- •44. А.Құнанбаевтың адам және қоғам жөніндегі көзқарастары.
- •34. Абайдың әлеуметтік ой- пікірлер.
- •36. А.Байтұрсынов пен ә.Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көқарастары.
- •23. Ана мен баланы қорғау "Жолдау-2050"
- •2. Әлеуметтік ғылымның құрылымын түсіндіріңіз ?
- •12.Әлеуметтік топ және жалпылық ұғымына анықтама беріңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •48. Әлеуметтік бедел және әлеуметтік рөл түсініктерін ашыңыз. Олардың айырмашылығын көрсетіңіз.
- •7. Әлеуметтанудың қоғам туралы ғылым ретіндегі бастамасы неліктен көне заманда жатыр? Дәлелде.
- •30. Әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильдену теориясы.
- •2.Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдар тұрғысынан түсінудің ерекшеліктері.
- •14. Әлеуметтік зерттеулер дегеніміз не?
- •18. Әлеуметтанулық зерттеулердің түрлері:Барлау,сипаттама және талдау.
- •33. Г.Спенсердің әлеуметтік ілімдері.
- •Дүниежүзілік әлеуметтанудың дамуындағы классикалық кезеңдерге тоқталыңыз.
- •19. Жеке тұлғаның қасиеттеріне тоқталыңыз.
- •28. Жеке тұлғаның еркіндігі
- •39. Жеке тұлғалық әлеуметтанудың құқықтық формалары.
- •15. «Класс» және «Страта» түсініктеріне тоқталыңыз. Олардың айырмашылығы неде?
- •6. Қоғамды танудың тарихи даму кезеңінің ерекшеліктері.
- •16. Қазіргі қазақстандық қоғамның стратификациялық құрылымын көрсетіңіз.
- •11. Қоғамдағы әлеуметтік жүйенің бүтіндігін және оның негізгі құрылымдық элементтерін көрсетіңіз.
- •13. Қазақстанның ұлттық бірлік доктринасы
- •37. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.
- •46. Қоғамдағы әлеуметтік жүйенің бүтіндігін және оның негізгі құрылымдық элементтерін көрсетіңіз.
- •45. Парсонстың әлеуметтік жүйесіне сипаттама беріңіз және қазіргі шынайы әлеуметтанумен Парсонс теориясының сабақтастығын дәлелдеңіз.
- •24. Парадигма ұғымы және парадигмалардың ерекшеліктері.
- •40. Ресей әлеуметтанушылардың әлеуметтік көзқарастары.
- •8. Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары.
- •25. Тұлға әлеуметтануы.
- •26. Тұлға түсінігі мен оның әлеуметтенуі.
- •29. Феноменологиялық парадигма
- •43. Функционалды парадигмалар
- •32. Э.Дюргкейм мен м.Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары.
- •9. Этнос әлеуметтануы
- •50. Этнометодологиялық парадигма
26. Тұлға түсінігі мен оның әлеуметтенуі.
Индивид – жеке – дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата – анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың кез келгеніннен әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата – ананың, басқа адамдардың қамқорлық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар еді. Бұдан адам мәнінің тек қоғамдық - әлеуметтік жағы шамадан тыс үлкейтіліп, оның биологиялық, психологиялық жақтарының маңызы төмендетіліп, жоққа шығарылып отыр деген пікір тумауы тиіс. Анығында адамның өлшемі (кейбір уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Биологиялық өлшем – бұл адам организмінің түр бейнесі мен құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, организмнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды. Психологиялық өлшем – адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау т.б. адамның еркі мен сипатын (бейнесін), темперамент, т.б. қамтиды. Осыған орай жеке – жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әрқайсысы адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, өйткені биология мен психология адамдарды жеке – дара зерттеп, оларды тұлға ретінде көрсете алмайды.Әлеуметтік өлшем – адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан – жақты осылай қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс - әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады. Әрбір тұлғаның белгілі бір деңгейде іштей санасы, қасиеті болады. Осылардың жиынтығы тұлғаның құрылымын қалыптастырады.Адамның аса күрделі табиғаты оның қоғамдағы әр түрлі байланыс – қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі модельдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі – адамның бейнесіне (образын) әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау. Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді.Мысалы отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына, т.б. Әрбір топтағы адамның белгілі бір орны, өзінің көзқарасы, бағыты болады, оған белгілі бір талап – тілектер қойылып, ол оны орындайды. Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белгілі бір қызмет атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын айтамыз. Ал, рөлдік жүйе дегеніміз, адамның қоғамдағы алатын орнына, жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың әлеуметтік рөлдерді бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты. Сонымен, жан – жақты дамыған тұлға өзіндік рөлдік мінез – құлқын белгілі бір әлеуметтік ситуацияға байланысты пайдаланып оны бейімділік құралы ретінде қолданады. Басқаша айтқанда, рөлдік мінез – құлық дегеніміз, индивидтің (адамның) іс жүзіндегі мінез – құлық. Сонымен, жан – жақты дамыған тұлға белгілі бір әлеуметтік жағдайда бейімделу құралы ретінде рөлдік мінез – құлықты пайдаланады. Рөлдік мінез – құлықты рөлмен алмастыруға болмайды. Әлеуметтік рөлдің негізгі компонеттері сатылы жүйе ретінде құралады.
