
- •1.Айтыс – қазақ халқының төл өнері. Хіх ғасырдың і жартысындағы айтыс өнерінің зерттелуі
- •2. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
- •3.Базар жырау дастандарындағы фольклорлық сипаттар және көркемдік шешім.
- •4.Базар жыраудың өмірі мен шығармашылығы.
- •5.Базар жыраудың халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары (мысал келтіріңіз).
- •6.Базардың дастандары. (4-5 сурактардан карастырасындар)
- •7.Бақтыбай мен Тезек төренің айтысы.
- •8.Д.Бабатайұлы өлеңдеріндегі Отаншылдық, шынайы патриоттық-ұлтшылдық көзқарастар.
- •9.Дулат Бабатайұлы – зар заман ағымының ірі өкілі.
- •10.Дулат өлеңдерінің жаңашылдығы.
- •11.Дулат пен Абай арасындағы үндестік.
- •12.Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері.
- •13.Дулат шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •14.Дулаттың «Еспембет» дастаны: тарихи-этнографиялық және поэтикалық ерекшеліктері.
- •15.Дулаттың «Шаштараз» дастанының дидактикалық-эстетикалық тағлымы
- •16.Жанрлық дамулар, жазба әдебиетінің қалыптасуы.
- •17.Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас.
- •18.Зар заман» ағымы туралы түсінік.
- •19.Зар заман» толғауына талдау жасау.
- •20.Құлыншақ пен Майлықожаның айтысының тақырыбы
- •21.Майлықожа мысалдарының гуманистік-эстетикалық ұлағаты.
- •22.Майлықожаның айтыстары.
- •23.Майлықожаның арнау өлеңдерінің тақырыбы (мысал келтіріңіз).
- •24.Майлықожаның толғау-термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар (мысал келтіріңіз).
- •25.Махамбет өлеңдерінің бейнелілігі (бір өлеңін жатқа оқып, талдау жасаңыз).
- •26.Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі.
- •27.Махамбет Өтемісұлы – ұлт-азаттық көтеріліс жыршысы.
- •28.Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі.
- •29.Махамбет шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •30.Мәделі қожаның айтыстары, толғау термелерінің тақырыбы. Мәделі шығармашылығының зерттелуі
- •31.Нұрымның шығармашылығы. Маңғыстаудың жыршылық дәстүрі.
- •32.Орынбай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •33.Орыстың отаршыл саясаты. Әлеуметтік-экономикалық жағдай.
- •34.Сүйінбай Аронұлының адамгершілік-тәрбиелік толғау өлеңдері.
- •35.Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі.
- •36.Хіх ғасыр басындағы саяси өзгерістер. Хандық биліктің жойылуы.
- •37.Хіх ғасыр әдебиетіне ислам дінінің әсер-ықпалы.
- •38.Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаттамасы.
- •39.Хіх ғасыр әдебиетінің зерттелуі.
- •40.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.
- •41.Хіх ғасырдың і жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай.
- •42.Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі, жариялануы,
- •43.Шернияз толғау термелерінің философиялық болмысы.
- •44.Шернияз шығармашылығындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер.
- •45.Шернияздың шешендік өнері (өлеңдеріне мысал келтіріп, талдау жасаңыз).
- •46.Шортанбай айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары. Шортанбай айтыстарының эстетикалық-поэтикалық өнегесі.
- •47.Шортанбай дастандары. Тақырыбы, көркемдігі.
- •48.Шортанбай шығармаларындағы зар заман сипаты.
- •49.Шортанбай шығармашылығындағы имандылықты уағыздау сарыны (мысал келтіріңіз).
- •50.Шортанбайдың үлгі - өнегелік тәрбиелік мәндегі толғаулары.
- •51.Шөже Қаржаубайұлы шығармаларының зерттелуі.
- •52.Шөже мен Балтаның айтысының көркемдігі.
14.Дулаттың «Еспембет» дастаны: тарихи-этнографиялық және поэтикалық ерекшеліктері.
