- •§25. Тірішліктің пайда болуы туралы теориялар
- •§26. Тіршілік дамуының бастапқы кезеңдері
- •§30. Приматтар және адам эволюциясының негізгі кезеңдері
- •§31. Адам нәсілдері
- •§32. Генетикаға кіріспе. Мендельдің гибридологиялық әдісі
- •3. Мәдени өсімдіктердіц шығу орталықтары
- •§48. Табиғаттағы адамның іс-әрекеттері
- •2.Биоценология ғылымының негізін қалауға еңбегі сіңген глымдар?
- •§58. Экожүйелер құрылымы жөне қызметі
- •1. Туқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін гылым
- •2. Организмдердің өз белгілері мен қасиеттерін жэне даму ерекшеліктерін ұрпақтарына беру қабілетін не деп атайды?
- •VII тарау
- •1. Сыртқы орта жағдайларының әсеріне байланысты түқым қуаламайтын өзгерістердің қалыптасуын
- •3. Орта жағдайларына байланысты белгілердін өзгеру шегі
- •VIII тарау
- •3. Адамныц іс-әрекетімен жүретін эволюция
- •9. II кезен, бойынша экологиялык зерттеу жүргізген
- •10. Қолданбалы экология:
- •4. Организмнің тікелей немесе жанама эсер ететін бейорганикалық ортаның қүрам бөлігінің жиынтығы
- •6. Организмнің маусымдық өзгерістерге бейімделушілігін, тіршілігіндегі биологиялық процесс
- •8. Организм үшін өзіне тән қолайлы тіршілік ету аймағы, организмнің үрпақ беріп, толыққанды тіршілікті жалғастыратын аймақ
- •§63. Әлемдік экологиялык проблемалар
3. Мәдени өсімдіктердіц шығу орталықтары
1. Оңтүстік Азиялык тропиктік орталық
|
Баклажан, шай, күріш, қияр, лимон, апельсин, қант қамысы, манго, банан(50%) |
2. Шығыс Азиялык
|
Соя, тары, қытай алмасы, кұрма, алмұрт, алхоры, қарақұмық ж\е т.б |
3.Онтүстік-Батыс Азиялык орталық |
Жұмсақ бидай, аласа бидай, домалақ дәнді бидай, асбұршақ, жасымық, атбұршақ (чина), ноқат, мақта, зығыр, алмұрт,(14%) |
4. Жерорта тенізі
|
Орамжапырақ, зәйтүн, қызылша, бақша дакылдары
|
5. Абиссиния (Эфиопия)
|
Қатты бидай, арпа, кофе ағашы, зығыр, пияз, кырыққабат, сәбіз, жүзім, қызылша, тарна,банан
|
6. Орталык Америка
|
Жүгері, Америка үрмебүршағы, асқабақ, бұрыш, какао, темекі, батат, күнбағыс |
7. Оңтүстік Америка (Анд) орталығы
|
Картон, темекі, ананас, жержанғақ (арахис), қызанақ (помидор), какао, жүгері, мақта,хина ағашы.
|
.
Сол сиякты Алдыңгы Азияда кой, Кіттті Азияда ешкі үй жануарларына айналдырылған. Ірі караның арғы тегі — күдір (тур) ең алғаш Еуропаның біраз елдерінде қолга үйретілген. Жылкы Еуразия даласынан шыккан деген болжам бар. Орталык Америкада таутайлак (лама) жөне күркетауыктар колга үйретілген.
Үй жануарларының шығу тегі жайлы көптеген даулы пікірлер де бар. Мысалы, иттің шығу тегі туралы пікірталастар болған. Зерттей келе олардьщ каскырдан шыккандығы дөлелденді. Көдімгі койдың шыккан тегі жабайы аркарлар болып есептеледі. Олар біздің Қазакстанда кең тараған, сондай-ак ертеде оңтүстік Еуропа мен Алыңғы Азия тауларында тіршілік еткен. Кудір (тур) Еуразия мен Оңтүстік Африкада тараған, бірак бірте-бірте жойылған. Қазіргі колда өсірілетін жылкының арғы тегі Орта Азиядан табылған жабайы керқұлан (Пржевальский жылқысы) болып табылады.
ІV. Үйге 1.§40 оқу 37
V. 1. Даун ауруының пайда болу себебі қандай?
2. Клайнфельтер пайда болу себебі қандай?
3. Шерешевский-Тернер пайда болу себебі қандай?
4. Гендік аурулар пайда болу себебі қандай?
5.Фенилкетонурия пайда болу себебі қандай?
6.Алақан мен табан терісінің жұқаруы
. Құрғақ терінің бетінде дақтардың пайда болуы.
