
- •Планетадағы зат айналымдарына анықтама бер
- •Тұрақты даму тұрғысынан Қазақстанның дамуын бағалау
- •3. Мұхиттар мен теңіздер мәселелері
- •Демэкология (Популяция экологиясы) дегеніміз не?
- •3. Ауылшаруашылығы мен ормандар мәселелері
- •1. «Биосфера (экосистема)» және «ноосфера» терминдеріне анықтама
- •2. Табиғатты тиімді пайдалану
- •Биотоптың әртүрлілік , жағдайлардың ауытқу,ортаның жайлап өзгеру принциптері
- •3. Табиғи қорларды пайдаланудың мәселелері
- •2) Тұрақты дамуға көшу кезеңдері
- •3) Топырақтың адамзат үшін маңызы
- •2) Популяция ішіндегі түрлердің бірге тіршілік ету шарттары
- •3)Антропогендік фактор
- •3) Ішкі суларды ластаушы көздер
- •1. Гидросфераға анықтама бер
- •2. Ортаның қолайсыз жағдайынан қашу жолына анықтама бер.
- •3. Ластанған суды тазарту әдістері
- •1. Литосфераға анықтама бер
- •2. Белсенсіз жол дегеніміз не?
- •3. Атмосфераның өнеркәсіптен ластануы
- •Белсенді жол дегеніміз не?
- •16 Bilet 1)Биоценоздың құрылымы
Тұрақты даму тұрғысынан Қазақстанның дамуын бағалау
Табиғатты қорғау және тұрақты даму. Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен әдістері. Ерекше қорғалатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі. Генетикалық әралуандылықты қорғау. Биосфералық резерваттар. Қызыл кітап және оның биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролі. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың теориялық негіздерін құру – тұрақты дамуға көшудің міндетті шарттарының бірі. Экологиялық білім мен экологиялық сауаттылықтың адамзаттың тұрақты дамуынын қамтамасыз етудегі ролі.
Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары. Қазақстан республикасының табиғи ортасын тұрақсыздандыру процесстері, себептері мен салдарлары. Арал аймағының әлеуметтік-экологиялық проблемалары. Ядролық сынақтардың адамзатқа тигізетін зардаптары. ҚР территориясындағы Семей ядролық сынақ алаңы және өзге де полигондар. ҚР –дағы халыққа экологиялық білім және экологиялық тәрбие беру. ҚР-ның тұрақты дамуын қамтамасыз ету: Тұрақты даму тұжырымдамасы. Тұрақты даму стратегиясы және Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету механизмдері.
Қоршаған ортаның әлеуметтік компоненті — қоғам, қоғамдық қатынастар, мәдениет. Еңбек сферасы – еңбек процесінің материалдық факторлары мен адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жиынтығы – қоршаған ортаның бір бөлігі. Қоршаған орта элементтерінін ара салмағы. Іргелі экологиялық заң – минимум ережесінің өлеуметтік жүйеде әсер етуі. Адамның жасанды тіршілік ету ортасын құруы. «Өмір сүру сапасы» үғымына анықтама беру.
Демографиялық қысым, урбанизация, олардың табиғи жүйелерге әсері. Ресурстық дағдарыс және оның салдарлары. Ортаның жалпы агрессивтік деңгейінің артуы. Мутациялық процестер. Адамның тұқым қуалаушылық қасиеттеріне, қоршаған орта факторларының мутагендік әсерінің кешеуілдеп білінетін зардапарын бағалау жүйесі жөне қоршаған орта мутагендерінен қорғану. Генофондты қорғауға компенсациялық көзқарас проблемасындағы антимутагенез.
3. Мұхиттар мен теңіздер мәселелері
Мұхит (Әлемдік мұхит) - гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos – мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен).
Жер шарында төрт мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі.
