Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар ХТСК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
458.01 Кб
Скачать

3. Этилен-пропиленді каучуктің макромолекулалық құрылысының резиналардың вулкандау қасиеттеріне әсері

Полимерде қос байланысы жоқ екеулiк сополимерлер, пероксидтi вулкандау деп аталатынның көмегiмен кеңiстiктiк үш өлшемдi құрылым түзе алады; мұндай жағдайда вулкандаушы қосылыстар ретiнде радикалдар инициаторларын өздiгiнше, немесе азғана мөлшерде күкiрт (10-15%, алынған пероксид мөлшерiн қосқанда) қосып пайдаланады. Үш өлшемдi тор негiзiнен, пероксидтердiң ыдырауы нәтижесiнде түзiлетiн, қаныққан полимер молекула-

сынан радикалдар үзiп шығарған лабильдi сутегi атомының түзiлуi және осыған байланысты көмiртектi тiзбекте үшiншiлiк атомның пайда болуынан түзiледi.

Вулкандау үшiн бензоил, дикумил және үшiншiлiк бутил пероксидiн пайдаланады. Вулкандау жылдамдығы пероксидтердiң радикалдарға ыдырау жылдамдығына және олардың реакцияға түсу қабiлетiне байланысты; 1000С төмен температурада радикалдарға ыдырайтын бензоил пероксидi араластыру процесiнде алдын-ала вулкандануды тудырады; дикумил пероксидi қоспаларды дайындау және оларды одан әрi өңдеу процестерiнде артық вулкандануды тудырмайды, бiрақ вулкандау барысында түзiлетiн пероксидтiң ыдырау өнiмдерi, яғни ацетофенон бөлiнiп шығатындықтан вулканизаттардан өте жағымсыз иiстiң шығып тұруына ықпал етедi.

15 емтихан билеті

1. Каучуктер өндірісіне арналған басты шикізат

Тұрақты жағдайда синтетикалық каучуктерді классификациялау мен атаулары мономер бойынша бөлінеді, яғни оларды алу кезінде пайдалану (изопренді, бутадиенді, бутадиен - стиролды), немесе негізгі тізбектегі бүйірлік топтардағы топ тәндеріне байланысты (мысалы полисульфидті, уретанды, кремниий органикалық, фторкаучуктер).

Синтетикалық каучуктер (СК) өнеркәсібі – мұнай химиясы саласының маңызды буындарының бірі болып табылады. Ол әлемдік нарықта үлкен сұра-нысқа ие өнімді шығарады. Мысалы, бірқалыпты дамып отырған шина өндірісі-нің саласына қажетті шикі зат. Синтетикалық каучуктерді екі негізгі топқа бөлуге болады. Біріншісіне жалпы мақсатқа арналған - бутадиенді, бутадиен-стиролды, изопренді жатады. Олар пайдаланғанда резинаға тән қасиеттері, яғни жоғары созылымдылығы іске асатын жаппай өндірілетін бұйымдарды (шиналар, конвейерлік таспалар т.с.с.) алғанда қолданылады. Екінші тобына арнайы мақсатқа арналған СК кіреді, олар жоғары созылымдылықпен қатай кейбір арнайы қасиеттерге ие бұйымдар өндірісінде қолданылады. Мысалы, бутадиен-нитрилді каучуктерден бензинге, майға төзімді бұйымдар, ал кремнийорганикалық материалдардан жылуға, аязға төзімді, ал уретанды эластомерлерден тозуға төзімді бұйымдар жасайды. Синтетикалық латекстер, сұйық каучуктер мен термоэластопластарды ерекше топқа бөлуге болады. Ракета техникасында синтетикалық каучуктер қатты ракета отынын жасағанда полимерлік негіз ретінде қолданылады, ол жағдайда олар отын ролін атқарады, ал толықтырғыш ретінде селитра (калий немесе аммиакты) ұнтағын немесе отында тотықтырғыш ролін атқаратын аммоний перхлоратын пайдаланады.

2. Хлорпренді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері

Хлоропрендi каучуктердi (наириттер) хлорпренді СН2=CCl-CH=CH2 (2-хлорбутадиен-1,3). эмульсияда полимерлеу арқылы радикалды иницирлеумен алады.Олардың полимерлі тізбектері 96-98% 1,4 – буындарынан сонымен қатар 1,2- и 1,3 буындарынан тұрады.

Өндірісте хлоропрендi каучуктердi (наириттер) үздікті және үздіксіз тәсілмен алады.

Отандық сериялы хлорпрендi каучуктi (наириттi) хлопрендi эмульсияда полимерлеу арқылы алады. Өңдеу тәсiлiне қарай ол рулонды (таспа түрiнде) немесе бiлiктелген күйде шығарылады. Иiлiмдiлiгiне қарай наирит мынадай маркiлерге бөлiнедi:

Маркiсi

Иiлiмдiлiк шегi

А

0,65-0,72

Б

0,58-0,54

К (желiлi)

0,55-0,62

Одан басқа, наирит төмендегiдей маркiлермен де шығарылады:

С – хлопрендi стиролмен эмульсияда сополимерлеу өнiмi. Оның иiлiмдiлiгi 0,58-0,72. Сериялыдан айырмашылығы кристалдану жылдамдығы аз және желiмденгiштiгiн жақсы сақтайды;

НТ – хлопрендi төмен температурада эмульсияда полимерлеу арқылы алады. Желiмденгiштiк қабiлетi өте жоғары және негiзiнен аяқ киiм өнеркәсiбiнде желiмдер дайындау үшiн қолданылады. Қабаттарға (енi 2,5 см тiлiктерге) ажырауға қарсылығы 20-250С кезiнде – 9,0 кгс; 43-450С кезiнде – 8,0 кгс болуы қажет.

М – температура 300С кезiнде хлорпрендi эмульсияда полимерлеу өнiмi. Ерекшелiгi аязға төзiмдiлiгi өте жоғары және резина мен желi өнеркәсiбiнде қолдануға арналған.

. Электронды-графикалық зерттеулерге сүйенiп, хлорпрен полимерiнiң химиялық құрылысы төмендегiдей деп жобалауға болады:

...- CH2 - C = CH - CH2 - - CH2 - C = C - CH2 - - CH2 - C = CH - CH2-...

  n 

Cl Cl Cl

Мұндай полимер транс-изомер болып саналады.

Полихлорпрен молекуласында хлор бар (теория жүзiнде 37,6%), сондықтан да оның тығыздығы басқа каучуктердiң тығыздығынан жоғары және 1,21-1,25 г/см3 аралығында болады.

Полихлорпрен үшiн 250С кезiндегi сыну коэффициентi 1,558 тең. Оның 60 гц жиiлiктегi диэлектрлiк өткiзгiштiгi 7,5, ал 100 гц – 5,72 тең.

Жарық әсерiнен полихлорпрен ерiмейтiн түрге өтедi. Ең қатты әсер ететiн күлгiн және ультракүлгiн сәулелер; спектрдiң жасыл және сары бөлiгi әсер етпейдi.

Полихлорпреннiң газ өткiзгiштiгi табиғи каучукке қарағанда екi-үш есе төмен.