО2 жоғарылауымен

  4. қанда рО2 төмендеуімен және рСО2 қалыпты болуымен

  5. +артериялық қанда рО2 төмендеуі және рСО2 жоғарылауымен

235. Ұяшықтық гиповентиляциядан дамиды

  1. гипоксемия, гипокапния, метаболизмдік ацидоз

  2. гипоксемия, гипокапния, газдық емес алкалоз

  3. +гипоксемия, гиперкапния, аралас ацидоз

  4. гипоксемия, гиперкапния, газдық алкалоз

  5. гипероксемия, газдық емес ацидоз

236. Өкпенің обструкциялық гиповентиляциясы пайда болады

  1. тыныстық бұлшықеттердің қызметі бұзылғанда

  2. өкпе ателектазында

  3. +бронх демікпесінде

  4. пневмонияда

  5. барбитураттармен уланғанда

237. Бронхылар обструкциясының қақпақшалық тетігі пайда болады

  1. пневмонияда

  2. сурфактант тапшылығында

  3. өкпе бөлігін алып тастағанда

  4. +өкпе эмфиземасында

  5. өкпе ісінуінде

238. Жоғарғы тыныс жолдарының кеудесыртылық обструкциясы (мойын аймағындағы) қабаттасады

  1. Биот тынысымен

  2. жиі үстіртін тыныспен

  3. демді сыртқа шығару қиындаған тыныспен

  4. Чейн-Стокс тынысымен

  5. +стеноздық тыныспен

239. Тыныс жолдарының кеудеішілік обструкциясы қабаттасады

  1. стеноздық тыныспен

  2. жиі үстіртін тыныспен

  3. +демді сыртқа шығарудың қиындауымен

  4. Чейн-Стокс тынысымен

Е) демді ішке тартудың қиындауымен

240. Көмей тарылуы қабаттасады

  1. жиі үстіртін тыныспен (тахипноэ)

  2. жиі терең тыныспен (гиперпноэ)

  3. демді сыртқа шығару қиындаған сирек терең тыныспен

  4. +демді ішке тарту қиындаған сирек терең тыныспен

  5. Биот тынысымен

241. Стеноздық тыныстың патогенезінде маңызы бар

  1. тыныс алу орталығы қозғыштығы төмендеуінің

  2. Геринг-Брейер рефлексі жылдамдауының

  3. +Геринг-Брейер рефлексі кешігуінің

  4. Бейнбридж рефлексі іске қосылуының

  5. Эйлер-Лильестранд рефлексінің

242. Төменгі тыныс жолдарының обструкциясы қабаттасады

  1. +Тиффно индексінің төмендеуімен

  2. демді ішке тартудың қиындауымен

  3. стеноздық тыныспен

  4. Тиффно индексінің жоғарылауымен

  5. ӨҚК азаюымен

243. Өкпенің рестрикциялық гиповентиляциясын дамытатыны

  1. Бронх өспесі

  2. Өкпе эмфиземасы

  3. бронхиолоспазм

  4. +сурфактант тапшылығы

  5. ларингоспазм

244. Өкпенің рестрикциялық гиповентиляциясының өкпеішілік себебі болуы мүмкін

  1. өкпе қабы және көкірек орталығының өзгерістерінде

  2. кеуде сарайының өзгеруінде

  3. қабырға шеміршектерінің сүйектенуінде

  4. іш шемені кезінде

  5. +пневмокониозда

245. Өкпенің рестрикциялық гиповентиляциясының өкпеден тыс себебі болуы мүмкін

  1. пневмония

  2. өкпе өспелері

  3. өкпе ателектазы

  4. силикоз

  5. +іш шемені

246. Рестрикциялық гиповентиляция сипатталады

  1. қарқынды дем шығарудың бірінші секөнттегі көлемі (ҚДШ1) азайған

  2. +өкпенің қалдық көлемі азайған или өзгермеген

  3. дем шығарудың қарқынды көлемдік жылдамдығы азайған

  4. Тиффно коэффициенті төмендеген

  5. өкпенің тіршілік сыйымдылығы жоғарылаған

247. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің диффузиялық түрі пайда болады

