Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гот.стандарты каз, окончат.вар детские укорочен...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
487.94 Кб
Скачать
  • эксикоз жоқ болған жағдайда – қолдау сатысына көшу.

    10. Қолдау сатысын құсу және нәжістің сұйылуы тоқталғанға дейін өткізу.

    Ескерту.

    1. Ауыз арқылы регидратацияны эксикоздың 1-2 дәрежесінде өткізу.

    2. 2 сатыда өткізу қажет: а) біріншілік регидратация – нақты жоғалтылған сұйықтықтың мөлшерін 4 немесе 6 сағаттың көлемінде толықтыру;

    б) қолдау – эксикоздың қайталануының алдын алу.

    3. Глюкзо- тұзды ерітіндіні қайнатуға болмайды, 1 тәуліктен артық сақтауға болмайды.

    Нәрестеге және ерте жастағы балаларға тазартқыш клизмасын қою алгоритмі

    Көрсеткіші: нәжістің тұрып қалуы

    Керекті құралдар:

    • бөлме температурасына сәйкес суы бар ыдыс (20-220 С)

    • ұштығы бар резеңке баллон (№ 1-6)

    • вазелин майы

    • резеңке қолғап, алжапқыш

    • клеенка, жөргек

    • сүлгі

    • қолданылған заттарға арналған лоток

    • горшок

    1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    2. Керекті құралдарды дайындау.

    3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап және алжапқыш кию.

    4. Қатты тегіс жерге клеенка және жөргек төсеу.

    5. Баланы сол жақ қырына, тізесін бүгіп және аяқтарын ішіне жинап жатқызу (6 айға дейінгі баланы арқасына, аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу).

    6. Баллонды оң қолға алып, ауасын шығару, суды сорып алу. Судың температурасы - 20-220 С.

    7. Баллоның ұштығын вазелин майымен майлау.

    8. Сол қолмен баланың жамбасын ашу және сол қалыпта бекітіп ұстау.

    9. Баллонның ұштығын жоғары қаратып саусақтармен басу арқылы жайлап ауасын шығару (одан кейін баллонды босатпау керек). Баллонды анальді тесікке енгізіп алғашқыда кіндікке қарай, одан әрі, анальді тесіктің сфинктрінен өткеннен кейін, сегіз көзге параллель бағытында тік ішекке қарай жылжыту.

    10. Баллонды жайлап қысып суды жіберу. Баллонның қысылған күйінде, ұштықты тік ішектен алу. Баллонды лотокқа, одан кейін дезерітіндіге салу.

    11. Баланың жамбасын 3-5 мин қысып ұстау. Нәжіс бөлінгенге дейі баланы арқасына жатқызу, жыныс мүшелерін жөргекпен жабу. Үлкен жастағы балаларды горшокқа отырғызу.

    12. Клеенка және жөргекті алып дезерітіндіге салу.

    13. Дефекациядан кейін баланың жыныс мүшелерін жуу. Сүлгімен құрғатып сүрту, табиғи қыртыстарын майлау. Баланы киіндіру.

    14. Алжақышты шешу, дезерітіндіге салу.

    15. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру.

    Ескерту.

    Тазарту клизмасына арналған судың мөлшері баланың жасына сәйкес алынады:

    • нәрестелерге – 25-30 мл;

    • емшек жасындағы балалар – 50-150 мл;

    • 1-3 жас -150-250 мл

    Ерте жастағы балаларға жел шығарғыш түтікше қою алгоритмі

    Көрсеткіші: тоқ ішекке ауаның жиналуы

    Керекті құралдар:

    • вазелин майы

    • резеңке қолғап, алжапқыш

    • клеенка, жөргек

    • сүлгі

    • жел шығарғыш түтікше (№1 - 6)

    • суы бар ыдыс.

    1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    2. Керекті құралдарды дайындау.

    3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап және алжапқыш кию.

    4. Қатты тегіс жерге клеенка және жөргек төсеу.

    5. Жел шығарғыш түтікшенің бітеу жағын вазелин майымен майлау.

    6. Баланы сол жақ қырына, тізесін бүгіп және аяқтарын ішіне жинап жатқызу (6 айға дейінгі баланы арқасына, аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу).

    7. Сол қолмен баланың жамбасын ашу және сол қалыпта бекітіп ұстау.

    8. Жел шығарғыш түтікшенің бітеу жағын қысып ұстау. Ақырындап, күш салмай анусқа енгізу және жайлап жылжыту: 1-2 см кіндікке қарай, одан әрі омыртқа жотасының бойымен.

    9. Жел шығарғыш түтікшенің екінші жағын суы бар ыдысқа салу.

    10. Баланың ішін сағат тілінің бағыты бойынша айналдыра сипалау.

    11. Суы бар ыдыста ауа көпіршіктерінің бөлінуі тоқталғаннан кейін салфетканың көмегімен түтікшені алып тастау.

    12. Клеенка және жөргекті алып дезерітіндіге салу.

    13. Дефекациядан кейін баланың жыныс мүшелерін жуу. Сүлгімен құрғатып сүрту, табиғи қыртыстарын майлау. Баланы киіндіру.

    14. Алжақышты шешу, дезерітіндіге салу.

    15. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру.

    Ескерту. Жел шығарғыш түтікшені енгізу тереңдігі баланың жасына байланысты болады (жаңа туған нәрестелерде 6-8 см).

    Копрограммаға нәжісті жинау алгоритмі

    Көрсеткіші: ащы және тоқ ішектердің қызметінің бұзылуын анықтау үшін нәжісті макроскопиялық және микроскопиялық зерттеу; асқазан асты безінің қызметін анықтау

    Керекті құралдар:

    • таза құрғақ шыны ыдыс

    • таза ағаш шпатель

    • резеңке қолғап

    • горшок (таза, қайнаған сумен шайылған)

    1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    2. Керекті құралдарды дайындау.

    3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.

    4. Нәжісті таза шайылған горшокқа тек зерттеудің алдында ғана жинап алу.

    5. Нәжісті таза шпательмен таза шыны ыдысқа салу.

    Зерттеу үшін нәжісті әр жерден алады – 15-20 гр -1 ж бала; 100-200 гр - үлкен балада.

    1. Шпательді дезерітіндіге салу.

    2. Жолдама толтыру.

    3. Материалды 1 сағ көлемінде зертханаға жеткізу.

    4. Горшокты материал алғаннан кейін дезерітіндіге салу, одан кейін ағынды сумен шаю.

    5. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу.

    6. Қолды жуу, кептіру.

    Ескерту. Нәжіс жаңа бөлінген, жылы күйінде жиналғаннан кейін 1 сағаттың көлемінде зертханаға жеткізілу қажет.

    Энтеробиозға қырынды алу алгоритмі

    Көрсеткіші: құрт ауруын анықтау және одан әрі емдеу

    Керекті құралдар:

    • 50% глицерин немесе натрий гидрокарбонатының 1% ерітіндісі

    • таза ағаш шпатель

    • резеңке қолғап

    • заттық және жабынды шыны

    • крафт-қағаз, резеңке, бланк-жолдама

    1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    2. Керекті құралдарды дайындау.

    3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.

    4. Баланы бір қырына аяқтарын ішіне қарай тартып жатқызу.

    5. Шпательдің ұшын 50%глицеринге немесе натрий гидрокарбонатының 1% ерітіндісіне малу.

    6. Заттық шыныға 1 тамшы 50% глицерин тамызу.

    7. Сол қолмен баланың жамбастарын ашып, анус маңындағы қыртыстардан және тік ішектің төменгі бөлігінен шпательмен қырна алу, одан әрі пациент өзіне ыңғайлы жағдайда жатуына болады.

    8. Шпательдің қырна алынған ұшын заттық шыныдағы глицерин тамшысының үстіне салу, жапқыш шынымен жабу.

    9. Шыныларды крафт-қағазға орап, резеңкемен бекіту.

    10. Жолдама жазып материалды зертханаға 1 сағ көлемінде жеткізу.

    11. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу.

    12. Қолды жуу, кептіру.

    Ескерту. Пациентке (ата-анасына) тексеріске таңертеңгі уақытта үлкен дәретке отыру алдында келу қажеттігін ескерту қажет.

    Нәжісті құрт жұмыртқаларына жинау алгоритмі

    Көрсеткіші: құрт ауруын анықтау және одан әрі емдеу

    Керекті құралдар:

    • таза құрғақ қақпағы бар шыны ыдыс

    • таза ағаш шпатель

    • резеңке қолғап

    • горшок (таза, қайнаған сумен шайылған)

    1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    2. Керекті құралдарды дайындау.

    3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату.

    4. Резеңке қолғап кию.

    5. Нәжісті таза шайылған горшокка тек зерттеудің алдында ғана жинап алу.

    6. Нәжісті таза шпательмен таза шыны ыдысқа салу. Зерттеу үшін нәжісті әр жерден алады – 5-10 гр (шпательді дезерітндіге салу).

    7. Жолдама толтырып материалды 1 сағ көлемінде зертханаға жеткізу.

    8. Горшокты материал алғаннан кейін дезерітіндіге салу, одан кейін ағынды сумен шаю.

    9. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу.

    10. Қолды жуу, кептіру.

    Ескерту. Нәжіс жаңа бөлінген, жылы күйінде жиналғаннан кейін 1 сағаттың көлемінде зертханаға жеткізілу қажет.

