
- •1.Айтыс – қазақ халқының төл өнері. Хіх ғасырдың і жартысындағы айтыс өнерінің зерттелуі
- •2. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
- •3.Базар жырау дастандарындағы фольклорлық сипаттар және көркемдік шешім.
- •4.Базар жыраудың өмірі мен шығармашылығы.
- •5.Базар жыраудың халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары (мысал келтіріңіз).
- •6.Базардың дастандары. (4-5 сурактардан карастырасындар)
- •7.Бақтыбай мен Тезек төренің айтысы.
- •8.Д.Бабатайұлы өлеңдеріндегі Отаншылдық, шынайы патриоттық-ұлтшылдық көзқарастар.
- •9.Дулат Бабатайұлы – зар заман ағымының ірі өкілі.
- •10.Дулат өлеңдерінің жаңашылдығы.
- •11.Дулат пен Абай арасындағы үндестік.
- •12.Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері.
- •13.Дулат шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •14.Дулаттың «Еспембет» дастаны: тарихи-этнографиялық және поэтикалық ерекшеліктері.
- •15.Дулаттың «Шаштараз» дастанының дидактикалық-эстетикалық тағлымы
- •16.Жанрлық дамулар, жазба әдебиетінің қалыптасуы.
- •17.Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас.
- •18.Зар заман» ағымы туралы түсінік.
- •19.Зар заман» толғауына талдау жасау.
- •20.Құлыншақ пен Майлықожаның айтысының тақырыбы
- •21.Майлықожа мысалдарының гуманистік-эстетикалық ұлағаты.
- •22.Майлықожаның айтыстары.
- •23.Майлықожаның арнау өлеңдерінің тақырыбы (мысал келтіріңіз).
- •24.Майлықожаның толғау-термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар (мысал келтіріңіз).
- •25.Махамбет өлеңдерінің бейнелілігі (бір өлеңін жатқа оқып, талдау жасаңыз).
- •26.Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі.
- •27.Махамбет Өтемісұлы – ұлт-азаттық көтеріліс жыршысы.
- •28.Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі.
- •29.Махамбет шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •30.Мәделі қожаның айтыстары, толғау термелерінің тақырыбы. Мәделі шығармашылығының зерттелуі
- •31.Нұрымның шығармашылығы. Маңғыстаудың жыршылық дәстүрі.
- •32.Орынбай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •33.Орыстың отаршыл саясаты. Әлеуметтік-экономикалық жағдай.
- •34.Сүйінбай Аронұлының адамгершілік-тәрбиелік толғау өлеңдері.
- •35.Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі.
- •36.Хіх ғасыр басындағы саяси өзгерістер. Хандық биліктің жойылуы.
- •37.Хіх ғасыр әдебиетіне ислам дінінің әсер-ықпалы.
- •38.Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаттамасы.
- •39.Хіх ғасыр әдебиетінің зерттелуі.
- •40.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.
- •41.Хіх ғасырдың і жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай.
- •42.Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі, жариялануы,
- •43.Шернияз толғау термелерінің философиялық болмысы.
- •44.Шернияз шығармашылығындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер.
- •45.Шернияздың шешендік өнері (өлеңдеріне мысал келтіріп, талдау жасаңыз).
- •46.Шортанбай айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары. Шортанбай айтыстарының эстетикалық-поэтикалық өнегесі.
- •47.Шортанбай дастандары. Тақырыбы, көркемдігі.
- •48.Шортанбай шығармаларындағы зар заман сипаты.
- •49.Шортанбай шығармашылығындағы имандылықты уағыздау сарыны (мысал келтіріңіз).
- •50.Шортанбайдың үлгі - өнегелік тәрбиелік мәндегі толғаулары.
- •51.Шөже Қаржаубайұлы шығармаларының зерттелуі.
- •52.Шөже мен Балтаның айтысының көркемдігі.
28.Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі.