Дулаттың елеулі шығармасы «Еспенбет» поэмасы поэмасы XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті үшін жаңалық еді. "Еспенбет" поэмасы батырлар жырының үлгісінде жазылғанымен, қиял-ғажайып оқиғалар, тылсым күштер, нанымсыз әсірелеулер атымен жоқ. Фабуласы: Еспенбет қарапайым ғана кісінің баласы. Ол әке-шешеден жетім қалып, нағашысы Ер Қосайдың қолында өседі. Еспенбет он төрт жасқа келгенде алыстағы ата жұртына кеткісі келеді. Еспенбет нағашы атасы ұсынған байлықтың бәрінен бас тартып, жалғыз ғана Ақбөрте тайды қалайды. Нағашы атасы Еспенбеттің қалаған Ақбөрте тайын беріп, әрі жиенінің біліп таңдағанына сүйсінеді. Шынында да, нағашы атасы болжағандай жарбиып жалғыз тай мініп келген баланы еліндегілер кездеріне ілмей, Ер Қосайдың жиенін қара басын сопайтып, тай мінгізіп Қайтарған мұнысы қалай деп, алуан түрлі әңгіме қоздатады. Бірақ, Еспенбет оның бәрін құлағына ілмей, жүре береді. Сонымен үш жыл өтіп, Ақбөрте бесті ат болады. Сол кезде Жыл бұрын қайтыс болған Сәтімкұл деген атақты бидің көп халық шақырылған асы беріліп, аламан бәйге шаптырылады. Бәйгеге қосылған Ақбөрте алдымен келіп, бас бәйгеге тігілген 100 тайлақты жеңіп алады. Бірақ, "ердің сыйы – ортаға олжа салғаны" дегендей, бұл жолы да Еспенбет бәйгеге берілген жүз тайлақтан бір тайлақ та алмай, барлық олжасын қалың сыбанның ортасына салады. Өзінен атағы бұрын шыққан Ақбөртеге қызыққандар қоралап қой, үйірлеп жылқы беріп сұраса да, Еспенбет дүниеге қызықпайды, тұлпарын сатпайды.Сөйтіп жүргенде, Қабанбай бастаған батырлар кеткен бір кекті қайтару үшін, қалмаққа қарсы аттанбақ болады. Ақыры "шу!" десе, артынан шаңды боратып, алдынан құйын оратып, бөкендей орғып" желдеткен Ақбөртесіне мініп, аттанған қалың қолға Еспенбет те ілеседі. Өз жауларын жеңіп, халқына қамқор болады."Еспенбет" поэмасында ұлттық психология, салт-сана, тәрбие-өнеге үрдістері молынан көрінеді. Поэма көлемі шағын болғанымен, мазмұны бай, бөтен сөз, бөгде шумақтардан таза жинақылығымен де ерекшеленеді. Елге қорған тұлғаны аңсаудан туған "Еспенбет" поэмасы – XIX ғасыр әдебиетінде елеулі орын алатын көркем туынды.
15.Дулаттың «Шаштараз» дастанының дидактикалық-эстетикалық тағлымы
Мысал стилінде жазылған. Бұл қысқаша сюжетке құрылған өнегелі, өрнекті туынды. Мысалдың мазмұнына халық арасына кең тараған Ескендір патша туралы аңыз негіз болған. Аңыз бойынша Ескендірдің басында қос мүйізі болыпты-мыс. Патша оны жасырып жүріпті. Шашып қиып, тарап күтіп тұру үшін сыр шашапайтын, аузына берік шаштараз таптырып, одан ант алып, сұрағанын беріп, шашын алдырып жүреді. Шаштараз уәдесін біраз күн ұстап жүргенмен бір күні уәдесін бұзады. Қанша айтпайын деп жүрсе де, ол ішін кернеген сырды жасыра алмай, ақыры далаға оңаша шығып, жерге етпеттеп жатып: «Патша басында мүйізі бар»-деп қалады. Аузынан құпияның шығуы мұң екен, жел естіп, желден ел естіп тарап кетеді. Бейшара шаштараз аузына ие бола алмай басынан айрылады. Ақын бұ мысалда адамгершілік тәлім береді. Уәдеге берік, ұстанымды болуға үндейді.