    Нәжісті бактериологиялық зерттеуге жинау алгоритмі

    Көрсеткіші: жедел асқазан-ішек жолдарының ауруларымен ауырған балалардың тоқ ішегіндегі патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің сипатын анықтау және одан әрі тиімді ем тағайындау.

    Керекті құралдар:

    • таза құрғақ қақпағы бар шыны ыдыс

    • таза ағаш шпатель

    • консерванты және сым ілгегі бар стерильді пробирка

    • резеңке қолғап

    • горшок (таза, қайнаған сумен шайылған)

    1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    2. Керекті құралдарды дайындау.

    3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.

    4. Нәжісті таза шайылған горшокка тек зерттеудің алдында ғана жинап алу.

    5. Жаңа бөлінген нәжісті таза стерильді шпательмен ( 2-3 гр) соңғы порцияның бірнеше жерінен жинау. Жинау барысында шырыш, іріңді, фибринді жабындыларды алуға тырысу қажет, бірақ қан араласқан бөліктері жиналмайды. Таза шыны ыдысқа салу (шпательді дезерітндіге салу).

    6. Жолдама толтырыу.

    7. Материалды 1 сағ көлемінде зертханаға жеткізу.

    8. Горшокты материал алғаннан кейін дезерітіндіге салу, одан кейін ағынды сумен шаю.

    9. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу.

    10. Қолды жуу, кептіру.

    Ескерту. Нәжіс жаңа бөлінген болу қажет.

    Ерте жастағы балалардың зәрін анализге жинау алгоритмі

    Көрсеткіші: зәр жолдарының инфекциясы, пиелонефрит, гломерулонефрит, дисметаболикалық нефропатия.

    Керекті құралдар:

    • резеңке қолғап

    • жөргекпен оралған резеңке круг

    • сүлгі

    • қыз балаға – тәрелке, ұл балаға – пробирка (ерте жастағы балаларға)

    • клеенка

    • құрғақ таза банка

    • жолдама

    1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    2. Керекті құралдарды дайындау.

    3. Клиникалық зертханаға жолдама жазу.

    4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.

    5. Зәрді жинар алдында баланың жыныс жолдарын міндетті түрде тазалау.

    6. Жалпы клиникалық анализ үшін таңертеңгі алғашқы зәрді таза құрғақ шыны ыдысқа жинайды (алғашқы және соңғы тамшыларын жинамайды).

    7. Зәр жиналған ыдыстың сыртына баланың аты-жөні және тексеріс түрі жазылған қағаз жапсырылады.

    8. 1 жасқа дейінгі қыз баланы тесігінің астына ыдыс қойылған және жөргекпен оралған резеңке кругтың үстіне жатқызады.

    9. Баланың кругтың үстінен жылжып кетпеуін қадағалау қажет.

    10. Жиналған зәрді таза ыдысқа құйып зертханаға жіберу.

    11. Ұл баланың жыныс мүшесін шеті теріге жабысқақ жолақпен бекітілген пробиркаға салу.

    12. Баланың аяқтарын жөргектеу.

    13. Жиналған зәрді таза ыдысқа құйып зертханаға жіберу.

    14. Жиналған зәр бір сағаттың көлемінде міндетті түрде зертханаға жеткізілуі тиіс.

    15. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу. Қолды жуу және құрғату.

    Зәрді нечипоренко әдісі бойынша жинау алгоритм

    Көрсеткіші: зәрдегі түрлік элементтердің құрамын анықтау (анализ қорытндысы бойынша бүйректе патологиялық процестің барлығы немесе жоқтығы анықталады).

    Керекті құралдар:

    • құрғақ таза банка

    • жолдама

    1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    2. Керекті құралдарды дайындау.

    3. Клиникалық зертханаға жолдама жазу.

    4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап, алжапқыш кию.

    5. Зәрді жинар алдында баланың жыныс жолдарын міндетті түрде тазалау.

    6. Зәрдің ортаңғы порциясынан 5-10 мл таза құрғақ шыны ыдысқа жинау. Қалған зәрді төгіп тастау.

    7. Жолдаманы толтырып, зәрді зертханаға жіберу.

    8. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу. Алжапқышты шешу.

    9. Қолды жуу және құрғату.

    Ескерту.

    1. Зәр жаңа бөлінген болу қажет.

    2. Сау адамда: лейкоциттер – 2х10*6/л, эритроциттер – 1х10*6/л.

    3. Пиелонефрит кезінде көбіне лейкоциттердің мөлшері артады

    4. Жедел және созылмалы гломерулонефритте – көбіне эритроциттер мен цилиндрлердің мөлшері артады

    Зәрді зимницкий әдісі бойынша жинау алгоритм

    Көрсеткіші: Зимницкий сынағы бүйректің қызметін анықтайды: күндізгі, түнгі, тәуліктік диурез, 8 порцияның әр қайсысының мөлшерін және салыстырмалы тығыздығын.

    Керекті құралдар:

    • 8-10 қағаз жапсырылған таза банкалар

    1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. Рұқсат алу.

    2. Пациентке міндетті түрде зәрді тәулік бойы (24 сағ) жинайтынын түсіндіру: әр 3 сағ сайын, оның ішінде түнде де; пациент жеке ыдысқа зәрге отырады.

    3. Ауруханалық және сұйықтықты қабылдау тәртібі, сонымен қатар, пациенттің тамақтануы зерттеу уақытында бұрынғысынан өзгермеу қажет.

    4. Таңертеңгі сағ 6 бала зәрге отырады, ол төгіледі.

    5. Сол күннің таңертеңгі сағ 6-дан келесі күнннің таңертеңгі сағ 6 дейін зәрді 8 банкаға жинайды: зәрге отыру жиілігіне байланысты әр банкаға зәрге отырады немесе бірнеше рет отырады, бірақ тек 3 сағат бойы.

    6. Егер сол уақыт аралығында балада зәрге отыруға шақырыс болмаса, банка бос қалады.

    7. Егер 3 сағ көлемінде банка зәрге толып қалса, нөмірленбеген банка алынады да бала соған зәрге отырады (мейірбике оның сыртына нешінші банкаға қосымша берілгенін жазады) .

    8. Келесі күні таңертең керекті құжаттарды толтырып, барлық банкалар зертханаға жіберіледі.

    9. Ерте жастағы балаларда зәрді белгіленген уақытта емес, баланың талабына байланысты жинайды.

    10. Қорытынды жалпы диурез бойынша бағаланады: күндізгі диурез (2/3 кем емес) бен түнгі диурездің (1/3 көп емес) қарым-қатынасы және зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгеруі (10 кем емес).

    Ескерту. Зәрді жинау таңертеңгі сағат 6 бастап 24 сағат көлемінде өткізіледі. Балаларда 12 сағат бойы жинауға болады.

    Инсулин енгізу ережелері

    1. Инсулиннің енгізу дозасын, сағатын және жиілігін қатаң сақтау.

    2. Енгізер алдында флаконды жақсылап сілку және 25-30 0 С дейін жылыту.

    3. Бір шприцте инсулиннің бірнеше түрін араластырып алуға болмайды.

    4. Инъекция орнын спиртпен өңдегеннен кейін оның кебуін күту.

    5. Инсулин енгізу орындарын 6-7 күнде бір рет ауыстырып отыру (липодистрофияның алдын алу).

    6. Инсулин іштің алдың бөлігінен тез сіңеді.

    7. Ыстық ванналар, жылытқыш қою сіңуді тездетеді.

    8. Инсулин салғаннан кейін аурудың 15-20 мин көлемінде тамақтануын қадағалау қажет.

    9. Инсулинді тоңазытқышта +4+60 С сақтау қажет.

    Зәрдегі ацетонды анықтаудың экспресс – әдісінің алгоритмі

    Көрсеткіші: қант диабетімен, жүйке-артриттік диатезбен ауыратын балалардың зәріндегі кетонды денелерді (ацетон) сапалы анықтау.

    Керекті құралдар:

    • экспресс-диагностикаға арналған таблеткалар;

    • сүзгіш қағаз;

    • пациенттің зәрі.

    1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    2. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату.

    3. Резеңке қолғап кию.

    4. Құрамында:

    - нитропруссид;

    - күкірт қышқыл алюминий бар таблетка алынады.

    5. Таблетка сүзгіш қағаздың бөлшегіне орналастырылады.

    6. Таза горшокқа жиналған баланың зәрінің 2-3 тамшысы қосылады.

    7. 1-2 минуттан кейін таблетканың түсі өзгереді. Түстік шкаламен салыстырылады.

    8. Сынаманы бағалау:

    - таблетканың түсі ақшыл қызыл - әлсіз оң (+);

    - қызыл-қоңыр түске боялса – оң (++);

    - шие түстес болса – күрт оң (+++).

    9. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу.

    10. Қолды жуу және құрғату.

    Ескерту: 1. Материалды алу және зерттеу тез арада қабылдау бөлімінде өткізіледі.

    2. Таблетка болмаған жағдайда препарат дайындалады:

    • натрий нитропруссид - 10 г;

    • аммоний сульфат -20 г;

    • сусыз натрий карбонат -20г.

    Барлығы мұқият араластырылады, ақ түсті бір келкі зат пайда болғанға дейін үгітіледі.

