Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ASIK_AJKA_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
88.16 Кб
Скачать

29. Феноменологиялық парадигма

Бұл социологиялық бағыттың өкілдері адам санасының ішкі мазмұныдық жағына баса назар аударады.Яғни,адамның ақыл арқылы сыртқы дүниені түсіну және жіктеу тәсілдеріне баса көңіл бөледі.Адамды және қоғамды зерттеуде олар әлеуметтік әрекетке көңіл бөлмейді,сондықтан адамның мінез – құлқының себептік жақтары қарастырылмайды.Керісінше,олар,ең алдымен, құбылыстың мазмұндық жағын түсінуге тырысады да, ал оның пайда болу себептеріне көңіл аудармайды.

Феноменологтардың пікірінше,адам сыртқы ортаны тек сезім мүшелері арқылы ғана таниды:көру,есту,дәм,иіс,затқа дене мүшелерін тигізу арқылы.Бірақ ол сыртқы ортаны толық түсіну үшін жеткіліксіз болады.Өйткені,сезім мүшелері арқылы алған информациядан кейін адам сезімдердің ретсіздігіне дұшар болады,ал ол ретсіздікті жою үшін адам алждымен сыртқы дүниені құбылыстарға жіктейді,содан кейін барып қана өзінің сезімдік тәжірибесін информацияны заттар класына жіктейді.Яғни,содан кейін ғана өз сезімін жалпы сипаттарға қарай,заттар мен құбылыстар класына жіктей алады.Ар тірі организмдерді түрлерге тегіне қарай жіктейді.Осыдан олар дүниені феномологиялық танудың негізін көреді.Демек,әлеуметтік өмірді тану үшін феномологиялық жіктеу тәсілдерін зерттеудің қажеттілігін көрсетеді.

43. Функционалды парадигмалар

Парадигмалардың әркайсысына кысқаша тоқталатын болсақ, макросоциологиялық парадигмалардың бірі – фуңкционалдық парадигма. Құрылымдық - функционалдық парадигманың өкілдері: Огюст Конт, Герберт Спенсер, Эмиль Дюркгейм, Талкотт Парсонс, т.б. Олар қоғамды бір-біріне өзара тәуелді құрылымы бар және қоғамдық бүтінді құрайтын тұтас жүйе ретінде қарастырады. Олардың пікірінше, қоғамдық құрылымдағы мемлекет, жанұя, дін сияқты кейбір институттар дербес құрылым бола алмайды, керісінше әлеуметтік жүйенің белгілі бір құрамдас бөлігі ғана болып есептеліп, олар қоғам қасиетіне белгілі бір үлесін қоса алатын организм. Сондықтан қоғамның тіршілігі үшін және ол жалғасуы үшін негіз болатын белгілі бір шартты жағдай қажет деп көрсетеді. Ол- институттардың қызметтік жағдайы болып табылады. Бұл теорияның өкілдері негізінен қоғамды құрайтын әрбір институттың қызметіне талдау жасай отырып, олардың әлеуметтік жүйедегі тұтастықтың, гармонияның сақталуына қосатын үлесі қандай екендігін анықтап көрсетуді мақсат етеді. Осы мақсатпен олар, мәселен, мемлекеттің қоғамдық басқарудағы қызметіне, жанұяның келешек ұрпақты әлеуметтік ортаға дағдыландыру және бейімдеу қызметіне анализ жасауды көздейді.

Э

32. Э.Дюргкейм мен м.Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары.

Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.Ежелгі қоғамдар өміріне үңіле отырып және этнографиялық материалдардың негізінде Э. Дюркгейм діннің ерекше әлеуметтік тұжырымын да жасады. Ол дінді қоғамның өзі, қоғам барлық киеліктің, қасиеттіліктің шығатын көзі деп есептеді. Осыған орай әлеуметтік бірлікте дін шешуші рөл атқарады. Қоғам дінсіз өмір сүре алмайды. Дін қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді. М. Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік – тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлануына байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс - әрекетінде, қызметінде оның мұң – мұқтажын, талап – тілегін, қажеттілігін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыру керек. Осыған қосымша, әлеуметтану оны объективтілік пен эмпирикалық жағынан бақылап, тексеру жақтарын жоққа шығармауы керек. Оның басты міндеті – адамдардың іс - әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады. Осыларды еске ала отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашуға болады.М. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына байланысты, оның әлеуметтану теориясы «түсіну, ұғыну теориясы» деп аталады. Осыған орай ол нақтылы өмірге сәйкес методолгиялық, логикалық жалпы ұғымдарды қалыптастырады. Бұл оның «идеалды типтері» әдісінде жақсы көрінеді. М. Вебердің пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі шығармашылық қиял, елес жемісі). Ол зерттелетің маңызды құбылыстарды адамның ой – пікірі мен идеализациясы (яғни, асыра дәріптеушілік, шындыққа теориялық бейнелеу – А. И.) негізінде жасалады.Идеалды тип дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) шындықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлануының, ой – пікірінің жемісінің теориялық құрылымы (яғни, идеясы). Идеалды тип зерттеушілірінің нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне – кестесі. Идеалды типтік құрылымдар – бұл қажетті құбылыстар мен процестердің жалпы түйінді ұғымдары. Мысалы, «капитализм», «экономикалық адам», «дін», «христиандық», т.б.М. Вебер әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясының негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымен бірге оған саяси (өкімет) және статус, престиж (қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды