
- •1.Айтыс – қазақ халқының төл өнері. Хіх ғасырдың і жартысындағы айтыс өнерінің зерттелуі
- •2. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
- •3.Базар жырау дастандарындағы фольклорлық сипаттар және көркемдік шешім.
- •4.Базар жыраудың өмірі мен шығармашылығы.
- •5.Базар жыраудың халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары (мысал келтіріңіз).
- •6.Базардың дастандары. (4-5 сурактардан карастырасындар)
- •7.Бақтыбай мен Тезек төренің айтысы.
- •8.Д.Бабатайұлы өлеңдеріндегі Отаншылдық, шынайы патриоттық-ұлтшылдық көзқарастар.
- •9.Дулат Бабатайұлы – зар заман ағымының ірі өкілі.
- •10.Дулат өлеңдерінің жаңашылдығы.
- •11.Дулат пен Абай арасындағы үндестік.
- •12.Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері.
- •13.Дулат шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •14.Дулаттың «Еспембет» дастаны: тарихи-этнографиялық және поэтикалық ерекшеліктері.
- •15.Дулаттың «Шаштараз» дастанының дидактикалық-эстетикалық тағлымы
- •16.Жанрлық дамулар, жазба әдебиетінің қалыптасуы.
- •17.Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас.
- •18.Зар заман» ағымы туралы түсінік.
- •19.Зар заман» толғауына талдау жасау.
- •20.Құлыншақ пен Майлықожаның айтысының тақырыбы
- •21.Майлықожа мысалдарының гуманистік-эстетикалық ұлағаты.
- •22.Майлықожаның айтыстары.
- •23.Майлықожаның арнау өлеңдерінің тақырыбы (мысал келтіріңіз).
- •24.Майлықожаның толғау-термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар (мысал келтіріңіз).
- •25.Махамбет өлеңдерінің бейнелілігі (бір өлеңін жатқа оқып, талдау жасаңыз).
- •26.Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі.
- •27.Махамбет Өтемісұлы – ұлт-азаттық көтеріліс жыршысы.
- •28.Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі.
- •29.Махамбет шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •30.Мәделі қожаның айтыстары, толғау термелерінің тақырыбы. Мәделі шығармашылығының зерттелуі
- •31.Нұрымның шығармашылығы. Маңғыстаудың жыршылық дәстүрі.
- •32.Орынбай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •33.Орыстың отаршыл саясаты. Әлеуметтік-экономикалық жағдай.
- •34.Сүйінбай Аронұлының адамгершілік-тәрбиелік толғау өлеңдері.
- •35.Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі.
- •36.Хіх ғасыр басындағы саяси өзгерістер. Хандық биліктің жойылуы.
- •37.Хіх ғасыр әдебиетіне ислам дінінің әсер-ықпалы.
- •38.Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаттамасы.
- •39.Хіх ғасыр әдебиетінің зерттелуі.
- •40.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.
- •41.Хіх ғасырдың і жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай.
- •42.Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі, жариялануы,
- •43.Шернияз толғау термелерінің философиялық болмысы.
- •44.Шернияз шығармашылығындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер.
- •45.Шернияздың шешендік өнері (өлеңдеріне мысал келтіріп, талдау жасаңыз).
- •46.Шортанбай айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары. Шортанбай айтыстарының эстетикалық-поэтикалық өнегесі.
- •47.Шортанбай дастандары. Тақырыбы, көркемдігі.
- •48.Шортанбай шығармаларындағы зар заман сипаты.
- •49.Шортанбай шығармашылығындағы имандылықты уағыздау сарыны (мысал келтіріңіз).
- •50.Шортанбайдың үлгі - өнегелік тәрбиелік мәндегі толғаулары.
- •51.Шөже Қаржаубайұлы шығармаларының зерттелуі.
- •52.Шөже мен Балтаның айтысының көркемдігі.
5.Базар жыраудың халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары (мысал келтіріңіз).
