
- •44. А.Құнанбаевтың адам және қоғам жөніндегі көзқарастары.
- •34. Абайдың әлеуметтік ой- пікірлер.
- •36. А.Байтұрсынов пен ә.Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көқарастары.
- •23. Ана мен баланы қорғау "Жолдау-2050"
- •2. Әлеуметтік ғылымның құрылымын түсіндіріңіз ?
- •12.Әлеуметтік топ және жалпылық ұғымына анықтама беріңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •48. Әлеуметтік бедел және әлеуметтік рөл түсініктерін ашыңыз. Олардың айырмашылығын көрсетіңіз.
- •7. Әлеуметтанудың қоғам туралы ғылым ретіндегі бастамасы неліктен көне заманда жатыр? Дәлелде.
- •30. Әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильдену теориясы.
- •2.Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдар тұрғысынан түсінудің ерекшеліктері.
- •14. Әлеуметтік зерттеулер дегеніміз не?
- •18. Әлеуметтанулық зерттеулердің түрлері:Барлау,сипаттама және талдау.
- •33. Г.Спенсердің әлеуметтік ілімдері.
- •Дүниежүзілік әлеуметтанудың дамуындағы классикалық кезеңдерге тоқталыңыз.
- •19. Жеке тұлғаның қасиеттеріне тоқталыңыз.
- •28. Жеке тұлғаның еркіндігі
- •39. Жеке тұлғалық әлеуметтанудың құқықтық формалары.
- •15. «Класс» және «Страта» түсініктеріне тоқталыңыз. Олардың айырмашылығы неде?
- •6. Қоғамды танудың тарихи даму кезеңінің ерекшеліктері.
- •16. Қазіргі қазақстандық қоғамның стратификациялық құрылымын көрсетіңіз.
- •11. Қоғамдағы әлеуметтік жүйенің бүтіндігін және оның негізгі құрылымдық элементтерін көрсетіңіз.
- •13. Қазақстанның ұлттық бірлік доктринасы
- •37. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.
- •46. Қоғамдағы әлеуметтік жүйенің бүтіндігін және оның негізгі құрылымдық элементтерін көрсетіңіз.
- •45. Парсонстың әлеуметтік жүйесіне сипаттама беріңіз және қазіргі шынайы әлеуметтанумен Парсонс теориясының сабақтастығын дәлелдеңіз.
- •24. Парадигма ұғымы және парадигмалардың ерекшеліктері.
- •40. Ресей әлеуметтанушылардың әлеуметтік көзқарастары.
- •8. Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары.
- •25. Тұлға әлеуметтануы.
- •26. Тұлға түсінігі мен оның әлеуметтенуі.
- •29. Феноменологиялық парадигма
- •43. Функционалды парадигмалар
- •32. Э.Дюргкейм мен м.Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары.
- •9. Этнос әлеуметтануы
- •50. Этнометодологиялық парадигма
16. Қазіргі қазақстандық қоғамның стратификациялық құрылымын көрсетіңіз.
