Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос экз жауап.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
350.72 Кб
Скачать

1.6 Сурет. Біржартыпериодты түзеткіштің кірмесіндегі

(а) және шықпасындағы (б) кернеудің пішіні

Бірфазалы біржартыпериодты түзеткіштің схемасы 1. 7 суретте келтірілген.

Негізінде ол трансформатордың екінші орамының екі жарты толқынынан қөректенетін, өзара параллель жалғанған екі бірфазалы түзеткіштен тұрады. Нәтижеде екі қарама-қарсы фазададағы кернеу түзеткіші пайда болады. Мұндай кернеудің пішіні 1.8 сурете келтірілген.

1. 7 Сурет. Бірфазалы біржартыпериодты түзеткіштің схемасы.

1.8 Сурет. Екіжартыпериодты түзеткіштің кірмесіндегі (а) және шықпасындағы (б) кернеудің пішіні

Екіфазалы екіжартыпериодты түзеткіштер трансформаторды қолайлы қолдануымен сипатталады. Түзеткіштің шықпасындағы кернеудің орташа мәні төмендегі формуламен анықталады:

(1.9)

Екіжартыпериодты түзеткіштің шықпасындағы сигналдың периоды біржартыпериодты түзеткіштің шықпалы сигналынан екі есі кем болады. Әрбір диодтағы максимал кері кернеу екінші орамдағы кернеулердің максимал мәндерінің айырымына (екі дарты орамдағы кернеудің жиындысы u2 = u2' + u2") және осы диодтағы UТУРА тура кернеу түсімдеріне тең болады:

(1.10)

Қазіргі кезде бірфазалы екіжартыпериодты көпірлі түзеткіш кең көлемде қолоданылып, оның схемасы 1.9 суретте келтірілген.

1.9 Сурет. Бірфазалы көпірлі түзеткіштің схемасы.

Көпірлі түзеткіштің кірмесі мен шықпасындағы кернеу пішіндері, UШbҚ шықпалы кернеудің орташа мәні екіфазалы екіжартыпериодты түзеткіштің пішіні мен кернеу мәндерін қайталайды. Көпірлі түзеткіш үшін кері максимал кернеу Umax трансформатордың екінші орамындағы кернеуге тең болады.

Көпірлі түзеткіштің екіжартыпериодты түзеткіштен айырмашы-лығы ол трансформаторсыз да жұмыс жасауы мүмкін. Көпірлі түзеткіштің кемшілігі ретінде түзетуші диодтардың санының екі еселенуі болып саналады.

Тиристор деп үш (немесе одан да көп) түзеткіш өтпесі бар екі орнықты күйге ие болған, және бір күйден екінші күйге, екінші күйден бірінші күйге жеңіл өтіп тұратын жартылай өткізгішті құрылғыны атайды. Тиристорлар диодты (басқарылмайтын) және триодты (басқарылатын) екі түрге бөлінеді. Диодты тиристорды динистор деп атайды. Айнымалы ток тізбектерін жалғау үшін қолданылатын арнайы симметриялы тиристорлар – симистор деп аталады.

Динистор - үш p-n-өтпеден тұратын диод түріндегі екіэлектродты құрылғы. Бір шеткі p-аймағы анод, ал екінші шеткі n-аймағы катод деп аталады. Динистордың құрылысы 2.1 а суретте келтірілген. Динистордың үш p-n-өтпесі J1, J2 және J3 деп белгіленеді. Динистордың шартты белгісі 2.1 б суретте келтірілген.

Динистордың орнын басу схемасын өзара жалғанған триодты құрылым ретінде қарастыру мүмкін. Динисторды құрамдас транзисторға бөлу және орнын басу схемасы 2. 2 суретте келтірілген. Мұндай жалғану кезінде бірінші транзистордың коллектор тогы екінші транзистордың база тогы, ал екінші транзистордың коллектор тогы бірінші транзистордың база тогы болады. Осындай жалғану негізінде құрылғының ішінде оң кері байланыс пайда болады.