27. Тұлғаның әлеуметтік рөлі мен әлеуметтік беделі.
қоғамдық қатынастардың жемісі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік іс - әрекеттер, дің маңызды субъектісі де болып саналады. Бұл іс - әрекет, қызмет қоғамның барлық салаларында әрдайым көрініп отырады. Мысалы, экономикада, саясатта, рухани өмірде, т.б. Көрнекті неміс әлеуметтанушысы Макс Вебер әрбір адам өзінің іс - әрекетіне белгілі бір мән, мағына береді деп атап көрсеткен. Вебер осындай іс - әрекеттің біреуге бағытталуын, нысаналауын тосу, күту, үміт ету (ожидание) дейді. Мұнсыз ешқандай іс - әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды. Мұндай әлеуметтік іс – қимылдың алуан түрлері болады. Олардың ең бастысы мақсатқа сәйкес келетін іс - әрекет (целенаправленноедейсствие). Бұл мақсатқа сәкес келетін іс - әрекет тұлғаның ойлаған мақсатына жету үшін қолданылады.Вебер әлеуметтік іс - әрекетті, қимылды 4 типке бөледі: а) Ақыл – ойдың мақсатқа бағытталуы (целерациональный). Мұнда әрбір іс - әрекеттің мақсаты мен құрылымының бір – біріне сәйкестігі көзделеді. ә) Іс - әрекеттің құндылыққа бағытталуы. Мұнда әрбір іс - әрекеттің басқа құндылық, бағалық үшін өмір сүруі (мысалы, діни немесе моральдық, т.б.) көзделген. б) Аффективтік. Бұл адамның эмоциялық реакциясына негізделген (аффективия). в) Дәстүрлік (яғни, салт – дәстүрлік). Мұнда адамның іс - әрекеті белгілі бір дәстүр, салтқа сәйкес болады. Тұлғаның әлеуметтік қызметі деп, адамның өмірді өзінше игеріп, меңгеруі және адамның өзінің қоғамдық қатынастарды, құбылыс, процестерді өзгертуші субъект ретінде дамып, жетілдірудін айтады.Әлеуметтік іс - әрекет пен қызметтің қозғаушы күші объективтік жағдайларымен байланысты. Объективтік жағдай адамдардың қажеттілігінен, мұң – мұқтажынан, мүддесінен, мақсатынан шығады. Табиғи қажеттілікке тамақ ішу, киім кию, баспана, т.б. қажеттіліктер (мұқтаждықтар) жатады. Мұндай әлеуметтік қажеттілікке еңбек ету, басқа адамдармен байланыс – қатынаста болу, қоғамдық өмірге араласу, т.б. қажеттеліктер (мұқтаждықтар) кіреді. Адам мүддесі, мақсаты белгілі бір қажеттілікті (мұқтаждықты, зәрулікті) қанағаттандыру мүмкіндігіне қарай тұлғаның іс - әрекетінің, қызметтерінің бағыттарын белгілеп отырады. Мүдделерінің, мақсаттардың негізінде әлеуметтік талап – тілектерді білдіретін адамдардың қажеттеліктері жатады. Осыған орай мүдде, мақсат бір нәрсеге, затқа деген қажеттілікті түсінудің түрі ретінде көрінеді.Қажеттілік тұлғаны өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қатар сыртқы табиғатпен тығыз байланыстырады, өйткені адам табиғаттан өзіне керегін алып, өзінің мүддесін мақсатын қанағаттандырып отырады. Осылардың нәтижесінде тұлға табиғаттан біршама тәуелсіз болады. Қажеттілік – объективті дүниенің даму заңдарының негізгі бір түрі. Осыған орай тұлға қажеттілікті терең, жан – жақты түсініп, оны меңгеіп, өзінің ісінде, қызметінде пайдаланып отырады. Екінші жағынан, қажеттілік тұлғаның өмірдегі