  1. бронхтарға бөгде зат түскенде

  2. +анемияда

  3. іш шеменінде

  4. қабырғааралық бұлшықеттердің миозитінде

  5. төменгі тыныс жолдарының саңылауы кішірейгенде

248.Ұяшықтық-қылтамырлық мембрана арқылы диффузия бұзылуы байқалады

  1. +өкпенің жайылған фиброзында

  2. плевритте

  3. бронхы демікпесінде

  4. көмей ісінуінде

  5. қабырғааралық миозитте

249. Сыртқы тыныстың перфузиялық жеткіліксіздігі байқалады

  1. қабырғааралық бұлшықеттердің миозитінде

  2. +жүректің сол қарыншалық жеткіліксіздігінде

  3. кифоз, лордозда

  4. ұяшықтық гиповентиляцияда

  5. бронх демікпесінде

250. Өкпелік гипертензияның себептері

  1. жедел қансырау

  2. сусыздану

  3. сілейме, естен тану

  4. +митралды тесіктің тарылуы

  5. жүректің оң қарыншалық жеткіліксіздігі

251. Өкпелік гипотензияның себебі

  1. +Фалло тетрадасы

  2. ұяшықтық ауада рО2 төмендеуі

  3. өкпе қылтамырларының қысылуы

  4. жүректің сол қарыншалық жеткіліксіздігі

  5. өкпе артериясының эмболиясы

252. Қылтамыралдылық өкпелік гипертензия дамуы мүмкін

  1. жүректің сол қарыншалық жеткіліксіздігінде

  2. өкпе тамырларынан сол жүрекшеге қанның ағып кетуінің бұзылуында

  3. +өкпе артериолаларының тромбоэмболиясында

  4. өкпе көктамырларының басылуында

  5. қос жарғақты тесіктің тарылуында

253. Қылтамырсоңылық өкпелік гипертензия дамуы мүмкін

  1. өкпе артериолаларының басылуында

  2. өкпе артериолаларының обтурациясында

  3. өкпе артериолаларының тарылуында

  4. +қос жарғақты тесіктің тарылуында

  5. дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымының күрт азаюында

254. МАВ=3 л/мин, ҚМК=5 л/мин болады

  1. +бронхоспазмда

  2. өкпе артериолаларының тромбоэмболиясында

  3. өкпе артериолаларының тарылуында

  4. қансырауда

  5. өкпе эмфиземасында

255.МҰВ/МК > 1 болады

  1. бронхоспазмда

  2. ұяшықтарда ауа жиналғанда

  3. өкпе ателектазында

  4. +өкпе артериолаларының тарылуында

  5. созылмалы бронхитте

256. Ұяшық ішілік өкпе ісінуі тыныс жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін:

  1. орталықтық

  2. жүйкелік-бұлшықеттік

  3. бронхөкпелік обструкциялық түрі

  4. +диффузиялық

  5. перфузиялық

257. Тыныс алу орталығы тежелгенде дамитын тыныс жеткіліксіздігі:

  1. перфузиялық

  2. гиповентиляцияның обструкциялық түрі

  3. диффузиялық

  4. +гиповентиляцияның рестрикциялық түрі

  5. жүйкелік-бұлшықеттік

258. Қай ауруда мынадай өзгерістер кездеседі: НвО2артериалық қандағы - 75%, веналық қанда – 42%, рСО2 50 мм с.б., тыныс жиілігі минутына 22 рет., ӨТС – 3, 0 л, Тиффно индексі – 50%, Нв – 180 г/л , қанның оттегіге сыйымдылығы – 36 об%, лейкоциттердің жалпы саны нейтрофилдер мен эозинофилдер әсерінен артқан, қақырық анализінде –Куршман спиралдері?

