Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар ХТСК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
458.01 Кб
Скачать
  1. Фторкаучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері

Фторкаучуктердi вулкандауды негiзiнен пероксидтермен, полиамин-дермен, Шифф негiздерiмен, iшкi комплекстiк қосылыстармен, сондай-ақ иондаушы сәулелер көмегiмен жүргiзедi.

Пероксидтермен вулкандау полимерлiк тiзбектен сутегi атомын жұлып алу, одан әрi полимерлiк радикалдармен әсер етуге байланысты.

Пероксидтермен, полиаминдермен және Шифф негiздерiмен вулкандауды екi сатыда жүргiзедi: бiрiншiсi – 130-1500С қалыптарда 30-50 мин бойы вулкандау; екiншiсi – 2000С ауалы ортада 24 сағат бойы вулкандау.

Процесс активаторлары қызметiн мырыш, кальций, магний және қорғасын оксидтерi атқарады, сонымен бiрмезгiлде олар Нª мен бiрқатар басқа да газдарды бөлiп шығаратын бейтараптан-дырушылар (нейтрализаторлар) болып саналады.

Фторкаучуктер үшiн вулкандау үдеткiштерi қызметiн 5% мөлшердегi бис-(фурфурилиден)-гексаметилендиимин (бифургин) және мыстың салицил-альимин (СИМ).

Вулканизаттардың қасиеттерi. СКФ-32 және СКФ-26 негiзiндегi резиналардың механикалық қасиеттерiн анықтау үшiн құрамы төменгiдей қоспаларды пайдаланады (салм.б. түрiнде):

І

ІІ

І

ІІ

СКФ-32

100,0

-

Мырыш оксидi

-

15,0

СКФ-26

-

100,0

Магний оксид

-

15,0

СИМ

5,0

-

ТГМ-33 күйесi

15,0

15,0

Бифургин

-

5,0

СКФ-32 каучугi негiзiндегi қоспаны дайындау режимi төмендегiдей (мин түрiнде):

СКФ-32

0

ТГМ-33 күйесi

6

СИМ

4

Мырыш оксидi

15

Бiлiктерде жалпы араластыру уақыты 18-20 мин.

Төменде СКФ-26 каучугi негiзiндегi қоспаны дайындау режимi келтiрiлген (мин түрiнде):

СКФ-26

0

ТГМ-33 күйесi

8

Бифургин

4

Магний оксидi

16

Бiлiктерде жалпы араластыру уақыты 20 мин.

Фторкаучуктердiң вулканизаттарының қасиеттерiне полимердегi сутегi мөлшерi (14 кесте) және вулкандау тәсiлi (15 кесте) әжептеуiр әсер етедi.

14 кесте

Каучуктегi сутегiнiң мөлшерi әртүрлi вулканизаттардың қасиеттерi.

Көрсеткiштер

Каучуктегi сутегi мөлшерi, %

1,2

1,75

2,0

2,4

Созғандағы берiктiк шегi, кгс/см2

32

134

170

245

Салыстырмалы ұзаруы, %

1200

570

490

240

Ацетонда iсiнуi, %

гель

200

185

137

СКФ-32 алынған резиналар 2000С ұзақ уақыт созылымдылық қасиеттерiн сақтайды. Температураны 2500С көтерсе жұмыс iстеу қабiлетi бiрден төмен-дейдi. 2500С резиналардың қызмет ету мерзiмi 100 сағат шамасында.

СКФ-26 алынған резиналардың 2500С жұмыс iстеу қабiлетi 2000 сағат және 3000С – 100-200 сағат.

Фторкаучуктерден жасалған резиналар жарық, озон, микроб және бензин мен майлағыш майлар сияқты заттар әсерiне төзiмдi, бiрақ кетондар мен күрделi эфирлерде еридi. Күштi қышқылдардың (күкiрт, азот) әсерiне төзiм-дiлiгi вулкандау тәсiлiне байланысты: Радиациялық және пероксидтi вулка-низаттар төзiмдiлеу және полиаминдер көмегiмен алынған вулканизаттардың төзiмдiлiгi төмен.

Фторкаучуктен алынған резиналар ыстық су әсерiне тұрақсыз. Мысалы, СКФ-26 алынған резиналар 700С 7 тәулiк iшiнде 0,62 мг/см3 iсiнедi.

7 емтихан билеті