Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар ХТСК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
458.01 Кб
Скачать

3. Этилен-пропиленді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері

Полимерде қос байланысы жоқ екеулiк сополимерлер, пероксидтi вулкандау деп аталатынның көмегiмен кеңiстiктiк үш өлшемдi құрылым түзе алады; мұндай жағдайда вулкандаушы қосылыстар ретiнде радикалдар инициаторларын өздiгiнше, немесе азғана мөлшерде күкiрт (10-15%, алынған пероксид мөлшерiн қосқанда) қосып пайдаланады. Үш өлшемдi тор негiзiнен, пероксидтердiң ыдырауы нәтижесiнде түзiлетiн, қаныққан полимер молекуласынан радикалдар үзiп шығарған лабильдi сутегi атомының түзiлуi және осыған байланысты көмiртектi тiзбекте үшiншiлiк атомның пайда болуынан түзiледi.

Вулкандау үшiн бензоил, дикумил және үшiншiлiк бутил пероксидiн пайдаланады. Вулкандау жылдамдығы пероксидтердiң радикалдарға ыдырау жылдамдығына және олардың реакцияға түсу қабiлетiне байланысты; 1000С төмен температурада радикалдарға ыдырайтын бензоил пероксидi араластыру процесiнде алдын-ала вулкандануды тудырады; дикумил пероксидi қоспаларды дайындау және оларды одан әрi өңдеу процестерiнде артық вулкандануды тудырмайды, бiрақ вулкандау барысында түзiлетiн пероксидтiң ыдырау өнiмдерi, яғни ацетофенон бөлiнiп шығатындықтан вулканизаттардан өте жағымсыз иiстiң шығып тұруына ықпал етедi.

Ең қолайлысы активтiлiгi жағынан дикумил пероксидiмен бiдей және резиналардан жағымсыз иiс шығармайтын дитретбутил пероксидi болып табылады.

Вулкандау жылдамдығы пероксидтiң ыдырау жылдамдығына (жартылай ыдырау кезеңi) байланысты екендiгiн ескеру қажет, сонымен қатар оптималды вулкандау ұзақтығы жартылай ыдырау кезеңiнен 5-10 есе көп.

Әдетте пероксидтi-күкiрттi вулкандауды (күкiрт мөлшерi пероксид салмағының 10-15% құрайды) жүзеге асырады. Күкiрт құрылымдану процесiне қатыса және тiзбектiң үзiлу реакциясын баяулата отырып пероксидтi вулкандауға қабiлеттi.

Қоспаға қосымша органикалық қышқылдардың, кадмийдiң, қалайының және қорғасынның тұздарын қосса вулканизаттардың берiктiгiн арттырады.

СКЭП күкiртсiз радиация көмегiмен вулкандауға болады, дегенмен күкiрттi қатыстырып сәулелендiрсе вулканизаттардың берiктiгi артады.

Құрамында үшiншi компонент – диолефин бар СКЭПТ полимерлерiн кәдiмгi тәсiлдермен, яғни үдеткiштерi бар күкiртпен вулкандауға болады. Қоспаға 0,7-2% дейiн күкiрт және дитиокарбамин қышқылдарының тұздары, каптаксi бар тиурам (0,75:0,5 қатынаста) сияқты активтi үдеткiштердi қосып, созғандағы берiктiк шегi 220-250 кгс/см2 жететiн вулканизаттарды алуға болады.

Сополимер молекулаларына галоидтар немесе хлорсульфирленген топтарды енгiзсе, металл (Zn, Pb, Cd және т.б.) оксидтерiнiң көмегiмен мұндай каучуктедi вулкандауға мүмкiндiк бередi. Құрамында 7-8% хлоры бар (7 кесте) хлорланған СКЭП негiзiндегi вулканизаттар оптималды қасиеттерге ие болады.

Полиэтилен сияқты СКЭП де хлорсульфирленген топтарды (2-3%) енгiзуге және оны көп валенттi металдардың оксидтерiмен вулкандауға болады; толықтырылмаған вулканизаттардың созғандағы берiктiк шегi 200 кгс/см2 дейiн.