Мұхит ластануы, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік ететін организмдердің құрып кетуіне немесе шектен тыс көбеюіне алып келеді. Мысалы, теңіз жұлдызының (Asteroіdea) тым көбейіп кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде “тікенді шеңбер” қалыптасуда. Сондай-ақ Дүниежүзілік мұхиттың, әсіресе мұнай өнімдерімен ластануы әлемдік мұхит пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесіне кері ықпал етеді, соның салдарынан Жер атмосферасындағы газ қоспаларының концентрациясы үздіксіз артуда; жағалауға жақын және атыраулық аймақтарды қоса есептегендегі теңіздік ортаға заттардың немесе энергияның тікелей не жанама жолмен түсуі теңіз биотасының дамуына кедергі келтіріп, судың сапасын нашарлатады. Бұл жағдай тірі организмдер мен адамның денсаулығына қауіп төндіреді.
Мұхиттар әртүрлі ресурстардың қойнауы ғана емес, құрлықтырды, аралдарды байланыстыратын ыңғайлы, тегін жол болып та есептеледі. Теңіз транспорты мемлекеттер арасындағы жүк тасымалының 80% қамтамасыз етеді. Теңізге шығу мүкіндігі бар көптеген елдер әртүрлі материалдар мен заттарды, өнеркәсіп қалдықтарын, құрылыс қоқыстарын, химиялық және жарылыс заттарын, радиоактивті қалдықтарды теңіздерге көмеді (дампинг).
Өнеркәсіп орындарынан шығатын қоқыстарда әртүрлі органикалық заттар мен ауыр металдардың қосылыстары кездеседі. Тұрмыстық қоқыстырда органикалық заттардың орташа шамамен 32-40% бар.Оның ішінде: азоттың 0,56%, фосфордың 0,44%, мырыштың 0,15%, қорғасынның 0,08%, сынаптың 0,001%бар.
Дампинг материалдарын теңіз түбіне тастау және судың ұзақ уақыт бойы лайлануы бентостың аз қозғалатын өкілдерінің тұншығып, қырылуына алып келеді. Тірі қалған балықтар, моллюскалар және шаянтәрізділердің тыныс алу және қоректену жағдайының қиыншылығына байланысты өсу жылдамдығы төмендейді. Көп жағдайда қауымдастықтың түрлік құрамы өзгереді. Сондықтан қалдықтарды теңізге көму жүйесін ұйымдастыру және бақылау кезінде дампинг ауданын анықтаудың маңызы зор.
Әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнай және мұнай өнімдерімен, радиоактивті қалықтармен (РАҚ) ластануы үлкен алаңдатушылық тудырып отыр. Ластанудың масштабын мына мәліметтерден көруге болады: жағалаулардағы суға жыл сайын 320 млн. Тонна темір, 6,5 млн. Тонна фосфор, 2,3 млн. Тонна қорғасын бөлінуде. 1945-1947 жылдары кеңес, ағылшын және американдық команда басқармалары қолға түскен және өздерінің улы заттары бар (иприт, фосген) 300 мың оқ-дәрілерін суға батырды. Суға бытыру операциялары асығыс, экологиялық қауіпсіздік нормалары сақталмай жасалды. Теңіз суының әсерінен қазіргі кезде химиялық оқ-дәрілердің корустары қатты зақымдалдығ ал мұның арты жақсылыққа апарып соқпайтыны белгілі.
№4 –ЕМТИХАН БИЛЕТІ
Экология ғылымына анықтама беріңіз. Бұл терминнің авторы кім?
“Экология” терминін ғылымға 1866 жылы неміс ғалымы Э.Геккель енгізді. Грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны береді. Э.Геккель бұл ғылымның анықтамасын былай тұжырымдады: “Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді – жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеуді түсінеміз.” Уақыт өте келе экологиялық заңдылықтар ағзалардың жиынтығы – популяцияларға, бірлестіктерге, экожүйелерге, ақырында бүкіл тірі табиғатқа қатысты қолданыла бастады. Экология барлық деңгейлердегі ағза үстілік биологиялық жүйелердің ұйымдасуы мен тіршілік қызметі туралы ғылымға айналды.