    Қауіпсіз иммунопрофилактиканың негізгі қағидалары

    Иммунопрофилактика

    қағидалары

    Қағидаларды жүзеге асыру

    1. Иммунизация алатын баланың толық денінің сау болу принципі

    - Иммунизация алдында баланың даму тарихында (ф112) оның денінің саулығы және белгілі бір егуге рұқсат берілгені туралы жазудың барлығын тексеру

    2. Санитарлы-гигиеналық нормаларды бұлжытпау орындау принципі

    - Егу жұмысына тек дені сау мед.қызметкерлер жіберіледі (қолдарында азғантай да жарақаттары, тері және шырыш қабаттарында іріңді зақымданулар болмау керек)

    - Вакцинацияның алдында:

    а) егу бөлмесінде: еденді, қабырғаларды, жиһаздарды дезерітіндімен сүрту; үстелдерді, кушеткаларды стерильді жаймалармен жабу;

    б) вакцина жасаушы істеу міндетті: тырнағын қысқалап қиюға; таза халат, қалпақ киюге; сақиналарын, білезіктерін шешуге; қолдарын мұқият сабынмен жуып, саусақтарының ұштарын спиртпен сүртуге

    - БЦЖ вакцинациясына және туберкулинодиагностика-сына арналған барлық керекті заттарды бөлек сақтау

    3.Вакциналық препарат-тарды дұрыс сақтау принципі

    - Вакциналарды тоңазытқышта сақтау

    - Егер аннотациясы бойынша рұқсат етілсе, ашылған ампуладағы вакцинаны дәке салфеткасының астында, тоңазытқышта (және БЦЖ, кызылша, «тримовакс» вакциналары үшін жарықтан сақтайтын конуста) ұсталған жағдайда тек алғашқы 2-4 сағатта ғана қолдану

    4. Вакцинаны қолдану алдында тексеру принципі

    - Вакцинаны салу алдында тексеру: жарамдылық мерзімін, вакцинаның қорабындағы және ампуладағы (флакондағы) атын; ампуланың жағдайын (жарылуы, сынуы); вакциналық препараттың жағдайын (түсі, әр түрлі қоспалардың болуы және т.б.)

    5. Вакцина салу әдісін қатаң сақтау принципі

    • БЦЖ тері ішіне салынады

    • АКДС-вакцина – бұлшық етке

    • АДС, АД-анатоксиндері – бұлшық етке немесе тері астына

    • Полиомиелит (сал) – ауыз арқылы (per os)

    • Паротит, корь (мысқыл, қызылша) моновакцинасы – бұлшық етке

    • «Энджерикс» (гепатит В қарсы) – бұлшық етке

    «Хаврикс» (гепатит А қарсы) – бұлшық етке

    6. Жасалған вакцинацияны анық тіркеу принципі

    Жасалынған егу туралы мәліметті; (иммунизация жасалған күнді, вакциналық препараттың атын, салу әдісін, препараттың дозасы мен сериясын) профилактикалық егу журналына, егу сертификатына, баланың даму тарихына (ф112), проф.егу кртасына (ф63) енгізу керек

    7. Вакцинациядан кейінгі асқынуларды қатаң түрде тіркеу принципі

    - Егілгендерді бақылау: - егу өткізілгенне кейін 1 сағат көлемінде;

    - тірі вакциналардан кейін 5,6 және 10,11 күндері үй жағдайында;

    - тірі емес вакциналардан кейін келесі 3 күн бойы (ата-аналар мен туысқандарына егу өткізілгені туралы ескерту)

    - Вакцинациядан кейін реакция болған жағдайда тез арада дәрігерге хабарлау

    БЦЖ – ВАКЦИНАСЫН САЛУ АЛГОРИТМ

    Көрсеткіші: туберкулездің алдын алу

    Керекті құралдар:

    • мақта шариктері, салфеткалар, пинцет бар стерильді үстел

    • резеңке қолғап

    • БЦЖ вакцинасы және ерітіндісі

    • ампула қоюға арналған мензурка

    • қара қағаздан жасалған жарықтан қорғайтын конус

    • 2 шприц (туберкулин шприці және 2 мл)

    • қолданылған шприцті тастайтын арнайы қорап

    • қолданылған заттар салатын дез ерітіндісі бар ыдыс

    • 70% спирт

    1. Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

    2. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    3. Керекті құралдарды дайындау

    4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. Резеңке қолғап кию.

    5. Қораптан вакцинасы, ерітіндісі бар ампулаларды алып, мойынын 70%

    спиртке малынған мақта шаригімен сүрту.

    1. Стерильді салфеткамен жауып сындыру.

    2. Қолданылған мақта шариктерін, салфетканы дезерітіндісі бар ыдысқа

    салу.

    1. Ампуланы мензуркаға қою.

    2. 2 мл шприцтің қорабын ашу. Шприцке қалпағымен инені кигізу және

    канюляға инені бекіту. Иненің қалпағын шешіп ерітіндісі бар ампуладан шприцке 2 мл сорып алу.

    1. Ерітіндіні вакцинасы бар ампулаға енгізу (жайлап, қабырғасының

    бойымен). Вакцинаны шприцпен сорып-жіберу арқылы араластыру.

    1. Шприцті арнайы қорапқа салу.

    2. БЦЖ вакцинасының дайын ерітіндісін 5-6 мин бойы мензуркаға бетіне стерильді салфетка және конус жауып калдыру, одан кейін вакинаны жарық көзінде тексеру.

    3. Туберкулин шприцінің қорабын ашу. Шприцке қалпағымен инені кигізу

    және канюляға инені бекіту, қалпағын шешу. Ерітілген БЦЖ вакцинасы бар ампуладан 0,2 мл вакцинаны сорып алу.

    1. Қалған вакцинасы бар ампуланы мензуркаға қою, стерильді дәкемен және конуспен жабу.

    2. Шприцтен ауаны стерильді мақтаға 0,1 мл дейін шығару (мақтаны

    дезерітіндіге салу). Шприцті стерильді үстелдегі салфетканың астына қою.

    1. Баланың сол жақ иығының жоғарғы 3/1 бөлігін 70%спиртке малынған

    стерильді мақта шаригімен өңдеу (шарикті дезерітіндісі бар ыдысқа салу). Спирт кепкенше тосу.

    1. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен теріні керіу, иненің тесігін жоғары

    қаратып, шприцті 10-150 ұстап, жайлап тері ішіне вакцинаны енгізу (белгісі «лимон қабықшасы»).

    1. Инені алу. Инъекция орнын спиртпен өңдеуге болмайды. Туберкулин

    шприцін қорапқа салу.

    1. Қолғапты шешу, қорапқа салу.

    2. Қолды жуу, кептіру.

    3. Иммунопрофилактиканың 6-7 қағидаларын ұйымдастыру және орындау

    Ескерту. 1. Жаңа туған нәрестелерге енгізу дозасы 0,05 мл, шприцке 0,1 мл сорылып алынады.

    1. БЦЖ ревакцинациясын өткізу алдында міндетті түрде Манту сынамасын қою қажет.

    Манту сынағын қою алгоритмі

    Көрсеткіші: диагностикалық

    Керекті құралдар:

    • мақта шариктері, салфеткалар, пинцет бар стерильді үстел

    • резеңке қолғап

    • стандартты туберкулин

    • ампула қоюға арналған мензурка

    • туберкулин шприці

    • қолданылған шприцті тастайтын арнайы қорап

    • қолданылған заттар салатын дез ерітіндісі бар ыдыс

    • 70% спирт

    1. Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

    2. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    3. Керекті құралдарды дайындау

    4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. Резеңке қолғап кию.

    5. Қораптан туберкулин ерітіндісі бар ампулаларды алып, мойынын

    70%спиртке малынған мақта шаригімен сүрту.

    1. Стерильді салфеткамен жауып сындыру. Қолданылған мақта шариктерін,

    салфетканы дезерітіндісі бар ыдысқа салу. Ампуланы мензуркаға қою.

    1. Туберкулин шприцінің қорабын ашу. Шприцке қалпағымен инені кигізу

    және канюляға инені бекіту, қалпағын шешу. Туберкулин ерітіндісі бар ампуладан 0,2 мл препаратты сорып алу.

    1. Қалған туберкулині бар ампуланы мензуркаға қою, стерильді дәкемен

    жабу.

    1. Шприцтен ауаны стерильді мақтаға 0,1 мл дейін шығару (мақтаны

    дезерітіндіге салу). Шприцті стерильді үстелдегі салфетканың астына қою.

    1. Баланың білегінің орта бөлігін 70%спиртке малынған стерильді

    мақта шаригімен өңдеу (шарикті дезерітіндісі бар ыдысқа салу). Спирт кепкенше тосу.

    1. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен теріні керіу, иненің тесігін

    жоғары қаратып, шприцті 10-150 ұстап, жайлап тері ішіне туберкулинді енгізу (белгісі «лимон қабықшасы»).

    1. Инені алу. Инъекция орнын спиртпен өңдеуге болмайды.

    2. Туберкулин шприцін қорапқа салу.

    3. Қолғапты шешу, қорапқа салу.

    4. Қолды жуу, кептіру.

    5. Сынаманы бағалау үшін 72 сағаттан кейін келуін сұрау (3 күні).

    Манту сынамасын бағалау 72 сағаттан кейін өткізіледі:

    «Теріс қорытынды» - ине ізі

    «Күдікті» - кез келген мөлшердегі гиперемия немесе папула 1-4 мм

    «Оң» - папула 5мм және одан жоғары

    «Гиперергиялық реакция» - папула 15 мм және одан жоғары

    Акдс – вакцинасын салу алгоритмі

    Көрсеткіші:

    • көк жөтелдің, күлдің, сіреспенің алдын алу.