Хлорланған СКЭП негiзiндегi вулканизаттардың механикалық қасиеттерi

Көрсеткiштер

СКЭП

Хлорсыз

Хлормен (7,92%)

Созғандағы берiктiк шегi, кгс/см2

200С кезiндегi

1000С кезiндегi

1500С 96 сағат бойы ескiргендегi

328

64

103

271

86

224

300% ұзартқандағы

кернеу, кгс/см2

200С кезiндегi

63

103

Салыстырмалы ұзару, %

200C кезiндегi

1000С кезiндегi

1500С 96 сағат бойы ескiргендегi

670

380

157

535

385

380

Вулканизаттардың қасиеттерi. СКЭП негiзiндегi вулканизаттардың қасиеттерiн анықтау үшiн құрамы төмендегiдей (салм.б. түрiнде) стандартты қоспаны пайдаланады:

Каучук (СКЭП) . . . . . . . . .

100,0

Мырыш оксидi . . . . . . . . .

3,0

Дикумил пероксидi . . . . . . .

3,0

ТМ-70 күйесi . . . . . . . . . .

50,0

Күкiрт . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

0,4

Қоспаны келесi режим бойынша дайындайды (мин түрiнде):

СКЭП . . . . . . . . . . . . . . .

0

Күкiрт . . . . . . . . . . . . . . .

16

Мырыш оксидi . . . . . .

2

Дикумил пероксидi . . .

18

Күйе . . . . . . . . . .. . . ..

4

Бiлiктерде жалпы араластыру уақыты 25 мин.

Қоспалар 1600С 20 мин вулканданады.

СКЭПТ негiзiндегi вулканизаттардың қасиеттерiн анықтау үшiн құрамы төмендегiдей (салм.б. түрiнде) қоспаны пайдаланады:

СКЭПТ . . . . . . . . . . . . . .

100,0

Мырыш оксидi . . . . . . . . . . .

5,0

Күкiрт . . . . . . . . . . . . . . . . .

2,0

Техникалық стеарин . . . . ..

1,0

Тиурам . . . . . . . . . . . . . . . . .

1,5

ТМ-70 күйесi . . . . . . . . . . . .

50,0

Каптакс . . . . . . . . . . . . . . . . .

0,5

Қоспаны келесi режим бойынша дайындайды (мин түрiнде):

СКЭПТ . . . . . . . . . . . .. . . . . .

0

Тиурам . . . .. . .. . . . ..

6

Техникалық стеарин . . . . . .

2

Каптакс

Мырыш оксидi . . . . . . . . . .

4

Күйе . . . . . . . . . . . . . . . . ..

8

Күкiрт . . . . . . . . . . . . . . . .

23

Бiлiктерде жалпы араластыру уақыты 25-30 мин.

СКЭП вулканизаттарының қасиеттерi төменде келтiрiлген:

Созғандағы берiктiк шегi, кгс/см2

250С кезiндегi

1000С кезiндегi

175

65-75

Салыстырмалы ұзаруы, %

250С кезiндегi

1000С кезiндегi

300

250-300

300% ұзартқандағы кернеу, кгс/см2

112

ТМ-2 бойынша қаттылығы

65

Секiрткендегi созылымдылығы, %

60

Грассели машинасындағы мүжiлгiштiгi, см3/(квт*сағ)

300 дейiн

Динамикалық модулi, кгс/см2

18,9

Омырылғыштық температурасы, 0С

65

Жұлмалауға қарсылығы, кгс/см

250С кезiндегi

1000С кезiндегi

4,9

2,1

СКЭП алуға қажеттi бастапқы мономерлердiң табылуы оңай және дайын өнiмнiң тығыздығы төмен болғандықтан полимердiң бұл түрi экономикалық жағынан тиiмдi. Физикалық және химиялық қасиеттерiнiң жақсы болуы, яғни – озон- және атмосфералық тұрақтылығы, көптеген химиялық заттарға инерттi-лiгi – СКЭП көптеген резина-техникалық бұйымдарды, желi және шина өнеркәсiбiнде қолданылуына мүмкiндiк бередi.

СКЭПТ үшiншi компоненттiң барлық түрлерi этилен мен пропиленге қарағанда қымбат, бiрақ олардың мөлшерi 1-2%-тен аспайды, сондықтан жалпы құнына айтарлықтай әсер етпейдi.

10 емтихан билеті