2. Таусылмайтын табиғи қорлар. Таусылмайтын табиғи қорлар бұл ұзақ мерзімді табиғатты пайдаланғанда мөлшері мен сапасы өзгермейтін не өзгерісі сезілмейтін табиғи физикалық құбылыстар мен заттар. Мұндай қорлар күн энергиясы, жел энергиясы, қозғалыстағы су энергиясы, жер қойнауының энергиясы.
3. Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық мәселелері. Адамзаттың соңғы екі жүз жылда ғылыми техникалық прогресс арқылы дамуынан қоршаған орта мен экожүйеге антропогендік әсері қазіргі кезде қатты сезіле бастады. Экожүйе бұзылды немесе тіптен жойылу алдында тұр. Глобалды экодинамиканың келесі әулеметтік экологиялық мәселелерін талдап қарастыруға болады. Олар таза су, теңіздер мен мұхиттар, ауылшаруашылығы мен ормандар, атмосфера, қалдықтар, энергетика, транспорт, радиоактивті қалдықтар, жердің шөлге айналуы, биотүрлердің азаюы, табиғи апаттар, техногендік зіл-залалар.
№5 –ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1.Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері және құрылымы. Экологияның дамуы үш кезеңнен тұрады: Бірінші кезең – экологияның ғылым ретінде қалыптасуы (19 ғ.-дың 60-шы ж. дейін), осы аралықта жиналған деректер арқылы бірінші ғылыми тұжырымдар жасала бастады.Екінші кезең – экология жеке ғылым ретінде құрылды (19ғ.-дың 60-шы ж. кейін) Орыс ғалымдары А.Т.Болотов, И.И.Лепехин, П.С.Паллас, Н.А.Северцов, А.Н.Бекетов, В.В.Докучаев осы күнге дейін қажеттілігін жоймайтын экология түсініктері мен принциптерін тұжырымдады. Үшінші кезең – 20ғ.-дың 50-ші ж. Бастап осы күнге дейін жалғасады. Экология кешенді ғылымға айналды – география, геология, химия, физика, экономика, социалогия және т.б. ғылымдардың заңдылықтарын қоса ала отырып қоршаған табиғи орта мен оны қорғау туралы ғылымға айналдырды.
Осы күнгі экология мыналарға:1)зерттеу объектісінің өлшеміне байланысты: аутоэкология, демэкология, синэкология, ландшафттық экологиясы, мегаэкологияға;2) зерттеу затына байланысты: микроағзалар, грибтер, өсімдіктер, жануарлар, адам, ауылшаруашылық, өндірістік, жалпы экология; 3) тіршілік ортасы мен құрамы бойынша: жер экологиясы, таза су қоймалары, теңіз экологиясы, Қиыр шеткі солтүстік экологиясы, таулар,химиялық экология;4) затты зерттеу бойыша: талдамалық, динамикалық; 5) уақыт факторы бойынша: тарихи және дамушы болып бөлінеді.
2. Таусылатын табиғи қорлар. Таусылатын табиғи қорлар бұл ұзақ мерзімді табиғатты пайдаланғанда мөлшері мен сапасы өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар мен заттар.Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады.
3. Таза сумәселесі. Таза су – жоғарғы приоритеттік мәселе. Жалпы Жер шарын алып қарағанда су қоры өте көп. Мәселенің ең қиыны – су сапасы мен дамушы елдердегі су тапшылығы болып отыр. Суды ең көп қолданатын елдерге Азия құрлығында орналасқан елдер, солардан кейін Солтүстік Америка мен Еуропа жатады. Жиырма сегізден астам елде су тапшылығы сезіліп отыр, ал дамушы елдерде бір млрд. астам адам су жетіспеушілігінен зардап шегуде. Суды ең көп қолданатын сала – ауылшаруашылық. Шемімін табу керек мәселелерге ірі қалаларды сумен қамтамасыз ету, трансшекаралық мәселелер мен оларды шешу мәселелері жатады.