    Керекті құралдар:

    • стерильді үстел, мақта шариктері, салфеткалар, пинцет;

    • резеңке қолғап;

    • АКДС вакцинасы;;

    • қара қағаздан жарықтан қорғайтын конус;

    • вакцина ампуласын салатын мензурка;

    • шприц;

    • қолданылған шприцті салатын арнайы қорап;

    • қолданылған материалға арналған дезерітіндісі бар ыдыс;

    • 70% этил спірті.

    1. Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

    2. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    3. Керекті құралдарды дайындау

    4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. Резеңке қолғап кию.

    5. Қорпатан вакцина ампуласын алу және сілку. Ампуланың мойнын спиртке малынған мақта шаригімен сүрту. Стерильді салфеткамен жауып, сындыру.

    6. Қолданылған шарикті, салфетканы дезерітіндісі бар ыдысқа салу. Ампуланы мензуркаға қою.

    7. 2 мл шприцтің қорабын ашу. Шприцке қалпақпен инені кигізу, инені канюляға бекіту. Шприцке ампуладан 0,5 мл АКДС-вакцинаны сорып алу (бос ампуланы дезерітіндісі бар ыдысқа салу).

    8. Пинцетпен стерильді үстелден салфетканы алып, оған шприцтен ауаны шығару, салфетканы дезерітіндісі бар ыдысқа салу. Шприцті стерильді үстелдің үстіне, салфетканың астына қою.

    9. Жамбастың үстіңгі-сыртқы бөлігін 70% спіртпен сүрту (мақта шаригін қолда қалтыру керек) және вакцинаны бұлшық етке енгізу.

    10. Инені алу. Инъекция орнын қолда қалтырылған мақта шаригімен залалсыздандыру.

    11. Шприцті арнайы қорапқа, мақта шаригін дезерітіндісі бар ыдысқа салу.

    12. Қолғапты шешу, қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру.

    13. Иммунопрофилактиканың 6-7 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

    Ескерту. АКДС бірінші және екінші вакцинациясы үшін Тританрикс – Нір вакцинасы қолданылады.

    Моновалентті ккп (қызылша, қызамық, мысқыл) вакцинасын салу алгоритмі

    Көрсеткіші:

    • мысқылдың (қызылшаның, қызамықтың) алдын алу.

    Керекті құралдар:

    • стерильді үстел, мақта шариктері, салфеткалар, пинцет;

    • резеңке қолғап;

    • мысқыл (қызылша, қызамық) вакцинасы;

    • мысқыл, қызылша, қызамық вакциналарына арналған ерітінді;

    • қара қағаздан жарықтан қорғайтын конус;

    • вакцина ампуласын салатын мензурка;

    • шприц;

    • қолданылған шприцті салатын арнайы қорап;

    • қолданылған материалға арналған дезерітіндісі бар ыдыс;

    • 70% этил спірті.

    1. Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

    2. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    3. Керекті құралдарды дайындау

    4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. Резеңке қолғап кию.

    5. Мысқыл (қызылша, қызамық) вакцинасының салынған қолданылатын доза санына байланысты ерітінді мөлшерін есептеу.

    6. Қораптан вакцина ампуласы мен ерітіндіні алып, ампуланың мойнын спіртке малынған мақтамен сүрту. Стерильді салфеткамен жауып, сындыру.

    7. Қолданылған шарикті, салфетканы дезерітіндісі бар ыдысқа салу. Ампуланы мензуркаға қою.

    8. Шприцтің қорабын ашу. Шприцке қалпақпен инені кигізу, инені канюляға бекіту. Инеден қалпақты шешу.

    9. Ампуладан саналған мөлшерге сәйкес ерітіндіні сорып алу.

    10. Вакцинасы бар ампулаға ерітіндіні (қабырғасымен абайлап) жіберу (бос ампуланы дезерітіндісі бар ыдысқа салу).

    11. Шприцтің поршенімен сорып-қайта жіберу арқылы вакцинаны араластыру. Шприцке 0,5 мл вакцинаны сорып алу.

    12. Пинцетпен стерильді үстелден салфетканы алып, оған шприцтен ауаны шығару.

    13. Салфетканы дезерітіндісі бар ыдысқа салу.

    14. Шприцті стерильді үстелдің үстіне, салфетканың астына қою.

    15. Санның немесе иықтың сыртқы бөлігінің терісін 70% спіртпен сүрту (мақта шаригін қолда қалтыру керек).

    16. Терінің бөлігін 1 және 2 саусақпен қыртысқа жинау.

    17. Вакцинаны бұлшық етке салу. Инені алу.

    18. Инъекция орнын қолда қалтырылған мақта шаригімен залалсыздандыру.

    19. Шприцті арнайы қорапқа, мақта шаригін дезерітіндісі бар ыдысқа салу.

    20. Қолғапты шешу, қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру.

    21. Иммунопрофилактиканың 6-7 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

    Опв вакцинасын салу алгоритм

    Көрсеткіші:

    • сал ауруының алдын алу

    Керекті құралдар:

    • стерильді үстел, мақта шариктері, пинцет;

    • резеңке қолғап;

    • вакцина (ОПВ);

    • 70% этил спірті;

    • стерильді лоток;

    • қолданылған материалға арналған дезерітіндісі бар ыдыс.

    1. Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

    2. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    3. Керекті құралдарды дайындау

    4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. Резеңке қолғап кию.

    5. Пинцетпен стерильді мақта шаригін алып, оны 70% этил спіртіне матыру.

    6. Шарикпен ОПВ флаконын залалсыздандыру. Қолданылған шарикті дезерітіндісі бар ыдысқа салу.

    7. Пинцетпен флаконның алюмин қалпағы мен резеңке тығынын алып тастау.

    8. Қораптағы арнайы тамызғышты алу. Тамызғышты ОПВ флаконына бекіту.

    9. Баланы ыңғайлы жағдайда отырғызу (анасының алдына отырғызған дұрыс) немесе арқасына жатқызу.

    10. Баланы ауыз қуысының шырышты қабатына вакцинаның егу дозасын тамызу (қолданылатын препараттың белсенділігіне байланысты 2 немесе 4 тамшы).

    11. Тамызғышты ауыстыру.

    12. ОПВ флаконын тоңазытқышқа қою.

    13. Қолданылған тамызғышты дезерітіндіге салу.

    14. Қолғапты шешу, қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру.

    15. Иммунопрофилактиканың 6-7 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

    ВИРУСТЫ В ГЕПАТИТКЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНА ЕНГІЗУ АЛГОРИТМІ

    Көрсеткіші:

    • вирусты В гепатитінің алдын алу.

    Керекті құралдар:

    • стерильді үстел, мақта шариктері, салфеткалар, пинцет;

    • резеңке қолғап;

    • «ЭНДЖЕРИКС-В» вакцинасы;;

    • шприц (1,0 немесе 2,0 мл);

    • қолданылған шприцке арналған арнайы қорап;

    • қолданылған материалға арналған дезерітіндісі бар ыдыс;

    • 70% этил спірті.

    1. Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

    2. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. Резеңке қолғап кию.

    4. Вакцина флаконын алып біркелкі қоймалжың жағдайға келтіріп қағу.

    5. Пинцетпен стерильді мақта шаригін алып, оны 70% этил спіртіне матырып, флаконның металл қалпағын сүрту.

    6. Қолданылған шарикті дезерітіндісі бар ыдысқа салу.

    7. Металл қалпақтың ортаңғы жағын алып тастау.

    8. Пинцетпен стерильді мақта шаригін алып, оны 70% этил спіртіне матырып, резеңке тығынды сүрту.

    9. Шприцтің қорабын ашу.

    10. Шприцке қалпақпен инені кигізу, инені канюляға бекіту.

    11. Инеден қалпақты шешу.

    12. Шприцке вакцинаның егу дозасын сорып алу (10 жасқа дейін – 0,5 мл (10мкг); 10 ж және жоғары – 1 мл (20мкг)).

    13. Пинцетпен стерильді үстелден салфетканы алып, оған шприцтен ауаны шығару, салфетканы дезерітіндісі бар ыдысқа салу.

    14. Шприцті стерильді үстелдің үстіне, салфетканың астына қою.

    15. 5-7 ж дейінгі балаларда-санның алдыңғы-жан бөлігін, 7 ж бастап – иықтың дельта тәріздес бұлшық ет маңын 70% спіртті 2 мақта шаригімен сүрту (бір мақта шаригін қолда қалтыру керек).

    16. Инеден қалпақты шешіп, вакцинаны бұлшық етке салу.

    17. Инені алу.

    18. Инъекция орнын қолда қалтырылған мақта шаригімен залалсыздандыру.

    19. Шприцті арнайы қорапқа мақта шаригін дезерітіндісі бар ыдысқа салу.

    20. Қолғапты шешу, қорапқа салу.

    21. Қолды жуу, кептіру.

    22. Иммунопрофилактиканың 6-7 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

    Балаларда кездесетін шұғыл жағдайлар кезінде жедел көмек көрсету алгоритмдері

    СТЕНОЗДЫ ЛАРИНГИТ (ЖАЛҒАН КРУП)

    Стенозды ларингит – көмей тұсында тыныс жолдарының өткізгіштігінің бұзылуымен және тыныс жетіспеушіліктің дамуымен сипатталатын жедел ауру.

