Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар ХТСК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
458.01 Кб
Скачать

1. Табиғи каучук макромолекулаларының құрылысы және оның каучуктің техникалық қасиеттеріне әсері.

Тұтас дерлiк табиғи каучук каучуктi өсiмдiктер плантациясынан (ботаникалық Euphorbiaceae тұқымдастығының бразилиялық гевеясынан) алынады. Гевея – биiктiгi 45 м-ге және диаметрi 0,8-1,5 м-ге дейiн жететiн мықты өсiмдiк. Бразилиялық гевея плантациясы ең бастысы тропикалық Оңтүстiк-Шығыс Азияда, Малайск архипелагында, Малакка жартыаралында, Цейлон аралында және т.б. орналасқан.

Қазiргi кезде табиғи каучуктiң плантациясының жалпы көлемi 3,5 млн. га асып кетедi.

Соңғы жылдары табиғи каучуктiң өндiрiлуi Африка елдерiнде 140 мың.т. жеттi.

Гевеяны отырғызу жиiлiгi шамамен 1 га-ға 500-760 ағаштан (орташа есеппен 600) келедi, бiрақ әлсiздерiн алып тастаса 250 аспайтын өсiмдiк қалады.

Жоғары өнiм беретiн сорттарын өсiру арқасында каучуктi жинауды 1700-2300 кг/га дейiн көтеруге мүмкiндiк туды. Табиғи каучук полимерінің негізгі бөлімі қайталанып отыратын изопентен буындарынан құралады және формуласы мынадай болады:

/

Каучук – гуттаперча стеоизомері транс – конфигурацияға ие:

Плантацияларда қасиеттерi жағынан бiрыңғайлау және сапасы жоғары каучуктердi алу жөнiнде тәжiрибелер жүргiзiледi. Негiзiнен жұмыстар латекстi сұйылтуды азайту және коагуляциялағандағы рН реттеуге жұмылдырылған. Жаңа әдiстер флокулянған дисперсияларды алуға немесе оны бiрқалыпты кептiруге мүмкiндiк беретiн, үздiксiз тәсiлмен ұсақ дисперстi коагулюмдi алуға бағытталған. Нәтижесiнде, тұрақты рН латекстi сұйылтпай алынған каучуктер бiрыңғай, модулдерi жоғары және механикалық қасиеттерi жоғары болатыны анықталды.

2. Полисульфидті каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері

Тиокаучуктер немесе органикалық полисульфидтер тиоколдар деген атпен белгiлi, сiлтiлiк және сiлтiлiк жер металдардың полисульфидтерiмен көмiрсутектердiң, эфирлердiң және басқа да қосылыстардың дигалогенидтерiн әрекеттестiру арқылы алады.

Тиокол Да деп аталатын каучук тәрiздi өнiм кең қолдау тапқан

Оны натрий тетрасульфидiмен , /-дихлордиэтилдi эфирмен әсер ету арқылы алады. Тиоколды сылақ жасауда және кейбiр резина қоспаларына үстеме ретiнде пайдаланады.

Молекулалық салмағы 1500-4000 тең сұйық өнiм, тиокол Т өндiрiледi. Оны ди--хлорэтилформаль, 1,2,3-үшхлорпропан және натрий тетрасульфидi-нен алады.

Тиокол Т тұтқырлығы өзгеше болып келетiн екi сортпен шығарады:

250С кезiндегi тұтқырлығы, пз

А сорты 150-300

В сорты 300-500

Тиокол негiзiндегi қоспаға табиғи каучуктi (10 салм.б. дейiн) енгiзсе олардың технологиялық қасиеттерi жақсарады, бiрақ сонымен бiрге резиналар-дың iсiнуге қарсылығы әжептеуiр төмендейдi.

Тиоколдар СКН-18, СКН-26 және СКН-40 каучуктерiмен үйлесе алады. Мұндай қоспалардың технологиялық қасиеттерi жақсы болады. Бұл қоспалардан алынған резиналардың әртүрлi ерiткiштерде iсiну дәрежесi, iс жүзiнде күйемен толықтырылған тиоколды вулканизаттардың iсiну дәрежесiне жақын.

Тиоколды қоспалар үшiн күшейткiштер тиоколдiң 100 салм.б.-не 10 салм.б. және одан да көп мөлшерде енгiзiлетiн ДГ-100 және ТМ-70 күйелерi болып саналады; ең көп толығу мөлшерi ДГ-100 күйесi үшiн – 25 салм.б., ТМ-70 немесе ДГ-100 бен ТМ-70 қоспасы үшiн – 60 салм.б. дейiн.