Базардың даңқын шығарған таңдаулы толғауларының бірі - оның «Пішанның Төребайына айтқан көңілқасы» Жырау жалғыз ұлы мен інісі қайтыс болған ел ағасына көңіл айта отырып, өткен тарихтан сыр шертеді, жаны ауыр қайқыдан, қатты ауырған Төребайды жігерлі жырымен жұбатады, оған да, қалың қауым да үлгі боларлық өнегелі өсиет, өрнекті сөздерін тереңнен толғайды. Сыр өңіріндегі даңқы жайылған хан – сұлтан, батыр – билердің аттарын атап, олардың елге сіңірген ерлігі мен еңбектерін ұрпақтарға үлгі ретінде ұсынады. Солардай жақсы барда ел азар ма?Бірі – үзік, бірі – түлік, біреуі ши , « Үлгілі шәкірт азбас» деген сөз бар, Бола ма көн күдері көрмесе іш, - деп басқа түскен қайғы қасіретке қайыспай, қайта өткеннен ғибрат алып, белін бекем бууға үндейді. Базар ұлт рухын көтеріп, азаттық идеясын иу еткен, елді еркіндікке үндеген айтулы туындыларының қатарына оның «Сыздық сұлтанға» арнауы жатады. Сыздықтың батыр мінезі мен қимыл әрекетін жалаң сөзбен емес, сол кезде, яғни соғыс барысында сұлтанның басынан өткен псих – ң өзг. сай нанымды жырл. Аз ғана күн бізде жүр Сыздық, Жолбарыстай еңіреніп, Қанаға симай тасумен, Өкси – өкси күн өтті ау, Есірі туған бұ дүрсілдеген жүректі, Екі қолдап басумен. Ш. Елеукенов Базардың « елім» дегенде етегі жасқа толатын ақынның бірі екендігін айтқан. Бес қару ер серігі – арғымақ ат, ару әйел, жеті қазына, ерлік - отаншылдық, ел бірлігі сарындары ақынның « Әр кемелге – бір зауал», « Дүниеден қудым», « Тырп етуге мажал жоқ», « Халық үшін туған қайратты ер» т.б өлеңдерінде зор шабытпен жырланады. Жырына арқау еткен дәстүрлі тақырыптың бірі үлгі – өсиет толғаулары. Базар толғ ділмарлығымен, айшықты теңеу, орамды теңеу бағалы. Ақынның « Шойынмен бәстес сойылмас», « Жәмиғы қазақ бір туған», « Сарыарқаның белінде» , «Алла ісінде арман жоқ», « Сөйле, тілім, жалпыдан» Қағытулары: « Нарименға», « Лепес байға», « Қалжан ахуалға», « Маутанға» «Асылқожаға» Жырау XIX ғ соңына қарай Сыр өлкесінде айрықша қарқын алған «жазба айтыстың» кейбіреуіне қатысады. « Ырысты қыздың жұмбағына» жауабын айрықша атап өту керек. Базар ж шығармалары Шалкиіз, Бұқар, Ақтамберді, Махамбет, Шал ақын жырл сарыны сезілетіні айқын байқалады. Жырау шығар – да кезд мақал – мәтелдер: « Ер көгерер алғыспен, Тай озар тап етерде» ; « Қызыл тілде буын жоқ» « Әр кемелге бір зауал». МЫСАЛҒА: Не артық? : Қу қанжыға жүйріктен, Қаба жалды берік артық, Жылуы жоқ тымақтан, Баса киген бөрік артық, Жаман болса алғанның, Мақтасы қалың көрпе артық. Сөйлер сөзі болмаса, Бір көруге көркі артық. Қараға жауап бергеннен, Аққа берген серт артық, Жаманнан азар көргеннен, Құдайдың берген дерті артық, Түзелер еді бұл заман, Пейілі бұзық пендені – Кесте астына жер тартып.
6.Базардың дастандары. (4-5 сурактардан карастырасындар)
7.Бақтыбай мен Тезек төренің айтысы.
Бақтыбайдың Тезек төремен айтысы оның атын тұтас Жетісу жеріне әйгілі еткен. Бақтыбаймен Тезек төренің айтысы Қожбамбет би жора-жолдасымен Тезек ауылына қонып, Тезек екеуі оңашаланып Дәнекер сұлудың үйінде қымыз ішіп, әңгімелесіп отырғанда болған. Мініп барған тайын сонау мама ағашқа байлап домбырасын қалына алып, жаяулап барған Бақтыбай қонақ үйлерге таяу Дәнекер үйінде отырған Тезектің үстіне жүрегі дауалап, бірден кіре алмаған, қорыққан. Алғашқыда үй сыртында тұрып, өлеңін сол жерден төгілткен. Бақтыбай: Ұлықсат болар ма екен тақсыр маған, Ханзада хан Абылай асыл задаң. Жаяуға ат, жарлыға шапан бопсың, Жайымды айтайын деп келдім саған. Сонда ақ үйден саңқ етіп, Тезек төренің ашуланған дауысы шықты: – Бұл кім өзі шаңқай түсте үйімнің сыртына келіп бақырып тұрған, бақсыдай сарнап, қақсап тұрған? Мені албасты басып жатыр дей ме екен? Кімді басынып жүр мынау? Кім де болса барыңдар, басын кесіп алыңдар! - деп екі жендетін жұмсайды. Сонда Бақтыбай – Сексендегі шалменен, құдай қосса, он сегіздегі қыз құрдас. Қырықтағы әйелмен нәсілі болса, он бестегі ұл құрдас. Баланың жасы құрдас болмағанмен, сөзі құрдас шығар. Алдыңызға келген пақырдың бас салып, басын алдыруыңыз әділдік бола қоймас. Бұл баланы тоқтаусыз сөйлетіңіз, кем болса, басын аларсыз, тең болса ашуыңызды қайтып аларсыз, - дейді. Сонда Тезек төре райынан қайтып: – Сөйлесін, онда, төртауыз, сөзінің түрін көрелік! – дейд. Айтыста атақты Тезек төренің өзін шешен тілмен жерден алып, жерге салған. Бақтыбайдың ақындығымен бірге сазгерлігі де ерекше болған. Бақтыбай Тезек төремен айтысқанда түйдек-түйдек өлең жолдарын алты түрлі әуенмен құбыл-тып айтып, ел-жұртты айрандай ұйытқан. Айтыс соңында Тезек: – Қожбамбет, мен сияқтанған төреден төре туады, сен сияқтанған биден би туады. Қайтпай, ойындағы сөзінен жаңылмай айтатұғын Бақтыбайдай ақын тумайды. Бақтыбай, нағыз айтқыш ақын өзіңсің. Сенен кім батыл айтар екен? Алдыңа қазақ ұлы түсе қоймас. Мені әділ төре дейді басқа ақындар сыйласа да, қорықса да. Сен де шындықты айттың. Саған сол Әділдің босағасы ашық. Жылына бір рет келіп, төреңе сәлем беріп тұр, - деді.