    Даму механизмы:

    1. Дыбыс тесігі маңының тарылуы

    2. Байланыс асты аймақтың ісінуі

    3. Көмей қуысында қақырықтың жиналуы

    Клиникалық белгілері:

    1. дауыстың қарлығуы

    2. дөрекі, ит үрген тәріздес жөтел

    3. тыныс тапшылық белгілері

    4. бала мазасыз, төсекте тыныш жата алмайды, цианоз, инспираторлы ентігу, тыныс алуға көмекші бұлшық еттер қатысады (мұрын қанаттары, қабырға аралық, диафрагма және т.б.).

    Жедел көмек алгоритмі

    1. Баланы тегіс жерге басын жоғары көтеріп жатқызу немесе отырғызу немесе қолға алу.

    2. Қысып тұрған тар киімнен босату.

    3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

    4. Тыныштық жағдай жасау.

    5. Алдандыру шараларын өткізу (сирақ бұлшық еттеріне қыша қағазын қою немесе қыша аяқ ванналарын жасау).

    6. Эуфиллин, ас содасы, қақырық түсіргіш шөптер қосылған бу ингаляцияларын өткізу (алмастырып отыру қажет).

    7. Бұл шара тиімді болмаған жағдайда – көк тамырға 2,4% эуфиллин ерітіндісі, тамшы түрінде енгізген тиімді болады – 1 мл/жасына 100-250 мл физиологиялық ерітіндіде.

    8. Ауыр жағдайларда – гормонотерапия - преднизолон 1-2 мг/кг тәулігіне.

    9. Десенсебилизациялық ем - тавегил, диазолин және т.б.

    10. Муколитиктер - ацетилсистеин, бромгексин.

    Гипертермия

    Гипертермия - қорғаныш-компенсаторлық реакция, ағзаның ауруға деген иммунды жауабы:

    1. қанның бактерицидтік қасиеті артады

    2. лейкоциттердің белсенділігі артады

    3. эндогендік интерферонның бөлінуі артады.

    Қызба өзінің қорғаныш қызметін тек белгілі бір деңгейде ғана орындайды. Температураның одан әрі жоғарлауы барысында тыныс алу және қан айналымына салмақ түсу артады (әрбір t°>37°С – тыныс алу жиілігі минутына 4 дем алыс қозғалысына артады, ал пульс – минутына 10 соғуға артады), бұл қанға оттегінің түсуін арттырады; бірақ оттегі мөлшерінің бұлай артуы тіндердің оттегіге деген қажеттілігін қанағаттандыра алмайды да гипоксия артады. Бұл кезде бірінші кезекте орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады да құрысып тырысулар дамиды. Көбіне бұл жағдай дене температурасы t°- 39°-40°С көтерілігенде байқалады.

    Гипертермияның түрлері:

    1) Қызыл (жеңіл) - жылу жасау жылу бөлуге тең. Жалпы жағдайы аса бұзылмайды. Тері қабаты аздап қызарған, жылы, дымқыл.

    2) Ақ (ауыр) - жылу жасау жылу бөлуден артық, себебі перифериялық тамырлар тарылады. Тоңу, қалтырау. Тері қабаты боз.Тырнақ ойықтары, еріндері көгерген.

    Гипертермия кезіндегі көмек алгоритмі

    1. Баланы төсекке жатқызу.

    2. Қысып тұрған тар киімнен босату.

    3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

    4. Гипертермияның түрін анықтау:

    • Егер қызыл болса – қызу түсірудің физикалық әдістерін қолдану, көп мөлшерде сұйықтық беру, ыстық түсіретін дәрілер беру.

    • Егер ақ түрі болса –қызыл түріне ауыстыру (жылыту, жылы сұйықтық беру, спазмолитиктер: но-шпа, папаверин енгізу)

    5. Температураның көрсеткішіне сәйкес шаралар өткізу:

    а) t – 37-37,50 С- көп сұйықтық беру

    б) t – 37,5-380 С- физикалық әдістер қолдану

    в) t – 38-38,50 С- ауыз арқылы ыстық түсіретін дәрілер беру (парацетамол, панадол, аспирин) немесе цефекон балауызы тік ішекке енгізу.

    6. Оттегі беру.

    7. Шара өткізуден 20-30 мин өткеннен кейін баланың зәрге отыруын және дене температурасын қадағалау.

    ҚҰРЫСЫП ТЫРЫСУ СИНДРОМЫ

    Құрысулар - дене және аяқ-қолдардың түр-сипатының өзгерісін тудыратын еріктен тыс болатын бұлшық еттердің жиырылуы.

    Фебрильді құрысулар - жоғары температура кезінде.

    Афебрильді – тууылу кезіндегі жарақаттарда, бас миының зақымдануында болады.

    Ырғақты құрысулар – көбіне эпилепсия кезінде.

    Құрысулардың жергілікті және жайылған түрлері бар.

    Құрысу синдромының кезеңдері:

    I. Тоникалық - а) сыртқы ортамен байланыстың кенет жоғалуы;

    б) көз қарасы бір орында тұрмайды, одан әрі жоғары және бір жаққа тігіледі;

    в) басын артқа шалқайту;

    г) қолдары бүгілген және аяқтары тік жазылған

    II. Клоникалық - а) басында бет, одан әрі дене, аяқ-қолдарының бұлшық еттері жиырылады және жылдам жайылады;

    б) тері қабаттары бозарған.

    Жедел көмек алгоритмі

    1. Баланы тегіс, жұмсақ жерге жатқызу, жарақаттайтын заттарды алып тастау.

    2. Басын тез арада бір жақ қырына бұрып жатқызу.

    3. Қысып тұрған тар киімнен босату.

    4. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

    5. Күрек тістерінің арасына шиыршықталған салфетка немесе мақтамен (бинтпен) оралған шпатель салу.

    6. Құрысуға қарсы препараттар енгізу:

    7. диазепам 0,1мл/кг - тік ішекке инесіз туберкулин шприцімен 4-5 см тереңдікке (ИВБДВ), 2 рет қайталау, аралығы 10 минут, егер тиімсіз болса көк тамырға немесе бұлшық етке - реланиум (седуксен)

    8. 0,1 мл/жасына (0,3-0,5 мг/кг) немесе

    9. дроперидол – 0,2мл/кг немесе

    10. 25% магний сульфат – 0,2мл/кг немесе

    11. ГОМК 50-100 мг/кг (1 мл – 200 мг)

    12. Оттегі беру.

    13. Құрысудың себебін анықтау және жою.

    Ларингоспазм

    Ларингоспазм – айқын спазмофилияның түрі. Ерте жастағы балаларда дамиды. Ауру ағзада кальцийдің мөлшерінің төмендеуі себебінен құрысуға бейімділікпен және жоғарғы жүйке - бұлшық ет қозғыштықпен сипатталады.

    Ларингоспазм – дыбыс желбезегінің тарылуы. Көбіне жылау, айғайлау, баланың қорқуы кезінде дамиды. Шулы және сырылдаған тыныс алумен және дем алысынң бірнеше секундқа тоқталуымен анықтлады. Бұл кезе бала бозарады, одан әрі цианоз және қысқа мерзімді есін жоғалту пайда болады, ұстама терең - шулы «әтеш айқайы» тәріздес тыныс алумен аяқталады. Ұстамадан кейін бала ұйқыға кетеді.

    Жедел көмек алгоритмі

    1. Баланы қатты, тегіс жерге жатқызу.

    2. Қысып тұрған тар киімнен босату.

    3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

    4. Тыныштық жағдай жасау.

    5. Балаға суық су шашу, жамбасын шапалақтау, шпателмен тілдің түбін басу, мақтамен төменгі мұрын жолдарын тітіркендіру, мұрнына үрілеу.

    6. Бұлшық етке реланиум (0,1 мл/жасына) енгізу.

    7. Міндетті түрде көк тамырға 10% кальций глюконат енгізу (1,0 мл/жасына).

    8. Шара тиімсіз болса – трахеяның интубациясы.

    9. Жүрек тоқтаған жағдайда – жүрекке тікелей емес массаж.

    10. Тыныс алуы қалпына келгенде - оттегі беру.

    ТЫНЫС АЛУ ЖӘНЕ ЖҮРЕК СОҒУЫ ТОҚТАЛҒАНДАҒЫ КӨМЕК

    Реанимацияның халықаралық деңгейдегі схемасы 4 бөліктен тұрады.

    Бұл схема «Элементарлы реанимация негіздері» деп аталады.

    «А» - келешекте сізге немесе блаға туатын қауіп барлығын тексеріңіз. Әр жағдайда әр түрлі қауіпті жағдайлар болуы мүмкін, оларды сіз тез арада бағалауыңыз қажет.

    «В» - ауа өткізгіш жолдарын тексеру (өткізгіштігі сақталған ба?).

    «С» - тыныс алуын тексеру (бала тыныс алып жатыр ма?):

    - кеуде қуысының қозғалысын іздеңіз

    - тыныс алу дыбысын тыңдаңыз

    - баланың тынысын өз бетіңізде сезініңіз

    «Д» - циркуляцияны тексеріңіз – жүрегі соға ма

    - пульсін іздеңіз (иық артериясы, ұйқы артериясы)

    Егер тыныс алуын анықтай алмасаңыз- «жасанды дем беру» өткізу;

    Егер пульсін анықтай алмасаңыз- «жүрекке тікелей емес массаж».

    Жасанды дем беруді өткізу сатылары:

    1. Баланы арқасымен тегіс, қатты жерге жатқызу.

    2. Иық астына валик салу.

    3. Баланың басын абайлап артқа қарай шалқайту, иегін көтеру.