9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер селекциясы.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды өсімдіктер селекцияның әдістерімен,мақсатымен
таныстыру.
2. Оқушылардың оқу материалдарының мазмұнын меңгеру,
ойлау қабілетін дамыту .
3.Оқушыларды экологиялық тәрбие беру. .
Сабақтың түрі:проблемалық
Сабақтың әдісі: жоба құру, топтастыру .
Сабақтың пән аралық байланысы:, өсімдіктану,экология,тарих.,
Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,карта, Вавилов портері.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын тексеру.
VІ Бағалау.
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, .
ІІ, Мақсаты: Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін алу. 1. Жаппай сұрыптау-айқас тозаңданатын өсімдіктерге қолданады. Бұл кезде қажетті белгілерді таңдап алады да, сол белгісі бар ұрпақты бірнеше қайтара егеді.
2. жеке сұрыптау –бір жағымды белгісі бар дараны бөліп алады, егіп осы белгіні сақтаған ұрпақты таңдайды.
Будандастыру. 1. Туыстық будан.-туыстық қатытынасы бар,генотиптері ұқсас дараларды шағылыстыру.жағымды белгіні алу.
2. Туыстық емес будандастыру- бір-бірімен туыстық қатынасы жоқ гинотиптері әр түрлі даралар. Мақсаты –тіршілік қабілеті жоғары,өнімділігі жоғары,қолайсыз жағдайға төзімді будан алу.
3. Аутбридинг- будандастырудың жағымды жолы. өзгергіштік қабілеті жоғары гетерозиготалы будан.
4. әріден будандастыру.- нәтижесінде гетерозис алынады. Бұл ұрпақ ата-аналарымен салыстырғанда тіршілік қабілеті жоғары,өнімділігі мол, сапасы жақсы.
ІІІ. «Қазақстандағы сұрыптаушылардың жетістіктері» реферат тыңдау.
ІV. Үйге 1.§41 оқу.кесте толтыру. 125 бет.
Өсімдіктер орталығына тоқталу.
9-сынып Сабақтың тақырыбы: Жануарлар селекциясы.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды жануарлар селекцияның әдістерімен,мақсатымен
таныстыру.
2. Оқушылардың оқу материалдарының мазмұнын меңгеру,
ойлау қабілетін дамыту .
3.Оқушылар еңбекке тәрбиелеу. .
Сабақтың түрі:проблемалық
Сабақтың әдісі: жоба құру, топтастыру .
Сабақтың пән аралық байланысы:, жануартану,,тарих.,
Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,суреттер, .
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын тексеру.
VІ Бағалау.
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу,
ІІ 1. жаппай сұрыптау-қажетті бірнеше белгілері бойынша дараларды бөліп алып, ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалауын бақылау.Осы жалмен Қазақтың ақбас сиыры –етті ж\е қырдың қызыл сиыры.
Жеке сұрыптау тиімді бір белгісі бар дараларды бөліп алып,туыстық шағылыстыру қолданады.бүдан гомозигаталы күйге көшті. Мол өнім алғанмен сытқы ортаға төзімсіз болып шықты.
2. туыстық емес шығ-у әр түрлі қолтұқым алынады. Қажетті белгінің ұрпаққа берілуін қадағалайды.бұл әдіспен Иванов жергілікті мегежінді ағылшын ұқабанымен шағ-п,далалық ақ шошқаны алды.
3. Әріден шағылыстыру. Түраралық шағылыстыру нәтижесінде будан ұрпақ бермейді. Бие мен есекті шағылыстыру кезінде алынған қашыр өте төзімді. Осы жолмен Есенжолов,Бутарин,Жандеркин арқар мери нос қойын, арқар х биязы жүнді қоймен.
. Академик В.А.Бальмонттың басшылығымен етті-жүнді бағыттағы казактың биязы жүнді қойы, Дегерес және кұйрыкты Еділбай қойлары шығарылды. Ғалымдар Б.М.Мусин, Н.З.Ғалиакбаров өз әріптестерімен бірігіп, етті бағыттағы қазақтың ақбас сиырын, ал Д.Н.Пак баскарған ғалымдар тобы сүтті бағыттағы Алатау сиырын шығарды. Сонымен қатар Ю.Н.Барминцев, С.С.Рзабаев бастаған топ жылкыныңетті-сүтті бағыттағы Көшім және Мұғалжар қол тұқымдарын шығарды.
ІІІ. Мынадай кестені толтырып, ауызша түсінік беріңдер.
Шағылыстыру жолдары |
Мақсаты |
Нөтижелері |
Мысалдар |
Шаруашылықтық ж\е селекциялық манызы |
1. жаппай |
|
і |
|
|
ІV. Үйге 1.§42 оқу.