белсенділігін, жауапкершілігін арттырудың басты факторларына жатады. Тұлғаның атқаратын іс - әрекеті, қызметі белгілі бір нақты мүдделерді жүзеге асыруға бағытталады. Бейімделу - өмір сүру жағдайларының өзгерісіне деген сол адамның көзқарасының қалыптасуына көмектеседі, сөйтіп түсініспеушіліктің нәтижесінде пайда болатын шиеленісті жоюға, я болмаса оны бәсендетуге жағдай туғызады. Мүдденің мақсатқа айналу сатысында қозғаушы күш ретінде болатын адамдардың ынталары, бастамалары, ниеттері, т.б. маңызды рөл атқарады, осылардың өзара байланыс – қатынастары тұлғаның қызметінің әлеуметтік жағын құрайды. Әлеуметтік іс - әрекеттің, қызметтің сырт көрінісі адамның нақтылы көзқарасынан, жалпы идеологиясынан да байқалады. Жеке адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлекметтік бақлау жағдайында қалыптасып, іске асырылады. Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның ішінде құқықтық түрде де реттеу арқылы әлеуметтік жүйені құрайтын элементтердің өзара әрекетін реттеу жолымен қамтамасыз етеді және сол жүйенің өздігінен басқарылу тәсілі болып табылады. Сөйтіп әлеуметтік бақылау дегеніміз, ол индивидтердің әлеуметтік тәртібін тек саяси мекемелердің ғана тұрғысынан емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік мекемелердің (яғни, білім берудің, мәдениеттің, мораль, т.б.) тарапынан да реттеу болып табылады.М. Вебер атап көрсеткендей, адамның мінез – құлқы деп, оның іс - әрекетінің, қызметінің сыртқы көрінісін айтады. Оның негізгі үш түрі болады: а) Инстинктивті; ә) қарапайым; б) әлеуметтік; Мінез – құлықтың бірінші және екінші түрі көбінесе саналы, ерікті емес түріне жатады да, оның әлеуметтік мәні болмайды. Әлеуметтік мінез – құлық әр түрлі болады, олар: а) Индивидуалды (яғни, жеке адамның мінез - құлқы); ә) Ұжымдық – бұл жалпы мұқтаждығы, талап – тілегі және іс - әрекет мақсатының бірлігі негізінде құрылған ұйымдасқан топтын мінез – құлықтары;б) Бұқаралық – бұл бір типті, әрі ұйымдаспаған үлкен бұқара тобының мінез – құлқы.Қылық – бұл іс - әрекет. Мұның әлеуметтік маңызы және мәні болады. Мысалы, анасы баласына уақытын тамақ бермесе, бұл жағымсыз қылық болып есептеледі. Әлеуметтік тәртіп белгілі бір әлеуметтік ережелерге (нормаларға) сәйкес келсе, қалыпты дейді. Ал, мінез – құлық нормаға сәйкес келмесе, оны ауытқыған (немесе девианттық) мінез – құлық дейді. Бұл ауытқуды (девианттық) әлеуметтанудың арнаулы теориясы – ауытқу мінез – құлқының әлеуметтану зерттейді. Ауытқу тәртібіне құқық пен мораль принциптерінен кейін кету, оларды бұзу жатады. Ауытқу тәртібі еңбек, өндіріс саласында, жеке адамдар арасында, ұйыцмдық қарым – қатынастарда, қызметте, жұмыста, тұрмыс салтында, т.б. жиі кездесіп отырады. Мұндай жат қылықтарға бұзақылық, ұрлық, маскүнемдік, нашақорлық, өз - өзіне қол жұмсау, жезөкшелік, т.б. жатады. Мұндай ауытқу қу мінез – құлықтарына қарсы күрестер еліміздің барлық салаларында алуан түрлі әдістермен қатаң жүзеге асырылуда.
Ф