    4. Жоғарғы тыныс жолдарын шырыштан, бөгде заттардан тазарту – резеңке грушамен немесе электросорғышпен.

    5. Баланың аузына және мұрнына салфетка салу.

    6. Терең дем алып өз аузыңызды тығыздап орналастырыңыз: баланың аузы және мұрын үстіне (1 жасқа дейінгі балаларға); баланың аузының немесе мұрынының үстіне (ересек жастағы балаға).

    7. Баланың кеудесі абайлап, ақырын көтерілуге жеткілікті мөлшерде ауаны баланың тыныс алу жолдарына үріп енгізу (баланың жасы неғұрлым кіші соған сәйкес енгізілетін ауаның көлемі аз болу қажет).

    8. Үзіліс жасап баланың кеудесі төмен түскенге дейін тосу.

    9. Дем беруді және үзілісті қайталау (белсенсіз дем шығару) - өздігінен дем алысы болғанға дейін, немесе «жедел жәрдем» келгенге дейін, немесе өлілік таңбалар пайда болғанға дейін.

    Жүрекке тікелей емес массажды өткізу алгоритмі

    1. Баланы қатты, тегіс жерге жатқызу

    2. Баланың оң жағына орналасу

    3. Қолдардың керекті бөлігін төс сүйегінің төменгі 3/1 бөлігіне орналастыру, бірақ семсер тәріздес өсіндіге емес:

    а) жаңа туған нәрестелерде - екі қолдың үлкен саусақтарымен баланың кеудесі айналдыра ұстау (қалған саусақтарды баланың арқасына салу) немесе бір алақанның екі саусағы (2 және 3 саусақтар), екінші алақан арқа астына салынады;

    б) 1 жасқа дейінгі балаларда - бір алақанның екі саусағы (2 және 3 саусақтар);

    в) 1-7 жасқа дейінгі бала – бір қолдың алақанының кең бөлігі;

    г) 7 жастан асқан балаларда – екі алақанды «көбелек» тәріздес айқастыра ұстау.

    4. Төс сүйегін ортаңғы және төменгі бөліктерінің шекарасында келесі тереңдікке төмен қарай басу:

    а) 1-1,5 см – нәрестелерде;

    б) 1-2,5 см – 1 жасқа дейінгі балаларда;

    в) 3-3,5 см – ересек жастағы балаларда.

    5. Кеудеге қысымды азайтып бастапқы қалыпқа оралу (қолды нүктеден алмаймыз).

    6. Жасанды дем беруді тікелей емес массажбен қатар өткізгенде:

    1:3 қарым қатынасымен (1 рет дем беру, 3 рет кеудеге басу);

    Амбу қапшығы көмегімен: 60 рет дем беру (басуы толық емес), 3 рет кеудеге басу.

    7. Реанимациялық шаралар өткізуді бастаудан 1 минут өткеннен кейін өмірілік маңызды қызметтерінің қалпына келуін тексеру қажет (тыныс алуы, пульсі).

    8. Шараны жалғастыру қажет: қызметтері қалпына келгенге дейін, немесе «жедел жәрдем» келгенге дейін, немесе өлілік таңбалар пайда болғанға дейін

    Мұрыннан қан кету Жедел көмек алгоритмі

    1. Баланы басын төмен қарай түсіріп отырғызу .

    2. Қысып тұрған тар киімнен босату.

    3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

    4. Тыныштық жағдай жасау.

    5. Қан ағып жатқан жақтың мұрын қанатын мұрын қырына басып ұстау.

    6. Кеңірсек маңына, желке тұсына мұзды мұйық, аяқтарына жылытқыш қою.

    7. Қан кетіп жатқан мұрын қуысына тампон қою: 3% су асқын тотығымен, немесе суық сумен (тұзды ерітінді, ерте жастағы балаларда ана сүтімен, тамыр тарылтатын тамшылар); мұрын қабырғасына орамалға оралған мұз кесектерін қою.

    8. Бұлшық етке енгізу:

    - витамин К – жасына сәйкес дозада;

    - 10% Са глюконат – 1мл/жасына

    1. Шара тиімсіз болған жағдайда артқы тампонада жасау қажет.

    2. Қан кетудің себебін анықтау және жою.

    МЕТЕОРИЗМ

    Метеоризм ішекте жиналған газдардың себебінен ішітің кебуі.

    Жедел көмек алгоритмі

    1. Баланы арқасына жатқызып денесінің төменгі бөлігін киімнен босату.

    2. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

    3. Сағат тілінің бағытымен баланың ішін жайлап сипалау.

    4. Шара тиімсіз болған жағдайда – жел шығарғыш түтікше қою.

    5. Шара тиімсіз болған жағдайда келесі препараттарды енгізу (әр келесі енгізілетін препарат алдында енгізілген препарат тиімсіз болғанда енгізіледі):

    а) карболен рег os (белсендірілген көмір) немесе смекта - 1 мг/кг (1 мл=5 мг)

    б) бұлшық етке - церукал немесе прозерин – 0,1 мл/жасына.

    6. Газдың пайда болуына ықпал ететін тағамдарды алып тастау – сүт, қара нан, көкөністер, газдалған сусындар және т.б.

    ШЕК ТОКСИКОЗЫ ЭКСИКОЗБЕН

    Жедел ішек инфекциялары – негізгі клиникалық белгілері диарея және құсу болатын аурулар тобы. Ағзаның сусыздануына (эксикоз) және токсикозға әкеледі.

    Жедел ішек инфекцияларының негізгі синдромдары:

    Іулану синдромы:

    • дене t° жоғарлауы

    • нашар сезіну, әлсіздік, бәсеңдік

    • тері қабаты боз-сұр түсті, кейде мәрмәр суретті

    • тәбетінің төмендеуі кейде анорексияға дейін.

    IIасқазан – ішек жолдарының зақымдану синдромы «жергілікті синдром»:

    • лоқсу, құсу

    • іштің ауырсынуы, тенезмдер

    • ішектің құрылдауы, метеоризм

    • диарея (патологиялық қоспалары бар жиі нәжістің бөлінуі).

    III — эксикоз синдромы (сусыздану):

    • тері және шырышты қабаттарының құрғауы

    • салмақ жоғалту

    • серпінділіктің, тургордың төмендеуі

    • ерте жастағы балаларда – үлкен еңбектің ішке түсуі

    - бет пішінінің өзгеруі

    • көз жанарының төмендеуі

    • олигурия.

    Эксикоздың 3 дәрежесі анықталады:

    1. дәреже – дене салмағының жетіспеушілігі 5% дейін, шөлдеу, аузының құрғауы, мазасыздық.

    2. дәреже - дене салмағының жетіспеушілігі 7% дейін, шөлдеу, тері және шырышты қабаттарының құрғауы, дене t ° жоғарлауы, олигурия.

    3 дәреже - дене салмағының жетіспеушілігі 10% және жоғары. Терісінің, шырышты қабаттарының күрт құрғауы, есінің адасуы, сандырақтау, елестеулер, перифериялық қан айналымының бұзылуы, анурия.

    Жедел көмек алгоритмі

    1. Эксикоздың 1 және 2 дәрежесінде — ауыз арқылы регидратация (жоғарыдан қара).

    2. Ауыр жағдайларда ауыз арқылы регидратация өткізу мүмкіндігі болмаса қарқынды түрде парентеральді сұйықтық енгізу.

    Ауыз арқылы берілетін сұйықтық мөлшерін ескере отырып енгізілетін сұйықтық мөлшері:

    эксикоз 1 дәреже — 150 мл/кг тәулігіне;

    эксикоз ІІ дәреже — 170 мл/кг тәулігіне;

    эксикоз ІІІ дәреже - 180 мл/кг тәулігіне.

    1. Алғашқы 4 сағатта тәуліктік мөлшердің 1/2 енгізеді, одан әрі тәулік бойы бір қалыпта – глюкоза ерітіндісі; Рингер ерітіндісі; реополиглюкин; сода ерітіндісі; плазма және т.б.

    2. Ерітінділерді тамшы түрінде көк тамырға - 28-30 тамшы 1 минутта.

    1. Глюкоза және тұзды ерітінділер қарым қатынасы:

    а) изотониялық эксикозда -1:1

    б) сужетіспеушілік эксикозда - 2:1 в) тұзжетіспеушілік эксикозда - 1:2

    6) Диурезді қадағалау.

    1. Көп қайталап құсуда – асқазан шаю.

    2. Ішек ауруының этиологиялық емі.

    Бронх демікпесінің ұстамасы

    Клиникасы: - бұл жедел демігу ұстамасы. Бала ыңғайлы жағдай іздейді- алдыға қарай еңкейіп отырады, шынтағымен тізелерін тірейді, аузымен ауаны аулайды. Беті бозарған, көгілдір тартқан, суық тер басады. Дем алысы ысқырық тәрісдес, сырылы алыстан естіледі. Тыныс алуға көмекші бұлшық еттер қосылады, дем шығару қиындалады – экспираторлы ентігу. Қақырық қиын бөлінеді, созылмалы, қою, Аускультация: құрғақ ысқырық тәріздес сырылдар, көп мөлшерде.

    Шұғыл көмек

    1. Баланы ыңғайлы жағдайда отырғызу, қысып тұрған киімнен босату.

    2. Тыныштық жағдай жасау.

    3. Таза ауа жіберу және оттегі беру.

    4. Алдандыру шараларын өткізу – қолдарына және аяқтарына ыстық ванналар жасау . t +40+42 0 С.