V. ІІ 1. жаппай сұрыптаудегеніміз не ?
2. туыстық емес сұрыптау түрлері қандай?
3.кестені тексеру.
4. Өсімдік селекциясын дамытуға еңбегі сіңген ғалымдар.
9-сынып 24.02. 2008ж
Сабақтың тақырыбы: Микроорганизмдер селекциясы.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды микроорганизмдер селекцияның әдістерімен,мақсатымен таныстыру.
2. Оқушылардың оқу материалдарының мазмұнын меңгеру,
ойлау қабілетін дамыту .
3.Оқушылады мамандықтаңдауға, еңбекке тәрбиелеу. .
Сабақтың түрі:дәріс
Сабақтың әдісі: жоба құру, сұрақ-жауап .
Сабақтың пән аралық байланысы:, жануартану,,тарих.,
Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,суреттер, .
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын тексеру.
VІ Бағалау.
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу,
Тамақ өнеркөсібінде нан пісіру, спирт алу жөне сүт ашыту, одан өр түрлі тагамдар даярлау, шарап жасау жұмыстары микроорганизмдердің тіршілік әрекетіне негізделген. Мұндай штамдар мал шаруашылығы үшін азықтық нәруызды, тамақ өнеркәсібі мен медицинада қолданылатын ферменттер мен витаминдік препараттарды өндіруде маңызды рөл атқарады.
Микроорганизмдер штамдарын алуда тәжірибелік мутагенез бен сұрыптау әдістерін қолданады. Түрлі радиоактивті сәулелермен және химиялық мутагендік заттармен әсер ету арқылы қажетті өнімдерді көп мөлшерде бөліп шығаратын мутантты штамдар алады.осы әдісті пайдалану арқылы . Мысалы, пенициллиум зең саңырауқүлағынан пенициллин, актиномицеттерден стрептомицин мен биомицин антибиотиктері алынып, адамның түрлі жұқпалы ауруларын емдеуге кеңінен қолданылады. Мутантты формалардан алынатын антибиотиктердің мөлшері кәдімгі штамдарға қарағанда 10—12 есе жоғары келеді. Сонымен қатар организмге кажетті аминқыш-қылдар мен витаминдер бөліп шығаратын жаңа мутанттар да шығарылды. Осындай бір бактериялык мутантты штамм кәдімгі штаммен салыстырғанда жануарлардың дұрыс өсіп жетілуін қамтамасыз ететін лизин ам.қыш 500 есе артық бөледі. Біздің елімізде микроорганизмдердің антибиотиктерді көп бөліп шығаратын мутантты формаларын алуға М.Х.Шығаева, Н.Б.Ахматуллина, К.А.Төлемісова, т.б. ғалымдар зор үлес қосты. Биотехнология және гендік инженерия. Биотехнология дегеніміз — тірі организмдер мен биологиялык процестерді адамның мақсатына сай өндірісте колдану. Биотехнологияның басты міндеті — халықты азық-түлікпен камтамасыз ету үшін мал шаруашылығы өнімдері мен мәдени өсімдіктерд. өнімін арттыру, микроорганизмдерден азыктық, нәруыз алуды жоғарылату, адам өміріне қажетті ам.қыш-ы, витамиңдерді, ферменттер мен антибиотиктерді мол ендіру. Биотехнологияньщ осы максатта жұмыс істейтін бағыты — өндірістік микробиология.
Автокөліктер шығаратын улы газдарды, ауыл шаруашылығы ж\е өндіріс қалдыктарын, ірі калалардан шығарылатын лас суларды микроорганизмдердің, көмегімен тазартады, Егістіктер мен бау-бакшалардағы арамшөптерге, түрлі зиянкес жәндіктерге қарсы күресуге колданылатын адам денсаулығы үшін зиянды пестиц-ң орнына экологиялық таза препараттар алу да биотехнлогиялык жолмен іске асырылуда.
Соңғы кезде мұнай мен газ қорының азайып, қымбаттауына байланысты кейбір мемлекеттерде фотосинтез нетижесінде түзілген органикалық заттарды микроорганизмдердің көмегімен спиртке айналдырып, жанармай ретінде пайдалану мүмкіндігі ашылды.
