Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ASIK_AJKA_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
88.16 Кб
Скачать

44. А.Құнанбаевтың адам және қоғам жөніндегі көзқарастары.

Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларының еңбектері ықпал етті. Абай Г.Спенсердің орыс тіліне аударылған әлеуметтанулық туындыларымен танысып, оның эволюциялық теориясын қабылдайды. Бүкіл тіршілік атаулының өзгермелілігі туралы ой Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде жиі ұшырасады. "Жиырмасыншы қара сөзінде": "Дүние бірқалыпты тұрмайды" десе, өлеңінде: "адамзат күнде өзгерер" дей келіп, патриархалды-феодалдық құрылысты басынан өткізіп жатқан қазақтардың жаңа қоғамға өтеріне зор сеніммен қарайды.Ресей бодандығынан босау қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы екенін білетін Абай, бұғаудағы қазақтардың жағдайын "Осы мен өзім — қазақпын" деп басталатын "Тоғызыншы қара сөзіңде" баяндайды: "Мен өзім тірі болсам да, анық тірі емеспін... Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам - ызалана алмаймын. Күлсем — қуана алмаймын. Сөйлегенім өз сәзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі. Сол себептен бір жүрген қуыс кеудемін ..." Ол патриархалдық-рулық құрылыстың сақталуына қынжылды. Өйткені патша үкіметі ру басыларын бір-біріне айдап салып, өзінің отарлау саясатын тоқтаусыз жүргізіп жатқан еді. Бодандықтан құтылудың жолын надандықты жоюдан көрді. Ол үшін халқын оқу, білім, ғылымды меңгеруге шақырды. Ғылымды үйренгенде қазақтарды бақастыққа жол беруден сақтандырады. Оның пікірінше, бақастық адамды түземейтін, керісінше, оны бұзатын нәрсе, әсіресе ол адамгершілікті азайтатын құбылыс екенін ескертеді. Қазақ қоғамының әлеуметтік-таптық құрылымын қарастырып, оның байлар мен кедейлерге бөлінгенін, бұл бөлінудің мүліктік теңсіздіктен туындағанын, мүліктік теңсіздік

34. Абайдың әлеуметтік ой- пікірлер.

Халқымыздың данышпан ұлы Абай Құнанбаев туралы ғылымның сан алуан саласында жазылған еңбектер өте көп. Абай тануға елеулі үлес қосқан ғалымдарымыз Мекемтас Мырзахметов пен Құлшат Өмірәлиевтың келтірген деректері бойынша 50-жылдардан бастап Абайдың әр саладағы шығармашылық қызметі туралы зертеушілердің қаламының 20 монография 2000-ға жуық мақала мен зерттеу жарық көрген екен. Абайдың әр саладағы көзқарасын жан-жақты, терең зерттеу нәтижесінде біз оның күнге дейін беймәлім келе жатқан баға жетпес құнды ойларын танып білу, қазақ қоғамының сол замандағы, тіпті қазіргі кездегі қайшылықтарының себептерін аңғарамыз.Абайдың әдеби мұрасын зерттеу тарихында ұлы ақынның дүниеге көзқарасының бір саласы-оның саяси әлеуметтік көзқарасы кеңестік дәуірдің 20 жылдардан бастап-ақ қызу таласқа түскен еді, бірақ соңғы жылдарға дейін бұл туралы көптеген мақалалар мен зерттеулер еңбектерінде жол жөнекей сөз етілсе де, арнайы түрде ғылыми зерттеу нысанасына алынбай келді. Әрі Абай шығармаларының әлеуметтік беті туралы дұрыс шешімін таппай, көп жылдар бойы өзекті талас- тартыстардың қайнар көзіне айналып келді. Абай мұрасының әлеуметтік беті, көбінесе, тұрпайы социологиялық таным шеңберінен шыға алмай келуіндегі басты кедергі тап күресідеген марксистік танымды қоғамдық пікірді ендіруінде жатыр. Яғни Абайдың әлеуметтік беті жасанды таным тұрғысынан қарайды. Оны бұзу ол тұста мүмкін емес болатын-ды. Әсіресе, бұған зерттеушілердің назары ақынның сатералық шығармаларын сөз еткенде көбірек ауды.Абай өз шығармаларында әлеуметтік мобильдік, адам статусы мәселелеріне тоқталып, адамның қоғамдағы орнын: «Биік мансап-биік жартас...» дей келіп, оны билік, байлық, білі деңгейі т.б. айқындайтынын түсіндірді. Оның пікірінше адам: «Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң тағы қайыршылыққа түседі.» Адамның қоғамдық баспалдақпен биікке өрлеуі мен кері қозғалуын көрсетіп, оны индивиттің әлеуметтік жағдайының өзгеруімен байланыстырады. Қзақ қоғамында байдық малы жұтта қырылып, кедейленуі жиі орын алғаны рас және еңбегімен кедейлердің орта шаруа, одан кейін байлардың қатарына қосылғандары да жоқ емес еді. Сөйтіп, олардың қоғамдық баспалдақта орнын ауыстыруы әлеуметтік заңды процесс болды.Абай қазақ қоғамын дамытудың халыққа білім беру, олардың ғылымға тарту деп есептеді. Ғылымды ол әлеуметтік жағдайларды жақсартудың ғана бірден-бір құралы, деп қарай отырып, ғылымды игеру бүкіл прогреске жететін жол деп түсіндірдіҰлы ойшылдың пікірінше, ғылымды біз жанымыздан шығара алмаймыз, жаралып, жасаалып қойылған нәрселерді сезбеппіз, көзбен көріп, ақылмен білеміз.Абай тұжырымның «Отыз сегізінші сөзінде» тереңдете келіп, ғылымның, білімнің пайда болып, қалыптасуын және әлеуметтік рөлін былай пайымдайды: «Адамның ғылымы, білімі, хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бірлән табылады».Абай ғылымда абстрактілі ойлаумен қатар нақты фактілерге сүйенудің маңыздылығын атап көрсетеді және ғылымда қолданылатын бақылау әдісінің рөлін мезгейді. Ғылымда әр нәрсенің өлшеуі бар, оның өлшеуін білу-бір үлкен керек іс деп, ғылым танудың маңызды принципін негіздейді және жолын байқатады.