    5. Ингаяция түрінде: сальбутамол (1-2 дем алу), немесе беротек, немесе астмопент, немесе алупент және т.б. Ингаляциялар тәулігіне 3-4 рет.

    6. Тиімді болмаса: тері астына 0,1% адреналин, 15 мин кейін 5% эфедрин ерітінділері (жасына сәйкес дозада).

    7. Тиімді болмаса: көк тамырға- 2,4% эуфиллин – тамшылатып – 1 мл/жасына, 100-250 мл физиологиялық ерітіндіде.

    8. Ауыр жағдайда – гормон – преднизалон 1-2 мг/кг тәулігіне.

    9. Антигистаминдер – тавегил, супрастин және т.б.

    10. Муколитиктер – ацетилсистеин, бромгексин

    Естен тану

    Естен тану – өткір тамыр жетіспеушілігі, ми қан айналымының бұзылуымен және қысқа мерзімді есін жоғалтумен сипатталады.

    Шұғыл көмек

      1. Баланы тегіс жерге жатқызу және аяқтарын жоғары көтеру.

      2. Қысып тұрған киімдерін шешу.

      3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

      4. Баланың бетіне және денесіне суық су шашу немесе мүсәтір спиртін немесе сірке қышқылын иіскету (мақта шаригімен).

      5. Тері астына енгізу: кордиамин – бір реттік дозасы = 0,1 мл - 6 айға дейін; 6-12 ай - 0,1-0,2 мл; > 1 ж.- 0,3-0,5 мл.

    Коллапс

    Коллапс - өткір тамыр жетіспеушілігінің ауыр түрі.

    Коллапс көп мөлшерде қан жоғалту немесе тамыр жүйесінде қанның бөлінуінің бұзылуының нәтижесі болып саналады (қанның басым бөлігі перифериялық тамырларда және ішкі мүшелерде жиналады), соның себебінен қан қысымы күрт төмендейді.

    Клиникасы:

    • жағдайының аяқ астынан төмендеуі, есін жоғалту;

    • тері қабатының бозаруы;

    • суық жабысқақ тер;

    • пульс жіп тәріздес жиі;

    • қан қысымы төмен.

    Шұғыл көмек

    1. Баланы қатты тегіс жерге бас жағын төмен орналастырып немесе аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу.

    2. Қысып тұрған киімдерін шешу.

    3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

    4. Келесі препараттарды енгізу:

    • мезатон- көк тамырға тамшылатып 0,1мл/жасына 5% глюкоза ерітіндісінде, немесе,

    • норадреналин - - 0,2% ерітінді көк тамырға тамшылатып; 12 айға дейін – 0,05 мл (бір реттік дозасы); 1-6 жас – 0,1-0,2 мл; 6 жастан жоғары – 0,3-0,4 мл немесе,

    • адреналин - 0,1% ерітінді тері астына, бұлшық етке немесе көк тамырға, бір реттік дозасы 6 айға дейін 0,1мл; 1 жасқа дейін 0,15 мл; 1-6 жас – 0,2-0,5; 6 жастан жоғары – 0,5-0,7 мл .

    5. Қан қысымын бақылап отырып көк тамырға тамшылатып қан алмастыратындар енгізу.

    Қ Ұ С У

    Себептері: 1. ұшыну;

    2. улану;

    3. ас қорыту жүйесінің аурулары;

    4. ОЖЖ аурулары.

    Шұғыл көмек

    1. Баланың басын жоғары көтеріп, басын бір жақ жанына бұрып жатқызу.

    2. Қысып тұрған киімдерін шешу.

    3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

    4. Дәрігердің тағайындауы бойынша баланың асқазанын шаю.

    5. Келесі препараттарды енгізу (әр препаратты алдында енгізілген препараттың тиімсіз болуында енгізеді):

    а) рег os - новокаин 0,25% - 1 шай қасық. – 1 дес.қас. - 1 ас қас., жасына сәйкес;

    б) бұлшық етке - церукал - 1мг/кг (1 мл=5 мг) немесе прозерин - 0,1 мл/жасына;

    в) қайталап үзіліссіз құсу болғанда – аминазин бұлшық етке 0,1 мл/жасына.

    6. Құсудан кейін: а) аузын қайнаған сумен шаю;

    б) су-шай үзілісін сақтау 2-4 сағатқа;

    в) керек жағдайда – құсықты зертханаға зерттеуге жіберу.

    7. Құсудың себебін анықтау және оны жоюға тырысу.

    Диабеттік (гипергликемиялық) кома

    Гипергликемиялық кома – қант сусамырының асқынуының ауыр түрі. Кома — гипергликемия негізінде, айқын ацидоз және кетозға байланысты, айқын метаболикалық бұзылыстарға әкелетін, бас миының қабыршық және қабыршық асты құрылымдарының қызметтерінің терең тежелуімен сипатталатын есін жоғалту жағдайы.

    Комалар кезінде сыртқы тітіркендіргештірге реакция болмайды.

    Себептері:

    1. Емделмеген немесе анықталмаған қант сусамыры.

    2. Инсулин дозасының жеткіліксіз болуы немесе оны енгізуді тоқтату.

    3. Диетаны бұзу – көмірсуларды, майларды көп мөлшерде қолдану, тағамдық уланулар.

    4. Физикалық немесе психикалық жарақаттар, операция және басқа да стресстік жағдайлар.

    5. Жедел іріңді инфекциялар.

    Симптомдары:

    Кома біртіндеп дамиды. Бас кезінде – бастың ауырсынуы, әлсіздік, ұйқышылдық, тәбетінің жоғалуы, лоқсу, құсу, шөлдеу сезімінің артуы. Бұл белгілер одан әрі арта түседі, ауру есін жоғалтады. Тері және шырышты қабаттары құрғақ, тілі айқын қызыл түсті, бетінде диабеттік қызару пайда болады. Бет пішіні өзгереді. Бұлшық ет тонусы төмендеген, көз алмасы ішке қарай енген, пальпация кезінде жұмсақ. Теріде тырнақ іздері болуы мүмкін. Пульсі жиі, қан қысымы төмен. Тыныс алуы сирек, терең (Куссмауль дем алысы), аузынан ацетон иісі анықталады. Зәр бөлуі жиілейді.

    Шұғыл көмек:

    1. Тез арада госпитализациялауға тырысу.

    2. Ауруды жатқызу және жылыту

    3. Емінің алғашқы сағатында өткізу қажет:

    а) көк тамырға ағынды түрінде инсулин дозсы 0,1 Б/кг сағатына 150-300 мл NaCl изо­тониялық ерітіндісінде;

    б) асқазанды Na гидрокарбонатының жылы 5% ерітіндісімен шаю, ерітіндінің бір бөлігін асқазанда қалдыру қажет (интракорпоральді тазарту);

    в) қуыққа катетер қою;

    г) Na гидрокарбонатының жылы 2% ерітіндісімен клизма жасау;

    д) оксигенотерапия;

    е) физиологиялық ерітіндіні тамшылатып көк тамырға енгізу және алғашқы сағатта 20 мл/кг есебінен енгізу, оған кокарбоксилаза, аскорбин қышқылын қосу.

    4. Шұғыл көмектің келесі сатысы глюкозо-тұзды ерітінділерді енгізу және инсулинмен емдеуден тұрады.

    а) инфузиондық ерітінділер – Рингер ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі және т.б.;

    б) инсулинмен емдеу одан әрі қандағы қанттың мөлшеріне байланысты 0,1 Б/кг сағатына есебінен өткізіледі.

    5. Диетотерапия: аурудың жағдайы жақсарған жағдайда аз мөлшерде жеміс және көкөніс шырындары, құрғақ жемістердің сусыны, кисель, сілтілі минералды сулар қабылдауға болады. Екінші күні – ботқалар, үгітілген вегетариандық көже, айран, нан.

    ГИПОГЛИКЕМИЯЛЫҚ КОМА

    Гипокликемиялық кома – бұл бас ми клеткаларының глюкозаны сіңіру қаблетінің төмендеуіне және ми гипоксиясына әкелетін қандағы қант мөлшерінің күрт төмендеуі. Диабеттік комаға қарағанда жиі дамиды.

    Себептері:

    1. Инсулин дозасының артық болуы

    2. Физикалық салмақтар

    3. Инсулин енгізгеннен кейін тамақтанбау

    4. Тамақ қабылдау ара қашытығының ұзаққа созылуы.

    Симптомдары:

    Кома тез дамиды. Өткір аштық сезімі, тершеңдік артады, шаршағыштық, аяқ-қолдарының дірілі. Ерін мен тілдің жансыздануы тән болады. Одан әрі ауру ашуланғыш, агрессивті, көз алдына елестеулер болуы мүмкін. Тершеңдік өте жоғары, сыртқы ортада бағыттылуының бұзылуы, көз қарашығының кеңеюі, құрысып-тырысу пайда болады, ауру есін жоғалтады. Қан қысымы қалыпты жағдайда.

    Шұғыл көмек:

    Команың ауырлығына байланысты:

    1. Гипогликемияның бастапқы белгілері тәтті шай, бал, тосап, тоқаш қабылдаумен жойылады.

    2. Ауыр жағдайда, есін жоғалтқанда – тез арада көк тамырға ағынды түрінде 20-30 мл - 20%-40% глюкоза ерітіндісі енгізледі.

    3. Егер 10-15' кейін тиімділігі болмаса глюкоза енгізуді қайталау қажет.