Өндірістік микробиологияны металлургияда пайдалану да жаксы нөтиже көрсетуде. Бактериялардың көмегімен уран, алтын және күмісті бөліп алу да жолға койылған. Кейбір бактериялар минералдарды тотықтырып, оларды жақсы еритін қосындыларга айналдыру. Бактериялардың осы қасиетін пайдаланып, бүкіл дүние жүзінде жылына мыстың жүздеген мың тоннасын өндіруге мүмкіндік туды. Бұған жұмсалатын шығын байырғы қарапайым әдіспен ендіруден 2—3 есе арзанға түседі. Осы аталған және баска да көптеген мөселелерді шешуде биотехнология молекулалық биологияның жаңа саласы — гендік инженериямен тығыз байланыс жасайды.
Гендік инженерияда гендерді тасымалдау арқылы түраралық кедергілерді жойып, қажетті тұқым қуалайтын белгілерді бір организмнен екіншісіне беру іске асырылады."Инженерия" түсінігінің өзі "күрастыру" деген мағана. гендік инженерия организмнің жағымды белгілерін сақтай отырып, оған арнайы мақсатта қосымша жаңа қасиет беріп, генотипін қалаған бағытта өзгерту болып табылады. Гендік инженерияның көмегімен бактериялық клеткадан вирустық ауруларды емдеуге қолданылатын интерферон және өсу гормоны — соматотропин нәруыздарын алды. Қантты диабет ауруын емдеуге колданылатын инсулин гормон алудың арзан жолы табылды. Бұрын инсулин жануарлардың ұйкы безінен ете қымбатқа түсетін жолмен алынатын еді. Қазіргі кезде гендік инженерия әдісімен ішек таяқшасы бактериясынан
Аус. ғалымдар гендер құрамына өсу гормонының генін енгізіп, шошкадан екі еседей жылдам өсетін шошқаның жаңа қолтұқымын шығарды.кәдімгі
Ағылшын ғалымдары геномына қанның ұюын тездететін ген енгізілген қой алды. арзанға түсетін препаратты гемофилия ауруын емдеуге колданады.
Геном — гаплоидті хромосомаларда орналасқан гендердің толық жиын-ғы.
ІІІ.Мынадай кестені толтырып, оған түсінік берікдер.
Микроорганизмдер селекциясынын бағыттары |
Бағытт-ң мәні |
Мысалдары |
Практикалық мацызы |
|
|
|
|
ІV. Үйге 1.§43 оқу.
V. Тест сұрақтары
1. Тарының әр гектарынан 201 ц өнім алып дүниежүзілік рекорд жасаған кім? а) М. Муратов; ә) Ы. Жақаев; б) Ц. Әбуғалиев;в) Ш. Берсиев.
2. Тамақ өнсркәсібінде қодданылатын микроорганизмдер қалай аталады?
а) патогенді бактерияяар; б) ашытқы бактерияпары; ә) сапрофитті бактерияяар; в) зең саңырауқүлақтары.
3. Мезозой заманынан бері сақталып келе жаткан тұмсықбастылар отрядына жататын гаттерия қандай сұрыптауға мысал болып табылады?
a) мутациялық; 6) қорғаушы; ә) тұрақтандырушы; в) жеке сүрыптау.
4. Сұрыптаудың теориялық негізі қай ғылым?
а) селекция; ә) эволюция; б) мутация; в) биология.
5. Алынған будандастыру нәтижесінде бие мен есектің арасынан қандай будан алынады?а) арқар-меринос э) алатау сиыры; б) қашыр; в) ақбас сиыр.
6. Гетерозис туралы ұғымды алғаш қай ғалым енгізді?
а) К. Шееле; э) П. Лукьяненко; б) Г.Карпеченко; в) М. Иванов.
7. Сұрыптаудың қандай түрін пайдаланып гетерозиготалы топтар алуға болады? а) жеке сурыптау; б) жаппаи сұрыптау;
ә) табиғи сүрыптау; в) қолдан сурыптау.
8. Жануарлардан асыл қолтұқамдар алу үшін сұрыптаудың қандай тұрін пайдалану қажет?
а) жаппай; ә) жекелей; б) инбридинг; в) аутбридинг.
9. Органикалық заттардың қалдықгарын шірітіп ыдырататын бактериялар.
а) ашыткы бактерияяар; б) патогенді бактериялар;
ә) сапрофитті бактерияяар; в) сүт қышкыяы.
10. Ірі караның сүтгі тұқымы алатау сиырын алған кім?
а) Д. Пак; ә) А. Жандеркин; б) Н. Бутарин; в) Б. Мусин.
11. Украинаның далалық ақ шошкя крлтұкдомын алған кім ?
а) М. Иванов; ә) И. Мичурин; б) Г. Карпеченко; в) И. Әбуғалиев.
12. Мүйізді ірі караның етті тұқымы қазақгың ақ бас сиырын шығар-ған ғалымдар?
