
- •1.Синтетикалық каучуктер өндірісі – мұнай химиясының басты саласы
- •2.Стереоретті изопренді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3.Уретанды каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •1.Синтетикалық каучуктер өндірісі дамуының тарихи сатылары.
- •2.Стереоретті бутадиенді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3.Силоксанды каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •1.Каучуктер сыныптамасы. Синтетикалық каучуктердің типтері.
- •2.Стереоретті бутадиен-стиролды каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3.Полисульфидті каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулкани-заттардың қасиеттері
- •Вулканизаттардың қасиеттерi. Вулканизаттардың механикалық қасиет-терiн анықтау үшiн құрамы төмендегiдей қоспа алынды (салм.Б. Түрiнде):
- •1.Алу тәсіліне қарай каучуктерді сыныптау
- •2.Полиизобутиленді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3.Изопренді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттар-дың қасиеттері .
- •Этилен-пропиленді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •Акрилатты каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •Арнай мақсатқа арналған каучуктер.
- •Бутадиен-нитрилді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •Фторкаучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •Каучуктер өндірісіне арналған басты шикізат.
- •Акрилатты каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •Хлорпренді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизат-тардың қасиеттері
- •Табиғи каучуктің технологиялық қасиеттері
- •Бутилкаучукті алу, құрылысы және қасиеттері
- •Полиизобутиленді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулка-низаттардың қасиеттері
- •1. Табиғи каучук макромолекулаларының құрылысы
- •2. Статикалық бутадиен-стиролды сополимерлерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Этилен-пропиленді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •1. Табиғи каучук вулканизаттарының қасиеттері және қолданылу аумағы
- •2. Изопренді каучуктер. Литий-органикалық катализаторларда изопренді каучуктерді алу.
- •3. Бутадиен-нитрилді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •1. Табиғи каучукті алу
- •2. Силоксанды алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Этилен-пропиленді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулка-низаттардың қасиеттері
- •1. Табиғи каучуктің химиялық құрылысы.
- •2. Уретанды каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Бутилкаучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулкaнизаттардың қасиеттері
- •1. Табиғи каучук түрлері және олардың физикалық қасиеттері
- •2. Акрилатты каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Бутадиенді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттар-дың қасиеттері
- •1. Табиғи каучук макромолекулаларының құрылысы және оның каучуктің техникалық қасиеттеріне әсері.
- •2. Полисульфидті каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Этилен-пропиленді каучуктің макромолекулалық құрылысының резиналардың вулкандау қасиеттеріне әсері
- •1. Каучуктер өндірісіне арналған басты шикізат
- •2. Хлорпренді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Тиоколдар негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •Вулканизаттардың қасиеттерi. Вулканизаттардың механикалық қасиет-терiн анықтау үшiн құрамы төмендегiдей қоспа алынды (салм.Б. Түрiнде):
3.Уретанды каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
Вулканизаттардың қасиеттерi. СКУ-ПФ негiзiндегi вулканизаттардың қасиеттерiн анықтау үшiн құрамы төмендегiдей қоспаны қолданды (салм.б. түрiнде):
-
Каучук СКУ-ПФ
100,0
Zn-комплекс
0,4
Күкiрт
1,5
Мырыш оксидi
5,0
Альтакс
3,0
Филблек О күйесi
30,0
Каптакс
1,0
Төменде қоспаны дайындау режимi келтiрiлген (мин түрiнде):
-
Каучук СКУ-ПФ
0
Күйе
5
Альтакс
2
Күкiрт
10
Каптакс
3
Мырыш оксидi
12
Zn-комплекс
4
Жалпы араластыру уақыты 20 мин; бiлiктер температурасы 250С. Қоспаларды вулкандауды 1430С 60 мин бойына одан қысымда суыту арқылы жүргiзедi. Төменде СКУ-ПФ каучугi негiзiндегi вулканизаттардың механикалық қасиеттерi келтiрiлген:
-
Ұзартқандағы кернеу, кгс/см2
100%
300%
27
128
Созғандағы берiктiк шегi, кгс/см2
267
Салыстырмалы ұзаруы, %
475
Қалдық ұзаруы, %
200
Вулканизаттарды арнайы құрылымды бұйымдар немесе өзек, пластина және диск түрiнде шығарылады, олардан механикалық өңдеу жолымен әртүрлi бөлшектер (тiстi шестерналар, тiстi бiлiктер және басқалар) дайындайды. Мұндай бұйымдарды болаттың ең жақсы сорттарынан жасалған бөлшектер орнына қолдануға болады, ал жұмысқа шыдамдылығы жағынан болаттан асып түседi.
Уретанды каучуктердi қомақты шиналар, тасымалдау таспаларын және техникалық тығындағыштар жасау үшiн пайдаланады. Әсiресе матасыз велосипед шиналары өндiрiсiнде полиуретандарды қолдану өте қызығатын жайт.
Соңғы кездерi уретанды качуктердi автомобил шиналарының протекторларында қолданылуы жөнiнде мәлiметтер бар, мұндай жағдайда өте жоғары тозуға төзiмдiлiкке ие болады.
Полиуретандардан үлкен мөлшерде көбiктi полиуретандар (кеуектi борпылдақ бұйымдар) өндiрiлуде.
№ 2 емтихан билеті
1.Синтетикалық каучуктер өндірісі дамуының тарихи сатылары.
Ең алғаш рет Оңтүстік Америкада аяқ киімді және басқа да үй тұрмысындағы бұйымдарды малындыру үшін каучукті өсімдіктердің сүттіген шырыны түрінде каучукті пайдалану жөніндегі мәліметтер XVI ғасырға жатады. Ресейде резина өнеркәсібі вулкандау процесі ашылғанға дейін пайда болды. 1832-1860 жылдары бірнеше фабрика ғана жұмыс істеді, ал 80жылдарда бірқатар ірі резина зауыттары салына бастады: Треугольник,Каучук,Богатырь,Проводник және т.б. бұл заауыттарда шикі зат есебінде импорттық табиғи каучук пайдаланылды. Октябрь революциясынан кейін біздің елімізде резина өнеркәсібі үшін өз шикізат базамызды жасау мәселесі тұрды. Осыған байланысты 1926 жылы синтетикалық каучукты алудың ең жақсы тәсілін жасауға бәйге жарияланды. Бәйгеге ұсынылған ұсыныстардың тек біреуі ғана сыйлыққа ие болды. Бұл Лебедевтің ұсынысы еді – катализатор қолдана отырып бір сатымен спирттен бутадиенді алудың таңғажайып тәсілі. Бутадиен металдық натриймен полимерленіп каучукке айналды. Совет Одағында Лебедев әдісімен өнеркәсіптік көлемде синтетикалық каучукті алу 1932 жылдан басталды. Дегенімен құрылымының тармақтылығынан СКБ каучугінің желімденгіштік, механикалық беріктік және аязға төзімділік мәндері төмен болды. Кейінірек жоғарыдан аталған кемшіліктерінен арылған, ретті құрылымды бутадиендерді каучуктер жасалды. Резиналық бұйымдардың сапасына қойылатын арнаулы талаптар-майға,аязға,жылуға және агрессивті орталарға төзімділік – аталған қасиеттерге ие каучуктерді синтездеуді талап етті. Осылайша,майға төзімді силоксанды каучуктердің, газ өткізбейтін бутилкаучук өндірісі ұйысдастырылды. Қазіргі кезде отандық резина өнеркәсібінің әртүрлі қасиеттерге ие синтетикалық каучуктердің ассортименті мол. Каучуктерді синтездеу саласында зерттеулер жалғасып келеді.