
- •(Сөзбасы орнына)
- •Абай жолы м.Әуезов
- •Абайдың жұмбағы р.Тоқтаров
- •Абайдан соң к.Оразалинов
- •Азамат Азаматыч б.Майлин
- •Ай қанатты арғымақ
- •С.Елубаев
- •Ж.Аймауытов
- •Ақ Жайық х.Есенжанов
- •Ақсу – жер жаннаты
- •Ж.Нәжімеденов
- •Ә.Нұршайықов
- •Аласапыран м.Мағауин
- •Алатау б.Қыдырбекұлы
- •Алтай ақиықтары м.Разданұлы
- •Аң шадырын оқ табар о.Айтанұлы
- •Асау арна ғ.Сланов
- •Атылған қыз туралы аңыз с.Адамбеков
- •Әділ мен Мария ш.Құдайбердіұлы
- •Қ.Толыбаев
- •Бақытсыз Жамал м.Дулатов
- •Беласқан к.Сегізбай
- •Ботакөз с.Мұқанов
- •Біздің заманның Аязбиі ж.Шаштайұлы
- •Бұлтқа салған ұясын ә.Тарази
- •Даладағы дабыл м.Қаратаев
- •Данышпандық формуласы ш.Әлімбаев
- •Дауылдан кейін ғ.Мұстафин
- •Ө.Қанахин
- •Доктор Дарханов з.Шашкин
- •Дулыға т.Жұртбай
- •Егес а.Жақсыбаев
- •Еділ-Жайық ә.Сарай
- •С.Досанов
- •С.Сматаев
- •Елімайлап өткен өмір х.Оралтай
- •Ескексіз қайық м.Сүндетов
- •Жалын з.Қабдолов
- •Жаман Жәутік е.Домбаев
- •Жаяу Мұса з.Ақышев
- •Жолдастар і.Жансүгіров
- •Жібек жолы д.Досжан
- •Н.Ғабдуллин
- •Заманақыр қ.Сәрсекеев
- •Замана белестері с.Бегалин
- •Келешек кіріспесі т.Тілеуханов
- •Комендант қ.Исабаев
- •Көк бөрілердің көз жасы
- •Қ.Найманбаев
- •Көшпенділер і.Есенберлин
- •Күтумен кешкен ғұмыр б.Нұржекеев
- •Қазақтың Қанышы м.Сәрсеке
- •С.Көбеев
- •Қамар сұлу
- •Ә.Нұрпейісов
- •Қара маржан ш.Мұртазаев
- •С.Бақбергенов
- •Д.Исабеков
- •К.Ахметбеков
- •Қаһарлы күндер т.Ахтанов
- •Құланның ажалы а.Нұрманов
- •Қызылжар м.Дәулетбаев
- •Қызыл жолбарыс ұ.Доспанбетов
- •Т.Жомартбаев
- •Қылмыс қ.Шабданұлы
- •Махамбеттің жебесі ә.Әлімжанов
- •Менің құрдастарым с.Ерубаев
- •Найзағай
- •Оспан батыр с.Әбілқасым
- •От кешу ж.Тілеков
- •Ғ.Мүсірепов
- •Өлгендер қайтып келмейді б.Соқпақбаев
- •Өмірзая
- •Өмір сүргің келсе р.Сейсенбаев
- •Өр Алтай к.Мұқажанұлы
- •Ұрпағың үзілмесін и.Қабышұлы
- •Ұрпақ тағдыры м.Сұлтанияұлы
- •Үркер ә.Кекілбаев
- •Райымбек батыр ж.Тұрлыбаев
- •Сахара қызы
- •Сәрсенбек с.Садуақасұлы
- •Сексен алтыншы жыл б.Тілегенов
- •Сергелдең
- •Сұлтанмахмұт
- •Тар жол, тайғақ кешу с.Сейфуллин
- •Ж.Бектұров
- •А.Байтанаев
- •Ж.Аймұхамбетова Томирис б.Жандарбеков
- •Торғай толғауы. Сарыарқаның сүйіктісі ж.Молдағалиев
- •С.Мыңжасарова
- •Тұрғылас түлектер м.Құлыбекұлы
- •О.Сәрсенбай
- •М.Шындалиева
- •К.Қазыбаев
- •Роман авторлары туралы
- •Мазмұны
Найзағай
Ә.Әбішев
Өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиетінде әр түрлі жанрларды өнер тақырыбы – арналы тақырыптардың біріне айналды. Әсіресе, он тоғызыншы ғасыр және жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ әншілерінің, композиторларының өмірі көптеген лирикалық шығармаларға, әңгімелерге, повестерге, поэмаларға, романдарға арқау болды. Солардың бірі белгілі жазушы Әлжаппар Әбішевтің “Найзағай” романы. Романға аса танымал халық композиторы, әнші, ақын Мәди Бәпиұлының өнерпаздық, азаматтық өмірі арқау болған. Сонымен бірге жазушы Мәди өмірінің ұлт-азаттық көтерілісі қарсаңындағы өмірін арқау еткен “Жаралы сұңқар” повесінде жариялаған болатын. Бұл қос шығармада да Мәдидің ақындық, әншілік, қоғамдық өмірі туралы жазылады.