а) Б. Мусин, Н. Галиакбаров; б) Ф. Мухаметкалиев, М. Иванов; о) В. Бальмонт, Б. Мусин; в) А. Жандеркин, Ә. Есенжолов.
13. Жаппай сұрыптауда ірі қараның қандай тұқымдары алынды?
а) қазақтың ақбас сиыры; б) даланың сүтті сиыры;
ә) қырдың қызыя сиыры; в) даланың етті сиыры.
14. Трансплантация әдісімен дүние жүзінде алғаш қозы алған ғалым?а) Б. Мусин б) Н. Галиакбаров;ә) М. Мухамбетқалиев;в) Ә. Есенжолов.
15. Инженерия сөзі кдндай мағына береді ?
а) араластыру; ө) қурастыру; б) қосу; в) ажырату.
16) Түраралық будандастыруды пайдаланып арқар меринос тұқымын қаңдай ғалым алды?
а) Н. Бутарин; ә) И. Мичурин; б) Ә. Есенжолов; в) М. Иванов.
17. Сұрыптаудың қандай түрінен гомозиготалы топтар бөліп алуға болады? а) қолдан сұрыптау; б) жеке сұрыптау;
ә) жаппай сүрыптау; в) қозгаушы сурыптау.
19. Дүние жүзіндегі мәдени өсіңдіктердің шығу тегін зерттеп, мәдени орталықгарын ашқан ғалым:
а) И. Мичурин; ә) Н. Вавилов; б) В. Ковалевский; в) Г. Карпеченко.
20. Қай жылы, кай жерде геномында қан ұйыту гені бар трансгенді қой алынды?
а) Жапонияда 1981 жылы; б) Англияда 1990 жылы;
ә) Австралияда 1987 жылы; в) АКЩ-та 1989 жылы.
1-в; 2-б; 3-ә; 4-а; 5-6; 6-а; 7-6; 8-в; 9-ә; 10-а; 11-г 14-ә;
15-ә; 16-а , б; 17-6; 18-6; 19-ә; 20-б.
8. Тұрып пен орамжапырақ түраралық буданын қандай ғалым алды?
а) И. Мичурин; ә) П. Лукъяненко; б) Г. Карпеченко; в) М. Иванов.
21. Күріштің эр гектарынан 171 ц өнім алып дүмиежүзілік рекорд жасаған кім ?
а) Ш. Берсиев; э) М. Муратов; б) Ы. Жақаев; в) И. Әбуғалиев.
22. И. Мичурин Антоновка мен ананас Ранетінің онтүстік іріктемелерін гибридтендіру архмлы кдндай алма ағашын алды?
а) Сібірлік К,ытай; б) Славянка;
ә) Бельфлер-китайка; в) Кандиль- китайка.
23. Бидайды карабидаймен будандастыру аркылы тритикале деп аталатын мәдени осімдіктің жаңа іріктемесін алған академик ғалым .
2і) Н. Бутарин; ә) И. Мичурин; б) Н. Цицин; в) Г. Карпеченко.
24. Бельфлер-китайка алма ағашын И. Мичурин кдндай одісті пайдаланып алды?
а) будандастыру; б) тэрбиелеу немесе ментор;
ө) сурыптау; в) инбридинг.
25. Кдй жылы кдй елдің ғалымдары геномында осу гормонының гені енгізілген трансгенді шошқа алды?
а) Жапонияда 1981 жылы; б) Англияда 1990 жылы ■
э) Австралияда 1987 жылы; э) АКЩ-та 1989 жыл-
Тест жауаптары
1-в; 2-б; 3-ә; 4-а; 5-6; 6-а; 7-6; 8-в; 9-ә; 10-а; 11-г 14-ә;
15-ә; 16-а , б; 17-6; 18-6; 19-ә; 20-б; 21-б; 22-б; 23-б 24-б,25-ә
1. Микроорганизмдер селекциясынын шаруашылық салаларындағы ма-нызы кандай? 2. Өнеркөсіптік микробиологияға мысалдар келтіріңдер.
3. Биотехнология деген не? Оның кандай жетістіктерін білесіңдер?