Махамбеттің бозбала кезінен бастап асқар таудай аға тұтып, ерге тірек, халыққа көсем санаған, қаза тапқаннан кейін аза тұтып, аруағына сиынып өткен адамы-Исатай. Махамбеттің аса қуатты талантынан туған ең үздік туындылары Исатай жайында. Махамбет 30-жылдардың бас кезінде шығарған өлеңдерінің бірінде: Алдияр,тақсыр ханымыз! Исатай батыр кеткелі, Кеміді біздің сәніміз. -деп, Исатай батырдың шеттетілуіне қатты өкінеді. Жәңгірмен арақатынасы әлі бұзылмай тұрған сол кездің ханға: шайтанның сөзіне еріп, Исатайды сыртқа теуіп отырсың деп, тартынбай айтады. "Арыстан еді-ау Исатай" дегендерінен Исатайдың бүкіл хандықтағы кемел, кесек түлға екені көрінеді. Ол халық үғымындағы азаматтың азаматына, батырдың батырына айтылатын арыстан деген метафораны тұңғыш рет Исатайды сипаттауға қолданады. "Соғыс" деген өлеңінде: Жау қарасы көрінді, Жиылған әскер бүлінді. Исатай-басшы, мен-қосшы, -деп, ұрыс суретін жасайды. Ақтабанмен аңырата шапқан Исатайдың батырлығы, адамгершілігі, адал серіктері үшін қатерден тайынбайтындығы сүйсінтеді. Өлеңнің соңында: Қызғыштай болған есіл ер, Қайран да жұрттан не көрді?!- деген сұрақ тастайды. Тастөбедегі шайқаста көтерілісшілер жеңілді. Ол осы жайға арнап Исатайдың атынан айтылатын "Әй, Махамбет жолдасым" деген өлең шығарды. Онда батырдың хан ордасына қалың қолмен барып тұрып, солқылдақтық жасағанына, алдауға түскеніне реніш білдіреді. "Амал барда хан шаппай, тәңірім қылды, не амал бар!"-деп өкінеді. Бірақ ол мұны өзі емес, Исатайдың өзіне айтқызып, тапқырлық жасаған. Махамбеттің Исатай бейнесін сомдаған туындыларының ішінде "Тарланым" өлеңінің орны ерекше. Өлең "Таудан мұнартып ұшқан тарланым" деген қаратпа сөз түріндегі романтикалық асқақ, салтанатты метафорадан басталып, қол жетпестей биіктегі, арман-аңсарына айналған арыстанын: Кермиығым, кербезім, Керіскедей шандозым! Құландай ащы дауыстым, Құлжадай айбар мүйіздім! Қырмызыдай ажарлым, Хиуадай базарлым, Теңіздей терең ақылдым, Тебіренбес ауыр мінездім!-деп барып бір қайырады. Ақын аса бір тәнтілікпен батырдың молынан сәулетті сом тұлғасын жасаған. Исатай қазасы Махамбетті қатты қайғыртты. Исатай қаза болғаннан кейінгі сондай өлеңдерінің алғашқысы және көркемдік әсері ең күштісі -"Мұнар күн". Бұл — ақынның "халқының қамал қорғаны" болған Исатайды жоқтауы, аза жыры. "Мінкен ер" атты өлеңінде Тастөбедегі жеңілістен кейін Исатай қырық шақты жолдасымен Жайықтың шығыс бетіндегі ел ішіне келуі суреттелген. "Күн болған" деген өлеңінде: Исатайдан айырылып, Арқалап келген кеңесте, Дем құрыған күн болған,- деп, арқалаған кеңесте Исатайдың жоқтығы қатты білінеп айтылса, "Қарағай шаптым шандоздан" деген өлеңінде одан да асырып: Ер қабыланын жөнелтіп, Елсізде аңырап қалған шақ- Біздерден ақыл сұрама!— дейді. Көтерілісшілер үшін Исатайдың орны қандай екенін бұдан артық айтып жеткізу қиын шығар. Махамбет өзінің өлең толғаулары арқылы халық жоқшысы, көтеріліс басшысы, ел ардағы, арыстан жүректі батыр, кемел тұлға ретіндегі Исатайдың асқақ та заңғар ескерткішін жасап қалдырған.