    1. Көк тамырға тамшылатып 5-10% глюкоза ерітіндісіне кокарбоксилаза қосып бала есін жиғанша және өздігінен тамақ қабылдау мүмкіншілігі пайда болғанға дейін қоюға болады.

    2. Оксигенотерапия.

    3. Ауыр жағдайда - тері астына 0,1 % адреналин ерітіндісі.

    КҮН ӨТУ

    Күн өту – күн сәулесінің қарқынды немесе ұзақ әсерінің себебінен дамитын жүйке жүйесінің және оның ұзыншақ мида орналасқан маңызды орталықтарының зақымдануы.

    Көбіне күн өту ерте жастағы балалар бас киімсіз ашық күн сәулесінің астында жүргеннен болады.

    Белгілері: бастың ауыруы және айналуы, құлақтың шулауы, әлсіздік, лоқсу, құсу. Қалтырау болуы мүмкін, дене температурасы 400 С және одан да жоғары көтеріледі, мұрыннан қан кету. Тексергенде: беті қызарған, тершеңдік артады, пульсі және дем алуы жиілейді, ауыр жағдайда – есінен тану.

    ШҰҒЫЛ КӨМЕК

    1. Баланы көлеңке жерге ауыстыру, шешіндіру

    2. Суық су ішкізу

    3. Басына суық компресс немесе мұз қою

    4. Баланы төсекке жатқызу

    5. Көп мөлшерде салқын сұйықтық беру

    6. Дымқыл сүлгімен сүрту

    7. Тері астына – 1-2 мл 10% кофеин немесе 0,1-0,2 мл кордиамин ерітіндісін енгізу - жүрек-тамыр қызметінің бұзылуында

    8. Керек жағдайда – жасанды дем беру

    9. Ауыр жағдайда – госпитализациялау

    Жылу өту

    Жылу өту – ағзаның жалпы қызып кетуне байланысты және жылу факторларының әсерінен дамитын патологиялық жағдай. Жылу өту синдромының негізінде жылу жасау артып жылу бөлінудің азаюы жатады.

    Себептері:

    • ылғалдылығы жоғары ыстық бөлмеде болу

    • ауаны нашар өткізетін қалың киім кию

    • баланың жылу көзінің немесе пештің маңындағы төсекте жатуы

    Белгілері: бастың ауруы және айналуы, әлсіздік, ұйқышылдық, құлақтың шулауы, лоқсу. Терісі қызарған, басында дымқыл, одан әрі құрғақтанады. Мұрыннан қан кетуі мүмкін. Дене температурасы 40-41 0 С көтеріледі, құрысу болады. Пульсі және дем алуы жиілейді, ауыр жағдайда – есінен тану.

    Шұғыл көмек

    1. Баланы салқын, желдетілетін бөлмеге ауыстыру.

    2. Қысып тұрған және қалың киімнен босату.

    3. Таза ауамен қамтамасыз ету.

    4. Салқын су беру.

    5. Басына суық компресс, ірі тамырларына мұзды мұйық қою.

    6. t +18+200С салқын суға малынған жаймамен орау.

    7. Тері астына – 1-2 мл 10% кофеин немесе 0,1-0,2 мл кордиамин ерітіндісін енгізу.

    8. Инфузионды терапия – физиологиялық ерітінді + 5% глюкоза ерітіндісі.

    Жәндіктердің шағуы Ара, сона, кене шағу.

    Клиникасы жәндіктер шаққан кезде енетін улардың әсерінен дамитын улануға, гемолиздік әсеріне және тамырларға тигізетін әсеріне байланысты болады.

    Жәндіктердің уына деген жеке бас сезімталдығының маңызы да зор.

    Клиникасы:

    Жәндік шаққан жерде ашыну, ауырсыну және ыстықтық сезімдер пайда болады. Тексергенде: ісіну, қызару және жергілікті дене температурасының жоғарлауы. Шағу бірнеше рет болғанда жалпы реакциялар дамиды: қалтырау, бастың ауруы, лоқсу, құсу, дене температурасының жоғарлауы. Балада жоғарғы сезімталдық болған жағдайда улану және аллергиялық симптомдардың жеңіл түрінен ауыр түріне дейін байқалуы мүмкін: крапивница, Квинке ісігі, бронхоспазм, құрысулар, анафилактикалық шок.

    Бұл жағдайлар шағудан кейін тек алғашқы минуттарда ғана емес, 30 мин немесе 2 сағат өткеннен кейін де байқалуы ықтимал.

    Шұғыл көмек:

    1. Шаққан орынды және тері қабатын түгелдей қарап шығу.

    2. Баланы тыныштандыру.

    3. Жарадан жәндіктің улы тілін пинцетпен немесе скальпельдің ұшымен алып тастау.

    4. Кене шаққан жағдайда, ол жерді ең алдымен залалсыздандырады, одан кейін басымен қоса алып тастайды.

    5. Жараны спиртпен өңдеу.

    6. Жергілікті мұзды мұйық қолдану.

    7. Шаққан жерге 0,1% адреналин ерітіндісін енгізу-0,1-0,3 мл.

    8. Қатты ауырсынуда шаққан жерге 1-2 мл 1% новокаин ерітіндісін немесе анальгетик ерітіндісін бұлшық етке енгізу.

    9. Ауыз арқылы антигистаминді препарат беру – димедрол немесе пипольфен, немесе супрастин.

    10. Шағу бірнеше рет болғанда аллергиялық диатезі бар балаларға – преднизалон 30-40 мг.

    11. Бронхоспазм кезінде – көк тамырға тамшылатып 2,4% эуфиллин, физ.ерітіндіде.

    12. Құрысу болса – седуксен – 0,3 мл/жасына.

    13. Ауыр жағдайларда – аллергологиялық немесе токсикология бөліміне госпитализациялау

    Мазмұны

    1. Алғы сөз.

    2. Алгоритмдермен жұмыс жасауға араналған әдістемелік ұсыныстар.

    3. Жаңа туған нәрестенің күтімі:

    • Дене салмағын өлшеу;

    • Балалардың бой ұзындығын өлшеу;

    • Бас және кеуде айналымын өлшеу;

    • Ана төсімен тамақтандыру ережелері;

    • Бақылаулы тамақтандыру;

    • Нәрестенің алғашқы тазалығы;

    • «Жылу тізбегінің» бөліктері (№498 бұйрық);

    • Нәрестенің және ерте жастағы баланың таңертеңгілік тазалығы;

    • Нәрестенің және ерте жастағы баланың жыныс мүшелерін жуу;

    • Кіндік жарасын өңдеу;

    • Гигиеналық ванна.

    4. Шала туылған баланың күтімі:

    • Жылытуға жылытқышты қолдану;

    • Нәрестені зонд арқылы тамақтандыру.

    5. Нәрестелік кезеңнің аурулары:

    • Гнейс екзінде бастың шашты бөлігін өңдеу;

    • Омфалиттер кезінде кіндік жарасын өңдеу.

    6. Тыныс алу мүшелерінің аурулары:

    • Дене температурасын өлшеу;

    • Ауыз және мұрыннан жұғын алу;

    • Антибиотиктерді еріту және енгізу;

    • Құлаққа тамшы тамызу;

    • Көзге тамшы тамызу;

    • Мұрынға тамшы тамызу;

    • Құлақ маңына жылыту компрессін қою;

    • Ерте жастағы балаларға қыша қағазын қою;

    • Мұздың көмегімен физикалық салқындату;

    7. Ас қорыту мүшелерінің аурулары:

    • Стоматиттер кезінде ауыз қуысын өңдеу;

    • Асқазан шаю;

    • Ауыз арқылы регидратация;

    • Тазарту клизмасы;

    • Ерте жастағы балаларға жел шығарғыш түтікше қою;

    • Нәжісті копрограммаға жинау;

    • Энтеробиозға қырынды алу;

    • Құрт жұмыртқаларына нәжісті жинау;

    • Нәжісті бактериологиялық зерттеуге жинау.

    8. Зәр шығару мүшелерінің аурулары:

    • Ерте жастағы балалардың зәрін жинау ерекшеліктері;

    • Нечипоренко әдісі бойынша зәрді жинау;

    • Зимницкий әдісі бойынша зәрді жинау.

    9. Эндокринді жүйенің аурулары:

    • Инсулин енгізу ережелері;

    • Зәрдегі ацетонды анықтаудың экспресс-әдісі.

    10. Иммунопрофилактика:

    • Қауіпсіз иммуннопрофилактиканың қағидалары;

    • БЦЖ вакцинасын енгізу;

    • Манту сынағын қою;

    • АКДС-вакцинасын енгізу;

    • Моновалентті ККП вакцинасын енгізу;

    • ОПВ вакцинасын енгізу;

    • Гепатит В қарсы вакцина енгізу.

    11. Балаларда кездесетін шұғыл жағдайлар:

    • Стенозды ларинготрахеит;

    • Гипертермия;

    • Құрысып тырысу;

    • Ларингоспазм;

    • Жасанды дем беру;

    • Әр жастағы балаларға жүрекке тікелей емес массаж жасау;

    • Мұрыннан қан кету;

    • Метеоризм;

    • Ішек токсикозы эксикозбен;

    • Бронх демікпесінің ұстамасы;

    • Естен тану;

    • Коллапс;

    • Құсу;

    • Диабеттік кома;

    • Гипогликемиялық кома;

    • Күн өту;

    • Ыстық өту;

    • Жәндіктердің шағуы.