Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хожин (ЭС) шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
22.02.2020
Размер:
5.07 Mб
Скачать

46. Жел электр станциялары (жэс). Ерекшеліктері, жэс-дың Қазақстан энергетикасындағы алатын орны. Мысал келтіріңіз.

ЖЭС ауа массасының қозғалыс энергиясын пайдаланылады,қуаты шамамен 100-400 кВт.Қазіргі уақытта өндірісте қуатты жел агрегаттары дайындалуда.Мұндай қондырғылар ауыл шаруашылығында,шалғай аудандарда,матеорологиялық станцияларда және басқа да шаруашылықта пайдаланылады.Жел энергиясын қолдану оның жылдамдығына және бағытына байланысты.М-ы: желдің жылдамдығы 5-8 м/с та қалыпты,14м/с та күшті жел,20-25м/с та құйын, ал жылдамдығы 30м/с асатын жел дауыл еп есептелінеді.Кейбір уақыттарда желдің екпіні 100м/с жететіндігі байқалады.1989ж Қаз-ң Семей обл.да қуаты 12 кВттық үш жел энергетикалық қондырғылары іске қосылды.Қызылорда обл.да 150 жел энергетикалық агрегаттарын қондыру жұмысы басталды.Қазіргі кезде Талдықорған обл.да жел энергетикалық қондырғыларын іске қосу жұмысы жүргізілуіде.Жел үшін пайдаланылатын ЭС –ы сан жағынан аз,қуаты да нашар ж/е олардың жұмыс істеуі ауа райына тікелей байланысты.сондықтан ЖЭС кейбір арнаулы қажеттерге ғана қолдануға болады.Жел агрегатының жалпы құрылысы,жел қалақшалары,электр генераторы,тоқ өткізгіш,биік мұнара,электр энергиясын тарататын үй,найзағай қайтарғыштан тұрады.

47. Жоғары кернеулі ажыраттардағы доғаны сөндіретін қондырғылар. Оларды топқа бөлу. Схемалары. Өндірісте пайдалануы. Мысал келтіріңіз.

Жоғары кернеулі ажыратқыштар- электр қондырғылардағы негізгі коммутациялық аппараттардың бірі. Ажыратқыштардың негізгі атқаратын жұмысы- электр тізбегіндегі жүкті кез келген режимде қосу немесе ажырату (қалыпты режім, апаттық режім, қысқа тұйыұталу тоғын ажырату, т.б.). Жоғары кернеулі ажыратқыштарға қойылатын талаптар: электр тізбегін сенімді ажырату, ажырату қуатының жеткіліктігі, тізбекті тез ажырату, ұайта қосу автоматын ажыратқыштардың құрылымында қолдану, әрбір фазаны бөлек басқаратын мүмкіндігінің болуы, жарылудан және өрттен қауіпсіздендіру, құрылымының қарапайымдылығы, пайдалануға ыңғайлылығы, мөлшері, салмағының аздығы, жұмыс істегенше шудың болмауы. Барлық жоғары кернеулі ажыратқыштарды екі негізгі топқа бөлеміз: майлы ажыратқыштар және майсыз ажыратқыштар. Майлы ажыратқыштар өз кезегінде үлкен көлемді майлы ажыратқыштар және аз көлемді майлы ажыратқыштар деп екіге бөлінеді. Ажыратқыш ажыраған кезде контактілердің арасында электрлік доға пайда болады. Сол доғаны арнайы камераларда сөндіреміз. Жұмыс әрекетіне байланысты доғаны сөндіретін құрылғылар негізініде үш топқа бөлуге болады:

  1. Өздігінен үрлемелі (автодтьем) доға сөндіретін камера. Мұнда газдың жоғары қысымы және үлкен жылдамдығы доғада бөлінетін энергияға әсерін тигізеді.

  2. Трансформаторлық майды күшпен үрлейтін құрылғы. Мұнда майды арнайы гидравликалық механизмдермен ажыратқыштың түйіспелеріндегі доғаға күшпен жеткізеді.

  3. Магниттік үрлемелі доғаны сөндіретін камера. Мұнда доға электромагниттік өрістің әсерінен тар каналға немесе саңлауларға жеткізіледі де , сөндіріледі.