  1. Пневмония

  2. Пневмосклероз

  3. +Бронх демікпесі

  4. Өкпе туберкулезі

  5. Экссудативті плеврит

259. Тыныс жеткіліксіздігінің гипоксемиялық - гиперкапниялық түрі (II түрі) дамиды

  1. ұяшық – қылтамырлық мембрана арқылы газдар диффузиясы бұзылысында

  2. тіндік гипоксияда

  3. +ұяшықтық гиповентиляцияда

  4. ұяшықтық гипервентиляцияда

  5. экзогендік гипобариялық гипоксияда

260. Эмфизема тыныс жеткіліксіздігінің себебі болып табылады

  1. +обструкциялық гиповентиляцияның

  2. орталықтық

  3. жүйкелік-бұлшықеттік

  4. рестрикциялық гиповентиляцияның

  5. кеуде – көкеттік

261. НвО2 артериалық қанда 70%, веналықта – 40%, рСО2 55 мм с.б., тыныс жиілігіминутына 25 рет., ӨТС– 1,5 л, Тиффно индексі – 85%, Нв – 177 г/л, қанның оттенгіге сыйымдылығы – 30 об%, ядролық солға жылжыған нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ -25 мм сағ., іріңді қақырық

  1. +Пневмония

  2. Пневмосклероз

  3. Бронх демікпесі

  4. созылмалы обструкциялық бронхит

  5. өкпе эмфиземасы

262. Тыныс орталығының көкеттің мотонейрондарымен байланысының бұзылысы қабаттасады