Сонымен, әлеуметтік «әлеуметтік қауымдастық» категориясы қоғамның әлеуметтік құрылымындағы негіз болып табылады. Әлеуметтік топтардың көптүрлілігін зерттеу үшін, оларды салыстыру үшін әлемдік социологияда «әлеуметтік стратификация» ұғымы енгізілді.Әлеуметтік стратификация теориясы әлеуметтік теорияның неғұрлым мықты дамыған бөліктерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік стратификацияны зерттеудің қазіргі тәсілдерінің негізін М. Вебер салды және оны әрі қарай Т. Парсонс, Э. Шилз, К. Девис, У. Мур жалғастырды.Әлеуметтік стратификация теориялары страта (латынша stratum – қабат), әлеуметтік топ белгілі бір ортақ позициялардағы немесе ортақ істері бар адамдарды біріктіретін нақты эмпирикалық тіркелетін қауымдастық болып табылатындығына негізделеді. Бұл берілген қауымдастықтың әлеуметтік қоғамның құрылымында бекітілуіне және 6 статустық белгілерге қарсы тұруына мүмкіндік береді: билік, меншік, кәсіби, білім, т.б.Батыс германиялық социолог Р. Дарендорф әлеуметтік стратификация негізіне "бедел” саяси ұғымын қоюды ұсынды. Оның ойынша бедел билікке қатынас пен әлеуметтік топтар арасындағы билік үшін күресті нақты сипаттайды. Осы ұғым негізінде Р. Дерендорф бүкіл қазіргі қоғамды басқарушылар мен бағынушыларға бөледі. Өз кезегінде басқарушыларды да екіге бөледі: жеке меншігі бар басқарушылар және жеке меншігі жоқ басқарушылар, яғни бюрократ-менеджерлер. Ал бағынушы топ та әртектес болып табылады: онда да кем дегенде екі топты бөлуге болады – жоғарғы – «жұмысшы аристократиясы», төменгі – төмен квалификациялы жұмысшылар. Осы екі әлеуметтік топтың арасында аралық «жаңа орта тап» болады – жұмысшы аристократиясы мен қызметкерлер және басым тап – басқарушылардың ассимиляциясы өнімі.Француз социологы А.Турэннің пайындауы бойынша, қазіргі қоғамдағы әлеуметтік дифференциация жеке меншікке, престижге, билікке, этносқа емес, ақпаратқа ие болу мүмкіндігіне байланысты. Көп ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі бар адамдар ең жоғарғы орынға ие болады.Әлеуметтік стратификация теориясының негізгі принциптерін бөлейік:1) үлкен немесе кіші, тұрақты немесе тұрақсыз, қоғамда басты немесе қосымша рөль атқарса да, қоғамның барлық қабаттарын түгелімен зерттеу;2) топтарды бірдей критерийлер бойынша өлшеу және салыстыру;3) бұл критерийлер әр қабатты толығымен және терең суреттеу үшін жеткілікті болуы қажет.Нақты қоғамның әлеуметтік құрылымы әрқашан эволюция нәтижесінде пайда болған, әртүрлі әлеуметтік рөльдермен, позициялармен ерекшеленетін стратификациялық жүйе болып табылады. Бұл жүйе еңбек бөлінісі мен осы қоғамдағы құндылықтар мен мәдени стандарттаржүйесімен анықталады.Әлеуметтік стратификация теориясында реттелген белгілер (критерийлер) болады. Мұнда олардың әрқайсысының әлеуметтік маңызы ескеріледі. Оның қатарына жеке меншік формасы, табыс мөлшері, билік көлемі, бедел, ұлттық белгілер, білім, мәдениет түрлері және т.б. кіреді.Әрбір қасиеттің маңызы өзгеріп отырады. Осылайша, стратификация келесі түрде болады:1) белгілер жүйесі;2) нақты қоғамның әлеуметтік құрлымы;3) топтардың көлденең және тік орын ауыстыруы. Элементтердің көлденең тізілуі бізге көптеген критерийлер береді – ұлттық, кәсіптік, білімдік, мәдени, тік – жеке меншік қарым-қатынасы, табыс мөлшері, престижді көрсетеді.Стратификация – бұл тиісті қабаттарды бөлу тәсілі ретінде де, қоғамның бейнесі ретінде де болады. Белгілі топтардың ажырату әдісі ретінде және қоғамның көрінісі болады.Стратификация – бұл жағдай мен үрдістер, мұнда индивидтер, жанұялар бір-біріне тең емес қатынаста болады және бедел, меншік, билік, мамандық пен мәдениет туралы өз көзқарастары бар иерархиялы құралған страталарға топтасады.Стратификация тек адамдардың, топтардың, қоғамдағы қабаттардың әртүрлі жағдайын ғана бейнелеп қана қоймайды, сондай-ақ, олардың тең емес күйін бейнелейді.Стратификацияның әлеуметтік теориясы қоғамды әлеуметтік топтарға, қабаттарға бөлудің бірнеше критерийлерін алға қоя отырып, әлеуметтік мобильділік немесе әлеуметтік қозғалыс теориясының қалыптасуына методологиялық негіз болып саналады.