4. Гендік инженерия деген не? Онын ауыл шаруашылыгында, өнеркөсіпте және медицинада кандай маңызы бар?131 актиномицеттердің, ашыткы
? 1. Жануарлар селекциясының ерекшелігі неде? Жаппай және жеке сұрып-таудыа мақсаты кандай? 2. Туыстык шағылыстыруға қандай даралар алынады? Бұл әдістін жағымды, жағымсыз жактары неде? 3. Өрілен шағылыстырудың нөтижесіне мысал келтіріңдер. 4. Жануарлар селек-циясындағы қазақстандық ғалымдардын кол жеткен табыстарын атап көрсетіңдер.
|
|
|
|
|
|
|
|
1-сызбанусқа |
|
ЭКОЛОГИЯ |
|
||||||
|
—У— 1 |
1 |
|
|
||||
Биоэкология |
|
Өлемдік экология |
|
Адам экологиясы, өлеуметтік экология |
|
Қолданбалы экология |
||
Жалпы экология, микроорганизм-дер әкологиясы, өсімдіктер эколо-гиясы, жануар-лар экологиясы, т.б. |
|
Кұрлык эколо-гиясы, мұхиттар экологиясы, тұ-шы сулар экологиясы, т.б. |
|
Кала экологиясы, ауыл экологиясы, адам экологиясы, т.б. |
|
Өндіріс экологиясы, ауыл шар-уа- ШЫЛЫҒЫ ЭКОЛОГИЯСЫ, медицина экологиясы, т.б. |
||
Т Экология. Биоценоз. Табиғи орта. Экожүйелер. Биосфера. Микро- жене макроэкожүйелер. Табиғат ресурстары.
.
Соңғыжылдары дүние жүзінде экологиялык жағдайлар шиеле-нісе түсуде. Оның көптеген себептері бар. Негізгі факторлар көбінесе адамның іс-әрекетінен туындап отыр. Ең басты мөселенін бірі — жер шарындағы халык санының артуы. Жер шарындағы халыкты азык-түлікпен, жылу энергиясымен, киім-кешекпен, т.б. материалдык жағдайлармен қамтамасыз ету үшін каншама табигат ресурстары кажет. Оның үстіне, XX ғасырда адам гылым мен техниканы игеру жагынан да бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жетіп отыр. Өсіресе ғылыми-техникалык прогрестің дамуы коршаган орта жағдайын нашарлатьш, адамдардың денсаулығына орасан зор зиян келтіруде
Биология.9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Дүние жүзі және Қазақстан экологсы.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды дүние жүзі және Қазақстан экологсы жағдайларымен таныстыру.
2. Оқушылардың оқу материалдарының мазмұнын меңгеру,
ойлау қабілетін дамыту .
3. Қоршаған ортаның экологиясын сақтауға, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Пікірталас.
Сабақтың әдісі: жоба құру, сұрақ-жауап .
Сабақтың пән аралық байланысы:, жануартану,,тарих.,
Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,суреттер, .
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын тексеру.
VІ Бағалау.
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.
ІІ.Дүние жүзіндегі жөне Қазакстандағы қазіргі экологиялық мәселелер
Әлемдік экологиялык мөселелердің ішіндегі ең қауштілер-ң бірі — биосфераның ластануы. Ластану — жер шарының физиқалық, химиялық, биологиялық сапасының төмендеуі мен экожүйелердегі күрделі өзгерістер арқылы көрініс беруде. Жер бетіндегі мүндай өзгерістер ірі дауылдар, су тасқындары, жанартауатқылауы,теңіздермен мұхиттардың көтерілуі немесе төмендеуі, қуаңшылық, өрт сияқты апаттарға апарып соғуда. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-әрекеттері ғаламшардағы тіршілік үшін қауіп тудыратын өзгерістерді тудыратын денгейге жакындады.
Табиғат шектен тыс еркіндік пен кездейсоқтыкты көтермейді. Өз кезегінде табигат та адамның жіберген қателіктеріне жауап ретінде экологиялык апаттарды "сыйға" тартады. Мысалы, коршаған ортаның химиялык ластануьшан жер шарында "жылу эффектісі", "озон тесігі", "қыгшқыл жаңбырлар", "фотохимиялык у түтін" сиякты дүниежүзілік экологиялық мәселелер жиі байкалып отыр. Аталған апатты құбылыстар бүкіл ғаламшардың ырғақты тепе-теңдігін бұзып, дүниежүзілік климаттың өзгеру каупін туғызуда. Мысалы, адам Қарабүғазкөлді Каспий тенізінен топырак қамалы арқылы бөліп, теңіз денгейшің төмендеуін тоқтаткысы келді, Алайда құрғап калған шығанактық айдаладағы ортаға, жалпы шаруашылык салаларынан зиян келтіретіні ескерілмеді. Кейіннен, 25—30 жыл еткен соң Каспий теңізі деңгейінщ төмендеуі шығанақпен байланысты еместігі, оның жердің эволюциялық даму заңына тәуелді екені айкындалды. Ал кұрғап калган шығанақ түбінен атмосфераға жыл сайын 120—140 млн т натрий сульфатының тозаңы көтеріліп, тек Түрікменстан мен Қазақстан ғана емес, сондай-ак Ресей, Кавказ, Орта Азия, Түркия, Иран, Қытай, Монголия мен Еуропанын біркатар елдері химиялық ластанып отыр. Әсіресе Қазакстанға үлкен экономикалық зиян келтіруде. Соның салдарынан егіннің түсімділігі мен м/ш-ң өшмділігі төмендеп, халық арасында түрлі аурулар көбейіп кетті. Каспий теңізінің деңгейі қайта көтеріліп, жағалауды су баса бастады. Кейін топырақ камал алынып, теңіз суы шығанакқа жіберілді.