Ә.Әбішевтің “Найзағай” романындағы Мәди – жазушы суреттеуінде, өз заманының ері, батыры, халық қамқоры. Өзінің шығармашылық еңбегімен ол туған елінің рухын көтеруді ойласа, күнделікті тіршілік үшін күресте де ол халық қасында көрінеді. Әлжаппар өз кейіпкерін осындай екі жақты ұнамды бейнеде алады.
Автор өз кейіпкерін, Әуезов сияқты Абайды он үш жасынан бастап суреттегеніндей емес, өзін қоршаған ортаға деген наразылық көзқарасы қалыптасқан кезінен бастап суреттейді. Автор Мәди сияқты ел ақыны қашан да болсын халқымен бірге, оның қуанышы – халқы қуанса ғана деп қабылдауында деген тенденцияны білдірмек болған. Қазақтай елінің үлкені-кішісі, дені сауы мен кемтары ақынға бірдей. Ол бәрін де сүйеді, сол кем-кетік, кедей-кепшік үшін ол жанын үзіп беруге әзір.
Өткен дәуірдегі өнер иелерінің әділетсіздікке қарсы тартысы біздің революцияға дейінгі күресіміздің тарихына жаңа сәуле шашады дедік. Өзі өмір сүрген ортасы мен халқы сүйер өнерпаздың күрес-тартыста болмауы мүмкін емес.
Романда генерал губернатор Мәди әрекетіне ұлт намысын қорғайтын әрекетке ұласып кетпесе екен деген қауіппен қараса, жазушының екінші романында Мұстафа дәл ондай ойда болған жоқ шығар, бірақ қатігез болыс осынау ширақ жігіттің беделінен, өткір тілінен қаймығып, оны күшпен басып қоюды ойлайды.
Қарқаралы төңірегінде тұратын көне көз қарттардың пікірінше, Мәди үлкен айтыс ақыны да болған. Сондай айтыстардың бірі – Мәди – Дия қажы, Мәди - Әбіш айтыстары. Дия қажы “Жаралы сұңқарда” Зия деген атпен берілген. Әрине, Мәдидің Қаракесек руының бір тармағы Керней мен Сарым елінен шыққан екі ақынмен айтысы үлкен әлеуметтік дәрежеге жеткен деп айта алмаймыз. Бірақ осынау фактілерді автор өз мақсатына пайдаланып, бас кейіпкердің шығармашылық жолын, өнер жасау процесін көрсетуге алмас па?
Қаһарманның іс-әрекеті, күресі, сол тұстағы ел тұрмысының реалистік бейнесі, әдеби, тарихи шындық тұрғысынан алып қарағанда бұл роман қазақ прозасына қосылған өзіндік орны бар туынды.
М.Хамзин
О
Оспан батыр с.Әбілқасым
Сейітхан Әбілқасымның “Оспан батыр” тарихи романы екі кітаптан тұрады. Романның бірінші кітабы “Жұлдыз” журналының 1994 жылғы № 10-12 сандарында, екінші кітабы “Жұлдыздың” 1996 жылғы № 1 санында жарияланған. Қазақ халқының өмірінде із қалдырған ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы оқиғалар сырына үңілу, ел тіршілігінің ұрымтал тұстарын толымды көрсету, сол кезеңде өмір сүрген адамдар тағдырын сипаттау ілгерішіл тәсілдердің бірі десек, “Оспан батыр” романы да аласапыран заманда атқа қонған ерлер өмірін суреттеуге арналған. Мұндағы кейіпкерлер Оспан, Мәмей, Зуха, Сүлеймен, Ырысхан, Ноғайбай т.б. аса шытырман, қиын сәттерде сыналатын, дәуірлік ақиқаттың бетін ашуға септігін тигізеді.