№6 –ЕМТИХАН БИЛЕТІ
Аутоэкология (Тұқым экологиясы) дегеніміз не?Аутоэкология –
түр өкілінің оны қоршаған табиғи ортамен байланысын зерттейді, жалпылама экологиялық факторлардың жеке ағзаға әсерлерін және оның оған жауабын да зерттейді.Биосфера түрлілігінің негізгі көзі – бұл тірі ағзалардың тіршілігінің нәтижесі. Ағза мен оны қоршаған тірі емес орта арасында үзіліссіз зат алмасу жүреді. Биосферада 2 миллионнан астам тірі ағза бірлестіктері бар. Көптеген бірлестіктер өзіне миллиондаған жеке түрлерді енгізген, олар кеңістікте белгілі бір заңдылықпен таралған. Әрбүр түр қоршаған ортамен өзінше байланыста болады. Биосфера аумағында негізгі 4 тіршілік ортасы бар, олар: су, жер беті, топырақ, және тірі ағза құраған орта. Әрбір ортада өзінің биотасы (тірі ағзалар жиынтығы) бар, ол өз тіршілігін жасайды. Экологиялық фактор:Абиотикалық-бұл тірі емес табиғи факторлар,ең алдымен климаттық:күн сәулесі, температура, ылғалдылық, жел, қысым және жергілікті: рельеф, топырақ қасиеті, тұздылығы, радиация; Биотикалық – тірі ағзалардың бір-біріне тура немесе жанама түрде әсер етуі. Антропокендік – адамның қоршаған табиғи ортаға тура немесе жанама түрде іс-әрекеттік әсері.
2. Табиғатты қолдану. Табиғатты қолдану – бұл адамның өмірін қамтамасыз етуі үшін қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын пайдалануы. Адамның табиғатты қолдануы төрт түрлі формада жүреді: өмірін қамтамасыз ету, шаруашылық-экономикалық, денсаулықты түзеу, мәдени. Ең негізгісі өмірін қамтамасыз ету, ол ауаны демалу үшін, суды ішу үшін, өсімдіктер мен жануарларды азық үшін пайдалануы.
Адамның табиғатты қолдану формалары екі түрде жүзеге асады: жалпы және арнайы табиғатты қолдану. Жалпы табиғатты қолдану ешқандай рұқсаатты талап етпейді. Арнайы табиғатты қолдану мемлекеттік рұқсатты талап етеді.
Ал шаруашылықты жүргізу нәтижелері негізінде табиғатты қолдану тиімді және тиімсіз деп бөлінеді. Табиғатты тиімсіз пайдалану табиғи қорлардың азаюына, экожүйедегі тепе-теңдіктің бұзылуына, ал ең соңында экологиялық дағдарыс пен катастрофаға алып келеді. Табиғатты тиімді пайдалану:1)Табиғат қорларын пайдалану оны толықтырып отырумен бірге жүруі керек;2) Табиғат қорларын кешенді пайдалану; 3) Табиғат қорларын қайталап пайдалану; 4) Табиғатты қорғайтын шаралар жүргізу; 5) Қоршаған табиғи ортаға антропогендік әсерді азайту үшін жаңа технологияларды енгізіп отыру.
3. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық мәселелері.Қазақстанда мұнай мен газ өнеркәсібі, түсті және қара металл өндіру, химия өнеркәсіптерінің жұмыс істеуі және т.б. өндірістер қоршаған орта мен экожүйеге антропогендік әсер етуде және жыл сайын зардаптары мен зияны қазіргі кезде қатты сезіле бастады. Экожүйе бұзылды немесе тіптен жойылу алдында тұр. Қазақстанда экодинамиканың келесі әлеуметтік экологиялық мәселелерін талдап қарастыруға болады. Олар таза су, теңіздер, көлдер мен өзендер, ауылшаруашылығы мен ормандар, атмосфера, қалдықтар, энергетика, транспорт, радиоактивті қалдықтар, жердің шөлге айналуы, биотүрлердің азаюы, табиғи апаттар, техногендік зіл-залалар.
№7–ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Демэкология(Популяция экологиясы) дегеніміз не?
2. Табиғатты тиімсіз пайдалану
3. Ауылшаруашылығы мен ормандар мәселелері