  1. тынысты ерікті бақылаудың бұзылысымен

  2. Биот тынысының пайда болуымен

  3. +тыныс автоматизмінің жойылуымен

  4. Чейн-Стокс тынысының пайда болуымен

  5. Тыныстық қозғалыстардың тереңдігі төмендеуі және кезеңдік апноэмен

263. Инспирациялық ентік байқалады

  1. өкпе эмфиземасында

  2. +кеңірдек саңылауы тарылғанда

  3. ларингоспазмда

  4. плевритте

  5. өкпе ателектазында

264. Экспирациялық ентік байқалады

  1. +эмфиземада или бронх демікпесі

  2. кеңірдек кеңістігі тарылғанда

  3. плевритте

  4. тұншығудың 1- сатысында

  5. көмей ісінуінде

265. Экспирациялық ентіктің патогенезінде маңыздысы

  1. Геринг-Брейер рефлексінің кешігу

  2. Геринг-Брейер рефлексінің жылдамдауы

  3. +өкпе тіні серпімділігінің төмендеуі

  4. тыныс алу орталығының көмірқышқыл газына сезімталдығының төмендеуі

  5. жоғарғы тыныс жолдарында ауа легіне кедергінің жоғарылауы

266. Инспирациялық ентіктің патогенезінде маңыздысы

  1. +Геринг-Брейер рефлексінің кешігуі

  2. Геринг-Брейер рефлексінің жылдамдауы

  3. өкпе тіні серпімділігінің төмендеуі

  4. тыныс алу орталығының көмірқышқыл газына сезімталдығының төмендеуі

  5. төменгі тыныс жолдарында ауа легіне кедергінің жоғарылауы

267. Үзілісті тынысқа жататыны

  1. Куссмауль тынысы

  2. +Дем алу мен дем шығарудың арақатынасы өзгеруі

  3. +Биот тынысы

  4. Тереңдігі өзгермелі тыныс

  5. гаспинг-тыныс

268. Үзілісті тыныстың патогенезінде маңызы бар

  1. +тыныс алу орталығының көмір қышқылы газына сезімталдығы төмендеуінің

  2. тыныс алу орталығының көмір қышқылы газына сезімталдығы жоғарылауының

  3. тыныс алу орталығының қатты қозуының

  4. тыныс алу орталығының инспирациялық нейрондарының тұрақты

түрткіленуінің

E) Геринг-Брейер рефлексінің жылдамдауының

269. Тыныстың ақтық түрлеріне жатады

  1. Биот тынысы

  2. Чейн-Стокс тынысы

  3. тахипноэ

  4. брадипноэ

  5. +гаспинг-тыныс

270. Гиперпноэ байқалады

  1. +метаболизмдік ацидозда

  2. АҚ жоғарылағанда

  3. пневмонияда

  4. есірткілер әсер еткенде

  5. көмей ісінгенде

271. Брадипноэ байқалады

  1. АҚ төмендегенде

  2. +газдық емес ацидозда

  3. өкпе ателектазында

  4. гипоксемияда

  5. пневмонияда

272. Тұншығудың 2-сатысына тән

  1. АҚ жоғарылауы

  2. +экспирациялық ентік

  3. тахикардия

  4. инспирациялық ентік

  5. симпатикалық жүйке жүйесі межеқуатының жоғарылауы

273. Тұншығудың 1-сатысына тән

  1. АҚ төмендеуі

  2. брадикардия

  3. +инспирациялық ентік

  4. парасимпатикалық жүйке жүйесі межеқуатының жоғарылауы

  5. тыныс алу орталығының салдануы

274. Альфа-1 антитрипсиннің тапшылығы тән

    1. +өкпе эмфиземасына

    2. өкпе эмпиемасына

    3. пневмонияда

    4. Туберкулезде

    5. Экссудативті плевритте

275. Тыныс алу реттелуінің мыйға бағытталған қозудың жеткіліксіздігімен байланысты түрі дамиды

  1. тітіркендіргіш заттармен дем алғанда (мүсәтір спирті)

  2. суық немесе ыстық ауамен дем алғанда

  3. көкеттің салдануында

  4. +нашақорлықта

  5. невроздық жағдайларда

276. Тыныс алу реттелуінің орталыққа бағытталған тежелудің артуымен байланысты түрі дамиды

  1. +бүйректің ауыру сезімі ұстамасында

  2. Пиквик синдромында

  3. жұлынның мотонейрондары зақымданғанда

  4. Есірткілерді артық қолданғанда

  5. сирингомиелияда

277. Тыныс орталығының мый қыртысымен байланысуы бұзылуынан дамиды

  1. +ерікті тыныс алуды басқарудың бұзылысы

  2. Биот тынысы пайда болуы

  3. тыныс алулық автоматизмнің жоғалуы

  4. Чейн –Стокс тынысы пайда болуы

  5. тыныс алу қозғалысының амплитудасының төмендеуі және кезеңді апноэ

278. ЕТДС патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады

  1. ұяшық қабырғасының қылтамырларында гидростатикалық қысымның жоғарылауы

  2. ұяшық қабырғасының қылтамырларында гидростатикалық қысымның төмендеуі

  3. артериялық қысым деңгейінің айтарлықтай жоғарылауы

  4. +өкпе қылтамырлары және әлвеолоциттердің жайылған зақымдануы

  5. өкпенің жүректік ісінуі

279. ЕТДС кезінде әлвеолоциттер мен қылтамырлардың жайылған зақымдануының патогенезінде, әсерінің маңызы бар

  1. +өспе тіршілігін жоятын жайт (ӨТЖЖ) или интерлейкин

  2. супероксиддисмутаза

  3. опиоидты пептидтер

  4. протеазаларға қарсылар

  5. каталазалар

280. РДС-синдромының көріністеріне жататыны

  1. гиперпноэ

  2. ӨТС жоғарылауы

  3. +гипоксемия, дәрменсіз оксигенотерапия

  4. гипероксемия, гиперкапния

  5. Тиффно индексінің жоғарылауы

281. Жаңа туылғандардың тыныстық бұзылыстар синдромы (ТБС) патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады

