- •44. А.Құнанбаевтың адам және қоғам жөніндегі көзқарастары.
- •34. Абайдың әлеуметтік ой- пікірлер.
- •36. А.Байтұрсынов пен ә.Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көқарастары.
- •23. Ана мен баланы қорғау "Жолдау-2050"
- •2. Әлеуметтік ғылымның құрылымын түсіндіріңіз ?
- •12.Әлеуметтік топ және жалпылық ұғымына анықтама беріңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •48. Әлеуметтік бедел және әлеуметтік рөл түсініктерін ашыңыз. Олардың айырмашылығын көрсетіңіз.
- •7. Әлеуметтанудың қоғам туралы ғылым ретіндегі бастамасы неліктен көне заманда жатыр? Дәлелде.
- •30. Әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильдену теориясы.
- •2.Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдар тұрғысынан түсінудің ерекшеліктері.
- •14. Әлеуметтік зерттеулер дегеніміз не?
- •18. Әлеуметтанулық зерттеулердің түрлері:Барлау,сипаттама және талдау.
- •33. Г.Спенсердің әлеуметтік ілімдері.
- •Дүниежүзілік әлеуметтанудың дамуындағы классикалық кезеңдерге тоқталыңыз.
- •19. Жеке тұлғаның қасиеттеріне тоқталыңыз.
- •28. Жеке тұлғаның еркіндігі
- •39. Жеке тұлғалық әлеуметтанудың құқықтық формалары.
- •15. «Класс» және «Страта» түсініктеріне тоқталыңыз. Олардың айырмашылығы неде?
- •6. Қоғамды танудың тарихи даму кезеңінің ерекшеліктері.
- •16. Қазіргі қазақстандық қоғамның стратификациялық құрылымын көрсетіңіз.
- •11. Қоғамдағы әлеуметтік жүйенің бүтіндігін және оның негізгі құрылымдық элементтерін көрсетіңіз.
- •13. Қазақстанның ұлттық бірлік доктринасы
- •37. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.
- •46. Қоғамдағы әлеуметтік жүйенің бүтіндігін және оның негізгі құрылымдық элементтерін көрсетіңіз.
- •45. Парсонстың әлеуметтік жүйесіне сипаттама беріңіз және қазіргі шынайы әлеуметтанумен Парсонс теориясының сабақтастығын дәлелдеңіз.
- •24. Парадигма ұғымы және парадигмалардың ерекшеліктері.
- •40. Ресей әлеуметтанушылардың әлеуметтік көзқарастары.
- •8. Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары.
- •25. Тұлға әлеуметтануы.
- •26. Тұлға түсінігі мен оның әлеуметтенуі.
- •29. Феноменологиялық парадигма
- •43. Функционалды парадигмалар
- •32. Э.Дюргкейм мен м.Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары.
- •9. Этнос әлеуметтануы
- •50. Этнометодологиялық парадигма
12.Әлеуметтік топ және жалпылық ұғымына анықтама беріңіз. Мысалдар келтіріңіз.
Әлеуметтік топ — жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі,бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік топтар теориясында топтар үлкен, орта және кіші болып бөлінеді:Кең мағынасында Әлеуметтік топ ұғымы адамдардың кез келген әлеуметтік бірлесуін – отбасынан, құдастар тобынан елдің, тіпті, бүкіл адамзат қоғамына дейінгі түсінікті қамтиды. Бірақ әлеуметтануда көбіне тар мағынада - қандай да бір жеке, ұжымдық немесе қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыруды көздеген өзара әрекеттегі адамдар жиынтығы - қоғамның ішіндегі құрылым ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтік топ мүшелері өздерін осы топқа жатқызады және де басқалар да оларды сол әлеуметтік топтың мүшесі ретінде мойындайды (Р. Мертон). Әлеуметтік топ санына қарай үлкен және кіші; әрекет етудің ұйымдасуы мен реттелуіне қарай ресми және бейресми болып бөлінеді.1. Үлкен әлеуметтік топтарға халықты қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшелігі бойынша, этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әр түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.2. Орташа топтар өндірістік, территориялық бірлестіктерден құрылады, олардың арасында әр түрлі мүдделер мен саяси бәсекелестік болуы мүмкін.3. Кіші топтарға, ең алдымен, мүдделер ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоцияциялар жатады. Отбасы, шағын өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтар түрлері ретінде есептеледі.Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясат субьектісі бола алады. Осы топтардың ішінде үлкен топтың қызметі ерекше.
48. Әлеуметтік бедел және әлеуметтік рөл түсініктерін ашыңыз. Олардың айырмашылығын көрсетіңіз.
(әлеуметтік бедел)Авторитет - [лат. аұторітас - билік, ықпал] - бағындыруды көздеп, нұсқаулар мен қарарларды, ережелерді енгізуін басқалардың өз еріктерімен мойындауына негізделетін субъектілердің ықпалы. Саясаттануда: 1) қандай да бір іс-әрекеттер негізінде ие болған бедел немесе қоғамда ерекше бағаланатын құндылықтарға негізделген билікті жүзеге асыру түрі; 2) күш қолданбай ықпал ету құралы; 3) бағынушылар ерікті түрде заңдылығын мойындаған билікті басқару түрі. Авторитет - қоғамның, әлеуметтік топтың, ұжымның, мемлекеттің, қоғамдық- саяси ұйымның- өз кезегінде жеке тұлғаның немесе топ адамдардың қоғам немесе мемлекет ісіне шынайы, байсалды ықпалын мойындауы. Беделді қолдану - қоғамда саяси билік жүргізудің, әлеуметтік реттеудің аса маңызды түрі. Бедел білімге, жоғары әлеуметтік жағдайға, тұлғаның ар- ұждан қасиеттеріне, харизматикалық мінез-құлқына, жұмыс әдістерін ұтымды ұйымдастыру қабілетіне, жас шамасына, дәстүрге, діни сеніміне сүйенеді. Саяси тұлғалардың беделі бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт-насихат жүргізу нәтижесінде қалыптастырылып немесе асыра сілтеніп, авторитаризм мен жеке басқа табынушылыққа жол ашуы мүмкін. Биліктің беделі - әлеуметтік-саяси тәртіптің маңызды факторы, ал биліктің беделінің төмендеуі - әлеуметтік-саяси тұрақсызданудың көзі.Әлеуметтік рөл - белгілі бір әлеуметтік ұстанымға ие жеке адам үшін нормативті қолданатын мінез-құлық үлгісі болып табылатын, салыстырмалы тұрақты және іштей байланысты әрекеттер жүйесі