Арал апаты ғаламшарлық сипат алуда. Оның зиянды әсерін қазірдің өзінде көптеген мемлекеттер сезінуде. Сондыктан да Арал мәселесіне Германия, АҚШ, Жапония, т.б. елдердін араласуы тегін емес.
Қазакстанда соңғы жылдары Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі жөне Арал теңізі мен Балкаш көлі деңгейішн төмендеуі жалпы ауа райына, фауна мен флоранын калыпты тіршілігіне зиян келтіруде. Аталган су алаптарынын өңірінде мыңдаған гектар орман-тоғай, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі азайып, бұрынғы тамаша табити жайылымдар мен шалғындыктардың
орнына тіршілігі бұзылган немесе жойылуға жақын құмдар мен шөлейтті, сортан тақырлар пайда болды. Арал теңізінің тартылуына байланысты көптеген мәселелер туындады.
Балқаш өңірі де күрделі өзгерістерге ұшырады. 1970 жылы Балқаш көліне қүятын Іле өзенінщ орта ағысы тұсынан Қапшағай су электр станциясының салынуы Іле — Балкаш су алабының экологиялык жағдайын шиеленістіріп жіберді. Ғасырлар бойы калыптасқан табиғат кешені бұзылды. Қалшағай сукоймасы өзінін аукымын кенейте түсіп, мыңдаған гектар табиғи жайылымдар мен тоғайлар су астында қалды. күріш, бау-бакша дақылдарын өсіру жоспарланып, Іле суыньщ Балкашқа кұю мүмкіндігі азая түсті. Оның үстіне, Шарын өзенінің бойында Бестөбе бөгенінің, Үлкен Алматы тоғанының салынуы ол жерлерде табиғаттын тепе-теңдік калпьш бұзып, соньщ нәтижесінде "Қызыл кіталка" енген тораңғы, үйеңкі ағаштарынан тұратын жиделі нутоғайлары жойыла бастады. Іле өзенінің тоғайындағы елік, доңыз, мәлін, камыс мысығы, қырғауыл, т.б. көптеген аңдар мен күстардың саны азайып кетті. "Әнші қүм", "Таңбалы тастар", "Шарьш саябағы" сиякты белгілі табиғат ескерткіштеріне толы Іле бойы экологиялық апатты аймаққа айналды.
Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Нүра, Тобыл, Көксу өзендері өндіріс қалдықтары мен тұрмыстық лас сулар, ауыр металдар, химиялык зиянды заттармен ластануда. Ал Каспий тенізінің мұнай өнімдерінен ластанғаны сонша, судағы балықтар мен жағалаудағы құстардың, итбалықтардың жаппай қырылып қалу фактілері жиі кездеседі.
Елімізде топырақтың қүнарсыздануы, шөлейттену, жайылымдардын, табиғат ландшафтыларынъщ өзгеруі табири ортаға кері ықпалын тигізуде.
Қазакстанның экологиялык жағдайы табигатты тиімді пай-далану, көркейту және корғау мен кайта қалпына келтіру жүмыстарын жүйелі әрі ғылыми негізде, кешенді тұрғыда жүргізуді кажет етеді.
ІV. §45. оқу.
V. ? 1. Экология ғылымы нені зерттейді?
2. Экологияның басқа ғылымдармен кандай байланысы бар?
3. Экология ғылымының калыптасу кезеңдері туралы не білесіңдер?
4. Экология ғылымының қандай салалары бар?
5.Экология ғылымының негізін қалаушы және дамытушы ғалымдарды атандар.
? 1. Дүниежүзілік әкологиялық мөселелерге не жатады? 2. Экологиялык
меселелердің туындау себебі неде? 3. Каспий, Арал теңіздерінің мәсеяелері туралы не білесіндер? 4. Экологиялык мөселелерді шешудін кандай жолда-ры бар?
^ Өздерің түратын жердегі экологиялык мәселелер туралы реферат жазыңдар.
136
9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қала экологсы.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды қала экологиясы туралы ғылыми түсініктер қалыптастыру.
2. Оқушылардың оқу материалдарының мазмұнын меңгеру,
ойлау қабілетін дамыту .