Оспан батыр – романдағы ең қызықты тұлғалардың бірі. Оның өмірі қызғылықты, шытырман оқиғаларға толы және мінезі мен ісі нақты, ойлы адам ретінде көрінеді. Оспан сөзге сараң болғанмен, ой-өрісі кең, іштей толғанысы орамды, тиянақты, әр нәрсені жіті барлап, жете тұжырымдай білетін, ойын сыртқа шығарарда түйеден түскендей дүңк еткізіп қысқа қайратын, шорт мінезді жан ретінде көрінеді.
Романға арқау болатын оқиғалар қазақтың бір бұтағы Абай Керей рулары ару Алтайдың өрдегі үзілер сілеміндегі қара Ертістің бастау алған тұсында өтеді. Жазушы тарихта болған оқиғаларды, оның қозғаушы күштерін саралап, сол оқиғалардың мәнін жан-жақты ашып көрсетуді нысанаға алғанына куә боламыз.
Романның бесінші тарауында тәуелсіз елміз деген Шығыс Түркістан Сталин жіберген жендеттер мен жансыздардың қолына өткені жайлы, олардың зорлық әрекеттері едәуір орынды көрсетіледі:
“Тарихқа әйгілі жосылтып қанды із қалдырған қара түнекті құйын 1938-1939 жылдары үдей түсіп, әр ұлт халқын тұншықтыра тұқыртты. Сталин билік жүргізген Қызыл жауынгер, азамат өркенінің биігін отап, асылын жойып жасығын қалдырды. Қырғындаумен ырыс жиып, қанымен тояттады. Аш арландай аласұрып жан-жағын жалмап жұтқан ол, қанды қанжарын шекарадан асыра сілтеп әспенсіп, астамдыққа басты. Бодамшыл, өркөкірек өктемдікпен билеп-төстеп Моңғолия мен Шығыс Түркістанды мықтап шеңгелдеп, сығымдап қыса берді. Шығыс Түркістанды торлаған сол қара түнекті құйын күшті екпінмен тебітіп кіріп кеуледі”. Осы қатыгез қастандықтан Шығыс Түркістандағы ұйғыр, қырғыз, моңғол, Тарбағатай мен Баркөл бойындағы қазақтар да аман қалмағаны, керейдің ғұлама ақыны Ақыт, Халел тайжі, оның баласы Рахаттың айдауда кеткені, елдің еркіндігі табанға басылып, зомбылық халықтың кегін қоздырғанын автор нақты және дәлелдер келтіру арқылы жүзеге асырады.
1940 жылдары Ноғайбай бастаған ұлт азаттық көтерілісшілер мен Қытай армиясы арасындағы шайқастар жиілей түсіп, ұзақ жылдар бойында зорлық-зомбылық езгісі, ауыр алман салықтан аттап, ұлтты құрту жолындағы ашылған аран, осындай ерлік күреске байлатқаны суреттеле отырып, сол кезеңде өмір сүрген адамдар мінез-құлқына тарихи нақты, шынайы сипат дарыта баяндалады.
“Оспан батыр” романындағы Оспанның портреттік сипаттамасын бергенде жазушы тек жансыз сыртқы пішінін суреттеумен шектелмей, қаһарманның ішкі дүниесін, дара мінездік тұлғаларын, рухани эволюциясын жинақтап сомдайды.
“Оспанның ерекше бір қасиеті - өте қарапайым, кішіпейіл, өзін жоғары ұстамайды, қаршадайынан қара табан кедей болып өскендігі ме бұлданып, бәлсіну, шендену пиғылы онда болған емес. Соғыс кезінде де қол астындағы сарбаздарға қатал ескертіп әмір бергенімен, өзі солардың алдыңғы қатарында жүреді. Көбінде асқан ерлік көрсетіп, атай салып жападан жалғыз жау шебін бұзатын кездері жиі кезігеді”. Мінезіндегі қарапайымдылық пен батырлығын ұштастыра келіп, жазушы персонаждың пайдасына шешіп бергенін көреміз.
Романның соңында қазақтың дәстүрлі өлшемдері бойынша Оспан батырды ақ биенің саумалына шомылдырып, хан сайлаудағы болжымас ережелер орындалмағаны, жазда Алтай жайлауына барған соң барлығы атқарылатынын айтып алдаусыратқан маршал Чайбалсан бастаған топ өз істерін ат үсті тындырғаны баяндалады. Роман соңында “Уақыттық үкімет” бастығына Оспан, штаб бастығы болып Нұрғожа, Оспанның орынбасары болып Дәлелхан белгіленген.
Қорыта айтқанда, жазушы Сейтхан Әбілқасымның “Оспан батыр” романы белгілі өмір шындығын көркемдікпен игеріп, таныған, әлеуметтік ортаның шындығын көркейтіп жеткізген шығарма деуге болады.