Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар ХТСК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
458.01 Кб
Скачать

1. Табиғи каучук вулканизаттарының қасиеттері және қолданылу аумағы

Арнаулы технологиялық қасиеттерi бар каучуктердiң кейбiр түрлерi шығарылады, мысалы, “Sp” каучуктер, оларды коагуляциялау жолымен артық вулканданған және кәдiмгi латекстер қоспасынан алады. Мүндай каучук сығымдалған бұйымдарды алғанда қолданылады және шөгуi аз болып келедi.

Тауарлы табиғи каучуктiң жаңа түрлерi шығарылады – гранула және ұсақ дәндер түрiнде. Олар гомогендiлiгiмен, тазалығымен және бiрдей вулкандану жылдамдығымен ерекшелiнедi. Мұндай каучуктердi қолданғанда қыздыру қажет емес, резинаараластығыштың жұмысына жұмсалатын энергия шығыны азаяды, қоспалар сапасы жақсарады және ең бастысы, олар араластыру процесiн үздiксiз жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

Сонымен бiр мезгiлде ТК модификацияланған сорттарын – ТК метилакрилатпен, стиролмен және т.б. қосылған блоктарын алуға арналған үлкен жұмыстар атқарылуда.

Резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттерi тек каучуктердiң химиялық қасиеттерi ғана емес, олардың физикалық қасиеттерiне де байланысты. Вулканизаттардың физикалық қасиеттерiнiң кейбiр көрсеткiш-терiне қарап, қандай бұйымдарды жасауға жарамды екендiгiн және белгiлi бiр жағдайларда бұйымдарды пайдалану мүмкiндiгiн анықтауға болады.

Табиғи каучук 100С және одан төмен температурада ұзақ уақыт сақтаған жағдайда кристалданады. Сырттай қарағанда кристалдану дегенiмiз, яғни каучук табақтарының мөлдiрлiгiн жоғалтуы және қатаюы. 110С жоғары қыздырса каучук қайтадан созылымды болады.

Кристалданған каучук балқыса жылуды сiңiре (3,99 кал/г) жүредi.

Қайта-қайта тоңазытса каучуктiң физикалық және химиялық қасиеттерi өзгермейдi.

400С және атмосфералық қысым жағдайында 1 г смокед-шитстегi оттегiнiң ерiгiштiгi 17,8*10-5 г (жобамен 13 көл.%) құрайды.

Табиғи каучуктiң физикалық қасиеттерi төменде келтiрiлген:

Тығыздығы, г/см3

0,91-0,93

Көлемдiк ұлғаю коэффициентi (0-850С аралығында)

6,56*10-6

Жылу өткiзгiштiгi, кал/(см*сек*град)

335*10-6

(орташа мәнi)

Жану жылуы, ккал/кг

10,54*103-10,703*103

Жылу сыйымдылығы, кал/г*град

0,45-0,5

Сыну көрсеткiштерi

Ашық түстi креп

1,519-1,525

Смокед-шитс

1,519-1,5208

Табиғи каучуктен жасалған жұмсақ резинаның дыбыс өткiзбеу қасиеттерi 37м/сек тең (250С кезiнде) резинадағы дыбыстың таралу жылдамдығымен сипатталады; температура артқан сайын резинада дыбыстың таралу жылдам-дығы төмендейдi.

Эбониттегi (тығыздығы 1,25 г/см3) дыбыстың таралу жылдамдығы 1560 м/сек (180С кезiнде) құрайды.

Табиғи каучук жақсы технологиялық қасиеттерге ие. Ол оңай иiмделедi, каландрленедi, сығымдалады; барлық полярлы емес синтетикалық каучуктер-мен бiрiге алады және желiмденгiштiгi жоғары.

Табиғи каучук негiзiндегi толықтырылмаған резиналарды қолдану оның жоғары-созылымды және механикалық қасиеттерiн барынша пайдалануға мүмкiндiк бередi.

Табиғи каучук негiзiндегi резиналардың кемшiлiгiне олардың ерiткiштерге төзiмдiлiгi мен жылуға төзiмдiлiгiнiң төмендiгi жатады.