  1. ұяшықтар қабырғасында гиалиннің шөгуі

  2. +сурфактанттың тапшылығы

  3. өкпе тіні созылғыштығының төмендеуі

  4. жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы

  5. ұсақ бронхылардың жиырылуы

282. Жаңа туылған нәрестелерде сурфактант тапшылығы, қызметі бұзылуынан, пайда болады

  1. өкпе қылтамырларының эндотелий жасушасының

  2. бронхтың шырышты қабатының жасушаларының

  3. тыныстық бронхиоланың эпителий жасушаларының

  4. альвеолоциттердің I түрінің

  5. +альвеолоциттердің II түрінің

283. РДС-синдромнан қайтыс болған жаңа туылған нәрестелердің өкпе тінінің гистологиялық зерттеуі кезінде анықталуы мүмкін

  1. нейтрофильдермен сіңбеленген ұяшықтар

  2. ұяшық қабырғаларының фиброзы

  3. өкпенің желденуінің жоғарылауы

  4. +ұяшық мембраналарының гиалинозы және бүріскен ұяшықтар

  5. өкпенің қалыпты құрылымы

284. Жаңа туған нәрестелердің респираторлық дизстресс–синдромының патогенезінің сатыларынан «кері айналып соғу шеңберін» құрастырыңыз

  1. шала туылу → ателектаз → сурфактант түзілуінің төмендеуі → гиповентиляция → гипоксемия, гиперкапния → гиповентиляция

  2. +шала туылу → сурфактант түзілуінің төмендеуі → ателектаз → гиповентиляция → гипоксемия, гиперкапния → сурфактант түзілуінің төмендеуі

  3. шала туылу → ателектаз → сурфактант түзілуінің төмендеуі → гипоксемия, гиперкапния → гиповентиляция → ателектаз

  4. шала туылу → ателектаз → гиповентиляция → сурфактант түзілуінің төмендеуі → гипоксемия, гиперкапния

  5. шала туылу → сурфактант түзілуінің төмендеуі → гиповентиляция → гиповентиляция→ ателектаз

285. Өкпелік гипертензияны сипаттайтын кіші қанайналым шеңберіндегіқысымның мөлшері

  1. 10 мм рт.ст.

  2. 15 мм рт.ст.

  3. 5 мм рт.ст

  4. +35 мм рт.ст.

  5. 20 мм рт.ст.

286. Біріншілік өкпелік гипертензияның патогенезінде маңыздысы

  1. сол қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі

  2. оң қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі

  3. +өкпе тамырларының бұлшықет қабатының тектік гипертрофиясы

  4. артериялық гипертензияда артерияның бұлшықет қабатының гипертрофиясы

  5. қарыншаралық перде бітпеуінен қанның оңнан солға өтуі

287. ҰВ/МК < 1 болады

  1. эмфиземада

  2. өкпе артерияларының тромбоэмболиясында

  3. өкпе гипотензиясында

  4. өкпе артериолаларының тарылуында

  5. +созылмалы бронхитте

288. Атопиялық бронх демікпесіндегі бронхоспазм, әсерінен дамиды

  1. +лейкотриеннің

  2. азот тотығының

  3. ӨТЖЖ

  4. комплимент жүйесінің құрамбөлшектерінің

  5. лимфокиннің

289. Бронхообструкциялық синдромды дамытады

  1. +Бронхоэктаздық ауру

  2. Пневмония

  3. Өкпе ателектазы

  4. Гидроторакс

  5. гиалинді мембрана синдромы

290. Өкпе тінінің қатаю синдромын дамытады

  1. +Пневмония

  2. Плеврит

  3. Бронхит

  4. Өкпе эмфиземасы

  5. Бронх демікпесі

291. Өкпенің жоғары желденгіш синдромын дамытады

  1. Пневмония

  2. Плеврит

  3. Бронхит

  4. +Өкпе эмфиземасы

  5. Өкпе ісінуі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]