
- •Планетадағы зат айналымдарына анықтама бер
- •Тұрақты даму тұрғысынан Қазақстанның дамуын бағалау
- •3. Мұхиттар мен теңіздер мәселелері
- •Демэкология (Популяция экологиясы) дегеніміз не?
- •3. Ауылшаруашылығы мен ормандар мәселелері
- •1. «Биосфера (экосистема)» және «ноосфера» терминдеріне анықтама
- •2. Табиғатты тиімді пайдалану
- •Биотоптың әртүрлілік , жағдайлардың ауытқу,ортаның жайлап өзгеру принциптері
- •3. Табиғи қорларды пайдаланудың мәселелері
- •2) Тұрақты дамуға көшу кезеңдері
- •3) Топырақтың адамзат үшін маңызы
- •2) Популяция ішіндегі түрлердің бірге тіршілік ету шарттары
- •3)Антропогендік фактор
- •3) Ішкі суларды ластаушы көздер
- •1. Гидросфераға анықтама бер
- •2. Ортаның қолайсыз жағдайынан қашу жолына анықтама бер.
- •3. Ластанған суды тазарту әдістері
- •1. Литосфераға анықтама бер
- •2. Белсенсіз жол дегеніміз не?
- •3. Атмосфераның өнеркәсіптен ластануы
- •Белсенді жол дегеніміз не?
- •16 Bilet 1)Биоценоздың құрылымы
2. Ортаның қолайсыз жағдайынан қашу жолына анықтама бер.
Ортаның қолайсыз жағдайынан қашу жолы-орта факторлары жайсыз жағдайға ауыса бастағанда ағзалардың кейбір түрлері тіршілік ету ортасын ауыстырады, яғн миграция басталады. Мысалы, құстар ауа райы суыта бастағанда жылы жаққа қарай ұша бастайды.
Ортаның ағзаларға әсері орта факторлары мен жағдайының қаншалықты тұрақты екендігінде. Ол тұрақтылық әсердің қайталануына байланысты. Осы тұрғыдан қарастырғанда ортаның әсер етуші факторлары бірінші ретті және екінші ретті қайталанбалы және қайталанбайтын болып бөлінеді.
Бірінші ретті қайталанбалы факторларға негізінен Жердің айналуына байланысты күн мен түннің ауысып отыруы, жыл маусымдарының ауысуы жатады. Бұл шарттарға ағзалар әбден бейімделіп алған және ол бейімділік тұқым да қуалайды.
Екінші ретті қайталанбалы факторлар бірінші ретті қайталанбалы факторлардың салдары болып келеді, мысалы ылғалдылық, температура,шөптің өсу қарқыны,жауын-шашынның түсуі.
Қайталанбайтын факторларға белгілі бір уақыт аралығы жоқ,кездейсоқ болып отыратын факторлар жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы, жердің сілкінісі дауылдың тұруы және басқа да табиғи апаттар.
Сонымен қатар тұрақты түрде әсер ететін факторлар да бар. Мысалы, гравитациялық әсер барлық ағзаларды Жерге үздіксіз тартып отырады осындай әсерге Жер планетасының магнит өрісі де жатады.
3. Ластанған суды тазарту әдістері
Ластанған суларды механикалық, химиялық, биологиялық жолмен тазартады.
Механикалық жолмен тазарту әдісі- ластанған сулардан әдейі арналған құралдардың көмегімен ерімейтін зиянды қосындыларды бөлуге бағытталған. Ол үшін сүзгі, мұнай, май ұстайтын құралдар т.б. пайдаланылады. Бұл әдіспен ластанған судың 60%, өндірістік қалдық сулардың- 95%-ке дейнін ерімейтін қосындылардан айыруға болады.
Ластанған суларды химиялық жолмен тазарту әдісі- әр түрлі реагенттерді қосу арқылы құрамын жақмартуға бағытталған. Химиялық әдіспен ластанған сулардағы ерімейтін зиянды заттарды 95%-ке дейін азайтуға болады.
Ластанған суларды тазартудың биологиялық әдісі биохимиялық процестің көмегімен жүргізіледі. Биологиялық тазарту табиғи жағдайда бөлініп берілген жер учаскелерінде жүргізіледі. Бұлар- жер суару участоктері. Биологиялық тазарту әдісін пайдалану үшін биологиялық тоғандар пайдаланылады.
Қазақстанда жоғарыда аталған су тазарту әдістерінің ішінен тек қана механикалық әдіс пайдаланылады. Республикада жүздеген су тазарту қондырғылары тұрғызылған. Бұлардың жұмысын үнемі қадағалап отырмаса- олардың тиімділік көрсеткіштері төмен болып қала береді. Ал химиялық және биологиялық тазарту әдістері әлі практикаға енген жоқ.
№14 –ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Литосфераға анықтама бер
Литосфера— жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның кқалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады
Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінара балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді