
- •Планетадағы зат айналымдарына анықтама бер
- •Тұрақты даму тұрғысынан Қазақстанның дамуын бағалау
- •3. Мұхиттар мен теңіздер мәселелері
- •Демэкология (Популяция экологиясы) дегеніміз не?
- •3. Ауылшаруашылығы мен ормандар мәселелері
- •1. «Биосфера (экосистема)» және «ноосфера» терминдеріне анықтама
- •2. Табиғатты тиімді пайдалану
- •Биотоптың әртүрлілік , жағдайлардың ауытқу,ортаның жайлап өзгеру принциптері
- •3. Табиғи қорларды пайдаланудың мәселелері
- •2) Тұрақты дамуға көшу кезеңдері
- •3) Топырақтың адамзат үшін маңызы
- •2) Популяция ішіндегі түрлердің бірге тіршілік ету шарттары
- •3)Антропогендік фактор
- •3) Ішкі суларды ластаушы көздер
- •1. Гидросфераға анықтама бер
- •2. Ортаның қолайсыз жағдайынан қашу жолына анықтама бер.
- •3. Ластанған суды тазарту әдістері
- •1. Литосфераға анықтама бер
- •2. Белсенсіз жол дегеніміз не?
- •3. Атмосфераның өнеркәсіптен ластануы
- •Белсенді жол дегеніміз не?
- •16 Bilet 1)Биоценоздың құрылымы
2) Тұрақты дамуға көшу кезеңдері
Қазақстан Республикасы үшін орнықты дамуға көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Ол үшін орнықты дамудың әр кезеңіне арналған белгіленген өлшемдер анықталады (1-кесте). Дайындық кезеңі (2007-2009 жылдар) - орнықты даму қағидаттарын қоғамдық және саяси қызметтің барлық салаларына енгізу, экономиканы әртараптандыру, технологиялық алға озуды жүзеге асыру үшін жағдай жасау. Бірінші кезең (2010-2012 жылдар) - Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруін қамтамасыз ету. Екінші кезең (2013-2018 жылдар) - өмір сүру сапасы деңгейі бойынша әлемдік дамудағы көшбасшылар арасындағы еліміздің жағдайын нығайту, табиғи ресурстарды орынсыз пайдалану салдарынан болатын шығындарды айтарлықтай қысқарту, елдің экологиялық орнықтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету. Үшінші кезең (2019-2024 жылдар) - орнықты дамудың қабылданған халықаралық өлшемдеріне қол жеткізу.
3) Топырақтың адамзат үшін маңызы
Топырақтың адамзат үшін маңызды.Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызын айтып жеткізу қиын. Егер бұрынғы кезде өскен өнімді жинау кезінде топырақтың жанама маңызы болуы, себебі ол адамды жабайы өсімдіктер өнімдерімен қамтамасыз етті, ал жер жыртып, егіншілікпен айналысқан кезден бастап топырақ азық өнімдерінін көзіну айналды. Сондықтан еңбек адамы ежелден осы табиғи байлыққа үлкен құрметпен қарайды. В.В.Докучаев ойынша қара топырақты жерлерді Ресейдің негізгі байлығы деп атайды. Өндірістің кейбір салалары топырақты пайдалануға негізделген. Соның бірі маңызды азық-түлік өнімдерін жеткізуші ауыл шаруашылдығы. Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісін негізгі құралы болып табылады. Топырақтың орман шаруашылығында және құрылыс салғанда – инженерлік құрылғылардың іргетасының негізгі ретінде және жол салуда гидротехникалық құрылыста құрылыс материалы ретінде маңызы зор. Топырақта жүріп жататын күрделі биологиялық, физика-химиялық және химиялық процестердін адамзат қоғамының түрлі тіршілік салалары үшін мәні зор. Осы процестерді тану топырақты іс жүзінде пайдалануда жаңа мүмкіндіктер ашады. Микробиологиялық және геохимиялық процестерді зерттеуге байланысты топырақтың халық денсаулығы үшін маңызы анықтала түседі. Топырақтағы физика-химиялық құбылыстарды зерттеудің гидротехникалық құрылыс үшін және алыс қашықтыққа созылған магистралық құбырлар салу үшін маңызы бар.Топырақтағы биогеохимиялық және геохимиялық процестерді пайдалы қазба кен орындарын іздеу кезінде пайдаланады. Жердің ауыл шаруашылығы үшін маңызы ерекше, сондықтан осы сұрақ алды мен қаралуы керек.
11-билет.1) Биогеоценоз дегеніміз не?
Биогеоценоз (био..., гео... және гр. koіnos — жалпы) — тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы.
Биогеоценоз терминін 1940 ж. орыс ғалымы В.Н. Сукачев ұсынған. Ғылыми әдебиетте биогеоценозды экологиялық жүйе деп те атайды. Дара бастың зат алмасу және энергия қабылдау процестері биогеоценоз популяциялары арасындағы байланыстардың негізін құрайды. Қоректену әдісіне қарай барлық тірі организмдер автотрофты организмдер және гетеротрофты организмдер болып бөлінеді.
Биогеоценоздағы зат айналымы тіршіліктің пайда болу процесінде қалыптасып, тірі табиғат эволюциясының дамуы нәтижесінде күрделене түседі. Сондай-ақ, биогеоценозда зат айналымы болу үшін экожүйеде анорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін және Күн сәулесінің энергиясын басқа түрге өзгертіп, сол органикалық заттарды пайдаланып, оларды қайтадан анорганикалық қосылыстарға айналдыратын организмдер болады. Биогеоценоздың негізін продуценттер, консументтер, редуценттер құрайды.
Биогеоценозды және онда өтіп жатқан процестерді сипаттайтын көрсеткіштер:
түрдің алуан түрлілігі (осы биогеоценозды құрайтын өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің саны);
популяция тығыздығы (бір түрдің аудан немесе көлем бірлігіне келетін дара бастар саны);
биомасса.
Биогеоценоз 2-ге бөлінеді.
Табиғи биогеоценоз (тоған, орман, т.б.) — табиғи сұрыпталу нәтижесінде қалыптасатын өздігінен реттелетін күрделі де тұрақты биологиялық жүйе.
Жасанды биогеоценоз — түрлі агрономиялық әдістерді қолдану нәтижесінде алынған агроценоздар. Бұған қолдан жасалатын шалғындықтар, егістіктер мен жайылымдар, қолдан отырғызылатын ормандар жатады.