3. Қоршаған ортаның экологиясын сақтауға, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Пікірталас.
Сабақтың әдісі: жоба құру, сұрақ-жауап .
Сабақтың пән аралық байланысы:, жануартану,,тарих.,
Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,суреттер, .
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын тексеру.
VІ Бағалау.
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.
ІІ.. Қала экологиясы Ірі калаларда халызқ санының артуы тұрмыстық-коммуналдық құрылыстар мен өнеркәсіп орындары, зауыт, фабрикалардың салыну қажеттігін тудырады. Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалык және ақпа сулар көптеп жинакталуда. Қазакстанда жыл сайын шығарылатын ақпаба судын мөлшері, шамамен, 6 млрд м3 деп есептеледі. . Осындай каланың бірі — оңтүстік астана атанған Алматы каласы.Алматы қаласының халкы жыл сайьш артып, білім, ғылым ж\е мәдениет ошағына айналуда. Осы уакытка дейін Алматы каласының пайдаланылған тұрмыстык-коммуналдык суы 70 км жердегі Жаманқұм және Сорбұлақ жасанды көлдеріне жинақталып, ірі жасанды көлдерге айналған болатын.
Қалылты экологиялық жағдай 1986 жылы бұзылды, Жылдар бойы жинақталған ақпа су Жаманқұм жағалауын бұзып-жарып, Қапшағай сукоймасына қарай ақты. Бұл апатты жағдай көптеген құрылыстарды қиратып, шығынға ұшыратты. Қалшағай суқоймасы ластанып, демалыс орындары уакытша қызметін тоқтаткан болатын. Жаманқұм су жинактау орнының жойылуы Сорбүлаққа үлкен салмақ түсірді. Казір Сорбүлак суы шамадан тыс көбейіп, кауіпті деңгейге жетті. Суды азайтатын каналдар калылты жүмыс істемейді. Осының салдарынан Сорбүлактары су айдыны 60 км2-ге артып, ұзындығы — 15 км, ені — 8 км, терендігі — 18 метр, ал жинақталған судын көлемі 1 млрд м3-ка жетіп отыр.
Жасанды көлдің жиегін бүзып кету каупі күн өткен сайын өсе түсуде. Кейбір болжамдар бойынша Сорбүлак апаты болған жағдайда Іле — Балкаш алабы бүрын-сонды болмаган апатңа үшырап, шамамен 50000 түрғыны бар Балкаш өңірі зардап шекпек. Іле бойындағы гидромелиорациялык станциялар, елді мекендер, егіс алкаптары мен өзен бойындағы тоғайлардың ақаба су астьшда қалу қаупі төнуде.Сорбұлақ апаты әкелетін зардаптар қандай болмақ? Сорбұлақ жасанды келінің су сапасы өте кауіпті. Су құрамында көп мөлшерде уыттар (токсин), фенолдар, мұнай енімдері, нитриттер, ауыр металдар, т.б. зиянды химиялык заттар жинақталған. Зиянды заттардьщ шекті рауалы мөлшері (ШРМ) есепке алынбаған. Су күрамындағы химиялык кослалар тіршіліккө өте кауіпті диоксин тәрізді заттарды түзуі мүмкін. Ал диоксинді екінші дүниежүзілік соғыста улағыш қару ретінде колданган. Әрине Сорбүлақ көлінде судың өздігінен тазалану процесі журіл жатыр. Бірак оның түракты тазалану механизміне үздіксіз ағьш келіп косыльш жатқан лас сулар мүмкіддік бермей отыр.Тағы бір қауіпті мәселе — көлдегі органикальщ заттардың есебінен жәндіктердін кебейе түсуі. Нәтижесінде Сорбүлак
ІІІ. Пікірталас ұйымдастыру үшін сұрақтар беру.
ІV. Үйге 1.§46 оқу.
V. 1. Каспи,Арал теңізінің мәселері туралы ойларын ортаға салу.
2. Нарынның экологиясына тоқталу.
9-сынып 11.03. 2008ж
Сабақтың тақырыбы: . Өндіріс және тұтыну қалдықтары.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды өндіріс және тұтыну қалдықтарымен тан.ы стыру.
2. Оқушылардың оқу материалдарының мазмұнын меңгерте отырып,қалдықсыз өнім өндіруге жаңа жолдар іздестіру қабілетін қалыптастыру.
3. Қоршаған ортаның экологиясын сақтауға, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Проблемалық.
Сабақтың әдісі: жоба құру, сұрақ-жауап .
Сабақтың пән аралық байланысы:, жануартану,,тарих.,
Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,суреттер, .
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын тексеру.
VІ Бағалау.
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.
